1 басылым 18. 09. 2013ж беттің -сі


-дәріс Тақырып: Экспертті жүйелерді құру процессі



жүктеу 445,51 Kb.
бет3/3
Дата29.01.2018
өлшемі445,51 Kb.
#8095
1   2   3

5-дәріс

Тақырып: Экспертті жүйелерді құру процессі

Дәріс сұрақтары:


  1. Экспертті жүйелердің қабықшаларын қолданып программалық қамтамасыз етуді құру технологиясы

  2. Жасанды интеллект программаларының салыстырмалы сипаттамасы

  3. Экспертті жүйенің базалық құрылымы

  4. Экспертті жүйеде білімді өрнектеу

  5. Экспертті жүйелердің құрылғыларының даму этаптары

  6. Экспертті жүйелерді тестілеу

  1. ЭЖ-нің идеологиясын келесі формула арқылы өрнектеуге болады: білім+қорытынды=жүйе. ЭЖ-да білім базасы және шығару механизмі блоктары өзара әрекеттеседі. Соңғы жылдарда ЖИ-тің инструменталды құрылғыларының жаңа кластары пайда болды. Жаңа құрылғыларды технологиялық тізбек ретінде қарастыруға болады(1.1-сур).

Қолданушы



аналитик

программист

ЭЕМ операторы



Білім инженеры

Аналитик,

Программист,

оператор


ЭЕМ

ЖИ программасы


Қолданушы

оператор

1.1-сур. Программалық қамтамасыз етуді құру технологиясы: бірішні - классикалық; екінші - ЭЖ қабықшаларын қолдану көмегімен


Бұл өзгерістер екі негізгі факторлар әсерінен болды: программа алгоритмінде универсалды бөлігін бөліп алу(логикалық шығару) және оны пән облысына тәуелді бөлігінен бөліп алу(1.2-сур); қолданушы мен компьютерлік программа арасындағы байланыс деңгейінің жоғарылауы, яғни ЖИ программаларындағы интеллектуалды интерфейстің пайда болуы.


  1. ЖИ программалары және кәдімгі программалар арасындағы айырмашылық келесі кестеде көрсетілген.

1-кесте. Жасанды интеллект программаларының салыстырмалы сипаттамасы

Сипаттамасы

ЖИ программасы

Кәдімгі программа

Өндеу типі

символдық

цифрлік әдіс

Әдіс

эвристикалық

алгоритмдік

Қадамдарды анықтау

нақты емес

нақты

Алғашқы шешімдер

қанағаттанарлық

оптималды

Басқаруды және мәліметерді бөлінуі

бөлек

аралас

Модификация

дербес

жиі кездесетін

Кестеден көретініміз, кәдімгі программаларда-қадамдары анықталған, нақты программистері, сандық информацияны өндеу арқылы оптималды шешім іздейді, ал ЖИ программаларында-тәжірибе және қателіктер әдісімен қанағаттанарлық шешім іздейді. Мұнда білім базасындағы мәліметке символдық өндеу жасалады. Бұл айырмашылықтар абсолютті емес, тек екі программаларға тән болып табылады. Модификация структурасы және жиілігіндегі айырмашылық құру технологиясына әсер етеді. ЖИ программасының сипаттамалары ЭЖ программаларына да сай болады.



  1. Қолданушы ЭЖ-мен эффективті түрде байланыс жасау үшін оның интерфейсі келесі функцияларды орындау керек: қолданушыға кеңес және түсіндрмелер беру, білім алуды басқару керек. Ол байланысты келесі суретте көрсетуге болады(3-сур).

Суреттен көретініміз, ЭЖ-да 2 жұмыс режимі болу керек: білім алу режимі және есептерді шешу режимі. Білім алу режимінде эксперт білім инженерімен бірге ЭЖ-мен қатынас жасайды, ал есепті шешу режимінде нәтижені және оны алуды керек ететін қолданушы қатынас жасайды. ЭЖ-де алгоритмдік есептерден қарағанда қолданушыға басшылықты беріп, оны процеске қатыстырады. Керекті уақытында ЭЖ есепті шешудің бағыттарын, ой-қорытындылар тізбегін, өз іс-әрекеттерін түсіндіреді.

ЖИ көптеген жаң технологиялық шешімдер, әдістер негізін құрайды, мысалы, уақытты бөліктеу, тізімдерді өндеу, диалогты режимде программаларды түзету және қалыптастыру, эвристикалық программалау, графикалық интерфейс, полиэкранды дисплей және «тышқан» типті манипуляторын қолдану және т.б.



  1. ЭЖ-ның негізгі есебін(пән облысы жайлы білімдерді кодтау және осы облыстағы мәселелерді шешуде қолдану) шешу көз-қарасынан бұл саласында ЖИ зерттеушілерінің білімді өрнектеу және образдарды анықтау тәжирибесі маңызды.

ЭЖ-ды қолдану үшін керекті білім көлемі өте зор, сондықтан мұндай білімдерді іріктеу, өндеу үшін ЭЖ-ге білімді өрнектейтін нақты модельдер керек. Дұрыс таңдалған модель логикалық қорытынды жасауды жеңілдетеді. ЭЖ-да білімді өнімдік ереже, фреймдер түрінде өрнектеу қолданылады. Одан басқа семантикалық желілер, Пролог ұсыныстары және біріктірілген өрнектеулер қолданылады. Бұл модельдің әрбіреінің өз артықшылықтар және кемшіліктері бар, мысалы, семантикалық желіде байланысқан ақпаратты бірге сақтайды, бірақ онда бұл ақпараттан қорытынды шығару өте күрделі. Прологта логикалық қорытындылар жасайтын дайын механизмдері бар, бірақ ақпаратты біріктіріп сақтамайды. Үлкен көлемді білім базалары дисклерде сақталады және тек қазір керекті ақпарат оперативті жадыда сақталады. Ережелерді, фреймдерді сақтайтын эффективті білім базаларын құру актуалды мәселе.

Образдарды анықтау 2 этапқа бөлінеді: оқыту және анықтау. 1-этап – индуктивті, 2-этап – дедуктивті.

1-этапта объектілердің зерттелетін класының белгілі элементтерінің көптеген бақылаулары өнделеді және алынған нәтиже негізінде шешуші ереже құрылады.

2-этапта объектілердің зерттелетін класының элементтерінің өлшенбейтін қасиеттеріне айтылған ережені қолдану.

Оқыту этапында зерттелетін класқа тән заңдылықтарды анықтау жүргізіледі. Бұл заңдылықтар білім базасын құратын пәндік облыс моделі болады. Модель негізінде нақты объектілердің қасиеттерін анықтау мәселелері шешіледі. Бұл анықтау схемасы экспертті жүйелер шешетін мәселелерге тән болады.

ЭЖ-лер формальданбаған облыстағы мәселелерді шешуге бағытталған. Мұндай облыстағы образдарды анықтау есебі - объектілердің қайсы бір класқа жататындығын айқындайтын сипаттамаларын анықтайтын ережелер және объект сипаттамаларын құру. Мұндай ережелерді қолдану процедуралары әртүрлі стратегияларға бағынады. Жиі қолданатын тура және кері өндеу. «Хабарландырулар тақтасы» негізіндегі біріктірілген стратегиялар да қолданылады. Күрделі ЭЖ-ларда жүйенің ешбір білім көзі алынатын нәтиженің жалғыз және дұрыстығын кепіл бере алмайды. Қай бір білім көздерінің қателіктері басқа білім көздері жұмыстарына әсер етпеу үшін білім көздері тәуелсіз етіп қарастырылу керек. Бірақ оның барлығы бір мәселені шешетін болғандықтан, олардың әсерлесуі қажетті. Бұл талаптарды қамтамасыз ету үшін «Хабарландырулар тақтасы» механизмі ұсынылған.

ЭЖ жұмысының нәтижелері, аралық гипотезалар жоспар, ұсыныс, шешімдер түрінде хабарландырулар тақтасына жазылады.

Жоспар ЭЖ мәселені қалай шешетін әдісті сипаттайды. Ағымдағы жоспар мақсат, мәселелер жағдайы сияқты элементтерден тұрады.

Ұсыныс білім базасындағы ережелерге сәйкес келетін, орындалатын потенциалды әрекеттер жайлы ақпараттан тұрады.

Шешімдер гипотезалар, бір шешімді екінші шешіммен байланыстыратын тәуелділіктер, мүмкін болатын шешімдерден тұрады.

Білім базасының интерпретаторы қай ұсынысты келесі өндеу керек екенін анықтайды, білім базасынан сәйкес ережемен ұсынысты орындайды. Жалпы жағдайда интерпретатор ережелерді қолдану шарттарының орындалуын, хабарландырулар тақтасында осы шарттардың айнымалыларын байланыстырады және хабарландырулар тақтасында осы ережемен анықталатын өзгерістерді енгізеді. Мысалы, жоспар алдымен белгілі денгейдің барлық ережелерін орындауды ұсынады, содан кейін перспективті гипотезалар құрып, бір гипотеза қалғанға дейін барлық гипотезаларды анықтап және дамытып, ең соңында қалған гипотезаны ақырғы шешім алғанға дейін қарастыру.

Білім базасы және универсалды интерпретатор бар болуы интерпретаторды өзгертпей жаңа базаны құру арқылы жаңа ЭЖ құруға мүмкіндік бар, яғни ЭЖ-ны құру процесін базаны құру процесіне келтіруге болады. Мұндай технология «бос қабықша» технологиясы деп аталады. Бір рет құрылған ЭЖ жаңа білім қабықшасы негізінде қолданылады.

ЭЖ-ны құру үшін ең жиі қолданылатын Лисп, Пролог және арнайы құруды қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар. Пролог тілінде логикалық программалау негізі программа логикасын есептеулерді басқарудан бөлу, ол программаны құру процессін айқын етеді.

Құруды қамтамасыз етудің мақсаты идеядан ЭЕМ-ге түсінікті формада сипаттауға дейінгі шығармашылық және интеллектуалдылық жолды жеңілдету. ЭЖ-ны программалау тілдері арқылы құру құрушының идеядан ЭЕМ тіліне ауыстыруға көптеген уақытын алады, ал құруды қамтамасыз ету құрушының идеяға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.



  1. ЭЖ-ны құру құрылғыларының эволюциясын 4 этапқа бөлуге болады. Бұл эволюцияға 2 тенденция тән: ЭЖ өмірлік циклының этаптарын қамту дәрежесінің өсуі; дискретті құрылғыларын қолданудан интегралданған тұтас жүйелерді құруға ауысу.

Дискретті құрылғылар



Құрылғылардың интегралдық жиыны

Өмірлік циклды қамтамасыз ету құрылғылары



Өмірлік циклды қамтамасыз етудің интеллектуалды құрылғылары




    1. сур. Экспертті жүйелердің құрылғыларының даму этаптары

Программаларды құруды қамтамасыз етудің әртүрлі құрылғылары бар. Мұндай құрылғылардың алғашқылары: программалау тілдерінің трансляторлары, программаның орындалу кезіндегі бақылайтын жөндеушілер. Олар әлі күнге дейінгі жиі қолданылатындардың арасында. Басқа кең тараған құрылғылар арасында: «әдемі» баспа шығару программалары, конфигурацияны басқару программалары, қиылыс программалық сілтемелер және орындалу трассировщигі.

Аталған құрылғылар дискретті женә тәуелсіз. Программист тек бір құрылғылармен жұмыс жасай алады.

Келесі даму қадамында «инструменталды жәшік» деп аталған интегралданған құрылғылар жиыны пайда болды. Әрбір құрылғыны жасағанда басқа құрылғылар да ескеріліп отырды.

Мысалы, Turbo-Prolog, Interlisp-D сияқты жүйелерде программист программаны енгізгеннен кейін іске қоса алады. Егер қателер болса, жүйе жөндеуішті шақырады. Содан кейін программист программаны түзетіп, оны орындауды жалғастырады. Бұл әдіс қателерді түзетуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Үлкен көлемді программалық құрылғыларды жобалау күрделі мәселе. Өмірлік циклды бірнеше этапқа бөлу (ерекшеліктер және қажеттіліктерді талдау, жобалау, іске қосу, тестілеу және жөндеу, жұмысы және қамтамасыз ету) жобалу процесіндегі мәселелерді реттеу арқылы жобалауды жеңілдетуге бағытталған.

Turbo-Prolog, Interlisp-D тек іске қосу және жөндеу этаптарын қамтамасыз етеді. Зерттеулер бойынша, өмірлік циклдың негізгі маңызды бөлігі қамтамасыз ету этапы. Ерекшеліктер және қажеттіліктерді талдау этапы да маңызды этаптардың бірі, өйткені соңғы этаптарда қателікті түзету қиын болады.

Жасанды интеллект әдістерінің әртүрлі облыстарды қолданылуы оларды программалық қамтамасыз етуді құруда пайдалануын түсіндіреді. Мысалы, Массачусет технологиялық институтының «Программист көмекшісі» жобасы, Станфорд университетінің «Пси» жобасы. Бұл жобалар программаны түсінуге, жобалауға, іске қосуға және қамтамасыз етуге программист қолданатын білімді модельдейді. ЭЖ бұл білімдерді программа құру процесін автоматтандыру үшін қолдану мүмкін.


  1. ЭЖ-лерді тестілеу кәдімгі жүйелерді тестілеуден қарағанда басқаша болады.

Біріншіден, ЭЖ-лар детерминирленген болады, өйткені мәселелерді шешу орындалу уақытының параметрлеріне байланысты болады. Ол іс-әрекетін қайталауды қиындатады, яғни жөндеуді де қиындатады.

Екіншіден, дәстүрлі программалардан қарағанда енгізу-шығару қатынастары нақты емес, бұл енгізу-шығару анализін қолдануды қиындатады.

Үшіншіден, ережелерді іске қосатын әдістер саны өте көп. ЭЖ-ні тестілеудің ең эффективті әдісі макетін құру.

Қамтамасыз ету және модификация – ЭЖ-ны құрудың негізгі бөліктерінің бірі. Қолдану тәжірибесі артқан сайын білім базасының ережелері эволюциондайды. Ережелер уақытқа байланысты болады.

Нақты ЭЖ-ларға білім көзі ретінде оқулықтар, анықтамалықтар, мәселелік облыстағы нақты зерттеулер материалдары, т.б. Классикалық білім көзі болып нақты пәндік облыс эксперт-маман саналады, яғни білім алу адамдық факторды ескеруді қажет етеді. Бұл мәселені шешу математик, программист және психологтардың жұмысын қажет етеді.

Қазіргі уақытта білім базасын құратын тізбектен адамды алып тастайтын жүйелер жоқ, бірақ білім алуға мүмкіндік беретін 3 класс бар:



  1. Барлық білімді эксперт беретін білім инженерімен эксперт арасындағы дәстүрлі диалог;

  2. Кейбір ережелерді автолматты түрде алуға мүмкіндік беретін білімді автоматты генерациялау

  3. Нақты эксперттің пәндік облысты зерттеу моделін құру. Ол осы эксперттің жеке көз-қарасы негізінде осы облысты зерттеудің бағытталған процесін құруға мүмкіндік береді.

ЭЖ құрғанда оның «қағаздағы» моделін құрудан бастау керек. Ол модель экспертпен әнгімелесу кезінде құрылады. Бұл кезде эксперт жұмыс жасайтын негізгі түсініктер құрылады, жүйенің тезаурусы құрылады. Одан кейін эксперт шешетін мәселені бірнеше күрделі емес мысалдармен түсіндіреді. Осылай есеп алгоритмы құрылады.

Білім базасында эксперттің формальданған білімдері кодталған түрде сақталады. ЭЖ-ның қазіргі даму этапында білімді өрнектеудің бірнеше формасы бар. Олардың ішінде 4 көрсетейік:



  1. «Үштік»: объект-атрибут-мәні. Мысалы, үй-түс-жасыл, пациент-температура-жоғары. Бұл білімді өрнектеу түрі белгілі жиындағы мәнді қабылдайтын қасиеттерге ие болатын объектті анықтайды.

  2. Өнім ережелері: ЕГЕР пациент гриппен ауырса ЖӘНЕ ауру стадиясы бастапқы болса, ОНДА температура 0,95 ықтималдықпен жоғары болады ЖӘНЕ бас ауруы 0,8 ықтималдықпен болады.

  3. Фрейм. Өз атаулары бар және машинаның жұмыс істеу процесінде мәндерді қабылдайтын ұяшықтардан құралған таблица. Білім ретінде тұрақтылар, жоғары немесе төменгі денгейлі фреймдерге сілтемелер, кейбір есептеу процедуралары.

  4. Семантикалық желі. Төбелері объектілер болатын, ал доғалары төбелер арасындағы қатынастарды сипаттайтын бағытталған граф.

Білімді өрнектеудің бірінші формасы алғашқы формалардың бірі болып табылады. Мұндай форманы көптеген ортақ атрибуттардан тұратын диагностикалық ЭЖ-ларда қолданылады. Мұндай облыс мысалы ретінде күрделі техникалық жүйелер алынады. Өнім ережелері түрінде білімді өрнектеу – білім базасын өрнектеудің ең тараған түрі. Өнімдер көмегімен кез-келген жүйені сипаттауға болады.

Фрейм-структуралар білім облысындағы электронды таблицалард әдісінің дамуын түсіндіреді. Ол қолдану бойынша екінші тараған өрнектеу түрі. Оларды иерархиялық структуралары нақты анықталған мәселелік облыста қолданады.

Семантикалық желілер психологиядағы адам көп уақыттық жадысының моделі ретінде пайда болған. Мұндай желілерді кәдімгі тілдердегі әсерлесу жүйелерін құрушылар қолданады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Фрейм-структуралар?

2. Семантикалық желілер?

3. Білімді өрнектеу?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.



3. практикалық және лабораториялық сабақтар


а) Практикалық(семинар) сабағының құрылымы:

1-Практикалық (семинар) сабағы. Эксперттік жүйені құру

Сұрақ:

  1. Эксперттік жүйені құру.

  2. Эксперттік жүйенің функциялары

Сабақ мақсаты: Экспертті жүйені құру жайлы түсінік беру

Бақылау сұрақтары:

1. ЭЖ құрудың негізгі қиыншылықтары

2. ЭЖ-ның ең маңызды функциясы


Әдістемелік нұсқаулар:

1. ЭЖ құрудың әдістерін қарастыру

2. ЭЖ-ның функцияларын бөліктеу
Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.


2-Практикалық (семинар) сабағы. Жасанды интеллект жүйесінің даму тарихы

Сұрақ:
  1. Жасанды интеллект жүйесінің даму тарихы.

  2. Білім және мәлімет.

  3. Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны.

Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы жасанды интеллект белгілері

2. Жасанды интеллекттің қоғамдағы маңызы


Әдістемелік нұсқаулар:

1. Білімді тұтастай қарастыру

2. Жасанды интеллект аспектілері
Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.



3-Практикалық (семинар) сабағы. Ережелерді өндеу


Сұрақ:

  1. Ережелерді тура өңдеу.

  2. Ережелерді кері өңдеу.

  3. Кері және тура ережелерді өңдеуді салыстыру.

  4. Подсистема дегеніміз не?

Бақылау сұрақтары:

1. Ережелерді тура өндеу ерекшеліктері

2. Жүйеше бөліктері


Әдістемелік нұсқаулар:

1. Ережелерді өндеу түрлерін салыстыру

2. Жүйешенің ЭЖ-ға қатынасы
Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.



4-Практикалық (семинар) сабағы. Тұжырымдау стратегиясын басқару


Сұрақ:

  1. Эвристика көмегімен басқару.

  2. Классификациялау программасы.

  3. Ықтималды тұжырымдау.

  4. Жуықты тұжырымдау.

  5. Көпсатылы тұжырымдау.

  6. Нақты емес тұжырымдау

Бақылау сұрақтары:

1. Тұжырымдау түрлерін салыстыру

2. Нақты емес тұжырымдау ерекшелігі


Әдістемелік нұсқаулар:

1. Тұжырымдау иерархиясын қарастыру

2. Тұжырымдау стратегиясын нақтылау
Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.



5-Практикалық (семинар) сабағы. ЭЖ – нің шешетін типтік тапсырмалары


Сұрақ:

  1. ЭЖ – нің шешетін типтік тапсырмалары.

  2. Эксперттік жүйенің сипаттамасы.

  3. Білімді көрсету.

  4. Жанұялық қатынастарды көрсетудің семантикасы және синтаксисі.

Бақылау сұрақтары:

1. ЭЖ көмегімен шешілетін тапсырмалар

2. Білімді көрсету түрлеру
Әдістемелік нұсқаулар:

1. Эксперттік жүйенің сипаттамасын талқылау

2. Жанұялық қатынастарды көрсетудің семантикасы
Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.



6-Практикалық (семинар) сабағы. Шешімді табудың процесін басқару


Сұрақ:

  1. Шешімді табудың процесін басқару.

  2. Автокөлікке қызмет көрсету.

  3. Қолданылған шешімді түсіндіру.

  4. Мәселенің ағымдағы жағдайы.

Бақылау сұрақтары:

1. Шешімді табу неге негізделеді?

2. Қабылданған шешімді түсіндіру тәсілдері


Әдістемелік нұсқаулар:

1. Шешімді табу процесін қарастыру

2. Мәселенің ағымдағы жағдайын анықтай білу
Ұсынылатын әдебиет:

1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990.

2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990.

3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программиро­вания на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3.





  1. студенттің өздік жұмысы

4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.

Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:

– жасалған жұмысты көрсету;

– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;

– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;

– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.

Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.

Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.



    1. Өздік жұмыс тақырыптары:

  1. Эксперттік жүйені құру.

  2. Эксперттік жүйенің функциялары
  1. Білім және мәлімет.

  2. Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны.


  3. Ережелерді тура өңдеу.

  4. Ережелерді кері өңдеу.

  5. Кері және тура ережелерді өңдеуді салыстыру.

  6. Жүйеше дегеніміз не?

  7. Эвристика көмегімен басқару.

  8. Классификациялау программасы.

  9. Ықтималды тұжырымдау.

  10. Жуықты тұжырымдау.

  11. Көпсатылы тұжырымдау.

  12. Нақты емес тұжырымдау

  13. ЭЖ – нің шешетін типтік тапсырмалары.

  14. Эксперттік жүйенің сипаттамасы.

  15. Білімді көрсету.

  16. Жанұялық қатынастарды көрсетудің семантикасы және синтаксисі.

  17. Шешімді табудың процесін басқару.

  18. Автокөлікке қызмет көрсету.

  19. Қолданылған шешімді түсіндіру.

  20. Мәселенің ағымдағы жағдайы.



жүктеу 445,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау