1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс. Дискретті хабарларды таратуға арналған жүйелер. Телеграфтық байланыстың жүйелерімен желілері. Деректерді таратудың жүйелері мен желілері



жүктеу 0,69 Mb.
бет25/34
Дата09.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#40082
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланыс лекция

13-дәріс. Дискретті хабарларды таратуға арналған жүйелер. Телеграфтық байланыстың жүйелерімен желілері. Деректерді таратудың жүйелері мен желілері.

Дискретті хабарларды тарату үшін телеграфтық байланыс жүйелері ,берілгендерді тарату жүйесі және т.б.қолданылады.Бұл жүйелерді тұрғызу ерекшелігі мынада:олардағы дискретті сигнал өңдеуді ,сақтауды және таратуды қажет етеді.Дискретті хабарларды тарату жүйесінде хабарларды сигналға және керісінше түлендіру үшін кодалау әдісі қолданылады.Оның мәнісі мынада:хабарламаның таңбалары тарату кезінде анықталған элементтерден құралатын кодалық комбинацияға ауыстырылады.Бұл кезде хабардың әр бір белгісіне белгілі бір комбинация сәйкес келеді.Қолданылған комбинациялардың жиынтығы телеграфтық кодты құрайды.


Комбинацияларды сигналға түрлендіру екі қалыпты жағдайы бар құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады .Қарапайым екілік құрылғылар электрлік сызықты тізбектерді қысқа тұйықтайтын және бос жүріс контактілері болып табылады.Тізбектердің қысқа тұйықталуы кезінде каналға комбинацияның бір элементіне сәйкес келетін (мысалы «1» ) ток импульсі беріледі,ал бос жүріс кезінде о элементіне сәйкес келетін тогы жоқ импульс беріледі.
Түйіндер арасындағы телеграфтық каналдар біріншілік электробайланыс жүйесінің тарату каналдарының базасы негізінде жүзеге асырылады.
Телеграфтық байланыс (ТгБ)жүйесінің құрамына жалпы қолданысқа ие телеграфтық желі(ЖҚТгЖ)мен шектеулі қолданыстағы телеграфтық желі (ШҚТгЖ)кіреді,ал бұлардың құрамына телеграфтық байланыс желілері мен абоненттік телеграфтау желісі қосылған.Орналасқан териториясына байланысты жалпы қолданыстағы ТгБ мына түрде бөлінеді:
- магистралды ТгБ, ел астанасындағы және облыс орталықтарындағы,осылардың арасындағы байланысты ұйымдастыруға арналған;
-зоналық ТгБ ,ол облыс орталықтарын өз аудандарымен байланыстырады және соңғы аталғандарды өзара байлангыстырады;
-жергілікті желі ол ауылдық бөлімшелерді ауданмен,сонымен қоса қалалық бөлімшелерді өздерінің орталық телеграфмен байланыстырады.
Жүктемені анықтау кезінде көрсеткіштер ретінде мыналар анықталады:
а) сұрыптау , жеткізілу ,бақылау кезінде ұзындығы ескерілмейтін түйіндер бөлігінде қолданылатын телеграмма;
б) телеграмма сөзі ол телеграфшының өндірушілігін анықтау кезінде қолданылады;
в) телеграмма сөзін тарату кезіндегі телеграфтық таңбалардың орташа саны. Бұл көрсеткіш телеграфтық аппаратпен түйіндердің өткізу қабілетін есептеу кезінде қолданады.
Шеткі пунктер (байланыс бөлімшелері )ақпаратты қабылдау мен адресаттарға жеткізіп тұруды жүзеге асырады.Олар телеграфтық каналдар арқылы жергілікті және зоналық түйіндермен байланысқан және шеткі телеграфтық жабдықты қосады.
Абонентік телеграфтау желісі. Жалпы қолданыстағы телеграфтық байланыс мына себептерге байланысты ұжымдармен мекемелердің сұраныстарын толығымен қамтамасыз етаейді:
-телеграммалар күні бойы ұжым курьері оларды байланыс бөліміне жеткізгенге дейін жинала береді;
-тарату процесімен адресатқа телеграмманы жеткізу арнайы бір уақыты қажет етеді;
-байланыс бөліміне ұжымдармен мекемелерден күні бойына келіп түсетін телеграммалар саны өте көп болады,бұл жіберушіден адресатқа телеграмманың жеткізілуін тежейді.
ЖҚТгБ –тің бұл кемшіліктері абоненттік телеграфтау (АТ) желісніде болмайды,оған себеп ұжымдармен мекемелерде қондырылған шеткі телеграфтық аппараттар.
АТ желісінің абонентіне келесі мүмкіндіктер беріледі:
-кез келген желінің өзге абонентімен байланыс алуы және кезекті екі жақты байланыс бойынша телеграфтық сөейлесе алуы;
-АТ желісіне қосылмаған абоненттерге хабарлама жіберу үшін өз коммутациа түйінінің станционды аппаратымен байланыс орнату;
-жергілікті коммутациа түйіні арқылы өзге желідегі абонентінен келген ақпаратты қабылдау мүмкіндігі.
АТ желісінің дамуы ЖҚТгБ -ты транзиттық кореспонденциан,күн аяғында жүктелуден босатады.
АТ желісі каналдар коммутациясы принципі бойынша тұрғызылған және желі абоненттеріне өзара екі жақты байланыс орнатуға мүкіндік береді.АТ желісінің құрамына шеткі абоненттік пунктер ,коммутация түйіндері байланыс каналдары мен жергілікті байланыс сызықтары кіреді.
13.1 -суретте абоненттік телеграфтық байланныстың құрылымдық сұлбасы келтірілген.



13 .1 сурет. Абоненттік телеграфтық байланыстың құрылымдық схемасы


Шеткі абоненттік пункт стартстопты телеграфтық аппарат және шақырылатын құрылғымен ШҚ жабдықталған.Аппарат авто жауап беруші құрылғымен жабдықталады.Номер теруші ,шақырушы және тоқтатушы батырмалармен және екі сигналдық лампамен жабдықталған ШҚ АТ станциасының коммутация түінінін шақырады және станциадан келген бұйрық бойынша аппаратты автоматты түрде қосады.Абоненттік қондырғылар жақын жердегі АТ станциаларымен байланысады.Станцианы шақыру ШҚ –ғы «шақыру »батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.Абоненттік панель аппаратурасы (А) шақыру сигналын тіркейді және коммутациа құрылғысы (УК)адрестік блокты қабылдай алатын жағдайға келтіреді.Осы кезде шақырылатын приборға «номерді теруге мүмкіндік беру» сигналы жіберіледі.АТ станциасының құрамына абоненгттік панелмен коммутациа құрылғысымен басқа қала аралық каналдар станциасына қосуға мүмкіндік беретін өтпелі құрылғысы болады(ө) талап етілген абонентпен байланыс орнатылған соң хабарлама бір абоненттік пунктен келесісіне беріледі.Телеграфтық аппарат тізбегінің сызықтық қоректенуі коммутациа түйініндегі коммутациалық жабдық арқылы жүзеге асады,электр қозғалтқыш айнымалы кернеу желісіне қосылады.Сигналдарды тарату тұрақты ток көмегімен байланыс сызықтықтар арқылы іске асырылады,бұл кезде кабель бойынша телеграфтау ұзақтығы 20... 30км-ді ал ауа сызықтары бойынша 100...200км-ді құрайды.


Телеграфтық желі мен АТ желісі техникалық құрылғыларға базаланады, олардың құрамына мыналар кіреді:
-Коммутация каналдардың станциаларымен ішкі станциалары;
-Канал түзгіш аппаратура;
-шеткі телеграфтық аппаратура(терминалдар);
-Бақылау,өлшеу және басқару құрылғылары.
ТгБ мен АТ желілерінің ортақ ждұмысы кезіндегі ерекшеліуктер :
-Бұл желілер әртүрлі шешімдер орындайды,сол себепті бір желідегі ақпарат келесісіне түсіп кетуін болдырмау керек.Бұл принцип екі желіге қызмет көрсететін барлық коммутациалық құрығылардың тұрғызылуына негізделген;
-Біріншілк желінің ТЖ каналдарын(уақыттық немесе жиіліктік ) тығыздау арқылы алынатын телеграфтық байланыс каналдары белгілі бір желілермен емес ,қажет етілетін қандайда бір желімен бекітіледі;
-ТгБ АТ желісінен айырмашылығы мынада:АТ желісі жалпы қолданыстағы желі хабарларды таратуда кешеуілдерді болдыру кезінде ол нақты уақыт режимінде жұмыс жасайды.
Абоненттік телеграфтың тағы бір түрі халықаралық «телекс» абонентік телеграфы болып табылады .Ол елшіліктердің ,окілдерінің шетелдік корреспонденттердің және өзге де абоненттердің өзге елдерге хабар таратуын құжаттық байланыспен қамтамасыз етеді. Бұл желі жүз елді байланыстырады.Абонентің номерін теру телефон аппаратның клавиатурасында жүзеге асырылады. Осы кезде шақырылатын абонент аппаратын шақыру сигналынан кейін бірден қосылады.Шақырылатын абонентің номерін теру түйінге стартстопты комбинациалар коммутациясын тарату арқылы іске асырады.Абонент аппаратына станциадан келіп түсетін барлық сигналдар сонымен қоса стартстопты сигналмен таралады(«станциа жауабы», «байланыстыру», «бос емес» және т.б).
Бүгінгі күнге дейін телеграфтық байланыс «каналдар коммутациасы» технологиясын қолданып келді,алайда ол ыңғайлы болмап еді,ал кейінірек «хабарлар коммутациясы» технологиясы қолданылды. Кейін ең тиімдісі пакеттік коммутация екені анықталды. ЖҚТгБ және АТ үшін бұл өте маңызды,себебі телеграфтау өзге байланыс түрлерімен ығыстырыла бастаған еді. Қазіргі уақыта телеграфия кейбір елдерде мүлдем қолданылмайды, мысалы: Нидерланды, АҚШ.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау