1. Молекулярлық биология мен медициналық генетика нені зерттейді және тмедицинамен байланысы



жүктеу 99,11 Kb.
бет22/37
Дата21.09.2023
өлшемі99,11 Kb.
#43499
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
лек

36. Туа біткен даму ақаулықтары.Эмбриогенез құбылысының қалыпты жүруінің бұзылуы әр түрлі ақаулықтарға алып келеді, оларды дамудың туа біткен ақаулықтары (ДТБА) деп атайды. Дамудың туа біткен ақаулықтары немесе даму ақаулықтары деп ағзаның қалыпты құрылысының морфологиялық бұзылуын айтамыз. ДТБА негізінен ұрықтық (антенатальдық) дамудың бұзылуы нәтижесінде немесе сирек, туылғаннан кейін кейбір мүшелердің әрі қарай қалыптасуының ауытқуы салдарынан (мысалы, тістің ақаулықтары, артериялық боталл өзегінің ашық болуы т.с.с.) пайда болады.
Адам ақаулықтарын зерттейтін ғылымды тератология, ал сол ақаулықтарды тудыратын факторларды тератогендік факторлар деп атайды.
Ғылыми деректерге қарағанда қазіргі кездері өркениетті елдер тұрғындарының, әсіресе жас балалардың сырқаттануы мен қаза болуының басты себептерінің бірі ретінде адамдардың туа біткен ақаулықтары саналады. ДТБА жаңадан туылған нәрестелердің кем дегенде 2-3 пайызында кездеседі; нәрестелердің алғашқы апталарда-ақ өліп қалуының себептерінің 25—30 пайызы да осы ДТБА байланысты. Кейбір елдерде (АҚШ, Жапония, Германия т.б.) бөбектердің қаза болуының басты себебі ДТБА болып есептелінеді. Дамудың туа біткен ақаулықтарына төмендегідей өзгерістерді жатқызады:
Агенезия - мүшенің мүлдем дамымауы, болмауы;
Аплазия — мүшенің өте нашар дамыған бастамасы ғана болуы мүмкін;
Туа біткен гипоплазия - мүшенің толық жетілмеуі (дамымауы);
Туа біткен гипертрофия - мүше салмағының (не мөлшерінің) салыстырмалы түрде ұлғайып өсуі;
Туа біткен гипотрофия - нәрестенің не кұрсақтағы баланың дене салмағының аз (кішкентай) болуы;
Макросомия — нәресте денесінің ұзын болуы;
Гетеротопия — кейбір мүшелерде өздеріне тән емес жасушалардың, ұлпалардың немесе басқа бір мүшенің түгелдей бір бөлігінің кездесуі. Мысалы, мишық кабығында алмұрт пішіндес невроциттердің кездесуі; кеңірдектен тыс, өкпеде кейбір шеміршектердің кездесуі т.с.с.
Гетероплазия — кейбір ұлпалардың жіктелуінің бұзылуы;
Эктопия — мүше орнының ығысуы, яғни оның өзіне тән емес жерлерде орналасуы. Мысалы, бүйректің жамбас куысында орналасуы, жүректің көкірек қуысынан сыртта орналасуы;

жүктеу 99,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау