134
19.
Публицистикалық стильдің ауызша түрі – .
А. Түбір сөз
Ә.
Туынды сөз
Б.
Қос сөз
В.
Қысқарған сөз
Г. Шешендік сөз
20. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі –
А. Түбір сөз
Ә.
Туынды сөз
Б.
Терминдер.
В.
Қысқарған сөз
Г. Шешендік сөз
СОӨЖ тапсырмасы
Сабақтың мақсаты
. Өтілген материалдарды қайталау,
жаттығу жұмыстары
арқылы сөздік қорын молайту, кәсіби құзыреттілігін дамыту.
1
.
«Мен есепші болғанда...» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
2
.
Банк және банк ісі туралы әңгімелеңіз. Әңгіме құрастыру кезінде өтілген
материалдарды пайдалануға болады.
СӨЖ тапсырмасы
«Ұлттық валюта» – реферат жазыңыз
.
14. ОЙДЫ ДӘЛЕЛДЕУ. ІССАПАРДА
СӨЗДІҢ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ
Сабақтың мақсаты
.
Білімді, бәсекеге қабілетті,
шығармашыл, сөйлеу
мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Тірек с
ө
здер:
с
ө
зді
ң
д
ә
лдігі ойды д
ә
лелдеу шешендік д
ә
ст
ү
р,
ә
дептен аспау,
сөзге то
қ
тай білу, жо
ғ
ары м
ә
дениеттілік, рухани байлы
қ,.
ресми м
ә
лімдеу, шебер
с
ө
йлеу,
іссапар ку
ә
лігі,
қ
аражатты аудару.
1.
Мәтінмен жұмыс
Ойды дәлелдеу, сөз қисындылығы
дегеніміз – қатысымдық
қарым-
қатынас кезінде сөзді дұрыс құрастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның,
қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы
да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз
мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн
«Ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.
Әсіресе, ғылыми
зерттеу жұмысында пікірді, ойды, болжамды нақты деректер
арқылы дәлелдеу ой дәлдігін талап етеді. Сондай ақ, көпшілік алдында сөйлегенде,
тыңдармандардың назарын аударуда сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы зор
мәнге ие.
Ой дәлдігінің сақталмауының себептері:
135
сөздің логикалылығының сақталмауы;
сөз және сөз тіркестерінің дұрыс айтылмауы;
қаратпа, қыстырма
сөздердің көп қолданылуы;
сөйлем ішіндегі есімдіктердің орнымен қолданылмауы.
Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті
төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі
.
Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу – өнер. Қазақ халқында: «Таяқ еттен
өтеді, сөз сүйектен өтеді» деген мақал бар. Кейде байқамай, ойланбай сөйлеп,
жақын адамдарымызды ренжітіп аламыз да артынан ұялып қалып жатамыз.
Адамның сөйлеген сөзінен оның алған тәрбиесі мен мәдениеті анық
байқалып
тұрады. Сабырмен басқаның жанын ауыртпай сөйлеуге тырысу керек. Сонда өзің
де
сыйлы боласың, басқалармен тіл табысуың да оңай болады. Сөйлеу кезінде
мақал-мәтелдерді орынсыз қолдану да тыңдаушыны жалықтырып, кері әсер етеді
Әр сөзіңе абай бол. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деп халқымыз
бекер айтпаған.
1. «Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті
төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі» дегенді қалай түсінесіз?
2. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» дегенді қалай түсінесіз?
3. Сіз қалай сөйлейсіз?
4. Қазіргі жастардың сөйлеу мәдениетіне көңіліңіз тола ма? Достарыңыздың
сөйлеу мәдениеті туралы айтыңыз. Өз ортаңызда дәлелді, шешен сөйлейтіндер
бар ма?
5. Үйде ата - анаңмен қай тілде сөйлесесіз?
Достарыңызбен бөлісу: