5. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз.
1905– 1907ж.ж. ресейде бірніші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905ж. 9қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этногроф, тарихшы, шежіреші Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап “Қанды жексенбі”деген өлең жазады. Содан кейін автор қуғын – сүргінге ұшырап, Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болады. Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Семейде жұмысшылрдың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен далалық өлке орталығы Омбы қаласында наразылық шеруі шықты. Бұл кезеңде Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына тұсті. 1905 -1907ж.ж. жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғарғы жақтағы бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мысалы, 1902ж мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150жұмысшысы дала генерал – губернаторының атына арыз – шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлерріне көше бастады. 1904ж Зайсан уездіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905ж Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арда саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905ж 15қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай – ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Ж.Ақбаев Семей түрмесіне қамалды. 1905ж желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай – ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле – шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді талап етті. Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі бас көтерілулері басталды. Капиталға қарсы “орыс – қырғыз одағы” құрылды. Бұл біріккен одақтың басшылары Б.Топорнин, Байшағыров, С.Невзаров сияқты жұмысшылар болды. 1906 ж маусымда Семей қаласының жұмысшылары іс – жүзінде түгелдей дерлік көтерілді. Оған орыс пен қазақ, татарлар да қатысты. Ереуіл нәтижесінде қала халқы жиналыс өткізу бостандығын жеңіп алды. 1907ж жазында Семей, Ақтөбе, Верный, Қостанай сияқты қалалар кәсіпорындарыңың жұмысшылары шеруге шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |