31
Адамның белсенділігі (немесе оның іс-
әрекеті) оның себеп-салдарымен, мақсат
пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен,
оларды орындау құралдарын дұрыс
таңдай алуымен байланысты. Белсенді-
ліктің ӛзіне және жеке тұлғаның
қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы)
әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына
байланысты ол әр түрлі бағыттарда
қалыптасуы мүмкін. Егер, оқушының
осы әсерлерге деген кӛзқарасы теріс
болса, ол тәрбиешісі қалағанынан
қайшы бағытта дамиды. Мысалы,
мұғалім оқушылардың білімін тексеру
кезінде оқушының бағасын тӛмендетіп
қойса да, оқушы оған ренжіп қалады.
Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді
жақсартуға
шақырған
әрбір
сӛзі
оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық
қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның
педагогикалық әсері ішкі ӛрісте, яғни
тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң
әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда
әрдайым осылай болып отырады.
Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның
дамуы мен қалыптасуында кӛрініс
табатын барлық әсерлер мен ықпалдар
екі топқа – ішкі және сыртқы болып
бӛлінетін болды. Ортаның әсері мен
тәрбие жеке тұлғаның дамуының
сыртқы факторларына жатады. Табиғи
әсерлер – бейімділік пен әуестік,
сонымен қатар, адамның сезімдері мен
күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің
ықпалымен пайда болатын сылтаулары
мен қажеттіліктері – барлығы ішкі
факторларға жатады. Жеке тұлғаның
дамуы мен қалыптасуы осы екі фактор-
дың ӛзара байланысының нәтижесі
болып табылады.
Егер, тәрбие жеке тұлғаның ӛз
ӛзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне
деген іштей ықпалына әсер ететін болса,
онда оның жеке тұлғаның дамуында
шешуші рӛл атқара алатыны түсінікті.
Осы бейімділік пен ӛсіп келе жатқан
адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне
деген ӛзіндік ынтасы ғана түбінде оның
дамығанын анықтайды. Осылайша, бұл
шын мәнісінде, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі
тәрбиелеу
сипатына
ие
болады.
Л.Н.Толстойдың
адамның
дамуын
жемісті ағаштың ӛсуімен салыстыруы
тегін емес. Ӛйткені, сӛздің тура
мағынасында оны ешкім ӛсірмейді, ол
ӛздігінен
ӛседі.
Адам
тек
қана
топырағын қопсытады, тыңайтқыштар
себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни
оның
ӛзіндік
дамуына
мүмкіндік
беретін қажетті сыртқы жағдайларын
жасайды, ынталандырады. Ал, ӛзіндік
даму ӛзінің ішкі заңдары бойынша
жүреді. Жеке тұлғаның ӛзіндік дамуына
қоршаған орта мен тәрбие секілді
сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл
факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер
еткенде ғана және оның ӛз-ӛзімен
жұмысы кезіндегі ӛзіндік белсенділігін
ынталандырған жағдайда ғана жеке
тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады.
Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің
персонификациясы (лат. тіл. ауд. - жеке
тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің
персонификациясы
дегеніміз
–
ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас
модусын (модус – қажеттіліктер, мақ-
сат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау
критерийлері, ынта-ықыластар) құрай-
тын саналық-психологиялық және идео-
логиялық процестердің, қасиеттермен
қатынастардың әр алуан түрлері бар
жеке тұлғалық факторлардың мінез-
құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін
ӛзара әрекет күрделі де қарама-қайшы-
лыққа толы болады. Персонификация
әлеуметтенудің антиподы ретінде оған
қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің
бар болуыньщ ішкі механизмі болып
табылады. Осылайша, жеке тұлғаны
әлеуметтендіретін сыртқы факторлар,
соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның
ӛз ӛзіменжұмысы кезіндегі ӛзіндік
белсенділігінің ішкі механизмдерімен,
яғни оның қажеттіліктерімен, сенімдері-
мен, мақсат-мүдделерімен ӛзара тығыз
байланыста болғанда ғана оның дамуы
мен қалыптасуына әсер етеді. Баланың,
оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр
алуан түрлерінде кӛрінетіні психология-
да дәлелденген. Ӛмір
барысында қарым-
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
72