[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет89/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   164

177 
 
бейнелейтін  сахналық  шығарма.  Комедияға  адамның  мінезі,  іс-әрекеті  күлкілі  жағдайда, 
қандайда  бір  ерсілік,  оғаштық  танытатын  тұстарда  көрсетіледі.  Нағыз  көркем  шығарманың 
негізінде  терең  әзіл  жатады»  [1],  –  деген  анықтама  беріліп,  көркем  комедияның  жанрлық 
табиғаты айқын да ашық көрсетіледі. 
Комедияның  пайда  болуы  туралы  академик  З.Қабдолов:  «Комедияның  басы  да, 
трагедия  сияқты,  баяғы  Дионис  мейрамында  жатыр.  Өлген  «текенің»  қайта  тірілуін  көне 
гректер  енді  комедиямен  «комос»  –  көңілді  топ,  «оде»  –  ән»,  яки,  көңілді  әнмен,  қызық 
бимен,  күлдіргі  ойындармен  құттықтаған.  Кейін  шын  мәніндегі  театр  өнеріне  айналған 
комедия  да  дүниеге  о  баста  осылай  келген»  [2],  –  деген.  Мұнда  комедия  сөзінің  негізгі 
мағынасына келетін тұжырымдар бар. 
Біріншіден:  комедия  алғашқы  кезде  қоғамдық-әлеуметтік  мәселелерді  суреттеуді 
көздемеген.  Ол  көңіл  көтеру  мақсатын  бірінші  кезекке  қойған.  Бұған  ән,  би  күлдіргі 
ойындардың араласып отырғаны айтылған. Екіншіден: бұл комедия мейрам кезінде туғанына 
назар аударылған. Белгілі ғалым Р.Нұрғали «комедияның алғашқы белгілері ежелгі Грецияда 
шарап  тәңірісі  Диониске  құрмет  көрсетуге  арналған  ойын-сауықтан  басталған»[3]. 
Комедияның  ойын-сауықтық  функция  атқарғанын  аңғартқан.  Комедияның  басты  белгісі 
ретінде  «Дараланған,  өзгелерге  ұқсамайтын  әр  кейіпкердің  тілі  күлкі  шақырса,  сахналық 
туындының ажары кіре бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) 
сияқты  көркемдік  құралдарды  кеңінен  пайдаланады»  деп  атап  көрсеткен.  Өмірдегі  немесе 
адам мінезіндегі негізсіздікті, Чернышевский айтқандай, «сырты бүркелген ішкі күйкілік пен 
қуыс  кеуделікті»,  жалпы  қоғам  тіршілігіндегі  кедергі  мен  кесел  атаулының  бәрін  күлкімен 
түйреп,  жерлеп  отыруға  болады.  Бұл  ретте,  күлкі  –  өмірдегі  ескі  мен  жаңаның  арасында 
болып  жатқан  күрестің  құралы.  Қазақ  әдебиетінің  тарихында    ертеден  аты  шулы  әпенді 
Қожанасырдан  күні  кешегі  өзіміздің  Мырқымбайға  дейін  юморлық  образдың  талай  көркем 
түрлерін тауып, тануға болады. Солардың қайсысын алмаңыз, адам бойындағы кемшіліктер 
ылғи ғана әзіл-әжуамен сыналған. Юморлық образдың бұл сипаты әлі күнге сол қалпында. 
Театр  үшін  комедия  жанрында  жазылған  пьесалардың  рөлі  айрықша.  Қазақтың 
мемлекеттік  драма  театры  алғаш  құрылған  күннен  бастап-ақ  өз  репертуарына  комедиялық 
шығармалар  кіргізуді  үнемі  назарда  ұстап  отырған.  Себебі,  комедиялық  спектакльдер 
көрермен  үшін  ауадай  қажет.  Жұртшылық театр  сахнасынан  үлкен  тәлім  алады.  Жекелеген 
адамдардың  бойындағы  қоғамдық  кемшіліктерді  сахналық  қойылымдардан  көріп  оны 
түзеуге тырысады. 
Әдебиет  пен  драматургияның  қай  жанры  болмасын  оның  түп  тамыры  тереңде  жатыр. 
Яғни, ұлттық аңыз әфсаналар, ауызша-жазбаша құндылықтар мен фольклорлық мұралардан 
бастау  алатыны  белгілі.  Мұның  нақтылығы  мен  дәйектілігін  еуропалық,  ресейлік  және 
отандық  ғалымдардың  көптеген  еңбектерінен  кездестіруге  болады  т.б.  «Күлкілі  жәйт 
ешкімге  қайғы  әкелмейтін  жанды  қинамайтын  қайсыбір  қателік,  қисынсыздық»,  –  деп 
жазады  Аристотель  [4,11].    Алайда,  осы  қағида  көркем  шығармада  қолданылғанда 
кейіпкерлердің  мінез  ерекшеліктері  мен  іс-әрекеттері  арқылы  түрлі  қақтығыстар  мен 
тартыстардың  орын  алатындығы  анық.  Әзілге  негізделгенмен  зілді,  нақты  айтар  ойы  бар, 
сондай-ақ,  қоғамдық  келеңсіздіктерді  метафоралық  сарында  саралаған  пьесалардың 
көркемдік салмағы ауыр болып келеді. 
Қоғамның  дамуына  орай  комедия  жанрлары  да    сан  алуан  қалыптасты:  сатиралық 
комедия,  мінез-құлық  комедиясы,  тұрмыстық  комедия,  интригалық  комедия,  лирикалық 
комедия,  тәлім-тәрбие  комедиясы,  комедия  –  буффонада,  феериялык  комедия  т.б.  Адам 
табиғаты  өзгеріп,  ұстанған  құндылықтары  да  өзгеріске  ұшыраған  тұста,  әдебиетпен  өнер 
қоғамдық  феномен  ретінде  түрленіп  отырады.  Яғни    «комедия  атасы»  атанған  Аристофан 
заманынан  бүгінгі  күнге  дейінгі,  яғни,  миллиондаған  жылдар  аралығындағы  әлемдегі 
қоғамдық  жағдайлар,  саяси  қақтығыстар,  жеке  адамдар  тағдыры  бұл  жанрдың  деңгейін 
көркемдік  тұрғыдан  биікке  көтермесе,  кері  мағынаға  ие  болған  жоқ.  Керісінше,  дәуірлік 
талаптар мен сұраныстар барысында дамып отыр. 


178 
 
Комедия  жанрына  әлемдік  көзқараспен  қарайтын  болсақ,  еуропалық  Ж.Б.Мольер, 
К.Гольдони, К.Гоцци,  поляктың С.Мрожек, Я.Гловацкий, Т.Слободзянек, орыстың реалист 
комедиографтары  А.С.Грибоедов,  Д.И.Фонвизин,  Н.В.Гоголь,  А.Н.Островский,  Салтыков 
Щедрин,  Сухово  Кобылин,  т.б.  қазақ  топырағында  Б.Майлин,  Ш.Құсайынов,  С.Жүнісов, 
С.Адамбеков, Қ.Мұхамеджановтардың қаламы арқылы комедияның  іргетасы қаланды деуге 
болады. Сол сияқты комедияның  әлемдік өнер жанры ретінде елдер мұрасын өзара үндесіп,   
бір-біріне ықпал етіп, дамитындығы да белгілі.  
Кезінде тарихы мен тағдыры тамырлас Поляк пен  Қазақ елінің де әдеби байланыстары, 
осынау  комедия  жанрында  тоғысқандығын  да  екі  елдің  бірлі-жарымды  шағын  сатиралық 
пьесаларынан-ақ  зерделеуге болады. 
ХХ  ғасырдың  ортасында  «Абсурд  театрының»    өкілі,  поляк  драматургі  С.Мрожектің 
«Каролімен»  мазмұндас    қазақ  драматургі    С.Адамбековтың  «Алтын  табақтағы  жылан» 
сатиралық комедиясы да  бар.  
Поляк  драматургі  Славомир  Мрожектің  «Кароль»  пьесасын  талдау  үшін,  ең  алдымен, 
оның қысқаша желісіне тоқталған жөн.  Аталған пьесаның негізгі үш қатысушысы бар. Олар: 
атасы,  немересі  және  көз  дәрігері  (окулист).  Пьеса  атасы  мен  немересінің  көз  дәрігерінің 
қабылдауына келумен басталады. Алғашқыда қарт адамның жасы келіп, енді тіршілік етуіне 
көзінің кемістігі қиындық тудырған  ба деген ойға келеміз. Бірақ, оқиға дами келе арқасына 
қару асынған қарттың негізгі мақсаты – әулетінің бұрыннан қалыптасқан  дәстүріне сай, кез 
келген  адамды    нысанаға  алып,  оны  ату  екенін  естігенінде,  көз  дәрігері  мұны  қалжыңға 
балап,  немересіне  адамды  атқанша,  ауаға  не  құстарға  атуға  болатындығын тілге  тиек  етеді. 
Бұл  сөзді  елемеген    атасы  мен  немересі    көз  дәрігерін    мазаққа  айналдырады.  Мұнан  кейін 
көз дәрігері  қарттың көзін тексеру үшін  әріптері  бар тақташаны көрсетіп, әріптерді көрсете 
бастайды.  Ол болса, «жоқ» деп жауап беріп, ешбір әріп көрінбегендей сыңай танытады. Көз 
дәрігері немересіне атасының көзі нашар көретіндігін айтқан кезде, немересі атасының жазу 
танымайтындығын  алға  тартып,  дәрігердің  өзіне  дүрсе  қоя  береді.  Мәселені  ұғынып,  не 
істерін  білмей  отырған  дәрігердің  көзіндегі  көзәйнегін  немересі  алып  қойып,  атасына 
кигізеді.  Көзілдірікті  кие салып, әлемді жаңа көргендей қуанған атасы арқасындағы қаруды 
алып,  көптен  бері  іздеген  нысанасы  табылғандай,  дәрігерге  кезене  түседі.    Басында, 
қалжыңдап тұр деп түсінген дәрігер, кейін атасы мен немересінің ессіз әрекеттерін көргенде, 
шошына бастайды. Өзі де нашар көретін  дәрігер екеуінен жазықсыз болса да, кешірім сұрап, 
аман  қалдыруларын  өтінеді.  Бірақ  аяушылықты  білмеген  аталы-немерелі  екеудің 
бірбеткейлігіне  көзі  жеткен  дәрігер,  керуеттің  астына  тығыла  бастайды.  Дәрігердің  бұл 
әрекетіне  ашуланған  атасы  мен  немересі  оны  қалайда  нысанаға  алатынын  айтып,  амалсыз 
керуеттің  астынан  шығуына  мәжбүрлейді.  Амалы  таусылып,  ажалмен  бетпе-бет  келгенін 
сезген    бейбақ  дәрігер  келесі  кезекте    алдауға  көшеді.  Яғни  қанқұйлы  немересіне  атасы 
екеуінің    осындай  әрекеттері  туралы  бұған  дейін    әрдайым  кешке  емханаға  келуші    бір 
адамның  айтқанын,  бұларды  тіпті  қарақшыларға  теңеп,  ақылдары  кем,  адамгершіліктен  ада 
жандар деп айтқандығын да сендіреді. 
Яғни,  пьесада: 
Окулист. Он сказал, что вы бандиты. 
Внук. Так и сказал? А что еще? 
Окулист. Что старик — кровожадный старый кретин… 
Внук. Что? 
Окулист.  Я  только  повторяю.  А  о  вас  он  сказал,  что  вы  редкий  дурак,  извращенец  и 
незаконнорожденный. Говорить дальше? 
Внук. Все как есть. 
Окулист.  Он  сказал,  что  один  факт  вашего  существования  является  достаточным 
доказательством бессмысленности и зла мира до такой степени, что даже быть замученным 
вами — это огромное облегчение и великолепный способ не разделять с вами дальше того, 
что является для людей общим. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау