|
1-курс студенттеріне арналған Семей 2013 ж
|
бет | 7/21 | Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 2,61 Mb. | | #1309 |
| Реттелген кедергілерді – реостаттар деп атайды. Реостаттар үлкен меншікті кедергілері бар сымдардан мысалы, нихромнан жасалынады. Реостаттар кедергісі біркелкі немесе сатылап өзгеруі мүмкін. өткізгіштердің электр тогын өткізу қабілеттілігі өткізгіштіліктен сипаттама алады. Оның мәні кедергіге кері пропорционал. өткізгіштің матрицасының меншікті кедергісіне кері шама меншікті өткізгіштік деп аталады.
Электр тізбегін есептеу үшін Ом заңдарымен қатар Кирхгофтын екі заңдары қолданылады: олар энергияның сақталу заңына бағынады. Кирхгофтың заңын пайдалана отырып, есептейтін тәсілдер арқылы электр тізбектерінің кез-келген түрлерін есептеп шығаруға болады. Кез-келген бір күрделі электр тізбегін есептеу үшін түйіндер мен тармақтар және контурлар санын білу керек. Тізбектің түйіні деп – 3 немесе одан да көп тармақтардың түйісетін нүктесін айтады. Тармақ - екі түйінді қосатын электр тізбегінің бөлігі. Екі түйін арасында бірнеше тармақ бөлігі болуы мүмкін. Осы бөлік тек бір ізді қосылған ЭҚК-нен және кедергілерінен тұрады және осы бір тармақ бөлігімен бір ғана ток жүреді. Контур дегеніміз – схеманың тұйықталған бөлігі. Оған бір ізді жалғасқан бірнеше тармақтардың кіруі мүмкін. Егер контурды өзіне кірмейтін тармақтардан бөліп қарайтын болсақ, онда ол тармақсыз тізбек деп аталады. Сонымен Кирхгофтын бірінші заңы электр тізбектерінің түйіндеріне қосылып жәнек осы түйіндердегі токтың тепе-теңдігін анықтайды, яғни электр тізбегінің түйіндеріне токтардың алгебралық қосындысы 0-ге тең болады.
Кирхгофтың бірінші заңын басқаша анықтамасы мынадай: электр тізбегінің түйініне бағытталған токтардың қосындысы осы түйіннен ағып шығатын токтардың қосындысына тең. Бұл заң токтың үздіксіз принципіне негізделген тармақтардағы токтың алгебралық қосындысы, ток көзі тогының алгебралық қосындысына тең. Кирхгофтың екінші заңы электр тізбегінің контурына қолданылады және осы контурдағы кернеудің тепе-теңдігін білдіреді. Электр тізбегіндегі контурында ЭҚК алгебралық қосындысына тең. Егер осы қосындылардағы қосылғыштар, токтар және ЭҚК бағыттары контурдың айналу бағытымен сәйкес келсе, онда оң таңбамен, ал бағытымен сәйкес келмесе теріс таңбамен алынады. Кирхгофтың екінші заңының басқаша анықтамасы: тұйық контур бойындағы тармақ қосқыштарының кернеулерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең. Кирхгофтың заңдары электр схемасындағы тармақтардағы токтарды табуға пайдаланылады. Әр тармақтың өз тогы болғандықтан, белгісіз токтың саны схеманың тармақ санына тең. Теңдеулерді құрар алдында:
Тармақтардағы токтың оң бағытын қалауымызша таңдап алып, оны схемада белгілеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|