Дене кемістігі
|
Психикалық ауытқулар
|
Педагогикалық ауытқулар
|
Әлеуметтік ауытқулар
|
Созылмалы не туа біткен аурулар, көруі, естуі нашар, аяғы кемтар не мүгедектер, т.б.
|
Ырық эмоциясы нашар, ақыл есінен ауытқыған жүйке жүйесіне зақым келген, санасының дамымауы, сезімінің бұзылуы, т.б.
|
Оқуға қызықпау, білім алмай қалуы, кәсіпке ие болмауы не қызықпауы, тәрбиедегі кемшіліктер, т.б.
|
Жетімдік, маскүнемдік, нашақорлық қараусыз қалу, қылмыскер, үйден қашу, тәртіп, заң, құқық бұзу, т.б.
|
Девиациялық мінез – құлықтың қалыптасуы қоғамдық ортаның әсерін зерттеген фр. Психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бойынша қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор – ондағы адамдардың береке бірлігіне байланысты.
Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер қоғамдағы жақсы жаман нәрселерді барлығын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін «өтпелі» , «тұрақсыз» , «күрделі» дейді.
Баланың мінез – құлқының қалыптасуына тигізетін әсерін әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан қысқаша былай көрсетуге болады:
Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуы талапқа сай келмейтін жағдайларда өтсе, оның әлуметтенуі күрделенеді.
Психологиялық факторлар: Жүйке жүйелерін қозу және тежеу үрдістерінің әлсіздігі, мінез – құлқының жылдам бұзылуы, психопатия, психиатриялық не дәрігерлік көмекке мұқтаждық.
Әлеуметтік педагогикалық факторлар: отбасындағы, қоғамдағы, мектептегі тәрбиенің кемшілігі мен қателіктері баланың жеке және жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы және үлгермеуінің нашарлығы.
Әлеуметтік экономикалық факторлар. Қоғамдағы адам құқықтарының бұзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындағы материалдық экономикалық айырмашылық, жалпы көпшілік халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі әлеуметтік ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез құлықтың туындауына алып келеді.
Құлықтық әдеп факторлары. Қоғамдағы адамддардың жүріс тұрыс мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір сүру ережелерінің сақталмауы құлықтық әдеп құндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен мейірім, физиологиялық, психологиялық дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |