3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын
және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің
жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорынан үзінді көшірмелер;
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан
мәліметтер;
8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің
еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап
1. Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа
біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін.
Сынақ мерзімі еңбек шартының қолданылуы басталған кезден басталады.
2. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс.
Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың
орынбасарлары, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға
дейін ұзартылуы мүмкін.
3. Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.
37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі
1. Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші
оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді
көрсетіп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуы
туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.
38-бап. Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру
1. Мыналар:
1) жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым,
мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) оны орындау кезінде өзгеретін өзге
жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру болып
табылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға
жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс
берушінің актісімен ресімделеді.
3. Жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытындымен расталған
қарсы көрсетілімдер болған кезде, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
39-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру
1. Жұмыс беруші, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі
көзделмесе, жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы жұмыскерге кемінде бір ай бұрын
жазбаша хабардар етуге міндетті.
2. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан
жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің
58-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында
көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
40-бап. Жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу
1. Іссапарға жіберу - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді
қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) еңбек шартына байланысты белгілі бір
мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) бойынша не басқа заңды тұлғадағы басқа
лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмысты орындауы.
Белгілі бір міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлерді:
1) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаға акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе
жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға;
2) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (қатысу үлесі)
тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға іссапарға жіберуге жол беріледі.
2. Іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны іссапарға жіберу
мақсаттарына қарай заңды тұлғалар арасындағы жазбаша келісімде белгіленеді.
3. Жұмыскерді іссапарға жіберу талаптары, тәртібі және мерзімі заңды тұлғалар мен іссапарға
жіберілген жұмыскер арасында қол қойылатын келісімде айқындалады.
Жұмыскерлер іссапарға жіберілетін заңды тұлғаның орташа тізімдік санының он пайызынан
артық жұмыскерлер бір мезгілде іссапарға жіберілген жағдайда, жұмыскерлер жіберілетін заңды
тұлға жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет.
Келісу тәртібі заңды тұлғалар мен жұмыскерлердің өкілдері арасындағы тараптардың
келісімінде айқындалады.
4. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс берушідегі
жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмысты орындау орнының өзгергені көрсетіле отырып, еңбек
шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен
ғана іссапарға жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші
іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер болған жұмыс орнын (лауазымын) жұмыскерге ұсынуға
міндеттенеді.
6. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, ол іссапарға жіберілген заңды тұлғаның жұмыс
уақыты мен тынығу уақыты режимі қолданылады.
7. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, ол іссапарға жіберілген
заңды тұлға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа
тарту туралы шешім қабылдау үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, іссапарға жіберілген
жұмыскердің жұмыс берушісін үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
8. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің
қатысуымен жұмыскер іссапарға жіберілген заңды тұлғаға жүктеледі.
41-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ жұмыскерді уақытша алмастырған жағдайда,
жұмыс берушінің жұмыскерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде үш айға дейінгі мерзімге,
орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлей отырып, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа
жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайына
байланысты қарсы көрсетілімі жоқ, сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа не жұмыс
берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне ауыстыруға құқығы бар.
Жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне уақытша ауыстырған
кезде жұмыскерге осы Кодекстің
127-бабында
көзделген мөлшерлерде өтемақы төленеді.
42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
1. Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына
байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың барлық
кезеңіне ауыстыруға құқығы бар.
2. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде жұмыскердің
еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша жүргізіледі.
43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік
ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен
байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық қорытынды
негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіби
еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді неғұрлым жеңіл жұмысқа
уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылған жағдайларда оны жұмыстан
босатуға міндетті.
2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға
шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде не өндіріске байланысты емес
денсаулығы нашарлау салдарынан неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде
бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің
58-бабы 1-тармағының 3)
тармақшасында
көзделген негіз бойынша тоқтатылады.