1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Жалпы тілдегі неологизмдердің жасалу жолдары мынадай



жүктеу 0,62 Mb.
бет74/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
лекция

2. Жалпы тілдегі неологизмдердің жасалу жолдары мынадай:

1. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған неологизмдер ‐ сөз мағыналарының тарылуы не кеңеюі арқылы жаңа мағынаны иеленген жаңа қолданыстар. Мұндай атаулар қатарына қатарына жиек, даңғыл, түлек, нысан, үрдіс, құжат, нарық, тығын, кеден, діл, ағза т.б. тілдік қолданыстарды жатқызуға болады. Берілген мысалдардағы ағза, діл, құжат, үрдіс, кеден бірліктері тіліміздің пассив сөздер қатарын құраған болса, қазіргі тілімізде бұл сөздердің о бастағы мағыналары негізге алына отырып, қосымша мағына телу арқылы жаңа қолданысқа түскен. Ал тығын, түлек, жиек, әл-ауқат сөздері жалпыхалықтық тілде қолданылып жүрген сөздер болса, өздерінің білдіретін мағыналарының біршама өзгеруі немесе жаңаруы арқалы жаңа тілдік қолданыстарға ие болған. Мысалы, тығын атауы тілімізде «бөтелке сияқты өңеші тар ыдыстың аузына тығылатын зат» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің орыс тіліндегі пробка (транспортная) сөзінің баламасы ретінде ұсынылуына сөз мағынасындағы «тығындалуы, тығылуы» семалық белгілері себеп болуы мүмкін. Орыс тіліндегі благосостояния сөзінің қазақша баламасы ретінде о баста «игілік» сөзі қолданылса, кейін келе «әл-ауқат» сөзі тұрақты қолданысқа ие болған.

2. Аффикстік неологизмдер. Қазіргі қазақ тілінде неологизм жасауда сөз жасаушы аффикстердің маңызы зор. Қазақ тіліндегі бірқатар жұрнақтар сөз тудырудағы қалыптасқан белсенділігін сақтап қалған. Солардың бірі −

-шы, -ші қосымшалары. Баспасөз материалдары бұл жұрнақтың қазіргі тілімізде де өнімділік танытып, сөз тудыру жағынан алдыңғы қатарда тұрғандығын көрсетеді. Мысалы: аяқдопшы, көсемсөзші, жүргінші, тапсырысшы, көшбасшы, кеденші т.б. Сөзжасам үрдісінде өзінің белсенділігін сақтап қалған жұрнақтың бірі – лық,-лік, -дық,-дік, -тық,-тік. Мысалы: әкімдік, серіктестік, кәсіпкерлік, қауымдастық т.б. Бүгінгі баспасөз беттерінде қоданылып жүрген жаңа атаулар қатары тіліміздегі –нама (-дама) қосымшалары арқылы алынған сөздер. Мәселен, жаднама, әдепнама, әлеуметнама сияқты атауларға қарағанда қазақ тілді басылымдарда жиі қолданысқа түсіп жүрген тұжырымдама, дерекнама, қазанама, тұғырнама сөздерін жалпыхалықтық қолданысқа түскен тілдік бірліктер қатарына қосуға болады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап өнімділік таныта бастаған және көптеген жаңа атаулардың туындауына негіз болған қосымшалардың бірі – -гер,-кер. Мысалы: зейнеткер, үлескер (дольщик), іскер, борышкер, кәсіпкер сөздері қазіргі тілімізде орныққан атаулар қатарынан саналса, алаугер, қарызгер (заемщик), білімгер, бітімгер, сазгер, сахнагер, киногер сынды атаулар баспасөзде біршама қолданысқа түскенімен, жалпыхалықтық қолданысқа түсе қоймаған атаулар.

-ма, -ме жұрнағының қатысуымен жасалған атауларды арнаулы салалардың бәрінен кездестіруге болады. Мысалы: жүктеме, көшірме, мәлімдеме, үстеме, хаттама сөздерін жалпыхалықтық сипат алған, әрі ғылымның арнаулы салаларында қолданысқа түскен термин сөздер деп танимыз. Ал бүктеме, қағытпа, қайталама, мөлшерлеме (қаржы-экономика), түйіндеме (құжат тілі) атаулары бірізді қолданысқа түсе қойған жоқ. Сол сияқты, қазіргі сөзжасам үдерісінде өнімділік танытып жүрген –хана (зертхана, тойхана т.б.), -ыс/-іс жұрнағының қатысуымен алынған доғарыс, отырыс, тапсырыс, тексеріс, үдеріс сияқты атаулар басылым беттерінде, сондай-ақ, салалық терминдер (үдеріс – процесс) жүйесінде де көп қолданылады. Заттық ұғымдардың атауларын жасауда кейінгі жылдары өнімді пайдаланып жүрген қосымшалардың қатарына -ғыш,-гіш (суреттегіш, оқшаулағыш); -уыш,-уіш; -шылық,-шілік және т.б. жұрнақтарды жатқызуға болады (1, 18-20 бб.).

3. Сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасалған неологизмдер. Неологизмдердің бұл түрі екі түбір сөздің бірігуі арқылы түбірдегі екі компоненттің мағыналарынан мүлде басқа үшінші бір мағынаны тудырады. Соның нәтижесінде ол жаңа атау ретінде қабылданып, тілдің лексика саласына ене бастайды. Ғ.Мұсабаевтың көрсетуінше, қазіргі қазақ тілінде сөздердің бірігуі арқылы жасалған жаңа атаулар үш топқа бөлінеді:

1. Неологизм болып біріккен сөздердің бір тобы өздерінің жаңадан ғана лексикаға енгеніне қарамастан, жалпыхалықтық лексикаға ене бастайды. Мысалы: еңбеккүн, ақорда, ақуыз, бейнетаспа, әнұран, елтаңба, әуежай, бейнебақылау, зейнетақы, келіссөз, сыйақы т.б.

2. Бір топ біріккен сөздер қазақ тілі лексикасы құрамына көптен енгеніне қарамастан, жалпыхалықтық қолданысқа ие бола алмай келеді. Мысалы: айдарбелгі, әскербасы, зілтемір, субұрқақ, жөргекпұл, әуесерік, төсбелгі т.б.

3. Бір топ сөздер лексика құрамына енбейтіндіктен, тар мағынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы: өнертабыс (изобретение), қолөнер (ремесло), үндеухат (листовка) (2, 194 б.).



жолақы бақылау

қаламақы жазба

зейнетақы көрініс

үстемақы құжат


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау