1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз


Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы баяндаңыз



жүктеу 42,04 Kb.
бет9/14
Дата13.05.2022
өлшемі42,04 Kb.
#38514
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тарих Емтихан сұрақтары

16.Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы баяндаңыз.

Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылға дейін өмір сүрген мемлекет.Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы Владимир Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. Орынбор алғашқы астана. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады.



1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды.


жүктеу 42,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау