«Жалақы қоры құрылымы туралы» негізінде есептеледі, 2003-2005 жылдар ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі.
Көрініп тұрғандай, іс жүзінде жұмыс күшіне шығынның жартысын жалақының қосымша бөлігі құрайды. Жалақының қосымша бөлігінің басым көпшілігін сыйақылар, төлемдер құрайды, бұл еңбек ақының аймақтық реттеулерімен байланысты. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерді біз оны кеңірек 5-суреттен айқын көрдік.
2.2. «Адал» Акционерлік Қоғамының экономикалық сипаттамасы
«Адал» Акционерлік қоғамы 1999 жылы құрылған. Қазіргі кезде компания сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Өндірілетін өнім Алматы және Алматы облысы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да аймақтарына таралады. "Адал" акционерлік қоғамы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық кодекс, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Қоғамының жеке қоғамның жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметінің басты мақсаты түрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру, сапалы сүт өнімдерін өндіру және өткізу арқылы табыс табу. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық-әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Компания Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос селосында орналасқан. Қызметінің жарғысы бойынша негізгі бағыттары:
- сүт өнімдері;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру;
- егістік дақылдарын өсіру;
- жем - шөп дайындау және т.б.
Кәсіпорынның өндірістік базасы қызметінің табысты жұмыс жасауға қажетті алаңдары мен құрал-жабдықтары бар. Дайын өнімді өндіруге және олардың шикізаттарын сақтауға арналған цехтар мен қоймаларға ие. Өндіріске пайдаланатын шикізаттары сертификатталынған және үнемі қадағаланып, бақыланып отырылады. Компания сапалы шикізат өнімдері мен сүтті тұрақты жеткізу бойынша келісімдер жасасқан.
2000 жылы "Адал" акционерлік қоғамында тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін өнімділіктегі зауытты іске қосқан. Ал 2004 жылы зауытта реконструкция жұмыстары жүргізіліп, қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында жаңа құрал-жабдықтарды іске қосады. Олар 28 түрлі сүт өнімдерін құрайды. Соның ішінде: сүт, айран, қаймақ, сүзбе, йогурт және т.б. Бұл ауыл шаруашылық өнеркәсіптік кешенінде дайын өнімдерін өткізу жолдары жақсы іске асырылуда. Сүт өнімдері Алматы қаласында 670 дүкендер мен сауда орындарында сатылады. Ал облыс бойынша 100-ден аса дүкендерді қамтиды.
6-сурет. Кәсіпорынның басқару құрылымы.
Зауыттың еңбек ұжымы тәжірибелі және осы салада көп жыл еңбек істеген өндірісті өз дәрежесінде білетін қызметкерлерден құрылған. Негізгі өндірісті ұйымдастыру жалпы қағидаларды ұстанады. Ол ұйымдастырудың ағымдық әдісі яғни жұмыс процесі үзіліссіз қозғалыста және жиілікті қарастырады.
Кәсіпорында жұмыс істейтін 122 қызметкердің 14-нің жоғары білімі бар. Олар: Президент, вице президент, бас инженер, бас технолог, бас бухгалтер, юрист, дайын өнімнің қойма меңгерушісі, өндірістік лаборатория меңгерушісі, тазалау бөлімінің мастері, өндірістік цех мастері, кұю-жуу участогінің мастері, ыдыс-тара участігінің мастері, химик микробиолог.
"Адал" акционерлік қоғамының өнімдері тұтынушыларға салыстырмалы түрде төмен бағамен жеткізіледі. Зауыт үжымы үнемі жаңа өнім түрлерін шығаруды алға қойып отырады. 5-кестеден компанияның өндіретін негізгі өнім түрлерінің жоспарды орындауын көреміз.
5-кесте. Өнім ассортиментері бойынша жоспарды орындау көрсеткіштері.
Өнім атауы
|
Жоспарланған есеп кезеңінде
|
Нақты есеп беру кезеңінде
|
Жоспар орындалуы
|
|
л
|
л
|
%
|
Сут 2,5%
|
10000
|
8000
|
80
|
Сүт З,5%
|
8200
|
8600
|
104,9
|
Айран
|
7600
|
7600
|
100,0
|
Йогурт
|
5000
|
6500
|
130,0
|
Сливки
|
10000
|
10800
|
108,0
|
Ряженка
|
19200
|
18200
|
94,8
|
Қаймақ
|
18371
|
18400
|
100,2
|
Май
|
16800
|
10600
|
63,1
|
Сүзбе
|
12100
|
15500
|
128,1
|
Творошки (сүзбеше)
|
15900
|
17670
|
111,1
|
Бифилайф
|
5000
|
6200
|
124,0
|
Барлығы
|
128171
|
129070
|
100,7
|
Деректер кәсіпорын мәліметтерінен алынды.
Бұл кестеден компания жоспарды орындау коэфициенті 100,7% құрағанын көреміз. Жоспарды орындауда йогурт өнімі ең жоғары көрсеткіш 130,0% болса, май өнімі жоспар көрсеткішіне жетпей 63,1% құраған.
2004 жылғы өндіріс ырғақтылығын 6-кестеде ұсынылады.
6-кесте. "Адал" акционерлік қоғамының 2004 жылғы өндіріс ырғақтылығы.
Тоқсандар
|
Жоспарланған өндіріс
көлемі, л
|
Нақты өндіріс көлемі, л
|
1
|
35160
|
35564
|
2
|
25290
|
25369
|
3
|
27571
|
27596
|
4
|
40150
|
40541
|
Деректер кәсіпорын мәліметтерінен алынды.
Кесте деректерінен 2004 жылдың 1 және 4 тоқсандарына (27%, 32%), яғни суық мезгілінде өнім өндірудің үлкен бөлігі келеді. Ал көктем мен жаз мезгілдері 2 және 3 тоқсандарға (20%), 21%) өндіріс көлемінің төмендігін көреміз.
Тарифтік жүйені ұйымдастырудың тиімділігіне жақындау және кәсіби біліктік топтары арасындағы оның өзгешеліктері 1991 жылғы ҚР-ның "Минималды жалақы және еңбек ақы саласындағы минималды әлеуметтік кепілдер туралы" заңның қабылдануына байланысты іске асты. Осы заңнамалық акт негізінде ҚР-ның Министрлер Кабинеті 1992 жылы "Халық шаруашылығы жұмысшыларының барлық категорияларына арналған бірегей тарифтік тор негізіндегі еңбек ақы төлеудің жаңа шарттары туралы" қаулы қабылдады, осы қаулыда меншік формасына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарға 21 разрядты БТТ-ды енгізу көрсетілген. Және де тарифтің жоғары шегі орталықтан шектелмеген, ол тарифтік ставка деңгейлері мен қызметтік окладтар кәсіпорында белгіленетін болды. Бұл алдыңғы қолданылған тәртіптен еңбек ақы ұйымдастыруды тиімді жасаудың алғы шарттары болды.
7 кесте - Негізгі технологиялық құрал-жабдықтар.
№ П/п
|
Атаулары
|
Түрлері
|
Сандары
|
Өнімділігі
|
Өңдеуші -зауыт
|
Көлемі, см
|
Өлшем жьшы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Сүрыптау жабдығы
|
|
3
|
1840л
|
Станд. емес
|
d-250см
|
1999
|
2
|
Қысым беру жабдығы
|
|
5
|
3556
|
Станд. емес
|
d-180см
|
1999
|
3
|
Суландыру құрылысы
|
ШЗВФА
|
12
|
8000
л/тәул
|
3-д, «прогресс»
|
d-70см
h-100
см
|
1997
|
4
|
Бұрыштық бағана
|
ГСШ-10
|
12
|
8000л
|
3-д, «прогресс»
|
d-70 см
h-430
см
|
1997
|
5
|
Ротаметр
|
|
4*6
|
30-60 уақ/ұз
|
Арзамас
|
|
|
6
|
Доведши чан
|
|
6
|
5120
|
Станд. емес
|
Станд. емес
|
1997
|
7
|
Фильтр-прес «Прогрес»
|
Прогресс ПР
|
1
|
600 л/сағ
|
3-д, «прогресс»
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
8
|
Құрылғы
|
ХВ-040-
2
|
3
|
3-6 куб
м/сағ
|
Бийск қ.
|
|
|
9
|
Құю автоматы
|
ВАР-^
|
2
|
6000 л/сағ
|
|
|
|
10
|
Қораптағы өнімдерді тексеру машинасы
|
БАЗ
|
3
|
6000 л/сағ
|
Черкасы
|
|
|
11
|
Этикеттілік автоматы
|
ВЭМ-6
|
2
|
6000 л/сағ
|
Черкасы
|
|
|
12
|
Моноблок
|
раратуа 24/6
|
1
|
6000 л/сағ
|
Турция
|
|
|
13
|
Этикеттілік автомат
|
ехтрайх
|
1
|
6000 л/сағ
|
Италия
|
|
|
14
|
Видеоджет
|
37Е
|
1
|
США
|
|
|
|
15
|
Термоқондырғы автомат
|
FOPNKS 60/50
|
2
|
Турция
|
|
|
|
16
|
Термотуннель
|
TOSA та
-1-2
|
1
|
Турция
|
|
|
|
17
|
Бу қазаны
|
ДКВР
2,5/13
|
2
|
2,5 т/сағ
|
Бийск қ.
|
|
|
18
|
Тазалау
бөліміндегі
ыдыстар
|
|
2
|
1500л
|
|
|
|
"Адал" Акционерлік қоғамының технико-экономикалық көрсеткіштері 8-кестеде ұсынылған.
8-кесте. "Адал" Акционерлік қоғамының техника экономикалық
көрсеткіштері.
№
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2004 ж
|
2005 ж
|
Ауытқуы
|
|
|
|
|
|
+,-
|
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Өткізілген өнім көлемі
|
мың тг.
|
251907
|
307690
|
55783
|
122
|
2
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
|
мың тг.
|
168818
|
193264
|
30446
|
118
|
3
|
Жалпы табыс
|
мың тг.
|
89089
|
114426
|
25337
|
128
|
4
|
Кезең шығындары
|
мың тг.
|
74003
|
93769
|
19766
|
126
|
5
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
мың тг.
|
15086
|
20657
|
5571
|
136
|
6
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
|
мың тг.
|
9706
|
13070
|
3364
|
134
|
7
|
Салық сальшғанға дейінгі табыс
|
мың тг.
|
24792
|
33727
|
8935
|
136
|
8
|
Таза табыс
|
мың тг.
|
17354
|
23609
|
6255
|
136
|
9
|
Жұмыскерлер саны
|
адам
|
109
|
122
|
13
|
111
|
10
|
Жұмысшылар саны
|
адам
|
89
|
106
|
17
|
119
|
11
|
Жылдық еңбекақы қоры
|
мың тг.
|
18712
|
22258
|
3546
|
118
|
12
|
Негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны
|
мың тг.
|
84767
|
91760
|
6993
|
108
|
13
|
Қор қайтарымдылығы
|
тг
|
2,97
|
3,35
|
0,38
|
112
|
14
|
Қор сиымдылығы
|
тг
|
0,33
|
0,29
|
-0,04
|
87
|
15
|
1теңгеге өткізілген өнімге шаққандағы шығын
|
тг
|
0,94
|
0,93
|
0,01
|
98
|
16
|
Өнім рентабельділігі
|
%
|
7,3
|
8,2
|
0,9
|
-
|
17
|
Өндіріс рентабельділігі
|
%
|
8,6
|
9,4
|
0,8
|
-
|
18
|
Сату рентабельділігі
|
%
|
6,8
|
7,6
|
0,8
|
-
|
8-кестедегі көрсеткіштерді талдау барысы:
Жоғарыда көрсетлігендей өткізілген өнім көлемі 2005 жылы 55783 мың теңге 1,2есе артып отыр. Бұл кәсіпорынның дайын өнімінің өткізудегі алған жылжуын көрсетеді.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 30446 мың теңгеге өскенін көреміз. Бұл негізінен өндірілген өнім көлемі және жалпы шикізат бағалары сондай-ақ еліміздегі инфляцияның деңгейінен болуы мүмкін.
Жалпы табыс сәйкесінше есепті жылы 28%-ға яғни 25337 мың теңгеге өскен.
Кезең шығындары көптеген кәсіпорындарда кезең шығындарының төмен болуын қадағалап, бақылап отыру қазіргі кезең талабы. Осыған сәйкес қарастырып отырған кәсіпорынымызда бұл шығын түрі 26%-ға өскенін аңғарамыз. Алдағы кезеңдерде кәсіпорын басшылығы кезең шығындарын төмендетуге көңіл бөлуі мүмкін.
Есепті жылы 5571 мың теңгеге өсіп, 136%-ді кұрады. Яғни негізгі қызметінің табысы 1,3 есеге өскен.
Сүт өнімдерін өндіріп, оны өткізуден басқа да қызметтен түскен табыс 3364 мың теңгені көрсетті. Уақытша бос ғимараттар мен транспорттық құралдарын жалға беру есебінен де біршама кірістер алып отыр. Олар есепті жылы 34%-ға өсіп, 13007,0 мың теңге болған.
Кәсіпорынның таза табысы, салыққа дейінгі табыстан коорпоративті табыс салығын алғаннан кейін шығады. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 23609 мың теңге, яғни 2003 жылмен салыстырғанда 6255 мың теңгеге артқан. Бұл кәсіпорын тиімді жұмыс жасау барысын көрсетеді.
Таза табыс базалық жылы 17354 мың теңгені құраса, есепті жылы 23609 мың теңгені қүраған. Яғни есепті жылы 36%-ға өскен.
2003 жылы жұмыскерлер саны 109, ал жұмысшылар саны 89 болса, есепті жылы жұмыскерлер саны 122, ал жұмысшылар саны 106-ға өскен. Осымен қатар жылдық еңбекақы қоры базалық жылға қарағанда есепті жылы 18%-ға өскен.
Компания негізгі өндірістік қорларына көңіл аударудың негізінде, оларды тиімді пайдалануды жолға қойған. Соның нәтижесінде реконструкция жасалынған. 2004 жылы негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны 91760 мың теңгені құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 6993 мың теңгеге артқан.
Негізгі өндірістік қордың 1 теңгесіне өнімнің 2003 жылы 2,97 теңгеден, ал 2004 жылы 3,35 теңгеге жоғарылаған. Яғни 12%-ға өскенін көреміз.
Қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш -0,04 теңгеге төмендеген (87%), бұл кәсіпорынның көрсеткішінің оң бағытта екенін көрсетеді.
2003 жылы 1 теңгеге 94 тиын болса, 2004 жылы 93 тиынды құрап, 1 тиынға төмендеген (98%). Шығындарды басқару бойынша бұл көрсеткіштің төмендегені нәтижеге оң әсер береді.
Кәсіпорын өндірген өнімдерінің қаншалықты табысты екенін анықтау үшін - өнім рентабельділігін табамыз. Аталған кәсіпорын бойынша өнім рентабельділігі 0,9 өскен. Негізгі өндірістің табыстылығын таза табысты негізгі және айналым қорларының қатынасы арқылы табамыз. "Адал" АҚ-ның негізгі өндірісінің табыстылығы 0,8-ге өскен.
Барынша сатылған өнімдерінің табыстылығында 0,8-ге ауытқу байқалған. Яғни өскенін байқап отырмыз.
2.3. "Адал" АҚ-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Кәсіпорынның деректері бойынша 2003 жылы барлық жұмыскерлер саны 109 адамнан 2004 жылы 122 адамға, яғни 13 адамға артқан. Кәсіпорынның еңбек ресурстары жоспарға сәйкес қажеттілік көлемімен анықталады. 9-кестеде кәсіпорынның 2003-2004 жылдардағы еңбек ресурстарымен қамтылғанын қөреміз.
9 кесте - "Адал" АҚ-да еңбек ресурстарымен қамтылуын талдау.
№
|
Жұмыскерлер категориясы
|
2003 ж
|
2004 ж
|
Пайыз
қатынасында
өзгеруі
|
1
|
Жұмыскерлер саны
|
109
|
122
|
111
|
1.1
|
Жұмысшылар саны
|
89
|
106
|
119
|
|
-негізгі жұмысшылар
|
36
|
42
|
116
|
|
-көмекші жұмысшылар
|
53
|
64
|
120
|
1.2
|
Қызметкерлер
|
14
|
11
|
78
|
1.3
|
Әкімшілік персонал
|
6
|
5
|
83
|
9- кестеден жұмысшылар саны 2004 жылы 119%-ға өскен. Соның ішінде негізгі жұмысшылар 116%-ға өссе, көмекші жұмысшылар 120%-ға өскен. Бұл кәсіпорынның өндірістік қажеттіліктерінің жұмысшылардың қажет болғанын соның нәтижесінде өндірілген өнім көлемі өскенін көреміз. Еңбекақы төлеуді талдаудың негізгі мақсаты: еңбекақы жүйесі мен формаларын қолданудың негіздемесі; жұмыскерлердің категориясы мен кәсібіне қарай орташа жалақының динамикасы мен көлемін анықтау; еңбекақы қорындағы және жұмыскерлердің санындағы орташа жалақының ауытқуын анықтау; сыйақы жүйесінің тиімді жолдарын; жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуіндегі арақатынасы болып табылады.
10-кесте. "Адал" АҚ-да жұмыскерлердің категориясы бойынша еңбекақы қаражаттарын талдау.
№
|
Жұмыскерлер категориялары
|
Еңбекақы қоры, мың теңге
|
Тізімдік саны, адам
|
Орташа айлық жалақы, тг.
|
2003ж
|
2004ж
|
2003ж
|
2004ж
|
2003ж
|
2004ж
|
1
|
Жұмысшылар
|
11377
|
16004
|
89
|
106
|
10652
|
12581
|
2
|
Қызметкерлер
|
4566
|
3852
|
14
|
11
|
27184
|
29187
|
3
|
Әкімшілік персонал
|
2769
|
2402
|
6
|
5
|
38461
|
40037
|
4
|
Барлығы
|
18712
|
22258
|
109
|
122
|
14305
|
15203
|
10-кестеден еңбекақы қоры 2004 жылы 118%-ға өскен, ал орташа айлық жалақы 15203 теңге, яғни 106%-ді құрады. Бұл жұмыскерлердің тізімдік санының 13 адамға өсуімен көрінеді. Орташа айлық жалақы жұмыскерлер категориясы бойынша 2004 жылы:
- жұмысшыларда 1929 теңгеге немесе 118%;
- қызметкерлерде 2003 теңгеге немесе 107%;
- әкімшілік персоналдарда 1576 теңгеге немесе 104% өсіп отыр. Жұмыскерлердің еңбекақы қоры келесі төлем түрлерін қамтиды:
1. ақшалай түрдегі жалақы:
- орындаған жұмысы үшін есептелген жалақы (тарифтік ставка, кесімді бағалау немесе кесімді жалақы, сондай-ақ оклад есебінде);
- тарифтік ставка мен окладқа қосымшалар мен үстемелер, мысалы кәсіптік шеберлігі, мамандану дәрежесі;
- еңбек өтімі, еңбек ету ұзақтығына сыйақылар;
- түнгі уақытта жұмыс істегіні үшін қосымшалар;
- демалыс және мейрам күндеріне төлемдер;
- демалысқа жіберуге байланысты күндерді пайдаланбағаны үшін өтемақылар;
- уақытша жұмыс орнында болмаған адамның міндетін және кәсібін қосып атқарғаны үшін қосымша ақылар;
- уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты үстемақы және т.б.
2. заттай түрдегі жалақы:
- жұмысшыларға теміржол транспорттарында жүруге жеңілдіктер құны;
- арнайы жұмыс киімдерін төмен бағада алудағы жеңілдіктер құны;
- медициналық тексеру, денсаулық сақтау ұйымдарымен келісілген медициналық қызметтерді төлеу шығындары;
- жоғары және арнайы орта оқу мекемелерінде окуға төленетін демалыс ақылары;
- басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған төлемдер жатады;
Заттай түрдегі еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер - еңбек бойынша есеп беруде, есептеу кезінде сол аймақтағы нарықтық бағаларынан қарастырылады. Төмендетілген бағадағы тауарды ұсынғанда оның толық құны мен жұмыскердің төлеген сомасының айырмасы көрсетіледі.
Еңбекақы қаражаттарын пайдалану бойынша кәсіпорынның есеп шоты арқылы оның дұрыс берілгендігін банк мекемелері де іске асырады. Жұмыскерлерге есептелінген және төленген сомалар сондай-ақ салық органдары жеге қадағалап отырады. Олар бюджетке аударылуға тиісті жеке табыс салығының уақытында және дұрыс аударылуын бақылайды. Әлеуметтік қорлар әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдары қадағалайды.
11-кесте. "Адал" АҚ-ның еңбекақы -қорының құрамы
Көрсеткіштер атауы
|
2003 ж
|
2004 ж
|
мың тг.
|
үлесі, %
|
Мың тг.
|
үлесі, %
|
Еңбекақы қоры
|
18712
|
100
|
22258
|
100
|
Соның ішінде
- тарифтік және оклад
бойынша жалақы
|
14015
|
74,9
|
17695
|
79,5
|
- ынталандыру сипатындағы төлемдер
|
4229
|
22,6
|
4118
|
18,5
|
- еңбек өтіміне байланысты үстеме ақылар
|
131
|
0,7
|
111
|
0,5
|
- өтемақы сипатындағы төлемдер
|
93
|
0,5
|
44
|
0,2
|
- жұмыс істемеген уақытына байланысты төлемдер
|
19
|
0,1
|
44
|
0,2
|
- демалыс күндері төлемдері
|
187
|
1,0
|
178
|
0,8
|
-материалдық көмек
|
38
|
0,2
|
67
|
0,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |