1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата18.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#44791
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Қосымша материал

 
6
 
дәріс. Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері. Кеңес беруді эффкетивті 
бағалау әдістері. 
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық 
салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа 
компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел 
болашағы – білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып 
жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді. Осындай 
ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. 
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілік қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша 
ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық 
сауаттылық пен ақпараттық тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық 
бейнесін, ақпараттық құзыреттілік қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, 
қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек. 
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық 
технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып 
отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті 
факторлардың бірі ретінде қарастырылады. 
«Ақпарат»
термині латынның Informatio - «түсіндіру» «мазмұндама» деген сөзінен 
шыққан, бір нәрсені жетілдіріп, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар 
алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін 
қолданылады. Ақпаратты қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. 
Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі 
бағалылығы танылған білім болып табылады. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: 
«ақпарат» (информация, лат. Informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету); істің жағдайы, 
қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру және 
т.б. түсінік беріледі. Ақпарат – 
мәтін, сурет, кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, 
аралас 
түрде беріледі. Мысалы: 
кітапта ақпарат
мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін 
жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, 
әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі деректемелер келтіруге болады, мысалы, 
электрондық оқулықтардағы бейне материалдар. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, 
сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру 
оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да 
көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие 


13 
процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
«Технологиялық білім»
термині 
жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – 
жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал 
– жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары «Технологиялық білім» 
термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс -
тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған. 
Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, 
түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод 
Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы 
тұрғысынан қарайды. 
Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:

Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың 
параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, 
білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);

Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);

Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);

Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);

Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);

Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).
Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте 
дәл айқындап берді. Нақтырақ айтқанда: Ақпарат — бұл біздің оған деген 
бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы 
әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.
Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл 
ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық 
мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б. түріндегі формасы.
Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, 
жеделхат, анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін – 
олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызы
ғушылығына 
байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.
Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін 
ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат 
болуы мүмкін. Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны 
түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді.

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау