183
деп бастауы дін мұсылман баласының арман-мұраты Жаратушымен бірлікте ғана баянды
болатынын аңғартқан болатын. Жырау енді бірде:
Алла деген ар болмас,
Ақтың жолы тар болмас.
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес [1,97], –
деп адамгершілік өлшемі Аллаға шексіз берілген амал-әрекеттермен негізделенетінін
тұжырымдап, ихсанды толық түсіндіреді. Шал ақынның өлеңдерінде де Жаратушы Иенің
бірлігіне, Оның құдіретіне иман ету басты парыз саналғанын аңғару қиын емес.
Тілеймін бір құдайдан әуелі иман,
Айрылсам иманымнан көрге сыйман,
Бере гөр тілегімді, Хақ Тағала,
Құдай – ау, құдіретіңе жаным құрбан [2,95], –
деген өлең жолдары ақынның қандай істің бастауында да Алла Тағала тұратынын
терең түсіндіре алғандығын көрсетеді. Бұл жолдарды Мәшһүр Жүсіп:
Аузыңда болсын дайым Құдай сөзі,
Таймасын қарарлықтан көңіл көзі.
«Бір!» деп, «бар!» деп илану – бізге парыз,
Ғаламға он сегіз мың патша – өзі! [3
,
126] –
деп салмақтай түседі. Аллаға деген іңкәрлік, он сегіз мың ғаламның Иесінің құдіретіне бас
ию
қазақ
әдебиетінің
алтын
ғасырына
баланған
мезгілдегі
ақын-жыраулардың
шығармаларында да өрісін кеңейтті.
Қазақ зиялыларының басым бөлігі, соның ішінде ақын-жыраулар ұлттық құндылықтарды
сақтап қалудың жолын ислам дінінің аясынан іздеді. Қазақтың қабырғалы ойын айтып,
ақыл-дариясының қазынасына айналған Абайдың алдағы тірліктің тынысын:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас [4,212],
– деп Жаратушының жалғыздығын танытудан бастауы бекер емес. Алланың
құдіретін танып, Оған мінәжат ету сарыны ХІХ ғасырда өмір сүрген сөз зергері Ақтан
Керейұлының толғауында:
Лә-илаһа ил-Алла –
Мұхамед-Расул Алла –
Дәлелім мағруф Құраннан.
Фазылың артық Құдайым,
Бір өзіңе жылайын[5,181], – деп кәлимамен айтылған.
Адамды адамнан ерекшелейтін жалғыз қасиет жүрегінің имани нұрында, көкірек
көзінің сәулесінде. Пендеге екі дүниеде де азық болар дүние-пәни жалғандағы адамгершілік
іс әрекеті. Тән азығын ғана емес, жан азығын алуға амал еткен пенденің иманы кәміл,
көкірегі сәулелі. Иман нұры – еш нәрсемен өлшенбейтін, еш нәрсеге теңелмейтін иллаһи
қасиет. «Иман – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып тылсым қазына. Ұлы
Жаратушы әу баста айналасына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, иман етсін,
Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің алдында таңғалып, бас исін деп
мына дүниеге жіберген. Демек, Иман – адамның жаратылуының мән мағынасы, мына
дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты» [6, 3].
Діни-ағартушылық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі Ақмолла Мұхамедиярұлы адам
баласының рухани құндылықтарының түп темірқазығы имандылықтан бастау аларына
былайша тоқталған болатын:
Ең әуелі керек нәрсе иман деген
Ақырет істеріне инан деген
Құдая, кешір дегенмен іс бітпейді,
184
Иман шартын үйренбес аюан деген [7, 184].
Сөз өнерінде өрнекті өлеңімен ойлы тұжырым жасаған Әріп Тәңірбергенов те:
Сұйық па, иман қандай я кесек пе,
Не түрлі: мал ма, пұл ма, жанға есеп пе?
Иман деп не нәрсені айтпақ керек,
Жеуге тамақ, мінерге ат па, есек пе?
Ей, ғапыл, иман демек, шынға нанбақ,
Шындықты нысап тұтып көңілге алмақ.
Жүректі адалдыққа анық байлап,
Тартынып арамдықтан таза қалмақ...
Осындай шын ниетпен қылсаң пікір,
Жүрекке тұтпақ керек шындық пікір.
Жолынан әділдіктің айнымасаң,
Иман деп соны айтады сансыз шүкір [8,177], –
деп жан дүниенің байлығы иман нұрымен ғана бағаланатынына тоқталады. Жаратушының
жалғыздығын тану, шын сезіммен сүю, Оған мойынсұну - өзін мұсылман санайтын Алла
құлының амалы. Аллаға құлшылық еткен пенденің жан тебіренісі, Жаратушы Иеге деген
іңкәр сезімі ақын-жыраулардың мінәжат өлеңдерінде терең көрініс тапқан. Дін
тақырыбындағы басқа шығармалардан айырмашылығы мінәжат өлеңдері Алладан жәрдем
тілеп, құлшылық ету сарынында айтылады. Осы сарындағы өлеңдер әсіресе Сыр өңірі мен
батыс аймақтағы сөзден салтанат құрған ақындардың шығармаларында жиірек кездесетінін
айта кеткен абзал. Тұрмағамбет ахунның төмендегі «Мінәжат» атты өлеңі осы пікірімізге
дәлел бола алары анық:
Серігің жоқ бір, Алла,
Өлмейтін тіпті тірі, Алла.
Осыншаны халық еткен,
Құдіреті күшті ірі, Алла.
Қалайда да құлыңның,
Өзіңе мағлұм сыры, Алла.
Тәубе, тауфиқ бермесең,
Кеуілімді басты кір, Алла.
Сол кірлерді кетіріп,
Ойыма орнат нұр, Алла [9, 140].
Шайыр әр істің де бастауында бір Алла тұрарына, адам баласының басар қадамы
Жаратушыға ғана аян екенін әрдайым еске салады. Тылсым дүниенің бар сыры, адам үшін
жұмбақ әлемнің құпиясы Оған ғана белгілі екенін жүрекке ұйытады. Тағы бірде ізгі
амалдарды тек басқа қиыншылық туған сәттерде ғана бастамай, сау-саламат шақта талпыну
қажеттігін «Аллаға» атты өлеңінде:
Алла – деп алаңдықты қойып енді,
Дін қамын ден сауында дос көріңдер.
Тартымсыз тірілікке талтаңдамай,
Асылында, алдын ойлар ескерімді ер [9,67].
деп ескертеді. Жалпы, Алла Тағалаға мінәжат ету сарыны-ақын-жыраулар поэзиясындағы
арнайы зерттеу нысанына айналуы тиіс кең тынысты тақырыптардың бірі. Адамның өзінің
Иесіне деген ең ізгі амалдары оның жүрегіне ұйытқан құлшылығынан бастау алады. Ел
басына күн туған небір алмағайып замандарда ақын-жыраулар толғауларынан Алладан
көмек сұрау, медет тілеу сарыны айқын аңғарылады.
Мұсылманшылықтың қасиетті парызы намаз жөніндегі аяттарды да ақын-жыраулар
ерекше ықыласпен уағыздап, елді имандылыққа шақырды. Белгілі дінтанушы түрік ғалымы
Сафвет Сених өзінің «Құлшылық құпиясы» атты еңбегінде намаздың мәні мен құдіретін
төмендегіше тұжырымдаған болатын: «Адам-ғаламның кішірейтілген нұсқасы. Ғаламдағы
барлық нәрсенің бір үлгісі адам бойында да бар. Құрандағы негізгі ұстанымдардың бір ғана
Достарыңызбен бөлісу: |