2. Сөз мағынасының тарылуы.
Төменде берілген сөздердің мағыналарының дерексіздіктен деректіге, жалпылықтан нақтылыққа өту процесін сипаттап жазыңыз (қараңыз - Лекция № 3): тон, киік, тары, жылқы, алды, арты, асты, өйткені, сөйткені, таман, туралы, соң.
3. Сөздерді ауыспалы мағынада қолданып тіркес жасаңдар: ауыр, қиын, ыстық, дастарқан, жүрек, қисық, теріс, құлақ, терең, таяз, жуан, сұйық, мұз.
4. Берілген мәтіннен метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсіл арқылы алынған ауыспалы мағынаны тауып, оларға үлгі бойынша талдау жасаңыз:
а) Жыласуға көз жақсы, сыйласуға жат жақсы. Көз – синекдохалы қолданыс. Бүтіннің бөлшегі ретінде «туған-туыс, жақын» деген мағынаны білдіреді.
ә) Тынымсыз жүрек таңғы тәтті ұйқыны Рысқұловтан тартып алды. Мәселенің төркіні әріде жатыр.
Мұндағы тынымсыз жүрек, тәтті ұйқы, мәселенің төркіні – метафоралы қолданыстар.
Тынымсыз жүрек – қимыл ұқсастығына негізделген окказионалды (жеке авторлық қолданыстағы) метафора.
Тәтті ұйқы – сапа ұқсастығына негізделген поэтикалық метафора.
Достарыңызбен бөлісу: |