1 дәріс Тақырып: Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры. Халық ертегілерінің балаларға арналған түрлері. Халық өлеңдерінің балаларға арналған түрлері


Әдебиеттер: 1, 2, 3,4, 5, 6, 11, 12, 27, 30, 35, 36, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50 № 12 дәріс



жүктеу 103,8 Kb.
бет17/25
Дата18.05.2022
өлшемі103,8 Kb.
#38639
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Дәріс

Әдебиеттер: 1, 2, 3,4, 5, 6, 11, 12, 27, 30, 35, 36, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50
12 дәріс

Тақырып: Көркем шығарманың тілі  

Шығарманың көркемдік, өзіндік бітім-болмысын айқындауда жазушы қолданған тілдік құралдың әрқайсысының орны ерекше. Көркем шығарма тілінде кез келген тілдік құрал орынсыз қоданылмайды. Ондағы синтаксистік құрылымдар мен лексемалар, фразеологизмдер, жекелеген дыбыстар – бәрі де көркемдік идеяға қызмет етуге тартылған «желілер» қатарынан орын алады. Әр сөз зергерінің өзіне тән стилі, өзіндік сөз саптау мәнері, ой-толғау әдістері болады. Жазушының қолындағы қуатты қаруы –тіл, шұрайлы сөз десек, ол сөз халықтың тіл байлығы болып табылады. Ал көркем туынды авторының шеберлігі айтар ойын – бейнелі,мәнерлі, айқын жеткізуінде жалпыхалықтық тіл байлығынан қажетті деген тілдік құралдарды сәтті таңдап алып, керегіне жарата білуінен көрінеді. Тілдік құралдардың стильдік жүк арқалау мүмкіндігінің дәрежесі мәтіннен, оның қолданысынан айқын аңғарылады. Әр сөздің құдіретін дұрыс танып, оған көркемдеуші қызмет арту қаламгердің шеберлігіне байланысты. Әр функционалды стильдің өзіндік ерекше стильдік қабаты болады десек, көркем шығарма- дыбыстан мәтінге дейінгі аралықтан орын алатын тілдік бірліктердің стилистикалық қызметін анықтауға жағдай туғызатын бірден бір орта.Көркем шығарма тілі тілдік қолданыстың ерекше бір саласын құрайды. Көркем әдебиеттегі тілдің қолданысын, қандай қызмет атқарып тұрғандығын, тілдік қолданыстың өзгеріске түсуі мен оның себептерін ашып беретін лингвостилистикалық зерттеулер болып табылады. Көркем шығарма тілінің арқауын әдеби тіл фактілер құрайтындығы белгілі. Ендеше тілдің даму процесінде болып жатқан барлық өзгерістердің одан көрініс тауып жатуы заңды нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда көркем мәтінге жүргізілген талдау әдеби тілдің даму бағытын белгілеуге септтігін тигізеді. Бірақ көркем шығарма әдеби тілде жазылғанымен көркем шығарма тілі мен әдеби тіл арасында ерекшеліктердің болатындығын ескерген жөн. Мәселен, күнделікті қарым-қатынас жасау қажетін өтейтін әдеби тіл көркем шығармада басқа қырынан танылады. Көркем шығармада әдеби тіл бейнелі құрал ретінде жұмсалып, сол арқылы оқушы сезіміне әсер ететін эстетикалық қызмет атқарады.Мәселен, әдеби тілде нормаға жатпайтын тіл элементі көркем шығармада автордың көздеген мақсатына жету үшін қолданылып, арнайы эстетикалық қызмет атқаруы әбден мүмкін. А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, тілді қолдану дегеніміз- айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білу және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білу Б.Шалабай көркем шығарма тілінің негізгі үш белгісін былайша көрсетеді:Біріншіден, ол-өз дәуіріндегі әдеби тіл фактісі. Яғни, жалпы тілдің дыбыстық, лексикалық,грамматикалық материалдары.Өз дәуіріндегі әдеби тілден тыс,өзінше бір дүние емес,соның нормаларына,заңдылылықтарына бағынған тіл.Екіншіден,сонымен бірге,ол-әдеби тілден «тыс»,өз заңдылығы бар дүние.Жалпы тілдің көркемдік-эстетикалық талапқа сай қолданылуы негізінде одан (жалпы тілден)тікелей өсіп шыққан «үстеме»тіл.Бұл аспектіде алғанда көркем әдебиет тілінің спецификалық ерекшелігі, жалпы тілдің көркем тілге айналу жолдары мен тәсілдері сияқты үлкен проблематикалық мәселелер қаралады.Үшіншіден, « көркем әдебиет тілі» нақтылы бір көркем шығарманың тілі ретінде түсіндіріледі.Көркем әдебиет тілі «даралық стиль»категориясымен ұштасып жатады [2,94].Сонда көркем шығармада тіл көркемдік эстетикалық талапқа сай қолданылса,әр жазушы осы талаптың үрдісінен шығу үшін тілдік құралдарды өзіншепайданалады.Сөйтіп,әрқайсының өзіндік дара жазу мәнері немесе стилі қалыптасады.Басқалай айтқанда,жазушының халықтың тіл байлығын қажетіне жарата білуі,сөйлем құрау барысында сөз сұрыптауы,оларды белгілі бір тәсілмен ұйымдастыра білу сияқты мәселелер сөз зергерінің өзіндік қолтаңбасын айқындайды. «Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояу-бедері,өзіндік өсу,жетілу жолдары болады.Көркем әдебиет тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздерді «мағыналық топқа иіру»,яғни сөздерді өзара мағыналық байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты» Б.Шалабай көркем шығарма тілін үш қырынан қарастыруға болатындығын айтады:а)таза тілдік қырынан;ә)стилистикалық қырынан;б)көркемдік-эстетикалық қырынан.

Ішкі монолог

Қазіргі көркем прозадағы бейнелеу тәсілдерінің бірі – ішкі монолог (іштей ойлау, кейіпкердің ішінен айтатын сөзі, өзін-өзі іштей саралау, ойлау ағымы көрінісі). Ұлттық әдебиетімізде 60-80 жылдар аралығында бой көрсеткен шығармаларда қаһарман мінезін дәріптеудің еркін өсу мәселесін кеңінен өрістеудің ашық түрі әдебиетіміздегі ішкі монолог тәсілін алып келген болатын. Әбіш Кекілбаев шығармаларында баяндаушылықтан сипаттан гөрі, оқырманын психологиялық тереңдікке бойлатуға мүмкіндік береді. Осындай шығармалардың бірі «Үркер», «Елең-алаң» романдарында ішкі монолог тәсілі жоғары деңгейде суреттелген. Мысалы: романның бас кейіпкері Әбілқайыр ханның өзімен-өзінің іштей сырласу мен сөйлесу тәсілі жоғары суреттелген. Ішкі монологқа тікелей қатысты түс көру және оны жорыту тәсілі жазушының сөзге деген шеберлігін білдіреді. Әбілқайырдың Ресей патшалығына елшілік жібере отырып, ұзақ сонар күнді күтумен өткізген уақытында түс көріп, оны өзінің құрдасы Тайланға жорыттырудың өзі жазушының ішкі монолог тәсілін ауқымды қолданғанының кепілі. Бір ғана адамның ішкі көңіл-күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету тәсілі болып табылатын ішкі монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі, қарапайым монологтың қызметін атқарады, қарапайым монологтың ішкі монологтан айырмашылығы – жүйелі сөз болып келуінде. Ал, ішкі монологта жүйелілік сақтала бермейді. Ішкі монологта бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды. Жалпы ішкі монолог тәсілі – әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен дамыған, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі зор, дербес бейнелеу құралы. (Г. Пірәлиева. Ішкі монолог) Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де бар. Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі мүмкін немесе тура кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал. Г. Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне талдау жасайды.

1. Шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындайға байланысты көрінеді. Мұның өзінің 3 түрі бар. 1) Еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог. 2)Жарым-жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, «ой ағысы» (поток сознание) 3) Өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог.



2. Оқиғаға қатысатын кейіпкер монологына автордың қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты. Ішкі монологтың бұл түрінен бірінші, екінші, үшінші жақпен баяндау түрлерінің қай-қайсыда тікелей сабақтас болып келеді.Ішкі монологқа қатыстылар: түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі диалог, ой ағысы, психологиялық жағдай, көзқарас, ишара, дауыс ырғағы. Ішкі монолог арқылы кейіпкер психологиясы ашылып, мінез-құлық ерекшелігі, кейіпкердің өзіне ғана тән сипат белгілері, оның ішкі дүниесінің қыртыс-қабаттары ашылады. Кейіпкер өз ойымен өзі, адам ішіндегі адаммен яғни санамен, оймен сырласу арқылы шындыққа жол ашады.

Эстетика категориялары. Әдемілік теориясы.Эстетиканың категориялары дегеніміз – эстетиканың негізгі мазмұны, өмірмен байланысы, қарастырылатын түсініктері. Эстетикалық категориялар көп, бірақ ең бастылары төртеу деп көрсетіледі. Олар: әсемдік, асқақтық, трагикалық және комикалық. Эстетика категориялары пайда болып, өсіп, кейде тіпті қайтадан керексіз болып жойылып та жатады, яғни бір орында қатып қалмайды. Мыс, 20 ғ.басында эстетика категорияларын санап берудің өзі мүмкін болмады. Исталия эстетигі Б. Кроче оларды былайша тізбектеп көрсетеді: әсемдік, трагикалық, комикалық, асқақтық, патетикалық, уайымшылдық, күлкішілдік, трагикомикалық, көңілділік, зорлықшылдық, қатыгездік т.б. категорияларды көрсеткенімен, олар өмршең болмады. Заман, қоғам өзгерістеріне сай толығып отырады. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізі катег.ның бірі – сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады. Үйлесімділік – белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Сұлулық – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды. Сұлулықтың күнделікті (онтологиялық) мағынасы, ең алдымен айқындылық, реттілік болып табылады. Одан кейінгі дәуірлерде ол жарасымдылық (гармония), теңгермелік, тыныштылық болып таныла бастады. Яғни, сұлулықтың астарында реттілік категориясы, әр заттың өз орнында болуы түрінде көрініс береді. Әдемілік теориясы Германияда XVIII-XIX ғасырларда орнықты. Бұған байланысты екі көзқарас болды: Гегель көне және орта ғасыр эстетикасына сүйене отырып, «әдемілік пен шынайылық» бір деп қарастырды. Ал, Кант Гегельге дейінгі бірнеше ондаған жылдарға дейін басқаша пікірде болды. Оның пікірінше «әдемілік затқа оның формасы арқылы беріледі. Яғни, эстетиканың мазмұны мен формасы айқындалды. Ежелгі және орта ғасырларда асқақтық қасиеті орнықты. Асқақтық Э. Берк пен Канттың ойынша күштілік болып табылады. Шиллер болса, Кантты толықтыра отырып, оны адамзат дүниесімен, оның көзсіз ерліктерімен байланыстырады. Ізгілік пен жылылықтан алыс сұлулық кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге мүлдем болмайды. Өмір мен өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып сұлулық, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Асқақтық категориясы – жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория. Трагедиялық категория қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-қасірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы. Трагедиялықтың қосарлы категориясы комедиялық. Комедиялық деп Э. Кассирер ұғымында, өткенмен қоштасу түрін айтады. Комедиялық белгілі әлеуметтік құбылыстың, адамдар іс-әрекеті мен мәнез-құлқының, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің алдыңғы қатарлы қоғам мұратына тарихи тұоғыдан сәйкес келмеуіне мысқыл түрінде көрінеді. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кезедеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа т.б.Эстетикалық мұрат категориясы – белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басымдылық. Эстетикалық мұрат дегеніміз – адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым-түсінігінің жиынтығы.Кант эстетикалық эмоцияның мынадай бағалауыштық сипатын ашады: 1) олар өздері қабылдайтын затқа қатысты әрекет жағынан байланысты емес; 2) олар логикалық әрекетпен байланыссыз; 3) олар жалпылық мәнде, яғни,еркін, тура субъективтік және кездейсоқ емес; 4) заттың мағынасына емес, тек формасына ғана бағыттала отырып, ойын сипатында болады. Кант эстетикаға назар аудара отырып, өзінің алдыңғы зерттеушілерден ерекшелігі, ол сұлулықтың объективтік қасиетінен гөрі, субъективтілігіне назар аударған.

Эпикалық образ. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.Образ-шығармашылық ой жемісі.Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады.Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі :романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Романтикалық образ — әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке негізделеді. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды Со-нау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады. Реалистік образ — әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл — кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысын-да, образ атаулының айрықша мағыналы, мәнді түрі де осы — реалистік образ.




жүктеу 103,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау