Сурдопедагогика – мылқау балаларға, есту қабілеті төмен немесе керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Оған құлағы нашар және мұлде естімейтін балалар кіреді. Оларға білім беру барысында қолмен сөйлеу құралы кіреді. Әріптерді қолмен көрсету түрі.
Олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым (дефектологияның тарауы).
Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі XIX ғасырдың аяғы - XX ғасыр басына қатысты. Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны:
1. балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мәні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім;
2. ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика);
3. көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың ғылыми негіздемесі;
4. мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;
5. ақыл-ой дамуынан калыи қойған балаларда еңбекке сәтті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жағымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.
Логопедия - (гр. logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту) - психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі.
Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.
Әдебиеттер:
Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.
Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.
Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.
Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.
Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.
Достарыңызбен бөлісу: |