015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)



жүктеу 5,68 Mb.
бет13/33
Дата25.05.2018
өлшемі5,68 Mb.
#16926
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

1. Оқу бағдарламасының паспорты

6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» топ мамандықтары бойынша философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) медициналық және фармацевтикалық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу даярлығын болжайды.

Философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың негізгі міндеттері:

мамандарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласы үшін ғылымның сәйкес бағыты бойынша толық және сапалы білім беру, кәсіптік құзыреттілік, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету;

кәсіптік қызмет аясындағы проблемалар мен міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және медицина саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті жаңа ғасыр мамандарын даярлау;

дайындықтан өткен мамандардың денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда олардың көшбасшылық орын алуы үшін жеткілікті білімі мен іскерлік деңгейіне қол жеткізуі;

оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, медицинаның нақты бағыты бойынша ауқымды ғылыми-практикалық және әдістемелік дайындықты іске асыру.

Осы міндеттерге қол жеткізудің негізінде докторанттардың базалық жəне бейіндеуші пəндер бойынша қажетті білім мен құзыреттін меңгеру, кәсіби практикадан (педагогикалық, зерттеу) өту жəне эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде дағыдлары мен іскерлігін қалыптастыру болып табылады.

Докторлық білім беру бағдарламасының мазмұны философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларының мамандықтарымен және даярлау бағытымен айқындалады.

Бітіруші оқу бітіргеннен кейін осы Бағдарламаға 1-қосымшада айқындалған негізгі құзыретті (бұдан әрі - НҚ) демонстрациялайды.

2. Міндетті компоненттің базалық пəндердің мазмұны
6D11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың оқу бағдарламасындағы базалық пəндерге міндетті компонент жəне таңдау компоненті енеді. Таңдау компонентінің пəндерін докторант өзі айқындайды.

Бейіні бойынша докторларды даярлаудың білім беру бағдарламаларындағы базалық пәндер міндетті компонент ретінде биостатистика (ілгерілетілген курс), клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина енеді. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасындағы базалық пәндер міндетті компонент ретінде биостатистика (ілгерілетілген курс), ғылыми зерттеулер əдіснамасы енеді.

Биостатистика (ілгерілетілген курс) таңдалған мамандық және даярлық бағыты бойынша практикалық қызмет шеңберінде нақты зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде сандық жəне сапалық деректерді өңдеудің тиімді құралдарын береді.

Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина денсаулық сақтау саласындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу мəселелері жөнінде білім береді, таңдалған мамандық және даярлық бағыты бойынша практикалық қызмет кезінде алынған дәлелді деректерді іздеу, салыстыру, қорыту жəне кеңінен тарату мəселелерін жүйелі түсінуді қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы докторанттардың биомедициналық зерттеулердің негізгі нормалары мен оны жүргізу қағидаттар түсінігі болып табылады.

Базалық пәндерді зерделеу мақсаты: докторанттардың «Медицина» мамандығы бойынша тұрақты білімін, іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру және бекіту, бейінді пәндерді меңгеруге докторанттарды даярлау.

Базалық пәндерді зерделеу міндеттері:

Докторанттарға биостатистика, клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина мен ғылыми зерттеулер әдістемесі бойынша тереңдетілген түсінік, білім, дағды және іскерлікті бере білу;

Қазіргі практикада биостатистика, клиникалық эпидемиология, және дәледі медицина мен ғылыми зерттеулер әдістемесінің нақты орнын зерделеу, басқару және клиникалық, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды іске асыру процесінде шешімді қабылдау;

докторанттарға кәсіби қызмет саласында кешенді, пәнаралық, сектораралық проблемаларды шешу кезінде биостатистика, клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина мен ғылыми зерттеулер әдіснамасының құралдарын пайдалану мүмкіндігіне түсінік беру;

қазіргі дамушы әлемде олардың кәсіби мобильдігіне кепілдік беретін ғылым шегінде докторанттарға іргелі білім беру;

міндетті компоненттің базалық пәндерінің циклдерінің мазмұны осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

6D11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бейінді және ғылыми және педагогикалық докторантура бағдарламалары бойынша философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың оқу бағдарламасында 3 жылды құрайды. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Бағдарламаға 3-5-қосымшаларға сәйкес тиісті мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылады.

Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға:

6D110100 - «Медицина» мамандығы бойынша «медицина докторы» академиялық дәрежесі беріледі;

6D110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «қоғамдық денсаулық сақтау докторы» академиялық дәрежесі беріледі;

6D110400 - «Фармация» мамандығы бойынша «фармация докторы» академиялық дәрежесі беріледі

6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша ғылыми және педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға даярлығының сәйкесінше мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) ғылыми дәрежесі беріледі.

.
Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

докторантураның үлгілік кәсіптік

оқу бағдарламасына

1-қосымша

6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын бітірген тұлғалардың негізгі құзыреті




Бейіні бойынша докторы:

Философия докторы (PhD):

мынадай:

- бейінді даярлықта таңдаған бағыты шеңберінде денсаулық сақтаудың дамытудың, өзекті проблемаларының басым бағыттары және оларды шешудің заманауи тиімді әдістері;

- бейінді даярлықтың таңдалған бағыттары шеңберінде денсаулық сақтау саласында кәсіби жұмысының негізгі міндеттері, мәні және әлеуметтік маңызы туралы;

- қазіргі ғылыми медициналық ақпарат, ғылыми негізделген практика қағидаттары мен əдістері туралы жəне оларды өзінің кəсіптік қызметінде қолдану туралы;

- деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі əдістері туралы жəне кəсіптік қызметіндегі негізгі процестерді бағалау жəне мониторингі үшін оның маңызы туралы.

- өзінің кəсіптік қызметі саласындағы басқару шешімдерін қабылдау əдістері туралы түсінігі.


- мамандық бойынша даярлаудың таңдаған бағыты шеңберінде медицинадағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары және өзекті міндеттері туралы;

  • мамандық бойынша даярлаудың таңдаған бағыты шеңберінде медицинадағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінің қазіргі әдістемесі туралы;

  • денсаулық сақтаудағы ғылым мен инновацияның рөлі туралы;

  • деректерге статистикалық талдау жасаудың қазіргі әдістері туралы және кәсіптік қызметі аясындағы негізгі процестерді бағалау және мониторингі үшін оның маңызы туралы;

- қазіргі ғылыми ақпарат, ғылыми негізделген практиканың қағидаттары мен әдістері және оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдану туралы түсінігі болуы тиіс.

мыналарды:

медицинадағы зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастыру қағидалары мен қағидаттары жəне зерттеу əдістерін;

- дәлелді медицинаның теориялық жəне практикалық негіздері;

- дәлелді медицинаның фармацевтикалық практикадағы орнын;

- бейіндік дайындықтың таңдаған бағыты шеңберінде кəсіптік қызметінің теориялық жəне практикалық негіздерін;

- медициналық жəне биомедициналық зерттеулердегі сандық жəне сапалық талдау əдістерін;

- тиімді қарым-қатынас əдістерін, денсаулық сақтау ұйымындағы дауларды,

стресстерді жəне инновацияны басқару үшін психология мәселелерін;

- қазіргі эпидемиологияның жəне биоэтиканың теориясы мен практикасының негіздерін;

- басқарудың, диагностиканың, талдаудың, проблеманы шешудің жəне оларды практикада жүзеге асырудың қазіргі əдістерін;

- кемінде бір шеттілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық жəне ғылыми ақпаратты еркін меңгеретін деңгейде.



- мамандық бойынша даярлаудың таңдаған бағыты бойынша денсаулық сақтаудың негізгі жетістіктері және даму үрдістерін;

- бейінді даярлықтың таңдаған бағыты шеңберінде жоспарлау қағидаттары, ұйымдастыру және кәсіптік қызмет негіздерінің әдістерін;

- жоғары мектепте медицина пәндерінің оқытылу әдістемесін;

- ғылыми және педагогикалық дайындықтың таңдаған бағыты шеңберіндегі кәсіптік қызметінің теориялық және практикалық негіздерін;

- қазіргі эпидемиология мен биоэтиканың теориясы мен практикасының негіздерін;

- медициналық және биомедициналық ғылыми зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- кемінде бір шеттілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық және ғылыми ақпаратты еркін түсінетін деңгейде білуі тиіс.


мыналарды:

- кəсіби қызметінің əр деңгейінде басқару шешімдерін қабылдауды, талдауды жəне жобалауды;

- денсаулық сақтау жəне медицина саласындағы зерттеу қызметінің ұлттық, халықаралық стандарттарына жəне дәлелді медицина қағидатына сүйене отырып,зерттеу міндеттерін шешу;

- кəсіптік қызмет саласының пəнаралық, сектораралық кешенді проблемаларын шешу;

- өзінің алдағы кəсіби дамуын жобалау;

- жеке жəне кəсіптік деформацияларға қарсы тұру;

- мамандардың корпоративтік жұмысын үйлестіру;

- білімдерді интеграциялауды жəне оны жеткілікті, логикалық байланыстырып ауызша жəне жазбаша формада жеткізе алу іскерлігі.


- өзінің кәсіптік, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметін, сонда-ақ ұжым қызметін жоспарлауды және жүзеге асыру;

- іргелі ғылымдар бойынша өзінің практикалық жұмысында медицинадағы нақты зерттеу, ақпараттық-іздестіру, әдістемелік міндеттерді шешу үшін қолдану;

- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан талдау;

- медицинадағы ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдану;

- білімін интеграциялауды және оны жазбаша және ауызша нысанда жеткілікті, логикалық байланыстырып жеткізе білу іскерлігі.


мынадай:

- логикалық жəне сыни ойлау, шешіміне сендіру жəне дəлелдеу, өз пікірін ауызша жəне жазбаша түрде дұрыс жəне логикалық ресімдеу;

- кəсіптік функцияларды іске асыруға байланысты мақсатты қоя білу жəне міндеттерді тұжырымдау;

- кəсіптік қызметі саласындағы практикалық проблемалар мен міндеттерді шешу;

- кəсіптік қызмет саласындағы әртүрлі процестер мен құбылыстарды модельдеу және болжау;

- кəсіптік қызметі саласында кешенді жобаларды басқару;

- кəсіптік функцияларын өз бетінше, шығармашылықпен орындау, өзін және өзінің еңбек нəтижесін əділ бағалау.



- дербес зерттеу жұмысы, бірлескен зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру;

- логикалық және сыни ойлау, шешімдерге сендіру және дәлелдеу, өз пікірін ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресімдеу;

- жаңа ақпараттық және білім беру технологиясы көмегімен кәсіби білімін тереңдету;

- кәсіби қызмет аясында әртүрлі процестер мен құбылыстарды модельдеу және болжау, зерттеу және педагогикалық стандартты міндеттерді шешу;

- білім алушылар және мамандар аудиториясымен жұмыс;

- кәсіптік міндетін дербес, шығармашылықпен орындау, өзін, өзінің еңбек нәтижесін әділ бағалау дағдыларының болуы.



мыналарға:

- медициналық жəне биомедициналық зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың жəне жүргізудің қазіргі жүйесінің саласында;

- бейінді даярлауды таңдаған бағыты шеңберінде қолданбалы кəсіптік проблемаларды шешуде;

- ақпараттық іздеу проблемасын шешуде;

- тиімді кəсіптік өсуді жүзеге асыруда.



- мамандық бойынша даярлауды таңдаған бағыты бойынша ғылыми және педагогикалық қызмет мәселелерінде;

  • ғылыми медициналық және биомедициналық зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың және жүргізудің қазіргі жүйесі саласында;

  • ғылыми нәтижені баяндауда және ресімдеуде, ғылыми ақпаратты іздестіруде және ақпарат алмасуда;

-тиімді кәсіби өсуді жүзеге асыруда құзыретті.



Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

докторантураның үлгілік кәсіптік

оқу бағдарламасына

2-қосымша

Міндетті компоненттің базалық пəндер циклдерінің мазмұны


Пән коды

Пәндердің атауы

Пəндердің мазмұны

Bio

Биостатистика (ілгерілетілген курс)


Биостатистикаға кіріспе. Өлшем теориясы элементтері. Өлшем шəкілі. Біріктірілген жəне кешенді бағалар. Статистикалық жиынтықты салыстыру əдістері. Корреляциялық талдау. Кері талдау. Дисперсиялық талдау.Құбылыстардың серпінін талдау əдістері. Параметрлік емес критерийлер. Стандарттау əдісі, оның мəні жəне қолдану. SPSS, SAS, Stata компьютерлік статистикалық бағдарламаларды қолдану. Кестелерді, диаграммаларды, үлгілерді құру, статистикалық сараптамалардың нәтижесін көзбен шолу үшін компьютерлік статистикалық бағдарламаны қолдану. Денсаулық сақтау саласындағы мақалалар мен диссертациялық зерттеулерде статистикалық əдістердің қолданылуын талдау. Халық денсаулығының статистикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Медицина-биологиялық зерттеулер статистикасы. Биомедициналық жəне фармацевтикалық зерттеуді жоспарлауда жəне талдау жүргізуде статистикалық əдістерді əзірлеу жəне қолдану. Денсаулық сақтаудағы модельдеу мүмкіндіктері. Медициналық-биологиялық зерттеулер статистикасы.

KEDM

Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина

Клиникалық эпидемиология. Зерттеудің эпидемиологиялық әдістері. Осы эпидемиологиялық зерттеулерді талдау және әзірлеу. Эпидемилогиялық зерттеулерде этикалық аспектілер. Скринигтің эпидемиологиялық аспектісі. Эпидемиологияға байланысты тергеу себебі. Медициналық араласудың кешенді бағасы. Эпидемиологиялық үдерісті модельдеу, эпидемиология саны. Эпидемиологиялық талдау: ақпараттық қамтамасыз ету және әдісті өткізу. Талдауды қабылдау шешімі. Медициналық мекеме қызметі мен бағдаламаларды бағалау. Эпидемиологиялық зерттеп-қарау. Эпидемиологиялық диагностика. Экологиялық эпидемиология. Эпидемиологияға қарсы қызметтің мазмұны және осы ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы қызметтің мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Профилактикалық және эпидемиологияға қарсы іс-шаралар.эпидемияғақарсы қызметтің құқықтық аспектілері. Эпидемиологиялық қадағалау. Инфекциялық аурулармен күрес. Инфекциялық емес аурулар және олармен күрес. Эпидемиологиялық ауысу. Арнайы емес созылмалы аурулардың таралушылығы көрсеткіштері. Тәуекел және иология факторлары және созылмалы аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдары. Созылмалы аурулар және қоғамдық денсаулық сақтау.

Дәлелді медицинаның негізгі ұғымы мен әдістері. Дәлелді медицина бойынша деректерді түсіндіруге қажетті базалық статистикалық білім. Медициналық ақпаратты, дәйекті ақпарат көздері мен ресурстарды іздеу әдінамасы. Дәйекті ақпарат көздері. Жариялымдар. Электрондық дерекқорлар. Рецензиясы баржәне рецензиясыз дерек көздер. Әдістемелік және клиникалық ұсынымдар. Дәлелді медицина сүзгілерін пайдаланумен ғаламторда ақпарат іздеу.

Медициналық әртүрлі ақпарат көздерінің басымдығы мен жеткіліксіздігі. Дәлелді медицина позициясымен медициналық жариялымдарды талдау. Дәлелді медицинаның сатысын зерттеу. Дәлелді медицинадағы сапалық және сандық әдістері. Зерттеулердің дизайны және теориялық және практикалық медицинада зерттеудің әдістемелік сапасын бағалау. Жүйелі шолулар мен мета-талдауларды сыни бағалау. Клиникалық-экономикалық талдау. Дәледі медицинаға негізделген дайын клиникалық нұсқауларды әзірлеу және бағалау. Халықаралық (көп орталықты) зерттеулер: құқықтық және этикалық реттеуде олардың ерекшеліктері. Дәлелдеу мәні. Дәлелдену деңгейі. Медициналық аудит.



MNI

Ғылыми зерттеулер əдіснамасы

Ғылыми зерттеу саласында ұлттық құқықтың негізі. Ғылыми зерттеу саласында халықаралық құқықтың негізі: QPBR, GLP, GLP, GCLP және тағы басқа. Медицинада ғылыми зерттеу. Денсаулық сақтау саласында зерттеудің этикалық реттеу принципі және тәртібі. Қаржыландыру көзі бойынша ғылыми және зерттеу бағдарламалары: бюджеттік ҒТБ (мақсатты бағдарламалық және гранттық қаржыландыру, инновациялық жобалар). Отандық және шетелдік грант берушілерді іздеу және тарту. Гранттық өтініштерді және ғылыми зерттеулерді жазу, ғылыми-зерттеу жобасының тапсырмасы мен мақсатын анықтау, Ғылыми-зерттеу жұмысының индикаторларды әзірлеу: нәтижелі жобаның индикаторы және тәуекел индикаторы, іріктеп таңдау және көлемін анықтау, статистикалық өңдеу әдісін жоспарлау. Зерттеу ортасын сипаттау,жобаның құнын дәлелдеу,зерттеу тобын қалыптастыру, Ганта (Microsoft Project) диаграммасы үлгісінде және PERT диаграммасы үлгісінде жоба бойынша жұмыстың жоспарын ұсыну. Зерттеу әдіснамасы. Түсіндірме және аналитикалық зерттеу. Систематикалық шолу. Метаталдау. Ақпаратты жинау. Мәліметті өңдеу. Ұсыныстар мен қорытындыларды тұжырымдау және зерттеуді талдау. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін енгізу, зияткерлік (патент беру) құқықты қорғау. Ғылыми зерттеу жұмысын дайындаудың ережесі және жалпы талаптар. Баяндамаларды, тезистерді құру, жұмысы туралы баяндама,ғылыми-зерттеу жұмысын резенциялау. Баспаға жариялауға ғылыми мәліметтерді дайындау. Мақала жазудың жалпы қағидасы, рецензияланған журналдарға жариялау. Ғылыми зерттеудің негізгі қателерінің түрі, әдістемелік сапаны бақылау. Зерттеудің ішкі және сыртқы анықтығы. Практикалық денсаулық сақтау сұранымдарына зерттеушілердің ден қоюы. Практика және денсаулық саясатына ғылыми зерттеу нәтижелерін беру.





Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

докторантураның үлгілік кәсіптік

оқу бағдарламасына

3-қосымша

6D110100 - Медицина мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары

 


Пәндер циклі

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Се-местр

Бақылау нысаны

Базалық пәндер (БП):

Міндетті компонент (МК):




Bio 8201

Биостатистика (ілгерілетілген курс)

3

1

емтихан

KEDM 8202

Клиникалық эпидемиология

және дәлелді медицина *



3

1

емтихан

MNIM 8202

Медицинада ғылыми зерттеулер əдіснамасы **

3

1

емтихан

МК барлығы

6







ТК

Таңдау компоненті

12







БП барлығы

18







БП

Бейіндеуші пәндер

18







Теориялық оқыту бойынша жиыны

36







Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ):

ӨП

Практика (өндірістік) *

кемінде 6

***





есеп

ПЗП

Практика (педагогикалық, зерттеу)**

кемінде 6 ***




есеп

ДЭЗЖ

Докторанттың эксперименталды-зерттеу жұмысы *:

28




есеп

ДҒЗЖ

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы **:

28




есеп




Докторлық диссертацияны орындау

15







ОҚТ барлығы

кемінде 34

Қорытынды аттестаттау (ҚА):

КЕ

Кешенді емтихан

1







ДДРҚ

Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау

4







ҚА барлығы

5










Жиыны

кемінде 75

 

Е с к е р т пе

* Білім беру бағдарламасының бұл компоненті бейінді докторлық білім беру бағдарламасына кіреді.

** Білім беру бағдарламасының бұл компоненті ғылыми және педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламасына кіреді.

*** Практикаға бөлінетін кредиттер санын ЖОО өзі айқындайды және жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді.





Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

докторантураның үлгілік кәсіптік

оқу бағдарламасына

4-қосымша

6D110200 - Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары

 


Пәндер циклі

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Се-местр

Бақылау нысаны

Базалық пәндер (БП):

Міндетті компонент (МК):




Bio 8201

Биостатистика (ілгерілетілген курс)

3

1

емтихан

KEDM 8202

Клиникалық эпидемиология

және дәлелді медицина *



3

1

емтихан

MNIM 8202

Қоғамдық денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулер əдіснамасы **

3

1

емтихан

МК барлығы

6







ТК

Таңдау компоненті

12







БП барлығы

18







БП

Бейіндеуші пәндер

18







Теориялық оқыту бойынша барлығы

36







Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ):

ӨП

Практика (өндірістік) *

кемінде 6

***





есеп

ПЗП

Практика (педагогикалық, зерттеу)**

кемінде 6

***





есеп

ДЭЗЖ

Докторанттың эксперименталды-зерттеу жұмысы *:

28




есеп

ДҒЗЖ

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы **:

28




есеп




Докторлық диссертацияны орындау

15







ОҚТ барлығы

кемінде 34

Қорытынды аттестаттау (ҚА):

КЕ

Кешенді емтихан

1







ДДРҚ

Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау

4







ҚА барлығы

5










Жиыны

кемінде 75

 

Е с к е р т пе

* Білім беру бағдарламасының бұл компоненті бейінді докторлық білім беру бағдарламасына кіреді

** Білім беру бағдарламасының бұл компоненті докторлық ғылыми-зерттеу және оқыту білім беру бағдарламасына кіреді

*** Практикаға бөлінетін кредиттер санын ЖОО өзі айқындайды және жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді.





Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша

докторантураның үлгілік кәсіптік

оқу бағдарламасына

5-қосымша

6D110400 - Фармация мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары

 


Пәндер циклі

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит саны

Се-местр

Бақылау нысаны

Базалық пәндер (БП):

Міндетті компонент (МК):




Bio 8201

Биостатистика (ілгерілетілген курс)

3

1

емтихан

KEDM 8202

Клиникалық эпидемиология

және дәлелді медицина *



3

1

емтихан

MNIM 8202

Фармацияда ғылыми зерттеулер əдіснамасы **

3

1

емтихан

МК барлығы

6







ТК

Таңдау компоненті

12







БП барлығы

18







БП

Бейіндеуші пәндер

18







Теориялық оқыту бойынша барлығы

36







Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ):

ӨП

Практика (өндірістік) *

кемінде 6

***





есеп

ПЗП

Практика (педагогикалық, зерттеу)**

кемінде 6

***





есеп

ДЭЗЖ

Докторанттың эксперименталды-зерттеу жұмысы *:

28




есеп

ДҒЗЖ

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы **:

28




есеп




Докторлық диссертацияны орындау

15







ОҚТ барлығыы

кемінде 34

Қорытынды аттестаттау (ҚА):

КЕ

Кешенді емтихан

1







ДДРҚ

Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау

4







ҚА барлығы

5










Жиыны

кемінде 75

 

Е с к е р т пе

* Білім беру бағдарламасының бұл компоненті бейінді докторлық білім беру бағдарламасына кіреді

** Білім беру бағдарламасының бұл компоненті докторлық ғылыми-зерттеу және оқыту білім беру бағдарламасына кіреді

*** Практикаға бөлінетін кредиттер санын ЖОО өзі айқындайды және жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдегі № 647

бұйрығына

7-қосымша



Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша

магистратураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы



жүктеу 5,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау