1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата18.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#44791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қосымша материал

 
3
 
дәріс. Педагогикалық-психологиялық кеңес беру тәсілдері мен әдістерін талдау 
Психологиялық кеңес беру - тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен 
байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен 
тәуелсіз жұмыс. Бұнда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып 
табылады. Психологиялық кеңес берудің мазмұны- педагог-психолог өзінің кәсіптік-
ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық 
тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша 
тексеріледі: 
1. Педагог- психолог өте байқампаз болуы қажет. Клиентті тоқтатып, маңызды 
ақпараттарды сараптайды; 
2. Педагог- психологтың іс-әрекеті құрастырмалы. Ол басқа адамға ақылмен әсер 
етуге тырысады; 
3.Клиенттің жауабы педагог- психологтың айтқандарымен сәйкес; 
4. Педагог- психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету 
енгізеді; 



5. Педагог- психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы 
бар;
Психологиялық кеңес берудің мақсаты- клиентке проблеманы түсіндіру және оны 
шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбіне педагог-психологтың 
клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде. Кеңес беру 
процесінде мына тапсырмалар шешіледі: 
1. Клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттандыру; 
2. Жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы; 
3. Клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту; 
4. Тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау;
Педагог-психолог сиуцидтермен әңгімелесіп, кеңес беру кезінде сауысқандай сақ 
болу керектігін, әлденелер оның онсыз да «апатты жағдайда» тұрған көңіліне зақым 
келтіруі мүмкін екендігін ескеруі керек. Ескере отырып, ол көмекті қажет етіп отырған 
әрбір суицидке психологиялық қолдау көрсетуге тырысуы абзал. Осы орайда айта кету 
қажет, педагог-психологтың кеңес беруі жалпы екі сипатта жүреді: даралық және топтық.
Топтық кеңес беру көбіне адамдар арасындағы қарым- қатынасқа байланысты 
туындайтын қиыншылықтарда жүзеге асырылады. Ал, өз- өзін өлтірушілерге байланысты 
мәселе төңірегінде кеңес беру жеке даралық формада өткізілуі тиіс. Себебі, олар 
өздерінің жандарына батып жүрген қайғыларын, сезімдерін, үмітсіздікті, өзінің 
тіршілігінің мәнін жоғалтқанын және т.б. айтуды қалап келеді. Сондықтан педагог-
психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, оны өзі туралы ақпараттардың шүбәсіз құпия 
сақталатынына сендіре отырып, суицидтің әбден ойындағысын айтып қалуға, психикалық 
ширығуын босатуға барынша мүмкіндік береді. Ал бұл проблеманы шешу үшін маман 
клиент туралы мәліметтер жинастыруы қажет. Алынған мәліметтерді 4 тарауға бөліп 
қарастыруға болады: 1.Денсаулық жағдайы; 
2. Әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі туралы; 
3. Клиенттің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің ерекшелігі туралы; 
4.Эмоционалды тұлғалық және танымдық дамуының сипаттамасы туралы; 
Осы алынған мәліметтер негізінде енді педагог-психолог шешім шығарады: 
- даму деңгейінің жалпы бағасы; 
- клиент қиындықтарының негізі; 
- олардың қиындық деңгейі; 
- қиындықтарды қоздырушы факторлар;
- мәселе өткірлігін төмендету мақсатында әсер етудің аясы; 
Енді осы жерде педагог- психолог жастар арасындағы суицидпен күресу жолында 
оның қоршаған ортасымен түгелдей қарым-қатынас орнатуы қажет екенін айта кету 
керек. Әсіресе, оның ата- анасы мен достары педагог- психологтың өзін- өзі өлтірудің 
алдын алу жолында маңызды көмекшілері болып табылады. Олар педагог-психологтың
сиуцидке бейім адамдар туралы ақпараттарын толықтыра алады. Суицид өз-өзін өлтіруге 
бармас бұрын қандай да формада қарсылық көрсетеді екен: үйден кетіп қалады, барлық 
нәрсеге немқұрайлық танытады, соның ішінде сыртқы әлпетіне назар аудартады. Осы 
секілді іс- әрекеттерді атқыруы педагог-психолог ойында бірден суицизм туралы ой 
тудыруы қажет.
Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне: 
1.
аутогенді жатығулар; 
2.
психологиялық тренинг түрлері; 
3.
психотехникалық тапсырмалар мен ойындар; 
4.
дәстүрлі пән бойынша оқытудың әр түрлі формалы (мәтінді жылдам, мәнерлеп 
оқуға, жаттығуға т.с.с.) үйрету жатады. 
Консультативті қызмет- мектеп психологының жұмысына тән бағыт. Кеңес беру 
мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар үшін жүргізіледі. Олар: индивидуалды және топтық 
болуы мүмкін. Психологиялық кеңес беру өзінің тапсырмалары бойынша 



психопрофилактикалық жұмысқа қосылады. Бірақ та, олардың арасында өздеріне тән 
айырмашылықтар бар. Егер де біз психопрофилактикалық жұмысты психологиялық 
проблеманың әлі пайда болмаған кезінде бастасақ, онда кеңес беруді проблемасымен 
келіп отырған адамға береміз. Мұғалімдерде, оқушыларда немесе ата-аналар да өздері 
шеше алмайтын қандай да бір проблема туындайды. Дегенмен, оларды осы проблемалар 
қобалжытады, мазасыздандырады. Сондықтан да олар мектеп психологына көмекке 
барады. 
Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету міндеті- көмек сұрап келген адамның 
проблемасын шешу. Бұл жердегі басты қиындық осы жердегі шынайы проблеманы табу 
және оның себептерін анықтау. Мысалы: көп жағадайларда мұғалім психологқа 
балалармен жұмыс жасауға көмектесуін сұрайды. Яғни, олардың оқу үлгерімі және мінез- 
құлқы немесе құрдастары мен, мұғаліммен өзара қарым-қатынас проблемалары. Көбінесе, 
проблема мұғалімнің өзінің қатынасында немесе дұрыс емес әрекетінің нәтижесінде пайда 
болады.
Мынадай бір жағдайды елестетейік: оқушы қандай да бір пәннен жаман оқиды. 
Мұғалім психологқа кеңес алуға барады. Бірақ психолог кеңес беру кезінде тек қана 
мұғалімге көмек бере алады: неліктен сол балаға подходты таппайды? және тағы басқа. 
Оқушының нашар үлгерімінің себебін психолог оқушының өзімен айналысады.
Сондықтан да, психолог пен мұғалімді, өзінің саласындағы мамандық ретінде 
қарастыру керек. Олардың оқушы мәселесі бойынша бірігуі, олардың білімдерінің 
біріктіруге және мәселені шешу үшін өте бай шығармашылық мүмкіндік ашылады. 
Осының негізінде кеңес беру жұмысының маңыздылығын түсінеміз. Егер мұғалім кеңес 
беру уақытында өзінің мәселесінің себебін түсінсе, онда ол өзінің проблемасын шешті 
деген сөз, яғни енді ол балалармен жұмыс жасағанда жеке дара амал іздей бастайды. 
Бұл өзінің құрдастарымен конфликтті жағдай, өзіне қарама-қайшы жыныс 
өкілдерімен өзара қарым- қатынас және ата-аналарымен өзара қарым-қатынас. Дегенмен, 
психологиялық кеңес беру бізге проблемасымен келген адамдар. Яғни, проблемамыз бар 
деген адамдар. Сонымен біз проблеманы біріншіден анықтаймыз, оны шешуде қандай да 
бір амалын табамыз; кейіннен осы проблеманың болашақта болмауына алдын-ала 
ескертеміз.
Сонымен психологиялық кеңес берудің мағынасы адамға өзінің проблемасын 
шешуге көмек беру.
Өте жиі практикада тәжірибелі емес психолог кеңес алушыға әр түрлі кеңестер беріп 
тастайды. Нәтижесінде екеуіде қанағаттанбайды.
Тәжірибеде көрсетеді, мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибеміне 
сүйенбей, бөлек білім алушыларды бағынбаушылығына байланысты психологқа 
жолығады. Мұғалімдер тәрбиеге, оқытуға байланысты проблемаларды шешуге әлсіздігін 
көрсетеді. Осы проблемалардың негізінде олар отбасы тәрбиелеуіндегі кемшіліктен 
көреді, өздерінің кәсіби іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне күмәндігіне сүйенбей. Бірақ 
көптеген жағдайға байланысты, мұғалімдер берілген баланың негізгі психологиялық 
негізерін білмейді. Сондықтан да, балаға дұрыс подходты таба алмайды.
Психологиялық ағартушылық:
Психопрофилактикаға 
және 
психологиялық 
кеңес 
беруге 
мұғалімдердің 
психологиялық ағартушылық іс-әрекет жұмысы жатады.
Психологиялық 
ағартушылық-мұғалімдердің, ата-аналардың, әкімшіліктің, 
оқушылардың психологиялық білім арқылы бір-бірімен қатынас жасай алуын тудыру. 
Мұғалімдерде психологиялық білім мен дағды жайлы өте аз біледі деп айтуға болады.
Мұғалімдердің өзінде психологиялық білімдер және дағдылар жетіспейді. 
Сонымен, психологиялық ағартушылықта психологтың міндеті:
Мұғалімдер мен ата-аналарға педагогикамен, балалық негізімен, әлеуметтік 
психологиямен таныстырады. Ал, білім алушыларды- өзін-өзі тәрбиелеу негізімен 
таныстырады. 



Жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау.
Психологиялық білімде қажеттіліктерін қалыптастыру. 
Бұл жерде әңгімелесу, лекциялар, семинарлар және т.б. қолдануы мүмкін. 
Сондай-ақ барлық осы жұмысты мектеп психологының өзіне жүргізуге міндетті емес. 
Дегенмен, мамандарды шақыру мүмкін, бірақ бұл формалардың мазмұнын мектеп 
психологы шешеді: лекциялар, семинарлар, әңгімелеудің маңыздылығы тек абстрактті – 
теоретикалық деңгейде емес.
Ал, мектептің нақты проблемаларын өзінің талғауға пәні болса.
Сонымен, мектеп психологының жұмысын негізгі түрлерін анықтадық. Олар: 
психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, білім алушылар бойынша 
жұмысы, психологиялық кеңес беру және психологиялық ағартушылық. Осы барлық 
жұмыс түрлері практикада бірлік түрінде кездеседі. 

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау