1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар



жүктеу 231,81 Kb.
бет28/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

3. Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар
-аған, -еген: қабаған, тебеген, қашаған, сүзеген -у: жарау (ат) -қы: бұралқы (ит)
4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары
-ыл, -іл: батыл, жеңіл (іс)
-ық, ік: құрғақ (сөз)
-у: қызу, тақау, бітеу, көлбеу, қату
Күрделі сындардың жасалуы

"Күрделі сын есімдер" деген термин 1952 жылғы А.Ысқақов пен К.Аханов авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан бастап, ғылыми айналымға түсті .


Күрделі сындар деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сөздер аталады. Мысалы, қоңыр қошқыл, ал қызыл, қара көк, қоңкақ мұрынды, ұзынтұра, ат жақты, ерке тотай т.б. Күрделі сындар бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексема болып саналады, ол қаншама сыңарлардан құралса да, бір сөздің қызметін атқарады, сөзге қойылатын талаптардың бәріне сай келеді.
Күрделі сын есім сөздер бір сындық белгіні білдіретін сөз болғандықтан, сөйлемде бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мысалы, Толықша келген, аппақ жүзді қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп, қиылып тұр (М.Әуезов). Тұстарыңда қара күрең кілем (С.Сейфуллин). Зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес (М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі аппақ жүзді, қара күрең, зор денелі, бурыл сақалды деген күрделі сындар мысалдарда қыз, кілем, Құнанбай деген зат есімдерді анықтап, қандай деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі болып тұр. Күрделі сындардың әр сыңары жеке сөйлем мүшесі қызметін атқармайды, өйткені олар бір сөздің ішкі құрылымына жатады, сыңарлары дербес сөздік қасиеттен айрылған.
Тілдегі сөз атаулының дыбыстық құрамы тұрақты, ол дыбыстардың орнын ауыстыруға болмайды. Күрделі сындар да сөздің осы белгісіне толық сай келеді. Күрделі сындар біртұтас сөз болғандықтан, олардың құрамындағы сыңарлардың орны тұрақты және олардың орнын ауыстыруға болмайды. Мысалы, түлкі тымақты (адам), көк жасық (ет), қызыл шұнақ (аяз), түлкі бұлаң (мінез) дегендегі күрделі сындардың орындарын ауыстыруға болмайды, өйткені күрделі сындағы мағына бұларда жоқ. Күрделі сындар белгілі құрамда, ол құрамдағы сыңарлар белгілі тәртіпте тұрғанда, күрделі сындардың мағыналары қалыптасқан, оны бұзуға, өзгертуге болмайды. Сондықтан күрделі сыңарлардың сыңарлары мен олардың орны тұрақты.
Күрделі сындардың құрамының тұтастығын олардың сыңарларының арасына басқа сөздердің кіре алмауы да білдіреді. Күрделі сындар біртұтас сөздер болғандықтан, оның сыңарларының арасын басқа сөзбен бөлуге болмайды. Бұл – сөз атаулыға тән жалпы заңдылық. Негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын олар - біртұтас сөз, сондықтан олардың тұтастығын бұзып, арасына басқа сөз кіре алмайтыны белгілі. Дәл осындай күрделі сөздер де біртұтас сөз болғандықтан, оның қолданыста тұтастығы сақталады.
Күрделі сыңардың сыңарлары дербестігінен айрылып, біртұтас мағынаға көшкендіктен, олар біртұтас бірлік ретінде сөйлемде басқа сөздермен тіркесіп, сөз тіркестерінің бір мүшесі ғана болады. Мысалы, Үй ішін сұраған ашық жарқын ажарын көре алмаған (М.Әуезов). Ол өңшең қыз, сылқым сұлу келіншек пен сәнді сұлу бозбала (М.Әуезов). Мұнда күрделі сындар ашық жарқын мінез, сылқым сұлу келіншек, сәнді сұлу бозбала деген сөз тіркестерін жасап, солардың бір мүшесі болып тұр.
Күрделі сындардың сыңарлары толық мағыналы сөздерден болады. Жалпы тіл біліміндегі күрделі сөздер теориясында күрделі сөздердің толық мағыналы сыңарлардан жасалатыны - әбден танылған пікір. Қазақ тіліндегі күрделі сындар да осы теорияға толық сәйкес келеді. Өйткені күрделі сындардың мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағынасының негізінде жасалып, күрделі сындық ұғымды білдіреді.
Ал күрделі сындардың құрамы қандай күрделі болса, мағыналары да сондай күрделі болады. Мысалы, қызыл ала көйлек, қара көк қамзол, мойыл қара мақпал, солғын қызғылт орамал т.б. осы сияқты күрделі сындарды алсақ, заттың сындық белгісі біртекті емес екенін көру қиын емес. Мұндағы сындардың мағыналары да күрделі екені анық, яғни заттың сындық белгісі түрлі сындық белгілерден құралады. Айталық қызыл ала көйлек дегенде қызыл ала көйлектің жалпы түсін білдіріп тұрғаны анық, бірақ көйлектің түсі түрлі түстің қосындысынан тұрады. Көйлектің түсінде қызыл да, тағы басқа түс те араласкан яғни ол бір ғана таза түстен тұрмайды. Сондықтан ол дара сыннан белгінің күрделілігі арқылы ажыратылады. Бұлардың мағынасы сыңарларының мағыналарының қосындысынан жасалған.
Күрделі сындар сөзжасамның аналитикалық тәсілінің ішкі үш түрі арқылы сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тәсілдері арқылы жасалады. Осыған байланысты күрделі сындардың үш түрі бар: 1) біріккен күрделі сындар, 2) қосарланған күрделі сындар, 3) тіркескен күрделі сындар.
Біріккен күрделі сындар онша көп емес, олар көнетоз, көнтері, тілалғыш, есерсоқ, біртоға, алаңғасар, аласабыр, бұратана, кемтар, кертартпа, қонакжай, жарымжан, балажан, қарапайым, кеудемсоқ, ішкұста (ашу), етжеңді, кірпияз, можантопай, етекбасты (мінез) сияқты сөздер.
Қосарланған күрделі сындар тілде бірсыпыра: үлкенді-кішілі, жаманды-жақсылы, ақты-каралы, кызылды-жасылды, ерке-бұлаң, көл-көсір, ала-құла, ағал-жағал, сыбай-салтаң, қан-сөлсіз, кедір-бұдыр, телегей-теңіз, үзыннан-үзақ, өркеш-өркеш, үйме-жүйме, аумалы-төкпелі, қырғи-қабак, өлем-жәлем, сұлу-сыпайы, кайғы-қасіретсіз, үлкен-үлкен, ұсақ-түйек, биік-биік т.б.
Тіркескен күрделі сындар тілден кең орын алады. Олар сөзді танудың емле белгісіне бағынбайды. Тіркесті күрделі сындар неше сыңардан құралса да, оның сыңарлары бөлек-бөлек жазылады. Мысалы, ақ сары, күрең қызыл, қара қошқыл, теңбіл көк, удай ащы, қоңыр салқын, майда қоңыр, қызыл шұнақ (аяз), түлкі бұлаң, көк долы, көк жасық, кер шолақ, арыстандай айбынды, касқыр ішікті т.б. Осы тіркескен сындардың қайсысы болсын біртұтас мағына береді. Күрделі сынның барлық белгісіне сай келеді.
Тіркескен күрделі сындар айтылу жағынан да бір ұдай, бір ырғақ арқылы ерекшеленеді. Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы жеке айтылып, сыңарлары пауза арқылы бөлініп тұрмайды. Күрделі сындардың сыңарларының ара-жігі бөлінбей, біртүтас ырғақпен айтылып, бір сөздегі бір екпінмен айтылады. Мысалы, Ұзын бойлы, кара сұр, ашық жүзді. Күңке ерінің жылы шырайын пайдаланып, - Мен бүгін теңдерді шешкізіп, ертең үйлерді тіккізбек едім, -деп, Майбасарға қарады. Зор денелі, бурыл сақалды Қүнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес (М.Әуезов). Осылардың ешкайсында күрделі сынның сыңарларының арасында пауза, іркіліс жоқ, айтылуда күрделі сындар біртұтас сөз ретінде бір екпінмен ғана айтылады. Кідіріс тек күрделі сындардан болған бірыңғай мүшелердің арасында ғана бар.
Күрделі сындардың сыңарлары болып сын есім сөздер (қара торы, ал қызыл, сары ала), зат есім сөздер (ат жақты, түлкі тымакты, касқыр ішікті), сан есім сөздер (екіжүзді, жүз кадамдай, сегіз қырлы), етістік сөздер (күйген терідей, үлбіреген жас) қатысады.

Күрделі сындардың құрамындағы сыңарлар қай сөз табынан болса да, олар тұтас мағынаға көшіп, күрделі сындық ұғымды білдіреді. Күрделі сындық ұғым күрделі сындардың құрамындағы сыңарлардың мағыналарының кірігуі, жалпылануы, кеңуі, қосылуы сияқты үрдістердің нәтижесінде туады.


Күрделі сындардың құрамы екі түрлі: екі құрамды және үш құрамды күрделі сындар.
Күрделі сындар екі құрамды (күрең қоңыр, көк ала, қара кер, елтірі бөрікті), үш құрамды (аш қасқырдай қомағай, ал кара көк, асқар таудай биік, өңкиген қара торы, сырықтай ұзын бойлы).
Екі құрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері: 1) сапа сыны+сапа сыны: қызыл ала, қара көк, ал қызыл, көк ала, күңгірт кызыл, күрең қоңыр; 2) қатыстық сын+сапа сыны: оқтаудай түзу, сыбызғыдай нәзік, жардай семіз, каңбақтай жеңіл, удай ащы т.б. 3) зат есім+катыстық сын: арыстан жүректі, жай оғындай, алтын басты, күміс қоңыраулы; 4) қатыстық сын+қатыстық сын: сәнді киімді, періштедей кінәсіз, қазақы киімді, өліктей үнсіз; 5) сан есім+қатыстық сын: жүз қадамдай, екі кісілік, сегіз қанатты, бір бетті (адам); 6) етістік+қатыстық сын: ұлыған қасқырдай, қажымас қажырлы, қаққан қазықтай, піскен алмадай, аршыған жұмыртқадай т.б.
Үш құрамды күрделі сындардың үлгілері: 1) дара сын+күрделі сын; 2) күрделі сын+дара сын.
Дара сын+күрделі сын: күмістей таза сұлу, нәзік қоңыр сәулелі, сұлу жіңішке белді; Мысалы, Ол үлкен қара көзді жігіт еді (С.Мұқанов).
Күрделі сын+дара сын: қызыл ала көйлекті, түйе жүн шекпенді, ақ сұр жүзді. Мысалы, Алпамса денелі, қызыл күрең жүзді адам (С.Мұканов).
Күрделі сындардың жасалуында белсенді қызметті сын есім сөздер аткарады, олардың қатысынсыз күрделі сын жасалмайды.
Тілдегі күрделі сындар өмірдегі жанды-жансыз заттардың, құбылыстардың әр түрлі сындық белгілерін көрсететін болғандықтан, олар түрлі мағыналық топтан тұрады. Солардың ішінен ең ірі деген мағыналық топтарды ғана атауға болады, өйткені күрделі сындардың барлық мағыналық тобын қамту мүмкін емес.
Күрделі сынның төмендегідей мағыналық топтары бар: 1) түр-түс күрделі сындары, 2) сапа мәнді күрделі сындар, 3) адамға қатысты күрделі сындар, 4) киімге қатысты күрделі сындар, 5) табиғатқа қатысты күрделі сындар, 6) жануарларға қатысты күрделі сындар, 7) үй-мүліктеріне қатысты күрделі сындар, 8) құрал-жабдыққа қатысты күрделі сындар.
Түр-түс мәніндегі күрделі сындар түсті білдіретін негізгі сындардан жасалады. Өмірдегі зат атаулының түрлі түсін, реңкін білдіреді. Олар іштей ашық түсті білдіретін күрделі сындар (ак боз, ал қызыл, ақсүр), қою түсті білдіретін күрделі сындар (қара қошкыл, қара көк, қара торы), солғын түсті біддіретін күрделі сындар (күлгін көк, солғын қоңыр), түрлі түсті білдіретін күрделі сындар (көк ала, теңбіл көк, шұбар ала) болып бөлінеді. Сапа мәнді күрделі сындар мағына жағынан түрлі-түрлі. Олардың кейбірін ғана атауға болады: аумақ-көлем мәнді күрделі сындар (еңгезердей үлкен, қағаздай жұқа, түпсіз терең), салмаққа -қатысты күрделі сындар (каңбақтай жеңіл, қорғасындай ауыр), дәм мәнді күрделі сындар (удай ащы, балдай тәтті), т.б. түрлі мәнді сындар (судай таза, көк жасық, оқтаудай түзу).
Адамға қатысты күрделі сындар да іштей түрлі мағыналы: бет әлпетке қатысты күрделі сындар (қара тәмпеш бала, кара қожалақ бет, сопақ бетті), адамның дене бітіміне қатысты күрделі сындар (сырықтай ұзын, өңкиген ірі, ілмиген арық), адамның мінезіне қатысты күрделі сындар (жайдары жайсаң, көк айыл долы, бір беткей), адамның дауысы, үніне қатысты күрделі сындар (майда қоңыр, сыбызғыдай нәзік, әсем қоңыр), киімге қатысты күрделі сындар (қима қамзолды, түлкі тымақты, ақ көйлекті), табиғатқа қатысты күрделі сындар (ақ түтек боран, шыжыған ыстық, үскірік суық), жануарға байланысты күрделі сындар (қара қасқа, тарлан боз, қарагер жорға, саңлақ жүйрік), үй мүліктеріне қатысты күрделі сындар (алты қанатты, күйме-сандық, торқа кілемді), құралға қатысты күрделі сындар (өткір пышақты, сабау қамшылы, әдемі кәрлен кесе) т.б.

Әдебиеттер:



  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  3. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  5. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.

  7. ЫсқақовА. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы : Ана тілі. 1991. 172 бет.

  8. ЕсматоваМ. Есім негізді туынды сын есімнің сөзжасамдық жүйесі.КДА. -Алматы. 2004.

№14 дәріс



жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау