1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



жүктеу 231,81 Kb.
бет4/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕР

Жоспар



  1. Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны

  2. Қазақ тіліндегі сөзжасамның қалыптасқан тәсілдері

  3. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі, сөзжасамда негізгі орын алатыны, оның анықтамасы

  4. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі

  5. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі

Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл. 
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі. Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет. Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді. Мысалы,көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқойдеген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де лексикалық мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болған, өйткені лексикалық, мағыналы сөзсіз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сондықтан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның кұрамындағы негіз сөзге байланысты болады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болатындықтан, оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалык тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол-жалпы сөзжасамға катысты қалыптасқан, толық, қатал сақталатын зандылық.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалган туынды сөздің мағынасы байланысты болатындыктан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалык мағынасы - өну әрекеті арқылы шыққан заттың аты.  Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды түбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады. Туынды түбірдің құрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті шарт саналуы оның туынды түбірдін лексикалық мағынасын жасауға қажеттілігіне байланысты. Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б. Сонымен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан тұрады. Мысалы, өнерпаз>өнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан тұрады. Синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жұрнақ екінші орында тұрады. Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды. Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық мағына жасау. Сондықтан көпшілік сөзжасамдық жұрнақгар лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жұрнағы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.
Сөзжасамдық жұрнақтардың көбі осылайша жаңа лексикалык мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды қалыптастырған.Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сездің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботақан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын «модифицирующие значения» деп атаған.
Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді: 1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар, 2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқгы туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған. Мына туынды түбірлердегі жүрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, үзар, ақта, жина т.б. Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.
Синтетикалык тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады. Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б. Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, құқық, баға т.б. Бұл сөздердің күнделікті өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер қүрайды.Туынды түбір
Туынды. түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.
Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі колданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде қолдану керек. Туынды түбір – туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткердегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды білдіреді. Бұлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық ұғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды.
Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындық, белгі мағынасы туынды түбірде заттық, ұғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын.Таулы, ақылды, өнерлі сиякгы туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналық өзгеріс әр топта әр түрлі. Бұдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туынды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, ұшкыш<ұш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр.Осы туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру арқылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары аныкталады.
Бұл жағдай тарихи түрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар қазіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар қазір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады. Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туынды түбірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қыскар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнактары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықтан туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табының сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнің сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б. Қорыта келгенде, туынды түбірлердің белгілері: 1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ; 2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады; 4)туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.


Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

5 дәріс





жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау