015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)



жүктеу 5,68 Mb.
бет1/33
Дата25.05.2018
өлшемі5,68 Mb.
#16926
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


2015 жылғы 31шілдедегі № 647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 12007 болып тіркелді)


Медициналық және фармацевтикалық

мамандықтар бойынша мемлекеттік

жалпыға бірдей міндетті стандарттар

мен үлгілік кәсіптік оқу

бағдарламаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Мыналар:

  1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  3. осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша магистратурның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  4. осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратурның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  5. осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;

  6. осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;

  7. осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;

  8. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес медициналық мамандықтар бойынша резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.


  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің

міндетін атқарушы


Б. Нұрымбетов

Келісілді



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

міндетін атқарушы

________________ Т. Балықбаев

2015 жылғы _______________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдегі № 647

бұйрығына

1-қосымша


Медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты




  1. Жалпы ережелер

1. Осы медициналық мамандықтар бойынша докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың даярлық деңгейін және 6D11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтары бойынша академиялық дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:


  1. дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы, дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;

  2. докторантура - философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

  3. докторант - докторантурада білім алушы адам;

  4. докторлық диссертация - теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген не оны енгізу елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдері берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;

  5. кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

  6. құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;

  7. постреквизиттер - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;

  8. пререквизиттер - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер.

2. 6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтың медициналық мамандықтары бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның және аккредиттелген ғылыми әріптес ұйымдармен сәйкес келетін бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын орындау және зерттеу базаларын ұсыну жөніндегі ынтымақтастық туралы шарттың негізінде жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) іске асырады.

3. Қазақстан Республикасының ЖОО-лары:

1) осы Стандартқа және докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

2) академиялық күнтізбеге;

3) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;

4) оқу жұмыс жоспарларына;

5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

6) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлауды жүзеге асырады.



жүктеу 5,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау