1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Терминология және аталым теориясы



жүктеу 231,81 Kb.
бет49/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

Терминология және аталым теориясы.

Терминологиялық аталым жалпы тілдік аталымға қарағанда екінші дәрежелік деңгейде жүргізіледі. Себебі, жалпы қолданыстық тілде барлық заттар мен құбылыстардың бұрыннан келе жатқан атаулары бар, аталып болған да, ал арнаулы салалар үнемі жаңа атауларды қажет етеді. Осымен байланысты аталым теориясының негіздері, ең алдымен, терминологиялық лексика үшін аса қажет. Терминологиялық ұғымға атау беру үшін оның маңызды белгілерінің «терминнің таңбалық формасында негіз ретінде алынатын біреуі немесе бірнешесі іріктеліп алынады» (КанделакиТ.Л.Семантика и мотивированность терминов.-М.: Наука,1977.7-8 бб).


Терминдердің белгілейтін барлық нысандарының заттық қабылдануы, олардың ерекше қасиеті, олардың денотаттары әрқашан затты білдіретін жалқы атаулармен жақындастырады. Терминолог ғалым Ш.Құрманбайұлының сөзімен айтқанда: « терминологияда зат есімнің басым болуының ең басты себебі – аталған сөз табының тілде атауыштық қызмет атқаруында»( Құрманбайұлы Ш.Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері.(Барлық сала мамандарына арналған әдістемелік құрал).- Алматы:Сөздік- Словарь,2005,-240б)
Алайда қазіргі таңда термин-фразалар,әсіресе, техника мен өндіріс технологияларында кеңінен орын алып, аталған салаларда процесс, құрылыс, қосылыс(химическое соединение) сипатын дәл берумен ерекшеленеді. Себебі бұл салалардағы жаңа ұғымдар көп жағдайда белгілі бір тілдік материалдар арқылы көрсетіліп, оларға қосымша анықтамалар беріліп отырады. Мысалы, өндірістік процестерді автоматтандыру, жұқа түйіршікті агрегат, жерасты суының жинақталуы. Мұндай құбылыс адамның кәсібін білдіретін терминдерде де байқалады, мысалы: ұйым жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, өрт сөндірушілер шыны пішендеуші.
Терминология саласындағы аталымдық қызмет міндетті түрде белгілі бір мақсатты бағытпен ерекшеленетіндігін атап өту керек. Өйткені терминдер белгілейтін қажетті терминологиялық ақпарат арнаулы атауды қажет етеді. Атаулану тілдік құбылысы бар адамдар ұжымының дамуы мен тіршілік етуінің басты шарттарының бірі боп саналады. Ақиқат болмыстың нақты және абстракты нысандарына атау беру арқылы адам тілді өзінің физикалық және рухани қызмет үдерісінде үнемі пайдаланатын ерекше бір «құралға» айналдырады. Сонымен, ТА мәселелерімен байланысты көптеген сұрақтардың дұрыс шешімін табуы үшін мынадай факторлар ескерілуі тиіс: тәжірибе, лингвистикалық техника, адамдар психологиясы мен жеке тұлғаның рөлі, қоғамның атқаратын рөлі, сыртқы жағдайлардың ықпалы, аталым және тілдік жүйе, тілдердің қарым – қатынастары, ақиқат болмыс туралы ой тұжырым.
ТА үдерісінде термин уәжділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Уәжді терминдер өз тілі негізінде жасалған және халықаралық терминдік элементтерден құрылған терминдер де бола береді. Өз тілінің негізінде жасалған терминдердің уәжділігін метафора мен метонимия тілдік құбылыстары айқындайтын болса, ал халықаралық терминдердің уәжділігі оның құрамындағы терминдік элементтермен анықталады. Тілдердің басым көпшілігінде терминдік элементтер ретінде латын және грек тілдерінің элементтері қабылданған.Терминдер грамматикалық тұрғыдан сын есім, етістік, үстеу секілді сөз таптарынан да жасала береді. Бірақ олардың аталымдық қасиеттерінің төмен болуына байланысты ТА зат есімдердің атауыштық қызметі ең жоғары болғандықтан, аталмыш үдерістің негізін құраушы грамматикалық категория болып саналады.
Тіл білімінде кәсіп иелерінің атауларына қатысты зерттеу жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағытты ұстанушы зерттеушілер іс-әрекет атқарушы мағынасындағы зат есімдердің сөзжасамдық ерекшеліктерін анықтап, осы топқа жататын сөздердің тілдік заңдылықтарына сәйкес, оларды жалпыхалықтық лексика жүйесінде қарастырады( А.И.Моисеев, В.Л.Иващенко, З.А.Умирзакова,С.А.Колчин, Р.М.Исаева).
Ал екінші бағытты ұстанатын ғалымдар кәсіп иелерін білдіретін атауларды белгілі бір терминологиялық жүйе аясында талдап, оларды терминдер қатарына жатқызады(Ж.Л.Закупра, Т.Л.Канделаки, Н.АЩеглова).
Атауларды ономасиологиялық құрылымдарының ерекшеліктеріне сәйкес үш үлкен топқа бөліп қарастырады:


  1. жүктеу 231,81 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау