1. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институты және



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет11/44
Дата13.11.2018
өлшемі1,05 Mb.
#19260
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

36 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
«Әлеуметтік педагогика» курсы 5В010500  – «Өзін-өзі тану 
және  әлеуметтік  педагогика»  мамандығы  бойынша  оқитын 
студенттерге ендірілген. 
Курстың 
мақсаты 
– 
студенттерді 
әлеуметтік 
педагогиканың  теориясы  және  практикалық  негіздерімен,  оның 
ұғымдық  аппаратымен,  ғылыми  негіздерімен,  зерттеу  әдістері 
мен 
әдіснамасымен, 
әлеуметтік-педагогикалық 
үрдістің 
мазмұнымен таныстыру.  
Пәнді оқыту міндеттері: 
1.  Әлеуметтік  педагогиканы  педагогикалық  ғылыми 
білімнің  құрамдас  бөлігі  ретінде,  оның  объектісі  мен  пәнін, 
мақсаты  мен  міндеттерін,  әлеуметтік  педагогика  аймағындағы 
кәсіби құзіреттіліктерін толықтай түсінік ретінде қалыптастыру.  
2.  Педагогикалық  әрекет  үшін  маңызды  танымдық, 
ақпараттық-коммуникативтік,  ұйымдастырушылық  дағдыларды 
дамыту.  
3.  Қоршаған  ортаға,  қоғамға,  адамға  деген  қарым-
қатынасты  реттейтін  гуманитарлық  мәдени,  этикалық  және 
құқықтық нормаларды игеру туралы білімдерді беру.  
4.  Балалардың,  жасөспірімдердің,  жастардың  тұлғалық 
дамуы  мен  толықтай  әлеуметтенуін  қамтамасыз  ететін 
педагогикалық технологиялармен кеңінен таныстыру. 
Бұл пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс: 
-  әлеуметтік  педагогиканың  пәнін,  міндеттерін  және 
мазмұнын,  оның  қағидаларын,  әлеуметтік-педагогикалық 
үрдістің мазмұнын; 

тұлғаның 
әлеуметтік 
қалыптасу 
ерекшеліктерін, 
әлеуметтік  ауытқушылықтардың  пайда  болу  себептерін, 
олардың алдын-алу мен шешу мүмкіндіктерін; 

гуманитарлық 
қағидалар 
негізінде 
балалардың, 
жасөспірімдердің  және  жастардың  қызығушылықтарын  қорғау 
жөнінде 
әлеуметтік-педагогикалық 
әрекеттің 
мәні 
мен 
мазмұнын; 

әртүрлі  категориядағы  тұрғындардың  әлеуметтік-
педагогикалық  көмекті  ұйымдастырудың  халықаралық  және 
отандық тәжірибесін; 


37 
 
-  түзету-педагогикалық  үрдіске  ата-аналар  қауымдастығын 
араластырудың жаңаша түрлері мен әдістерін.  
Іс жүзінде мыналарды істей алуы тиіс:  
-  түзету-тәрбиелік  үрдісті  жобалау  және  педагогикалық  іс-
әрекеттің 
нәтижелерін 
жоспарлауды, 
ұйымдастыруды, 
диагностикалау мен болжауды; 

мәдени-демалыс 
іс-шараларын 
ұйымдастыруды; 
балалармен, жасөспірімдермен, жастармен кино, театр, көркем-
суретөнері,  музыка  салаларында  мәдени  іс-шаралар,  мәдениет 
саласында 
ағарту 
жұмыстарының 
әдістемесі 
мен 
технологиясын, бағдарламасын әзірлеуді; 
-  баланың  даму  және  денсаулық  жағдайын  ескеріп,  жеке 
дара 
тәсілдің 
негізінде 
әр 
индивидтің 
нышанының, 
бейімділігінің, қабілеттілігінің дамуына ықпал жасау; 

педагогикалық 
үрдіске 
жаңалықтарды 
ендірудің 
нәтижелерін талдау және бағалауды. 
Осы пәнді игеру нәтижесінде, студентте мынадай дағдылар 
қалыптасуы тиіс: 

әртүрлі  әлеуметтік  және  өндірістік  жүйелердегі 
адамдармен іскерлік қарым-қатынас жасауды;  
-  жеке-бағдарланған  оқыту  мен  тәрбиелеу  жағдайында 
субъектті  қарым-қатынастағы  (бала-ата-ана-әлеуметтік  педагог) 
педагогикалық серіктестікті ұйымдастыру;  
-  әлеуметтік-педагогикалық  жұмысқа  талдау  жасай  білу 
және бағдарламалау.  
«Әлеуметтік  педагогика»  пәнін  игеру  келесідей 
құзыреттіліктерді менгеруге ықпал етеді: 
-  педагогикалық 
позицияның  рухани-дүниетанымдық, 
ойлаудың, 
мінез-құлық 
пен 
іс-әрекеттің 
гуманистік 
бағыттылығының жүйелілігі. Кәсіби терминологияны игеруі; 
-  адам  жайындағы  ғылыми  және  практикалық  білімдер 
кешенін,  оның  рухани-еріктік 
дамуын 
игеру, 
жалпы 
қабылданған теориялар мен әдістер негізінде өзіндік әрекеттерді 
негіздей алуды игеруі; 
-  әлеуметтік  қорғалмаған  категориядағы  тұрғындармен 
әлеуметтік-педагогикалық  жұмысты  жоспарлау  біліктілігі: 
мүмкіндігі  шектеулі  адамдармен,  мигранттар  отбасымен, 


38 
 
әлеуметтік жағдайы нашар отбасылармен, олардың толық қанды 
өмір әрекеттеріне жағымды жағдай жасауға ықпал ету; 
-  әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тәжірибесін жалпылау 
және  жариялау;  әлеуметтік  қызметтерді  жарнамалауды 
ұйымдастыру  және  тұрғындар  арасында  ҚР  құқықтық  актілері 
мен заңдарын қарастыру; 
-  балалар,  жасөспірімдер  және  ересектердің  мінез-құлқы 
мен  іс-әрекетіне  мақсатты  бағытталған  педагогикалық  әсер 
етуге 
қабілеттілік; 
тәрбиелеу 
үрдісінде 
әлеуметтік 
институттардың құралдары мен мүмкіндіктерін пайдалану; 
-  оның  тиімділігін  бағалау  мақсатында,  бала  мен  оның 
отбасына 
әлеуметтік-педагогикалық 
әсер 
ету 
барысын 
динамикалық бақылауды жүзеге асыру қабілеттілігі; 
-  балалар  мен  жасөспірімдердің  ауытқымалы  мінез-
құлықтарының 
себептерін, 
отбасылардың 
әлеуметтік 
қамтамасыз 
етілмеуінің 
себептерін 
айқындауға 
деген 
қабілеттілік; 
-  балалар  мен  жасөспірімдердің  ауытқымалы  мінез-
құлықтарының 
алдын-алуға 
арналған 
профилактикалық 
шаралар жүйесін ұйымдастыруға қабілеттілік. 
Курстың  басқа  пәндермен  пәнаралық  байланысы: 
педагогикалық  мамандыққа  кіріспе,  әлеуметтік  жұмыстың 
негіздері, 
әлеуметтік-педагогикалық 
іс-әрекеттің 
өзекті 
мәселелері,  әлеуметтік-педагогикалық  жұмыстың  әдістемесі 
және т.б. 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
1. Әлеуметтік педагогика, оның пәні, міндеттері  
Әлеуметтік  педагогика  -  жалпы  педагогиканың  құрамдас 
бөлігі. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, міндеттері, қызметі, 
қолданбалы  міндеттері.  Әлеуметтік  педагогиканың  басқа 
ғылымдармен 
байланысы. 
Әлеуметтену 
контекстіндегі 
әлеуметтік  тәрбие  мен  тәрбие  контекстіндегі  әлеуметтенуді 
зерттейтін  әлеуметтік  педагогика  білім  саласы  ретінде. 
Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары. 
2. Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидалары 
Әлеуметтік педагогикадағы қағидалардың түсінігі мен мәні. 
Әлеуметтік педагогиканың қағидаларының жалпы сипаттамасы: 


жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау