Б) Қауырт
В) Проспективті
Г) + Ретроспективтік
Д) «оқиға бақылау» түріне
658. Алматы қаласының жалпыға білім беру мектептерінің бірінде қызылша бұрқ етпесі болды. Төменде аталған іс әрекет алгоритмдердің қайсысы ауру көзіне бағытталған?
А) Осы ұжымдағы, мектептің оқытушыларымен бірге барлық ауырғандарды (жас құрамына байланысты) анықтау;
Б) Жұқпаның көзімен (науқаспен) тықыз жанасқан барлық адамдарды анықтау;
В) Жақын уақытта күнтізбе бойынша егілмеген барлық жанасқандарды егу;
Г) +Оқытушылардың, оқушылардың, басқа қызметкерлердің, ата аналардың және басқа да балалардың (ересектердің) арасынан ауру көзін анықтау;
Д) Зақымдалу қаупі туған барлық адамдарды ауруханаға жатқызу
659. Сіз эпидемиолог дәрігердің көмекшісінің апталық есебін тыңдадыңыз. Осы кезеңде жұқпалы аурулардың 5 оқиғасы тіркелді. Төменде аталған іс әрекеттердің қайсысын мақсатқа сай дәрігердің көмекшісі жүргізуі керек?
А) «А вирустық гепатит» диагнозы бар науқасты стационарға көпшілік жүретін көлікпен баруға кеңес беру;
Б) Қызылшаға күдіктенген және дәрігер қорытынды диагнозына сенімді болған 2 күннен соң шұғыл хабарлама толтырған көмекші;
В) +Болжамды диагнозы «құрөзек» болған баланы шұғыл ауруханаға жатқызуды талап еткен;
Г) Токсигенді емес коринебактериялардың тасымалдаушысы аспазды жұмыстан шұғыл аластаған;
Д) Созылмалы бруцеллезбен науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына тездетіп жатқызуды талап еткен
660. 2008ж 3 тоқсанында Алматы қаласында менингококты инфекциямен сырқаттанушылықтың (10 есе) біршама жоғарылағаны тіркелді. Пайда болған эпиджағдайдға байланысты төменде аталған шаралардың қайсысы адекватты?
А) Эпидемиологиялық мәлімет базасын құрау;
Б) Эпидемияға қарсы жұмысты жоспарлау;
В) Басқармалық шешімдерді қабылдау;
Г) қауіп қатер факторлары туралы гипотеза құрастыру;
Д)+ алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.
661. Төменде аталған мерзімдердің қайсысында балаларды АДС анатоксинмен егу мақсатқа сай?
А) 7 және 14 жаста;
Б) 8 және 16 жаста;
В) 9 және 15 жаста;
Г) 9 және 12 жаста
Д) +в 6-7 жаста лет
662. Төменде аталған мерзімдердің қайсысында балаларды АДС -М вакцинамен егу мақсатқа сай?
А) 30, 40, 50, 60 жаста
Б) + 26, 36, 46, 56 жаста
В) 1 жаста және 6-7 жаста
Г) 1 жаста және 12 жаста
Д) 1 жаста
663. Сіз бала бақшада пайда болған эпид жағдайға байланысты СЭС-тің эпид бөлімінің басшысынан қауырт эпидемиологиялық талдау жүргізуге тапсырма алдыңыз. Төменде аталған құжаттардың қайсысын ЕҢ бірінші талдау қажет?
А) жұқпалы ауру, тағаммен, кәсіби шұғыл улану, егуге болған серпіліс туралы шұғыл хабарлама
Б) Жұқпалы ауруларды тіркеу жорналы
В) иммундыдиагностикум, вакциналар және дәрілік препараттарды тіркеу жорналы
Г)+ Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық тіркеу картасы
Д) Медициналық көмекті керек еткендерді тіркеу жорналы
664. Құрылысшылар тобына іш сүзегі және туляремия бойынша эндемиялы ауданға іссапарға аттану жолы тұр. Аттануға 2 апта қалды. Аталған жағдайға байланысты төменде аталған мысалдардың қайсысы мақсатқа сай? А) арасына 14 күн салып 1-ші және 2-ші егуді жасау;
Б) бір препаратты жүргенге дейін, екіншісін бір айдан кейін; В)+ екі препаратты бір мезгілде салу; Г) тек іш сүзектік вакцинаны салу;
Д) тек туляремиялық вакцинаны салу.
665. Баланың аяғының ашық жарасынан кейін 2ші күні дельта тәрізді бұлшық етке адсорбирленген сіреспелік анатоксинді салған соң тығыз томпаю байқалды. Төменде аталған организмнің реакцияларының қайсысы аталып отыр? А) вакцинадан кейінгі асқыну; Б)+ қалыпты вакциналық серпіліс; В) препаратты егу техникасы бұзылған; Г) препаратты егетін орын дұрыс алынбаған; Д) асқынған вакцинадан кейінгі серпіліс.
666. А елді мекенінде таныс емес ит ересек адамды тістеген. Адам үшін төменде аталғандардың қайсысы құтырудың көзі болып табылады? А) құтыру белгісі жоқ ит; Б)+құтырумен ауыруға 7 күн қалған ит; В) құтырумен ауыруға 15 күн қалған ит; Г) адамға тап берген итті тістеген қасқыр;
Д) адамға тап берген итті тістеген түлкі.
667. Туристерге іш сүзегі және туляремия бойынша эндемиялы ауданға іссапарға аттану жолы тұр. Аттануға 2 апта қалды. Төменде аталған қорғану әдістерінің қайсысы мақсатқа сай?
А) арасына максималды интервалмен12-13 күн салып егу
Б) бір препаратты жүргенге дейін, екіншісін бір, біржарым айдан кейін; В)+ екі препаратты бір мезгілде салу;
Г) тек іш сүзектік вакцинаны салу;
Д) тек туляремиялық вакцинаны салу.
668. Аудандағы фельдшерлік акушерлік пункте қолдану мерзімі 1 күн бұрын өтіп кеткен АКДС вакцинасының 500 дозасы қалды. Ауданда құрөзектің эпидемиялық жағдайы ауыр, ал вакцинаны тек бір айдан кейін ғана алу мүмкін. Төменде аталған шаралардың қайсысын жүргізу мақсатқа сай?
А) Мемсанэпидқадағалау орталығына іс әрекет туралы сұрату жіберу;
Б) препараттың мерзімінің өткеніне тек 1 күн болуы себепті егуді жалғастыру;
В) шектеулі контингентке ғана егу жасау және вакцинаның иммуногендігін бағалау;
Г) вакцинаны өндірушіге сұрау жіберу;
Д) +егуді тоқтату
669. Бала бақшады шигеллез бұрқ етпесі тіркелді. Оның алдында балаларды қалалық сүт комбинатынан әкелінген тағамдармен тамақтандырған. Аспазшыда шигелла тасымалдаушылық анықталған. Ары қарайғы бактериолгиялық тексеруге берілу факторларының қайсысын алу керек?
А) асханадағы ыдыс
Б) ет тағамдары
В) + сүт, қаймақ
Г) ірімшік
Д) дәретханадағы құмыра
670. Мектептің мед пунктінен АДСпен егілген 150 баланың 5 де 3-4 күннен кейін егу орнында сәл ауыратын тығыздық пайда болды. Балалардың жағдайын бағалап егуді жалғастыру туралы ұсыныстарыңызды беріңіз.
Төмендегі қорытындылардың қайсысы мақсатқа сай?
А) вакцинадан кейінгі асқыну, егуді тоқтату керек;
Б) Мемсанэпидқадағалау орталығынан аталған вакцинаның сериясы туралы ақпарат алу, вакцинадан кейінгі асқыну;
В) вакцинадан кейінгі асқыну, аталған вакцинаның сериясы туралыөндірушіден ақпарат алу;
Г) +вакцинадан кейінгі серпіліс, егуді жалғастыру;
Д) тексеру және вакцинаның осы сериясының жарамдылығы туралы қорытынды алу үшін 5 баланы ауруханаға жатқызу керек.
671. Мектепте 4-ші сыныптың 2 оқушысы Флекснер шигеллезімен науқастанды. Жазда олар лагерде демалған және асханада тамақтанған және жақын маңдағы елді мекеннен тамақ сатып алған. Соңғы ауысымда олардың отряды су қоймасында шомылған. Төменде аталған берілу жолдарының қайсысы бұл жағдайда іске асты?
А) Тағамдық
Б) Тұрмыстық жанасу;
В) +Сулық
Г) Нәжіс ауыздық
Д) Ыдыс арқылы
672. 40 жастағы науқасқа «иерсиниоз» диагнозы қойылды. Аталған жағдайда төменде көрсетілген берілу факторларының қайсысы болуы мүмкін?
А) науқастанудан 2 күн бұрын ол виваридің желдету жолдарын жөндеген;
Б) +науқастанудан 7 күн бұрын ол бақшасында өскен сәбізді жинап шикі сәбіз жеген;
В) науқастанудан 2 күн бұрын ет консервісін жеген;
Г) науқастанудан 4-5 күн бұрын буфете бәліш жеген;
Д) 2 күн бұрын пастерленген сүт ішкен.
673. Парентералды процедура жүргізу кезінде мейірбикенің көзіне қан тамды. Төменде аталған зақымдалудан қорғану шараларының қайсысын жүргізу мақсатқа сай?
А)+ көзді ағымды сумен шайып және 0,5% левомицетин ерітіндісін көзге тамызу керек.
Б) көзді ағымды сумен шаю;
В) көзді сумен шаю және альбуцид ерітіндісін тамызу;
Г) көзді марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шаю;
Д) 0,25 % левомецитин ерітіндісімен шаю.
674. Үш адамнан тұратын (күйеуі, әйелі, бір жасар бала) жанұяда әкесі «В вирусты гепатит» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жанұяның басқа мүшелерінің зақымдалуының алдын алу мақсатында оларға жанұядағы заттарды бірге қолданудағы В вирусты гепатитінің берілу факторларын атап көрсетіңіз.
Берілген жағдайда аталған берілу факторларының қайсысы аса қауіпті?
А)+маникюр жиынтығындағы қайшы;
Б) жеке ұстара;
В) жеке тіс щеткасы;
Г) жанұядағы ыдыс;
Г) жеке жуынатын жөке.
675. Бала бақшаға баратын балаға «скарлатина» деген диагноз қойылды.
Балалар ұжымында төменде аталған жұқпа көздерінің қайсысы ЕҢ жұқпалы?
А) құлақ маңы бездері ісінген бөртпесі жоқ науқас;
Б) папулезді бөртпесі және артқы мойын лимфа түйіндері ісінген науқас;
В) аллергиялық бөртпесі бар науқас
Г)+ алақан терісі қабыршақтанған ангинамен науқас;
Д) этапты қабыршақтануы жоқ папулезді дақты бөртпелі науқас
676. 3 жасар балаға “ауыз жұтқыншақ құрөзегі” диагнозы қойылды. Жанұя екі бөлмелі пәтерде тұрады: әкесі-инженер, анасы- бала бақша тәрбиешісі. Төменде аталған эпидошақтағы эпидемияға қарсы шаралардың қайсысы ЕҢ бірінші жүргізілуі керек?
А) науқасты ауруханаға жатқызу және ошақтың қорытынды дезинфекциясын жүргізу;
Б) +науқасты ауруханаға жатқызу және жанасқандарды 7 күн бойы бақылап
бактериологиялық тексеру;
В) жанасқандарды 7 күн бойы бақылап оларды АКДС вакцинасымен егу;
Г) науқасты ауруханаға жатқызу және жанасқандардағы арнайы алдын алу туралы мәлімет
жинау лиц;
Д) жанұя мүшелерін 7 күн бойы бақылау, анасын бактериологиялық тексереннің нәтижесін анықтағанша жұмыстан аластау;
677. Бала бақшаға баратын 3 жасар балаға «скарлатина» диагнозы қойылды. Төменде аталған жанасқандардың арасынан медициналық бақылауға ЕҢ бірінші қайсысы жатады?
А) қызмет көрсету сферасында жұмыс істейтін науқастың әкесі;
Б) сатушы болып жұмыс істейтін анасы
В)+ науқастың 7 жасар ағасы;
Г) 20жастағы әпкесі;
Д) зейнеркер әжесі;
678. «А Вирусты гепатит» диагнозымен 24 жастағы науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Клиникалық ағымы жеңіл. Жанұясымен бірге жатақханада тұрады. Берілген жағдайда төменде аталған эпидемиологиялық көрсеткіштердің қайсысы ауруханаға жатуға көрсеткіш болып табылады?
А) жатақханада тұратындығы және жанұядағы жанасқандардың болуы;
Б) үйінде емделу жағдайының болмауы;
В) +науқас көпшілік тамақтанатын жерде жұмыс істейді;
Г) жанұяда ерте жастағы балалардың болуы;
Д) жатақханадағы санитарлық гигиеналық жағдайдың нашарлығы
679. Қалалық аурухананың терапевтикалық бөліміндегі науқасқа А гепатитінің маркерлерін анықтағаннан кейін «А вирусты гепатит» диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген алдын алу шаралар кешендерінің қайсысы мақсатқа ЕҢ сәйкесі?
А) бір реттік шприцтерді қолдану
Б) медициналық бұйымдарды стерилизациялау ережесінің сақталуын бақылау
В) қауіп қатер обының адамдарын егу
Г) сумен қамтамасыздауға санитарлық бақылау
Д)+тағам даярлау блогына санитарлық бақылау
680. Ата анасымен жатақханада тұратын 5 жасар балаға «скарлатина» диагнозы қойылды. Төменде аталған бұрын скарлатинамен ауырмағандардың ішінен карантин кезінде ЕҢ бірінші кімдер бақылауға алынады және ұжымынан аластатылады?
А) жұмыс уақытында күтуші алып кететін 2 жастағы бала;
Бб) жұмыс уақытында әжесі алып кететін 5 жастағы бала;
В)+ бірінші сыныпқа баратын бала;
Г) үшінші сыныпқа баратын бала;
Д) бесінші сыныпқа баратын бала.
681. 58 жастағы пациент. Диагнозы – фиброзды-кавернозды туберкулез. Балалар мен жүкті әйел бар жатақханада тұрады, алкогольге әуес. Төменде аталған инфекция ощағындағы эпидемияға қарсы шаралардың қайсысы ЕҢ бірінші жүргізіледі?
А) Ауруханаға жатқысы келмегендіктен науқасты үйінде емдеу;
Б) Балаларға туберкулинді диагностика жүргізу;
В) Жүкті әйел өкпе R-графиясын өту;
Г) Барлық жанасқандарға флюорография тексеру өту;
Д) +науқасты стационарға жекелеу.
682. 32 жасар Н. бактерия бөлетін белсенді өкпе туберкулезі анықталды. Жанұялық жанасқандар 5 және 7 жастағы балалар. Төменде аталған эпидемияға қарсы шарлардың қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) Науқастың жұмыс орнына және үйіне дезинфекция жүргізу;
Б) Балалар баратын мектеп пен бала бақшаға карантин қою;
В)+ Науқасты госпитализациялау, балаларға химиопрофилактика жүргізу.
Г) Науқасты госпитализациялау, балаларды бактериоскопиялық тексеру;
Д) Науқасты госпитализациялау, балаларды флюорографиямен тексеру.
683. 18.05.2001ж ҚР ДСМ №4 бұйрығына сәйкес Алматы облысының Қарасай ауданында жоспар бойынша туберкулезге қарсы 230 нәресте БЦЖ вакцинасыман егілуі керек еді. Жоспар 99% орындалды.
Балаларды қорғау мақсатында төменде аталғандардың қайсысы ЕҢ мақсатқа сай шара?
А) +туберкулездің диссеминирленген (миллиарлы туберкулез, туберкулезді менингит) түрлерінің дамуынан қорғайтын перзентханада жасалған бірінші егу;
Б) Манту реакциясының теріс нәтижесінен кейін 6-7 жастағы балаларды ревакцинациялау қорғаныс эффектісін күшейтеді;
В) Манту реакциясының теріс нәтижесінен кейін 11-12 жастағы балаларды ревакцинациялау қорғаныс эффектісін күшейтеді;
Г) ДДҰ ұсынысы бойынша БЦЖ вакцинасын нәрестелерге бір рет салады;
Д) Туберкулезді науқаспен жанасқандар мен балаларға егу эпидемиологиялық тиімді.
684. 3 жастағы бала бақшаға баратын балада қызылша диагнозы анықталды (мойны мен бетінде бөртпе бар).Тобындағы барлық балалар тірі қызылша вакцинасымен егілген. Төменде аталған эпидемияға қарсы шарлардың қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) Жанасқан балаларға иммунды глобулин егу;
Б) Жанасқан балаларға тірі қызылша вакцинасын егу;
В)+ топтағы балаларды 17 күн бойы медициналық бақылауға алу;
Г) бала бақшада үнемі күнделікті дезинфекция жүргізу;
Д) бала бақшада қорытынды дезинфекция жүргізу.
685. 3 жасар балада жел шешек диагнозы анықталды. Жанұяда ата анасы ауырған, 6 жастағы ағасы бала бақшаға барады, 10 жасар әпкесі оқушы, жел шешекпен ауырмаған. Төменде аталған жел шешешктің эпидемияға қарсы шарларының қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) науқасты эпидемиялық көрсеткіштеріне байланысты госпитализациялау;
Б) жанасқан балаларды 21 күн бойы мед бақылауға алу;
В) 21 күн бойы ағасын бала бақшаға жібермеу;
Г)+ жанасқан 11-шіден 21-ші күн аралығында ағасын бала бақшаға жібермеу;
Д) жанасқан 11-шіден 21-ші күн аралығында әпкесін мектепке жібермеу.
686. 8 жасар 2 сынып оқушысы эпидемиялық паротитпен ауырды. Жанұяда 5 жасар бала тірі паротит вакцинасымен медициналық қарсы көрсетулерге байланысты егілмеген, эпидемиялық паротитпен ауырмаған. Бала бақшаға барады. Ата анасының эпиданамнезі белгісіз.
Төменде аталған ошақтағы эпидемияға қарсы шараларының қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) жанұяда 21 күнге карантин қою және 21 күнге карантин қою оларға ұжымдарға баруға тыйым салу;
Б) бала бақшада 21 күнге карантин қою және жаңадан балаларды қабылдатпау;
В) бала бақшада 21 күнге карантин қою және күнделікті дезинфекция жүргізу;
Г) 21 күн бойы жанасқандарды бақылау
Д) +1-ші науқас анықталған уақыттан 72 сағаттан кем емес уақытта егілмегендерді эпидемиялық көрсеткіштерге байланысты вакциндеу.
687. 32 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды, өлгеннен кейінгі диагнозы ЖИТС. Капоши саркомасы, пневмоцистік пневмония. Эпидемиологиялық анамнезінде анықталғаны: күйеуі Россияның азаматы және сифилиспен ауырған, және де АИВ ке ИФА сынамасы оң.
Төменде аталған инфекцияның берілу механизмінің қайсысы аталған жағдайда іске асты?
А) парентеральды;
Б) +жыныстық;
В) тұрмыстық жанасу;
Г) жанасу;
Д) алиментарлық.
688. Ауыл шаруашылық малдың қырылғаны тіркелді. Сырқатшылық қанды көп бөлінділермен септикалық түрде өтті. Малдар жаңа шабындыққа барған кезде жұқтырғаны мәлім болды. Эпидемиологиялық, эпизоотологиялық тексергенде анықталғаны: ол шабындықта мал өліктері көмілген (түйнемеден өлген малдардың өліктері көмілуі мүмкін).
Төменде аталған инфекцияның берілу механизмінің қайсысы аталған жағдайда іске асты?
А) алиментарлық;
Б) трансмиссивті;
В) + жанасу;
Г) аэрозольды;
Д) тұрмыстық жанасу.
689. Тағам дүкенінде ет консервілерін сатуға байланысты, ботулизм оқиғасымен шұғыл хабарлама түсті.
Төменде аталған іс әрекеттің қайсысын ботулизм оқиғасының пайда болуын, қайталануының алдын алу үшін ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) Сырқаттанудың берілу факторларын және жолдарын, пайда болу себептерін анықтау мақсатында науқастан сұрау.
Б) сырқаттанудың пайда болу жағдайын және уақытын, зардап шеккендер санын анықтау.
В) қандай материалдар жинақталып зертханаға жіберілуі керек екенін анықтау
Г) +күдікті тағамдық өнімдердің барлық партиясын инфицирленгені жөнінде зертханалық зерттеулерден нәтижесі келгенге дейін конфискациялау.
Д) Жанұяның барлық мүшелеріне ботулизмге қарсы сарысу енгізу.
690. Аймақтық санэпидбасқармасына тағамдық токсикоинфекция туралы шұғыл хабарлама түсті. Эпидемиологтың көмекшісі шұғыл хабарламаны қабылдады. Төменде аталған шаралардың қайсысын ЕҢ бірінші жүргізу керек?
А) Алғашқы медициналық көмек көрсеткен қызметкерлер жинақтаған медициналық құжаттарды оқу;
Б) Зардап шеккендердің санын, ауру туындаған жағдайлар мен уақытын, клиникалық симптомдарын анықтау;
В)+ материал жинау (өнімдер, тамақ қалдығы), зақымдалған өнімдерді ары қарай сатылуының алдын алу шараларын қолдану және зертханаға жолдама беру;
Г) Улану шақырған өнімнің және аурудың жалпы клиникалық симптомдарын анықтау мақсатында науқастардан сұрау;
Д) улануға себеп болған тағамдық өнімдерді алу актісін даярлау.
691. Жамбыл облысының Көксерке ауылында тағамдық улануды тексергенде уланудың себебі залалданған консервілер себеп болғаны анықталды.
Төменде аталған шаралардың қайсысын эпидемиологтың көмекшісі ЕҢ бірінші жүргізуі керек?
А) күдікті тағамдық өнімдерді өндірудің санитарлық жағдайын тексеру.
Б) дайын өнімдер мен шикізатты сақтау және мерзімін, тасымалдау жағдайларын тексеру.
В) +консерві өндіретін қызметкерлерді ішек инфекцияларына, іріңді жаралардың бар жоғына, бактерия тасымалдаушылыққа тексергендегі нәтижелермен танысу.
Г) Өндірістік мекемесінің өз зерттеулерінің нәтижелеріне байланысты өндірілген өнімнің сапасын тексеру.
Д) Өндірістің аймағының санитарлық жағдайын тексеру.
692. 35 жасар науқас саусақтарының іріңдеген және аздаған интоксикациямен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Эпиданамнезінен: науқас қолымен өңдеген сиырда мастит болғаны анық. Зертханалық тексергенде «пастереллез» диагнозы қойылды. Фермада шыбын, қандала көп.
Төменде аталған инфекцияның берілу механизмінің қайсысы аталған жағдайда іске асты?
А) аэрозольды
Б) нәжіс ауыздық
В) + жанасу
Г) трансмиссивті
Д) парентеральды
693. Шағын ауыл тұрғыны 36 жастар науқасқа бөртпе сүзек деген диагноз қойылды. Жанұясында 10 адам, өзінен басқа әйелі, ата анасы, 6 баласы. Тығыз жағдайда өмір сүреді. Мектепке және балабақшаға баратын балаларында битшеңдік анықталды. Әкесә мен шешесі жас кездерінде бөртпе сүзекпен ауырған. 2 апта бұрын әкесінің дене қызуы көтеріліп, басы ауырды, дәрігерге қаралмады.
Төменде аталған инфекцияның берілу механизмінің қайсысы аталған жағдайда іске асты?
А).+ трансмиссивті
Б) аэрозольды
В) жанасу
Г) алиментарлық
Д) парентеральды
694. Битшеңдігі бар антисанитарлық жағдайда тұратын 8 адамдық жанұяда 68 жасар қарт ауырып қалды. Ол бала кезінде бөртпе сүзекпен ауырған. Учаскелік дәрігер: Брилл ауруы деген диагноз қойды. Төменде аталған эпидемияға қарсы шаралардың қайсысын ЕҢ бірінші жүргізуі керек?
А) жанұядағы барлық адамдарды дезинсекциялау;
Б) науқасты жекелеу, қорытынды дезинфекция және дезинсекция;
В) +науқасты жекелеу, жанасқандарды бақылау;
Г) бөртпе сүзекке қарсы жанұясындағыларды егу;
Д) жанұя мүшелерін серологиялық тексеру (РСК)
695. Төменде аталған әдістердің қайсысы дезинфекция сапасына бақылау жүргізуге ?
A)+ бактериологиялық, химиялық
Б) иммунологиялық
В) паразитологиялық
Г) визуальды
Д) серологиялық
696. Төменде аталғандардың қайсысы кампилобактериоздың қоздырғыш көзі болып табылады?
A) + инфицирленегн үй жануарлары
Б) инфицирленген құстар
В) сирек ауру адамдар
Г) сирек жұқпа тасымалдаушылар
Д) жабайы табиғаттағы жыртқыштар
697. Төменде аталған клиникалық симптомдардың қайсысы тырысқаққа?
A) улану;
Б) гипотония;
В) жөтел;
Г) буындық аурулар;
Д) +жедел энтерит, обезвоживание.
698. Көктемде шөп жинаумен айналысып жүрген кезде өлген тышқандарды тауып алған ауыл жұмысшыларында мойын мен қолтық асты лимфа түйіндерінің лимфоаденопатиясы мен қызба анықталды. Аймақ туляремия бойынша қолайсыз.
Төменде аталған инфекцияның берілу механизмінің қайсысы аталған жағдайда іске асты?
А) трансмиссивті;
Б) жанасу;
В) нәжіс ауыздық;
Г) +аэрозольды;
Д) тұрмыстық жанасу.
699. Төменде аталғандардың қайсысы жұқпалы аурулардың экстенсивті көрсеткішінен ақпарат береді?
A) халық санына есептелген көріністің таралу деңгейі;
Б) +бүтін көрсеткішті құрамдас бөліктерге бөлу;
В) эпидемиялық процестің негізгі даму тенденциясы;
Г) эпидемиялық процестің екі көрінісінің қарым-қатынасы
Д) жұқпалы аурудың алдыңғы деңгейіне абсолюттік өсуінің қатынасы
700. Төменде аталған мамандардың қайсысы бала емханасы бойынша алдын-ала егудің жоспарын құрады?
A) бас дәрігер және
Б) дәрігер-эпидемиолог және дәрігер-иммунолог
В) бөлімшелік бала дәрігері және дәрігер-иммунолог
Г) + дәрігер-иммунолог және емхананың бас мейірбикесі
Д) госпитальды эпидемиолог және дәрігер-иммунолог
701. Балалар емханасындағы балаларды егу жоспарын құру үшін төменде аталған есептеу документтерінің қайсысы ЕҢ ақпаратты болып табылады?
A) 058 формалы шұғыл хабарлама;
Б) вакцинаны қолдану бойынша инструкция;
В) +форма 063/ У, балаларды тізімдеу мәліметтері;
Г) баланың жеке даму картасы;
Д) жұқпалы ауруларды тіркеу журналы;
702. Төменде аталған есептеу документтерінің қайсысы балалар емханасындағы алдын ала егуді тіркеу үшін қажет?
A) жұқпалы ауруларды тіркеу журналы, егуді тіркеу журналы;
Б) вакцинаның қозғалысын тіркеу журналы, егуді тіркеу журналы;
В) инфекция ошағын эпидтексеру картасы, егуді тіркеу журналы
Г) вакциналар сақталатын тоңазытқыш режимінің температурасын тіркеу журналы;
Д) + алдын ала егудің жеке картасы, баланың даму тарихы, егуді тіркеу журналы
703. ҚР-дағы жұқпалы ауруларға қарсы балаларды алдын ала егуді жоспарлау үшін төменде аталған құқықтық құжаттардың қайсысы қажет?
A) аймақтың қатысушы елдеріне ДДҰ Еуропалық бюросының ұсыныстары;
Б) қызмет көрсететін ауданның Мемсанэпидқадағалау Департаментінің ұсыныстары;
В) қызмет көрсететін ауданның денсаулық сақтау Департаментінің ұсынысы;
Г) емдеу-профилактикалық мекемелер басшыларының бұйрықтары;
Д) + «ҚР тұрғындарының салауаттылығы туралы» Заңы, ҚР ДС егу күнтізбесі
Достарыңызбен бөлісу: |