1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет42/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89

         
33           
ӛзгерту»  сабағында  «Қасқыр  қақпан» 
ойынын  ойнатамын.  Бұл  ойынды 
сабақтың  бірінші  жартысында  пайда-
лануға  болады.  Осы  ойын  оқушыларға 
сап  құрып  тұруды  үйретеді,  математи-
када  үйренген  сандарын  тәжірибеде 
қолдануға  мүмкіндік  алады.  Шапшаң 
жүгіру,  икемділікпен,  айлакерлікке, 
шешімділікке,  мӛлшерлей  білуге  үйре-
теді.  Бұл  ойындардың  мақсаты  оқушы-
лардың  барлық  денелерін  қозғалысқа 
келтіруді  қамтамасыз  етеді.  Ал,  ұзын-
дыққа,  биікке  секіру  сабағында  халқы-
мыздың  ежелгі  ойындарының  бірі  – 
«Қарғымақ»  ойналады,  аталған  тақы-
рыптың  алғашқы  сабақтарында  оқушы-
лар секіру жаттығуларын меңгеріп біраз 
тәжірибе  жинағаннан  кейін  ойналады, 
ойын  кӛбінесе  сабақтың  екінші  жарты-
сында  пайдаланылады.  Осы  сияқты 
гимнастика  сабақтарында  «Үлпек»  пен 
«Тайлақ» ойынын ойнатамын. Бұл ойын 
байырғы  халықтың  ойыны,  ойын  ӛте 
қарапайым,  мұнда  оқушылардың  гим-
настикалық жаттығуларға лайық барлық 
түрі  бар.  Ойындарды  әр  сыныптардың 
жас  ерекшеліктеріне,  күш  қозғалыс 
дамуына байланысты ӛзгерістер енгізіп, 
ойын  күрделене  түседі.  Әдетте,  арнайы 
берілген  жаттығулар  оқушыларға  қиын 
соғады,  олар  оны  орындай  алмайды,  ал 
ойын  түрінде  ӛтсе  олар  қиындықты  тез 
меңгереді.  Егерде,  оқушылар  ӛздерін 
еркін  ұстап,  сабаққа  белсене  қатысса, 
онда бұл  сәтсіздікті  тез жеңуге болады. 
Ұлттық  ойындарды  дене  шынықтыру 
сабағында  пайдалану  5-7  сыныбындағы 
дене  шынықтыру  сабағындағы  оқушы-
лардың  бастауыш  сыныптарда  алған 
білімінің  негізінде  ӛрістетіледі.  Олай 
болса,  бұл  сыныптардағы  дене  шынық-
тыру  сабағында  қолданылатын  ойын-
дарды  бастауыш  сыныптарда  пайдалан-
ған  ұлттық  ойындарды  күрделендіру 
арқылы  жүргізіледі.  Сабақ  кезінде  оқу-
шылардың  ішкі  позициялық  кӛзқарасы 
мен  бағыты  айқын  кӛрініс  бере  алады. 
Сонда,  сабақ  нәтижелі  болып,  білім 
сапасы  артады.  Осы  бағыттарда  әрбір 
мұғалімнің  оқытуға,  үйретуге  ӛз  тұғыр-
намасы болуы қажет. Олар мыналар: 
-  әр  оқушының  білім  деңгейін, 
қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; 
-  оқушының бойындағы жетістік-
тері мен кемшіліктерін қабылдау; 
-  оқушыларға 
қиындықтарды 
жеңуге, кемшіліктерден арылуға кӛмек-
тесу; 
-  Дене  шынықтыру  пәнінің  басқа 
пәндерге  қарағанда  кӛптеген  ерекше-
ліктері бар. 
Мұнда  негізінен  оқушының  қабі-
леті,  бейімділігі  баса  назарда  болуы 
керек. Дегенмен, оқушыларды бейімдеу, 
қабілетін  дамыту,  спортқа  деген  қызы-
ғушылығын арттыру жақсы ұйымдасты-
рылған  сабаққа  байланысты.  Сондық-
тан,  оқушылардың  пәнге  қызығушы-
лықтарын  арттыру  мақсатында  сабақта 
тақырыпқа  байланысты  спорт  түрлері-
нің шығу тарихын, спорт түрлері дамы-
ған  елдерді  спорттың  әр  саласындағы 
белгілі 
спортшылар 
ӛмірін 
алуға 
болады.  Сондықтанда,  мұғалім  сабақты 
тартымды  етіп  теория  мен  практиканы 
ұштастыруында  жаңа  инновациялық 
технологиялардың 
тиімділігі 
басты 
назарда  болуы  қажет.  Бұл  мұғалім  мен 
оқушы  арасындағы  қарым-қатынас, 
сабақты  жақсы  оқитын,  спортқа  бейім 
оқушылармен  белсенді  жұмыс  істеп 
қана  қоймай,  барлық  баланың  дамуы 
үшін  қолайлы  жақсы  ойлар  туғызып, 
қабілеті  жеткен  жерлерге  дейін  еңбек 
етуін ойластыру. Мысалы: мектептегі 8-
сыныпқа 
жүргізілген 
іс-тәжірибеде 
мына  нәрселер  айқындалды.  Сабақ 
барысында сынып оқушыларын 2-топқа 
бӛліп, сабаққа ӛте белсенді және орташа 
белсенділеріне  әртүрлі  тапсырмалар 
берілді.  1-топтағы  оқушыларды  баскет-
бол  ойынында  шабуылшы  болуға,          
2-топтағылар  қорғаушы  болуға  дайын-
далды.  Нәтижесінде:  ӛте  белсенді  және 
орташа белсенді оқушылар тапсырманы 
орындап  шықты.  Соған  байланысты  әр 
топтағы оқушылар деңгейіне, шамасына 
қарай бағаланды. Оқушылардың білікті-
лік деңгейіндегі кемшіліктер бірте-бірте 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
83 


         
34           
деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы 
жетілдірілді.  Барлық  оқушылар  ӛз 
қабілетін  ең  тӛменгі  жеңіл  тапсырма-
ларды орындаудан бастайды да, оларды 
міндетті  түрде  толық  орындап  болған-
нан  кейін  ғана,  келесі  күрделі  деңгей-
дегі  жаттығуларды  орындауға  кӛшіп 
отырады.  Бұл  оқушылар  арасындағы 
бәсекелестікті  және  әр  оқушының  ӛз 
қабілетіне  қызметіне  сәйкес  жоғары 
деңгейге  кӛтерілуіне  толық  жағдай 
жасалады.  Осылай,  ойын  элементтерін, 
әдістерін  деңгейлеп  орындату  арқылы 
оқушылардың тапсырмаларды орындау-
да  жинаған  ұпайларын  «Даму  монито-
рингі»  кестесіне  белгілей  отырып, 
оқушы  біліміне  талдау  жасап  отыру 
қажет.  Ӛтілетін  тақырыптарға  байла-
нысты  қызықты  сергіту  ойындарын 
ойнатудың  да  сабақ  барысының  сапа-
сын  арттыруға  ықпалы  кӛп.  Атап 
айтсақ,  «Кім  шапшаң?»,  «Мен  жеңім-
паз!», сонымен қатар қозғалмалы ойын-
дар  және  ұлттық  ойындарды  сабақта 
түрлендіріп ӛткізуге машықтандыру. 
Дене  шынықтыру  пәнінде  жаңа 
инновациялық  технологияларды  қолда-
нудың орны орасан болары хақ. Оқушы-
лардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырып,  білім  сапасын  кӛтеруге 
сыныптан тыс спорттық шаралардың да 
маңызы  зор.  Соның  ішінде  қазақтың 
ұлттық  ойындары  мен  қозғалмалы 
ойындарын,  әр  түрлі  жарыстарын, 
тоғызқұмалақ,  арқан  тартыс,  аударыс-
пақ сынды ойын түрлерін ӛткізіп отыру 
керек.  Осындай  жұмыстарды  жүргізу 
нәтижесінде  оқушылардың  белсенділігі 
артып, 
спортқа 
деген 
бейімділігі 
қалыптасады.  Оқушылардың  танымдық 
қабілеттерін  арттырып,  салауатты  ӛмір 
сүру,  адам  денсаулығы  осы  спортқа 
байланысты екендігін түсінеді. Нәтиже-
сінде оқушылардың білім сапасы артып, 
оқу  тоқсандарында  жоғары  сапаға  қол 
жеткізуге  болады.  Жаңаша  әдістерді 
сабақтарда  үнемі  қолданысқа  енгізуде 
теория  мен  практиканың  ұштасуына 
мән  бергенде  ғана  жұмыстың  мазмұн-
дылығы  кӛріне  алады.  Осы  бағыттарда 
сын  тұрғысынан  ойлау  және  деңгейлеп 
оқыту 
технологияларының 
тиімді 
әдістерін  дене  шынықтыру  пәнінде 
қолдануды  ұсынамын.  Алдымен,  «Дене 
шынықтыру  пәні  не  берді?»,  -  деген 
сұраққа:  «Қимыл-қозғалысты  береді. 
Машықтандыру. 
Дене 
мәдениетін 
қалыптастыру.  Денені  шынықтыру, 
тәрбиелеу жалпы дамыту жаттығуларын 
меңгертеді»,-  дер  едім.  Дене  тәрбиесі 
сабағында  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясын  тиімді  пайдалану.  Осы 
технологиялардың 
шығармашылық 
бӛлігін  басшылыққа  ала  отырып,  ой 
толғау  жасауға  болады.  Дене  шынық-
тыру  сабағында  сабақты  ойын  түрінде 
ұйымдастыру  керек.  Осы  арқылы, 
оқушылардың  бейімділігін  арттыруға 
болады.  Күтілетін  нәтиже  –  дене 
тәрбиесі  пәніне  деген  қызығушылық-
тары  артады.  Оқушы  шығармашылығы, 
ӛзін-ӛзі  басқаруы,  эстетикалық  талғамы 
артады.  Дене  шынықтыру  сабағында            
5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға бола-
ды.  Тәжірбие  де  6-сыныптарға  ӛткізіл-
ген  «Тәуекел»  атты  ұлттық  ойынымен 
байланыстырып ӛткен сайыс сабағында, 
алдымен  оқушыларға  ой  толғау  жасау 
мақсатында  қазақтың  ұлттық  ойын 
түрлеріне  тоқталуды,  ұлттық  ойындар 
туралы  ӛз  түсініктерін  сұрай  отырып, 
сабақ  барысы  кезінде  орындатуды 
жоспарлайды. 
Міне, 
осы 
арқылы 
оқушылар  сабақтың  жарыс  түрінде 
топтық  ойын  әдісіне  болатына  кӛз 
жеткізеді. Сабақты қызықты ӛткізу үшін 
интерактивті  тақта  арқылы  қазақтың 
ұлттық  ойындарының  тарихын  таныс-
тырып  ӛтіп,  жасырылған  сұрақтарды 
табуға 
машықтандыру, 
әр 
топқа 
белгіленген  ұпай  сандарына  қарай 
бағаланады  Кейін  сабақ  барысын: 
«Бәйге» бӛлімі деп алып, бұл бӛлімінде 
оқушылар  белгіленген  жерге  дейін 
эстафеталық  таяқшамен  жүгіріп  барып, 
белгілі  жеріне  жеткен  кезде,  тақтаға 
жазылып  берілген  есептерді  шапшаң 
орындап  шығып  кейін  қайтып  келулері 
керек.  Оқушылардың  бұл  бӛлімінде 
сабаққа 
деген 
қызғушылығының 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
84 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау