[]



жүктеу 10,94 Mb.
бет37/93
Дата18.02.2020
өлшемі10,94 Mb.
#29313
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93

Функционалдық пернелер


  • Ғ1- анықтама алу

  • Ғ2- қолданушы командаларының менюін шығару

  • Ғ3- файлды қарау

  • Ғ4- файлды редакциялау

  • Ғ5- файлды көшіру

  • Ғ6- файлды немесе каталогты тасымалдау

  • Ғ7- каталогты құру

  • Ғ8- файлды немесе каталогты жою

  • Ғ9- NC менюін шақыру

  • Ғ10- NC программасынан шығу

Панельдерді басқару үшін белгілі бір функциональды пернелер мен әріптік пернелер комбинацияларын қолдануға болады:

  • Ctrl+О- Тақталарды экраннан алып тастау не қайта орнату

  • Ctrl+Р- ағымдағы емес тақтаны экраннан алып тастау не қайта орнату

  • Ctrl+U- тақталардың орындарын ауыстыру

  • Ctrl+ Ғ1- Сол жақ тақтаны экраннан алып тастау не қайта орнату

  • Ctrl+Ғ2- Оң жақ тақтаны экраннан алып тастау не қайта орнату

  • Alt+Ғ1- Сол жақ тақтаға басқа диск атауын орнату

  • Alt+Ғ2- Оң жақ тақтаға басқа диск атауын орнату

  • Shift+Ғ4- Файлды құру. Файл аты сұхбат терезесінде сұралады.

NC жүктеу

Командалық жолда NC теру



NC шығу

[F10] пернесін басу Иә



Көмек алу

[F1]  көмек алу экраны  меню пунктің таңдау  [Enter]

Далее - келесі көмек экранына өту

Назад - алдыңғы көмек экранына көшу

Указатель - NC анықтамасының мазмұнын шығару

Отмена - Көмек режимінен шығу



Терезелер арасында ауысу [Таб]

DOS программасын және командаларын жүктеу

Файла-программа атын немесе команданы теру  [Enter]



Каталогты ашу

Каталогты белгілеу  [Enter]



Каталогтан шығу

" . . " ерекшелеу  [Enter]



Дискіні ауыстыру

[Alt+F1] - сол жақ тақтадағы дискіні ауыстыру

[Alt+F2] - оң жақ тақтадағы дискіні ауыстыру

Ағымдағы диск туралы ақпаратты шығару- [Ctrl+L]

Команданың орындалу нәтижесін көру - [Ctrl+O]

Бұрын енгізілген командаларды шығару- [Ctrl+E]

Тақталармен жұмыс

[Ctrl+O] -тақтаны экранға шығару/алыпт астау

[Ctrl+P] - бір тақтаны(ағымдағы емес) экранға шығару/алып тастау

[Ctrl+U] - тақталар орынын ауыстыру

[Ctrl+F1] - сол жақ тақтаны экранға шығару/алыпт астау

[Ctrl+F2] - оң жақ тақтаны экранға шығару/алыпт астау

Егер [Alt] пернесін бассаңыз, онда соңғы жол өзгеріп кетеді. Онда [Alt+F1] - [Alt+F10] пернелерінің комбинациясы туралы ақпарат көрініп тұрады, [Ctrl] үшінде осылай.

Тышқанды қолдану

файлды немесе меню жолын таңдау.

файлды топқа қосу – тышқанның оң жағын басу.

тышқанның сол жағын екі рет шерту [Enter] пернесін басқанмен бірдей.

Сол жақ және оң жақ батырмаларды бірдей басу [Esc] пернесін басқанмен бірдей.

тақтаның төменгі/жоғарғы бөліктеріне басу тақтаны “айналдырады”.


Файлдармен жұмыс


Таңдау:

файл  [Ins]

файлдар тобы  [+]  маска (мысалы *.*)  [Enter]

Таңдауды болдырмау:

жеке файл  [Ins]

файлдар тобы  [ - ]  маска  [Enter]

Таңдалған файлған жасалатын әрекеттер

[F5] – көшірмесін алу

[F6] – басқа каталогқа ауыстыру, атын өзгерту

[F8] - жою



Файлды көру - [F3]

Файлда қозғалу үшін , , , , PgUp, PgDown, Home, End пернелері

[Ctrl+Home] – файл басына

[Ctrl+End] - файл соңына



Дискіде файлды іздеу ("жылдам")

[Alt+F7]  файл аты



Файлдарды жылдам қарау

Файл атауын ерекшелеу  [Ctrl+Q]



Файл құру

[Shift+F4]  файл аты



Файлды редактрлеу- [F4]

- Курсорды жылжыту

[], [], [], []

[PgUp], [PgDn] – бір бет жоғары, төмен

[Home], [End] - жолдың басына, соңына

[Ctrl+], [Ctrl+] – бір сөз оңға, солға

- символдарды және жолдарды жою

[Del] – курсор позициясынан

[BackSpace] – курсордың сол жағынан

[Ctrl+Y] – жолды жою

- блоктармен жұмыс

[F3]) – блокты ерекшелеу

[Shift+F3] – блокты ерекшелеуден бас тарту

Файл туралы ақпаратты шығару

Толық:


[F9]  сол жақ  толық формат - сол жақ тақта үшін

[F9]  оң жақ  толықформат - оң жақ тақта үшін


        1. Қысқа:


[F9]  сол жақ  қысқа формат - сол жақ тақта үшін

[F9]  оң жақ  қысқа формат - оң жақ тақта үшін



Файлдар тізімін сұрыптау реті

[F9]  сол (оң)  аты  [Enter] – атауы бойынша сұрыптау

[F9]  сол (оң)  тип  [Enter] - кеңейтілуі бойынша сұрыптау

[F9]  сол (оң)  өлшем [Enter] - өлшемі бойынша сұрыптау

[F9]  сол (оң)  уақыт [Enter] - құрылу уақыты бойынша сұрыптау

Файл атрибуттарын өзгерту

[F9]  файл  файл атрибуттарын орнату

Каталогтармен жұмыс


Каталог құру

[F7]  каталог атауын енгізу  [Enter]



Каталогты жою

Каталог атауын белгілеу  [F8]



Каталогтар бұтағын қарау

[F9]  командалар  каталогтар бұтағы немесе [Alt+F10]



Каталогтарды салыстыру

[F9]  командалар каталогтарды салыстыру



Дискеттермен жұмыс


Дискеттерді форматтау(көшірмесін алу)

[F9]  Диск  Форматировать (копировать)


NC менюі


Жоғарғы менюмен жұмыс

менюге ену [F9]

менюден шығу [Esc]

меню туралы анықтама(пунктер бойынша) [F1]



NC конфигурациялау

- [F9]  командалар  конфигурация



- қолданушы менюін құру: [F2]  [F6]  команда / меню


Таратпа материалдар:
1-нұсқа.

  1. Экранда С: \NC каталогының мазмұнын көру.

  2. С: дискiнiң NC каталогынан NC.MNU файлын осы дискiнiң түпкi каталогына көшiрiңiз.

  3. Түпкi каталогтағы NC.MNU файлының атын NOR.MEN атына ауыстырыңыз.

  4. NOR.MEN файлының аатрибуттары туралы информацияны экранға шығару.

  5. С: дискiнiң түпкi каталогындағы NOR.MEN файлын алып тастау.


2-нұсқа.

  1. С: дискiндегi WORK каталогының мазмұнын көру.

  2. С: дискiндегi FORMAT.COM файлын табу.

  3. С: дискiндегi FORMAT.COM файлын А: дискiнiң WORK каталогына көшiру.

  4. FORMAT.COM файлының атын FOR.COM атына ауыстыр.

  5. WORK каталогын жою.


3-нұсқа.

  1. А: дискiндегi ТТТ каталогның мазмұнын көру.

  2. С:\NORTON\NC.MNU және C:\TP7\ESEP.PAS файлдарын А: дискiндегi ТТТ каталогына көшiру.

  3. ТТТ каталогындағы ESEP.PAS файлының атын PROG.PAS –пен өзгерту.

  4. А: дискiнiң түпкi каталогының мазмұнын көру. ТТТ каталогын жою.

  5. С: дискiндегi NC.MNU және ESEP.PAS файлдарын алып тастау.


4-нұсқа.

  1. С: дискiнiң NORTON каталогынан NC.MNU, NE.COM, NE.EXE файлдарын А: дискiнiң түпкi каталогына көшiру.

  2. А: дискiде BAS каталогын құру.

  3. NC.MNU, NE.COM, NE.EXE файлдарын А: дискiнiң түпкi каталогынан BAS каталогына көшiру.

  4. BAS каталогын жою.


5-нұсқа.

  1. А: дискiнiң BASIC каталогына BAX ішкі каталогын құру.

  2. BASIC каталогынан GWBASIC.EXE файлын BAX ішкі каталогына көшіру.

  3. BAX каталогының мазмұнын көру.

  4. BAX каталогын жою.


6-нұсқа.

  1. А: дискiде МАРР каталогын құру.

  2. А: дискiнiң түпкi каталогынан PROG.BAS файлын құрылған каталогқа көшiру.

  3. PROG.BAS файлын МАРР каталогына ауыстыру.

  4. МАРР


7-нұсқа.

  1. А: дискiде МАРР каталогын құру.

  2. С: дискісіндегі BASIC каталогының атын BAS-қа ауыстыру.

  3. С: дискісіндегі BAS каталогының мазмұнын панельге шығару.

  4. BAS каталогының барлық файлдарын МАРР каталогына көшiру.

  5. BAS каталогын жою.


8-нұсқа.

  1. А: дискiнiң түпкi каталогында DRUG каталогын құру.

  2. С: дискісіндегі BAS каталогынан PROG.BAS файлын құрылған каталогқа көшiру.

  3. DRUG каталогының мазмұнын көру.

  4. DRUG каталогын жою.



9-нұсқа.

  1. С: дискісінің каталогтар ағашын шығару.

  2. С: дискісінде BASIC каталогын құру.

  3. BASIC каталогына ТР каталогынан кез келген 4 файлды көшіріп жазу.

  4. Көшірілген бір файлды жою.

  5. Бір файлдың атын өзгерту.


10-нұсқа.

  1. А: дискiде МА каталогын құру.

  2. С: дискісіндегі ТР каталогының атын ТР7-ге ауыстыру.

  3. С: дискісіндегі ТР7 каталогының мазмұнын панельге шығару.

  4. ТР7 каталогының барлық файлдарын МА каталогына көшіру.

  5. МА директориін алып тастау.



Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.

  4. Ефимова О., Морозова В., Угринович Н. Курс компьютерной технологии с основами информатики. Учебное пособие. М., 1999

  5. IBM PC для пользователя В. Э. Фигурнов., изд. М, 1998 г.

  6. Камардинов О.А., Информатика Алматы, 2002


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №8
Тақырыбы: MS WORD мәтіндік процессоры
Мақсаты: Word текстік процессорымен танысу. Word столының элементтері. Құжат жасауда менюді пайдалану. Жаңа құжат жасау. Тексті теру, редактрлеу, абзацтарды форматтау. Құжатты сақтауды үйрену
Тапсырмалар:
1-тапсырма

Жаңа құжат құрыңыз. Құжатты өз есіміңізбен Мои документы папкасында сақтаңыз. Үлгі№1-де көрсетілген мәтінді теріңіз. Құжатты сақтаңыз. Файлды жабыңыз.



2-тапсырма

Сақтаған құжатыңызды қайта ашыңыз. Абзац соңынан бастап Үлгі №2- де көрсетілген мәтінді теріңіз. Құжатты қайта сақтаңыз.


Сұрақтар:

  1. Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру жолдарын атап, көрсетіңіз

  2. Word мәтіндік редакторында құжатты сақтау жолдарын атап, көрсетіңіз

  3. Форматтау құралдар тақтасының элементтерін атаңыз

  4. Стандартты құралдар тақтасының элементтерін атаңыз

  5. Word мәтіндік редакторының терезесінің элементтерін атаңыз


Тапсыру формасы: Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып, таратпа материалда ұсынылған өз нұсқаңызды таңдап орындаңыз. Орындалу жолын СОӨЖ дәптеріңізге жазып, оқытушыға түсіндіріңіз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулық:

Тапсырманы Зертханалық жұмыс №15-те көрсетілген әдістемелік нұсқауға сүйене отырып орындаңыз


Таратпа материалдар:
1-нұсқа

Үлгі№1:

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.


Үлгі№2

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.


2-нұсқа

Үлгі№1

Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын "оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;

Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi".


Үлгі№2

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Жалпы, педагог – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты.

Бiрiншiсi - педагогикалық бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру .
3-нұсқа

Үлгі№1

Факторлар жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды.

Бірінші – педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндiктерiн, ақпараттық мәдениетiн дамытуда бағытталған бiлiктiлiк көтеру курстары. Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып, сол бағдарлама бойынша бiлiм беру ұйымдарының өзiнде жұмыс бағдарламалары жасалып, облыстық, республнкалық Мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет. Ол курстарды ұймдастырушылар мен онда дәрiс оқитын педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру - ол өз aлдына бөлек әңгіме.

Екiншiсi - бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талантар. Талан қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлiк - библиографиялық сауаттылығы мәселесi, ұйымдағы педагогикалық қауымдастық, педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестi модернизациялауға деген ұмтылыc, aқпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, қызығушылық мәселелерi де өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз. Тағы бiр айта кeтeтін мәселе –педагог-кадрларды мерзiмдi аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесiне aқпараттық мәдениет деңгейiн есепке алуға негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет.

Үшінші – білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы. Республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді. Бірақ осы уақытқа дейінгі шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткеніндей, білім беру ұйымдарын компьютерлермен толық қамтамасыз ету ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шеше алмайды. Сондықтан дәл қазіргі таңда ең маңыздысы-алдыңғы екі фактор.

Сонымен, aқпараттық - коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға байланысты педагог – кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айнальш отыр. Бұл маңызды мiндеттi шешпейiнше, бiлiм беру ұйымдарының техникалық базасын нығайтy, компьютерлердi желiлерге қосу, электронды оқу құpалдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейдi. Бұл -өте күрделi, ауқымды мәселе, сондықтан оның нормативтiк, ұйымдастырушылық, гылыми - әдiстемелiк және оқу - әдiстемелiк жақтарына тоқталып өтпеске болмайды.

Педагогикалық бiлiм берудiң нормативmiк базасы (бiлiм берудiң мемлекеттік стандаpттары мен оқу пәндерінің типтiк бағдарламалары) бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы басым бағыттарын белгiлi бiр дәрежеде бейнелей алуы тиiс.

Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқараттық - коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

- орта және жoғары кәсiптiк оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық - коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;

- бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.

Мәселенің ғылыми-әдістемелік жағы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылғының қажеттi деңгейiн анықгаумен және сол деңгейге жетyдi қамтамасыз eтeтiн негiзгi (студенттер үшiн) және қосымша (мұғалiмдер үшiн) бiлiм беру бағдарламаларын жасаумен байланысты.

Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.

Зерттеулерде мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген: 1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық жүйелермен алғашқы танысу;

2) Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың жеке түрлерiн терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын қалыптастыру;

3) Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.



Үлгі№2

Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы құрылымдарымен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi. Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға (жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлiк желi құрады.

Компьютерлік желі дегенiмiз - ресурстарды (дискi, ­принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиiмдi пайдалану максатында бiр-бiрiмен байланыстырылған компьютерлер. Желi жұмыс жасау үшiн арнайы аппараттық жене программалық жабдықтар болуы қажет. Желi арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.


4-нұсқа

Үлгі№1

Компьютерлiк желiлер масштабы мен мүмкiндiгi бойынша ерекшеленедi. Ең шағын желiлер жергiлiктi деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат қурылрылар) тиiмдi пайдалану мақсатында құрылады.

Компьютер желiге желiлiк тақташа, модем немесе жоғары жылдамдқты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютердi желiге телефон желiсi apқылы қосу үшін желiлiк тақша емес модем қажет.

Жергiлiктi есептеуiш желiлер - саны шектеулi (әдетте 100 дейiн) компьютерлердi бiр ұйым немесе мекеме iшiнде біріктіру үшiн қолданылады. Жергiлiктi есептеуiш желi шектеулi аймақтағы (бiр бөлмеде, бiр мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлердi бiрiктiредi. Мекемелердегi жергiлiктi желі әр түрлі бөлiмдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшiн құрылады.

Жергiлікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерденқұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндік бар.

Телекоммуникациялық желiлердiң аппараттық қамтамасыз eтiлуі әр түрлi типтегi компьютер, байланыс құрылғыларыры, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бiрдей немесе әр түрлi деңгейде желiлер жұмысын үйлестiруге арналған адаптерлiк құылғлардан тұрады. Телекоммуникацияльщ желiлерде ақпаратты жiберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық жене спутниктiк жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректердi аналогтық жене цифрлық кодтау қолданылады.

Телекоммуникациялық желiлердiң ақпараттық қамтамасыз етiлуi - желi шешетiн меселеге бағытталған бiртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер житығы. Онда бiлiм базасы, автоматтандырылан деректер базасы (жергiлiктi жене тарқатылған, қоғамдық және дepбес пайдалануға арналған) қамтылған.

Интернет желiсi әр түрлi масштабтағы желiлердің өзара бiрiктiрiлyi мүмкiн. Мысалы, кабельмен жаластырылған жергiлiктi желi аймақтық желiге, ал әр түрлi аймақтық желiлер телефон желiсi арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желiаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдiк желiлердi пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелiк байлaныс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды cepіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз eтледі.. Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына түрлендiредi. Әр түрлi масштатағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар, елдер және континттер apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi. Aқымды желi немесе Интерпет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетiстiктерiнiң бiрi.

Интернет - (aғылшынша Internet - желiаралқ байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы.

Мысалы: жергiлiктi желi арқылы жiберiлген хабар, басқа континентте пайдаланушығa жетпес бұрын бiрнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.



Үлгі№2

Интернетке байланыстың кең мүмкiндiгiн қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративтi желiге рұқсат етiлмеген сырттан қосылудан қрғау меселесi туындайды. Осындайда шлюздiк компьютер желi әкiмдiгi рұқсат берген ақпаратты ғана өткiзудi қамтамасыз eтетін бранмауэр рөлiн атқарады.

Интернет - компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданы­латыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көpceтeтiн 2 млн-нан астам тораптық, компьютерлердi қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отырады .

Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi.

Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).

Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.


5-нұсқа

Үлгі№1

Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін құрылғы.

Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тара­ту жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.

Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.

Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.

Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct СаЫе Connection (DCC) - тiкелей кабельдiк жалгау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ: компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.

Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi - жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.

Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi - дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде сирек қолданығранымен, ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.

Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл Жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.

Жергiлiктi желiнiң eкіi түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер - жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.

Сервер - opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.


Үлгі№2

Мұндай желiде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискiлер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.

Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір ­мғрынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортқтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекше­лiгi - онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.

Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары үшiн cepвepдiң қызметiн атқара бередi. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows 2000 операциялық жүйесi арқылы басқарылса және шалғай құрығры ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.


6-нұсқа

Үлгі№1

Windows 2000 операциялық жүйесi оpтақ пайдалануға арналған дepeктepдi кез келген компьютердi пайдалануына толык мүмкiндiк бередi. Мұндай басқаруды - жүйелiк саясат немесе жүйелiк ереже деп те атайды. Жергiлiктi желiдегi жұмыстарды басқаруға жауапты және жүйелiк саясатты реттейтiн маманды - жүйе басқарушысы немесе жүйелiк әкiм (администраторы) деп атайды.

Жергiлiктi желi топологиясы жергiлiктi желiдегi компьютерлердiң бiр-бiрiмен геометриялык байланысу тәсiлi топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бiрнеше түpi бар:

1. Ең қарапайым топология түpi - шина . Мұндай желiде барлық компьютерлер тiзбектi түрде бiр кабельге жалғанады.

2. Caқинa топологиясы деп аталатын желi байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрiндегi кабельге жалғанады

3. Файлдық серверлерге негiзделген желiде компьютерлер бiр­-бiрiмен жұлдыз схемасы түpiндe жалғанады.

4. Құрылғандардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желi топологиясын мекеме­нiң қажетiне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке cepвepiн байлaныстыратын бүкiл мекемеге ортақ бiр сервер берiлiп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбiнесе осы топологияны пайдалaнған тиiмдi.

Жергiлiктi желi атқаратын қызметі мекемеде Windows 9х, Windows 2000 Profesional жене Windows NT W orkstation операциялық жүйелерi орнатылған бiрнеше компьютер болса, олардыжергiлiктi желiге коскан орынды.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:


  • Ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекупен жұмыс істеуі;

  • Бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

  • Электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

  • Желілік принтерлерді бірлесіп пайдалау;

  • Интернетке қосылу мүмкіндіктері;

  • Ақпараттың резервтік көшірмесіналу және орталықтандырылған қорғау.

Бiр рангiлi желi құру үшiн жоғарыда aйтылған операциялық жүйелерi бар стандартты программалық жене желiлiк жабдықтар (кабельдер, желiлiк адаптерлер) қажет. Тек MS- DOS операциялық .жүйесiнде жұмыс iстейтiн компьютерлердi Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейiн желiге қосуға болады.

Үлгі№2

Бiр-бiрiне жақын орналасқан бiр рангiлi желiге қосылған бiрнеше компьютер жұмыс топтарына бiрiктiрiледi. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескеру қажет, мыcлы, бухгалтерия бөлiмi компьютерлерiн «Бухгалтерия тобына» т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент)қызметiн атқара алады. Жұмыс тобының мүшелерi өз компьютерлерiне қосылған ресурстарды өздiгiмен ортақтаса пайдалануға бередi. Жұмыс тобына арналғFан тіркеу жұмыстары жүргiзiлмейдi, себебi мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлердi орталықандыpлған басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi басқаруымен жұмыс iстейтiн әрбiр компьютер өзiнiң қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.

Желiдегi компьютерлер санының артуына (10 apтық) қарай мәлiметтердi тасымалдау қиындaй түceдi. Мұндай жағдайда cepвepi бар желi құрып, компьютерге ресурстар мен тұтьшушыларды орталықтан басқару мүмкiндiгiн беретiн қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесiн орнатқан абзал.

7-нұсқа

Үлгі№1

Ортақ деректер базасының каталогi, желiлiк ресурстар мен бiрыңғай қорғаныс саясатын бөлiсудiң орталықтандыpлған тәсiлi бар компьютерлер тобының домен атауы болады.

Әрбiр дoмeнгe жеке ат берiледi. Доменнің деректер базасы каталогi домен бaқылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбiр доменде тек бiр ғана негiзгi бaқылаушысы болады. Mүмкiндiгiншe бiр немесе бiрнеше резервтiк домен бақылаушы болғаны дұрыс.

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi әр түрлi қызмет көpceтeтін бiр пайдаланушығa арналған станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьтер желiге қосылғаннан кейiн бiрiншi рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) cepвepiн іздейді. ­Мұндай типтегi серверлер компьютерлерге желiде бiрiн-бірі табу үшiн адрес меншiктейдi. Егер желiде DHCP cepвepi ­онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан компьютерлердi анықтай алатын режiмге ауысады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi орнатылған компьютерлер кейiнiрек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмдi IР-адрестеу (Automatic IP-addressiing) деп атайды.

Желiдегi компьютерлер жұмысын программа басқарады, барлық компьютерлердiң бiр-бiрiне жiберетiн және қабылдайтын ақпараттары араласпай, тиянақты жеткiзiлу үшiн, олар бipтілмен – ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Компьютерлердің бiр-бiрiмен байланыс жасау ережесi желілік хаттама деп аталады.

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi aқпарат тасымалдау жылдамдығы жоғары желiмен жұмыс істeyгe мүмкіндік бередi. Транспорттық хаттаманы таңдау желi топологиясына байланысты. Мicrosoft фирмасы мекеме iшiнде желiмен жұмыс істеу үшiн TCP/IP хаттамасын қолдануды ұсынады. NetWare бар жергiлiктi жeлiлерде пакеттердi желi белiктерi және тор арасында маршрутизациялау мүмкiндiгiн беретiн IPX/SPX (Internet Packet ExchangejSequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады. Мicrosoft фирмасының 3Соm компаниясымен бірігіп құрғaн Point-to-Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы: арқылы ceнiмдi байланыc құpy мүмкiндiгiн бередi. РРТР тутынушылардың Интернет арқылы корпоративтi байланысқан кезде «туннельдi» ұйымдастыру үшiн қолданылады. Мекеме aқпаратты жоғалтып алмау мақсатында ayқымды инфрақұрылымды құру қажеттiлiгiнен құтылады. жуырда корпорация осы хаттаманың бірқатар кеңейтүлерiн шығарды.

Windows 2000 - корпоративтiк жеке меншiк ұйымдастыpуға арналған бірқaтар жаңа хаттамаларды қамтамасыз етедi: L2TP (Layer 2 Tunneling Protocol - екiншi деңгейлі туннельдiк хаттама), IPSec (Internet Protocol Security –Интернеттегі қayiпсiздiк хаттамасы) жане EAP(Extensible Authentication Protocol - аутентификацияны кеңейту хаттамасы).

Active Dirесtoгу - үлкен жергiлiктi желi әкімнің (администратор) жұмысын жеңiлдетедi, пайдаланушының бар eкeнiн (аутентификация) құрылғылары және ресурстарра қатынасты басқару есебiнен ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Active Directory - ақырғы пайдаланушының дербес iздеу, қажеттi аппараттық ресурспен және желiге бiр рет қосылу процесi шеңбе­piндe қосымшалармен қатынас құруын жеңiлдетедi. Ол қосымша­лар мен жүйенiң аппараттық бөлiмiндегi конфигурацияларда қолданылатын жұмыс үстелiнiң баптау параметрлерi жөнiнде деректердi сақтайды. Осылай пайдаланушылар айқындылығын, түci, қағаз пiшiмi, екiжақты баспаға шығару мүмкiндiгi сияқты белгiлi бiр қасиеттерi бойынша принтерлердi iздей алады. Мысалы, PowerPoint программасында дайындалған көп беттен тұратын таныстыру кiтапшасын баспаға шығару қажет болса, активтi каталог желiге қосылған жылдам басатын түрлi түcтi принтердi iздеу мүмкiндiгiн бередi. Iздеудi жылдамдату үшiн Active Directory­де әрбiр объектiнiң бiрқатар атрибуттары кipeтiн ауқымды каталог (Global Catalog) к.олданылады. Желi әкiмi (администратор) ауқымды каталогке сақтау үшiн өз атрибуттарын бере алады. Атрибуттардың типтерi iздеудi жеделдету мақсатында индекстеледi. Ауқымды каталогпен қатынас құру мүмкiндiгi шектеулi кезде, әкім доменi тобына кiрмейтiн пайдаланушылар желiге тiркеле алмайды .



жүктеу 10,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау