Әдебиеттер: 2, 3,4, 5, 6, 11, 12, 13,14, 31, 40, 41, 43, 44, 45.
№ 4 дәріс
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров шығармаларының тақырыбы, тәрбиелік ролі, көркемдік ерекшеліктері. С.Дөнентаев, С.Көбеев, С.Торайғыров шығармаларының тақырыптары, көркемдігі, өміршеңдік сипаты. М.Әуезов әңгімелерінің танымдық сипаты, көркемдігі, тілі, тәрбиелік мәні
ХХ ғасыр басындағы жазба әдебиет – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытумен бірге өзіндік өрнегін де тапқан әдебиет. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан ірі-ірі уақиғалар мен саяси өзгерістер әдебиетімізде көрініс таппай қалмады. 1905 жылдан кейін қазақ әдебиетінде ұлт-азатшыл, М.Әуезовше айтқанда «елшілдік» (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев .б.), ағартушы-демократтық (М.Сералин, С.Көбеев, с.Торайғыров т.б.) бағыттыр пайда болды, бұрыннан әдебиетімізде бар діни-ағартушылық бағытпен(М.Ж.Көпеев, М.Қалтаев, Ш.Жәңгіров) қосқанда үш түрлі бағыт қатар өрістеді.
XX ғасыр басындағы жазба әдебиеті XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытты және өз өрнегін де тапты. XX ғасырдың басында «Оян, қазақ!» деп жар сала келген жазба әдебиетіне өз мақсатын жүзеге асыру үшін тың түрлер, жаңа жанрлар қажет еді. Өзге шығармаларды аудара отырып, дүниежүзілік жазба әдебиетте бар озық әдіс, тәсілдерді игерді, төл әдебиетімізді жаңа жанр, соны түрлермен молықтырды. Қазақ аудармашылары көбіне мысал жанрында аударуға ден қойды. Қалам иелері мысал жанрында көкейдегі ойды жеткізу әлдеқайда жеңілірек, әлдеқайда тиімдірек болатынын түсінді. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» (1909), С.Көбеевтің «Үлгілі тәржіма» (1910), Б.Өтетілеуовтің «Жиған-терген» (1914), С.Дөнентаевтың «Уақ-түйек» (1915) жинақтарындағы мысалдар ел бойын жағымсыз мінез-құлықтан арылту мақсатын көздеді. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» үлгісін ұстанған оқулықтар ретінде С.Көбеевтің «Үлгілі бала» (1912), Т.Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» (1912), М.Дулатовтың «Қирағат» (1924) жинақтарын айтуға болады.
Балаларға арналған өлеңдердің жеңіл, ойнақы ұйқасқа құрылу ережесі XX ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиетінде қатаң орнықты. Қазақ ақын-жазушыларының қатары бұл тұста, әсіресе, ағарту саласында істеп жүрген мұғалім, тәрбиешілермен недәуір толықты. Сол дәуірдің дәрежесінде алғанда біраз білімі бар мәдени қайраткер және тәжірибелі мұғалім Т.Жомартбаев әдебиетке осы тұста келіп қосылды. Оның «Балаларға жеміс» атты еңбегі 1912 жылы Семейдің «Ярдам» («Жәрдем») баспасынан жарық көрді. Арманы жастарды білімге ынталандыру
20-30 жылдары көркем әдебиетке тікелей қатысты қаулылар қабылданды. 1925 жылы 18 маусымда Орталық комитет қабылдаған «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы» қаулысы ел мәдениетін пролетариат мүддесіне ыңғайлау саясатын ұстанды. 1932 жылғы 23 сәуірдегі «Көркем әдебиеті ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы бойынша пролетариат жазушыларының ассоциациялары таратылып, Кеңес жазушыларының Одағы құрылды. І.Жансүгіровтің «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдері - ойнақылығымен, көркемдігімен танылатын туындылар. «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдеріндегі жыл мезгілдерінің көрінісі ел тірлігімен ұштастырыла бейнеленеді.
1929 жылы суретті кітапша түрінде жарыққа шыққан «Малта», «Шәркей» шығармалары балаларды ауылдағы күнделікті өмір тірлігімен таныстырып қана қоймайды, еңбек ету белсенділігіне де шақырады.
М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесі(1925) алғашқы рет «Таң» журналының 1925 жылғы бірінші санында «Қайғылы жетім» деген атпен басылады. Кейінгі жинақтарда «Жетім» деген атпен жарияланады. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер - жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан.
Достарыңызбен бөлісу: |