Қарағанды медицина университеті
Онкология және сәулелік диагностика кафедрасы
1-кредит
Орындаған: Жүрсін Жансая Муратқызы
Тобы: 6008топ
Қабылдаған: Мереке Маратовна
Қарағанды 2021
Тапсырма
1. Қатерлі ісік пайда болған кезде, қандай құжат және кім толтырады,
2. 60жастағы науқас мына диагнозбен есепте тұрады: Тік ішектің қатерлі ісігі IV сатысы-бұл НПВП тоқтамай ауратын төменгі іштің ауырсынуына ОВП дәрігерінің қабылдауында шағымданады.
1. Паллиативтік көмек қашан жүргізілетінін көрсетіңіз.
2. Сіз қалай ойлайсыз, науқастың диагнозын білуге құқығы бар ма, тіпті ауру емделмейтін болса да.
Тапсырма жауабы
29.12.2018 ж № ҚР ДСМ-47 бұйрығы бойынша қатерлі ісік пайда болған кезде егер ол:
Өмірінде алғаш ҚІ диагнозы қойылған әрбір пациентке ОНЭТ тіркеу және есепке алу үшін пациенттің тұрақты тұратын жері бойынша онкологиялық орталыққа үш жұмыс күні ішінде жіберілетін № 907 бұйрығымен бекітілген "Обыр немесе басқа қатерлі ісік диагнозы өмірінде бірінші рет қойылған науқас туралы мәлімдеме" № 090/е нысаны толтырылады.
090 у нысанын кез-келген дәрігер толтыра алады.(дәрігер болуы міндетті)
Мысалы: Егер учаскелік терапевтте қатерлі ісікке күдік болған жағдайда учаскелік терапевт нысанды толтырып, пациентті онкологиялық кабинетке алғашқы консультацияға жібереді. Онколог-дәрігер науқасқа алғашқы мамандандырылған көмек көрсетеді. Диагнозды нақтылау үшін пациент мамандандырылған медициналық мекемеге немесе онкологиялық диспансерге жіберіледі. Онкологиялық диспансерде немесе басқа ұйымда пациентке мамандандырылған көмек көрсетіледі, түпкілікті диагноз қойылады.
ҚІ-мен ауыратын пациентті ОНЭТ-ға тіркеу, қайта тіркеу және есептен алу электрондық цифрлық қолтаңбасы бар онкологиялық орталықтың жауапты адамы жүргізеді.
ІV сатыдағы ҚІ диагнозы және көзге көрінетін жерлерде орналасқан ІІІ сатыдағы ҚІ өмірінде алғаш қойылған пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген № 027-2/е нысаны толтырылады.
Өмірінде алғаш диагноз қойылған әрбір пациентке № 907 бұйрықпен бекітілген № 030-6/е нысаны бойынша "Динамикалық байқаудың тексеру картасы (онко)" толтырылады.3
№ 907 бұйрықпен бекітілген 025/е нысаны бойынша ҚІ-мен ауыратын амбулаториялық пациенттің медициналық картасы онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымның мұрағатында жиырма бес жыл сақталады.
2-тапсырма жауабы
1.Паллиативтік көмек Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кез-келген ісік ауруында клиникалық ем аяқталған соң жүргізілуі тиіс. Есеп бойынша, тез арада паллиативті көмек көрсетілуі керек, яғни ауырсынуын басатын шаралар жасауы тиіс.
2. Диагнозы туралы білуге құқылы. Бастысы - деонотология негіздері мен қағидалары бойынша кез-келген ауру туралы науқасты ақпараттандыру – оның нерв жүйесіне соққы болмастай жеткізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |