1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет43/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98
2. Түйсіктің түрлері. 
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: кӛру түйсігі, есту түйсігі, дәм 
түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және 
органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бӛлінеді. Ерте кезден бастап 
адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай кӛру, есту, сипап сезу, иіс және дәм 
түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда 
бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер 
бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Түйсік туғызатын тітіркендіргіш пен 
рецептордың тікелей жанасуының болатындығы немесе болмайтындығына 
қарай 
дистанттық
және 
түйісу
рецепторлары болып бӛлінеді. Түйсіктің бұл 
түрлері жақын ортада бағдар жасауды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, 
тактильдік түйсіктері түйісу рецепторларына жатады. 
Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш 
топқа бӛлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай 
экстерорецептор
(керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан
түйсіктер
проприорецептор
(кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) 
және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шӛлдегенді, ыссы-
суықты түйсіну
интерорецепторлар
(органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді.
Ағзаның сыртында орналасқан кӛз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері - 
экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам ӛз денесінің сыртында 
тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде, 
тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп 
айтады. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау түйсіктері мен тепе-теңдік 
түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, ӛкпеде) орналасқан сезім 
мүшелерін интрорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі 
мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай 
процес болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі 
мүшелерінде туатын осындай түсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды. 
Кӛру түйсіктері.
Кӛру мүшесі болып табылатын кӛз - анатомиялық 
құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бӛлімі - кӛз алмасы. Кӛз алмасы 
үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес 
нәрсе. 


Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді кӛз алмасын 
қоршап тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты 
ақ қабық
деп атайды. Ақ 
қабықтың алдыңғы жағы дӛңестеніп қалың қабыққа айналады. Кӛздің 
торлы 
қабығына 
жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы ӛтіп отырады. Сыртқы ақ 
қабықтың астыңғы екінші қабығы - 
тамырлы қабық
. Тамырлы қабықтың 
алдыңғы бӛлігі - 
нұрлы қабық
деп аталады. Кӛздің түсі осы нұрлы қабықтағы 
пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында 
қарашық орналасқан. 
Кӛз дистанттық рецепторға жатады, ӛйткені ол сезім мүшелерінен 
біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан 
кұбылыстар жӛнінде білім береді.
Кӛру түйсіктері біздің кӛзімізге электромагнит толқындарының әсер 
етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде кӛзімізге 
ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 
бӛлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі 
ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана кӛз заттардың түсін (бояуын) 
ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 
миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен 
пайда болады. Спектрге (спектрум – латын сӛзі, қазақша кӛріну деген 
мағынаны білдіреді) қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және 
олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке 
түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады. 
Заттар мен құбылыстардың түстері

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау