8. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсынғаннан кейін жол
беріледі.
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
9-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
9. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде
айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11-бабының 1-
тармағында
белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек шартын бұзу күніне дейін
кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді хабардар ете отырып жол беріледі.
10. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 25) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші жұмыскерге болмағаны туралы актіні хабарламасы бар хатпен
жіберген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер болмау себептері туралы ақпаратты
ұсынбаған кезде жол беріледі.
54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу
1. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 1)
,
18)
,
20)
және
23) тармақшаларында
көзделген
жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген
кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
2. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi
балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы)
тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған
өзге де адамдармен осы Кодекстiң
52-бабы 1-тармағының 2)
және
3) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол
берілмейді.
55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату
негізі және тәртібі
1. Жұмыскермен еңбек шарты оның:
1) акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс
берушіге тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
2) еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан
астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
3) көрсетілген заңды тұлға және еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші акцияларының
(қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы бір заңды тұлғаға тиесілі басқа заңды тұлғаға ауысуына
байланысты тоқтатылады.
2. Жұмыскердің жазбаша өтініші және басқа заңды тұлғаның жұмысқа қабылдауға келісуі
туралы жазбаша растамасы еңбек шартын тоқтату үшін негіздер болып табылады. Еңбек шартын
тоқтату күні тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні
кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша
бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге
хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
2. Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, осы
баптың 1-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
3. Жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оны жазбаша
хабардар етуге құқылы. Егер жазбаша хабардар етілген күннен бастап жеті күн мерзім өткен соң
жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы жалғасса, жұмыскер үш жұмыс
күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға
құқылы.
4. Осы бапта көзделген хабардар ету мерзімі ішінде тараптардың келісімі бойынша хабарлама
кері қайтарылып алынуы мүмкін.
5. Осы бапта көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты адамдардың
кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру аяқталмаған жағдайлардан
басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамаларын)
қабылдау-беру аяқталған күн материалдық жауапты жұмыскерлермен еңбек шартын бұзған күн
болып табылады.
57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері
1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап осы Заңның
204-
бабының 2-тармағының 4) тармақшасының
редакциясында қолданылады
1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік
жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың
қолданылу мерзімі өткен кезде;
2) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін
болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
3) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот
жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-
ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;
4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, соның
салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда;
6) жұмыскер мерзімді әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға
қызметке шақырылған (кірген) кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей
ұсынған күннен бастап тоқтатылуға тиіс.
2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскердің немесе жұмыс
беруші жеке тұлғаның қайтыс болған күні осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4)
тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.
58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде
тоқтату негіздері
1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан
кезде:
1) жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;
2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан бас
тартқан;
3) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға
шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде
жұмыскер денсаулық жағдайына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан
жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не
жұмыскердің жазбаша бас тартуының жоқтығы туралы акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға
жол беріледі.
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде жүктілігіне және босануына
байланысты) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша
еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе
оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу тәртібі
Жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға тағайындалуына
байланысты онымен еңбек шарты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай
лауазымдарды атқаратын адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда болуға тыйым салу
белгіленген болса, бұзылады.
Жұмыскердің жұмыс берушіні хабардар етуі және жұмыскердің жұмысқа (лауазымға) сайлану
немесе тағайындалу актісі негіздер болып табылады.
60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын
тоқтату негіздері
Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін
болғызбаса:
1) медициналық қорытынды негізінде жұмыскердің денсаулық жағдайы бойынша қарсы
көрсетілімі бар жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;
2) жұмысты орындауға арналған еңбек шарты адамды белгілі бір лауазымдарда болу немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе
қаулысын бұза отырып жасалған;