1 дәріс Тақырып: Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры. Халық ертегілерінің балаларға арналған түрлері. Халық өлеңдерінің балаларға арналған түрлері


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 11, 34, 35, 31, 36, 37, 38, 39, 46. №3 дәріс



жүктеу 103,8 Kb.
бет3/25
Дата18.05.2022
өлшемі103,8 Kb.
#38639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Дәріс

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 11, 34, 35, 31, 36, 37, 38, 39, 46.
3 дәріс

Тақырып: Абай Құнанбайұлы шығармаларының балалар әдебиетіндегі ролі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің идеялық мазмұны, тәрбиелік мәні, фольклормен үндестігі.
Қазақ балалар әдебиетінде ұлы ақын Абайдың да көрнекті орны бар. Балаларға арнайы еңбек жазып, өзі педагогтік іспен шұғылданбаса да, Абай бала тәрбиесіне, оның келешек қоғам үшін пайдалы адам болып шығуына үлкен зер салған. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Интернатта оқып жүр» т.б. өлеңдері қазақ балаларына арналған және сүйіп оқитын туындылары бірі болып табылады. Оқу-білім, өнер тақырыбына жазған өлеңдері ішіндегі ең алғашы – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»(1885). Көлемі шағын. Алғашқы 2 шумағы 4 тармақтан, кейінгі 2 шумағы 3 тармақтан тұрады. Басты идеясы – жастарды білім-ғылымға үндеу. Құрғақ үгіт емес. Жастарға деген ағалық өсиет. Өзінің өкінішін айтады. Өз біліміне көңілі толмағандықтан өкініш білдіреді. Білгенін азырқанады. Зор ғылымға кешіккенін білдіреді. Оның аңсағаны – терең ғылым жолы. Бұл тұрғыда Абайдың жастық шағын еске түсірелік. Білімді адамның мақсаты шен-шекпен емес, халыққа қызмет ету деген ой тастайды. Алғашқы шумақ 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылса, одан кейінгі шумақ –а, -ә, -б, -ә түріндегі аралас ұйқаспен келген. Соңғы 6 тармақ бірыңғай шұбыртпалы ұйқас үлгісінде.

Ғылым таппай мақтанба»(1886). Көлемі 77 жол. Ақын жастар алдына міндет-талаптар қояды. Ең ардақты мақсатың – ғылымды меңгеру дейді. Бес нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойға дарытпасаң ғылымнан опа жоқ дегенді айтады. Ақын ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірінен бөлмейді. Ғалым болудың тағы бір шарты – ақыл сенген нәрсеге ғана сену. Жастарды артық сенгіштіктен сақтандырады. Кісіні ақылына, ойына қарай бағала деген пікір айтады. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсынады. Надан, керітартпа адамның жағымсыз бейнесін қарсы қояды. Өлең 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісінде жазылған.




жүктеу 103,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау