Тифлопедагогика – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған (зағип) балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру қабілеттері төмен немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше тәрбие мен біілімді талап етеді.
Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық тұрғыдан зерттеу. Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат – өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеуметтік дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама методика, тифлотех.жабдықтар, т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |