[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет90/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164

179 
 
Окулист.  А  еще  он  сказал…  Но  я  не  знаю,  правда  ли  это,  что  у  вас…  у  меня  язык  не 
поворачивается… 
Внук. Я приказываю ничего не скрывать! 
Окулист. Но, право, я не могу… 
Внук. Говорите сейчас же! Он мне за все заплатит.   
Окулист. Он сказал, что отобьется от вас [5]. 
Дәрігерге  сенген,  атасы  мен  немересі  әлгі  кінәсіз  адамның  осында  келуін    күтеді. 
Шамалы  уақыттан  кейін бейқам келген адамды атып өлтірген  атасы мен немересі қуанып, 
мақсатымызға жеттік   десе,  көз дәрігері жанының  аман қалғанына қуанып ол отырады. Ең 
ақыры,  «жаным  дін  аман  қалды»  деп  қуанған  дәрігерге  немересі  мен  атасы  кетерінде,  тағы 
бір келетіндігін айтып, үрейлендіреді. Мұнан кейін «Кароль» есімді біреу хабарласып, келесі 
күнге  жазылады. Көз дәрігері болса, оны бірден қарақшы атаға жеткізіп, нысанаға алынатын 
«жаңа  құрбандық»  барын  айтады.  Пьеса  осылайша  аяқталады.  Көлемі    шағын  болғанымен, 
көтерген  тақырыбы    көлемді.    Әлеуметтік,  психологиялық  тұрғыдан  күрделі,    ауқымды 
мәселерді қамтыған бұл пьесаны  оқып отырып, есі кемдеу, сауатсыз атасы мен немересінің 
әрекеттеріне,  дәрігердің    оқты  кезенген  кездегі  бейшара  күйіне  зілсіз  күлгеніңмен,  бір 
«гәптің» барын сезесің. Әсіресе, дәрігердің немересінен атасының көзі неден нашарлағанын 
сұрағанда, оның: 
Окулист  (Внуку).  Постараемся  помочь.  Могу  ли  я  узнать,  по  какой причине  Дедушка 
потерял остроту зрения. 
Внук. От высматривания. Дедушка всегда высматривал, не идет ли враг. А у нас, знаете 
ли, грязные стекла.  
Окулист.  Да,  это  утомляет  зрение   [5],–дейді,  яғни  «шаң  терезеге  көп  қарағандықтан» 
деуі  –  еріксіз  езуімізге  күлкі  үйдіреді.  Кейін  әр  кейіпкердің  өз  мақсаттарына  жету  үшін 
ештеңеден  тайынбайтын  әрекеттерін  көргенде,  еріксіз  қоғамға  кірген  дертті  нәрсе  әлдінің 
қолындағы  әлсіздің  жансыз  қуыршақ  кейпіне  енетіндігі,  ал    әлсіздің  де  жаны  үшін  кімді 
болса да, сатып кетерлік арамзалық әрекеті мен өзін-өзі  ақтап алу үшін тіпті жазықсыз жапа 
шеккен адамға бар кінәнін артқаны көз дәрігерінің келесі монолыгынан көреміз.  
Окулист. Все равно у него был неизлечимый случай отслоения роговицы. Правда, удар 
при  падении  мог  ускорить  ход  болезни.  Но  кто  поручится,  что  завтра  он  не  упал  бы  на 
лестнице и роговица не отслоилась бы полностью? Так или иначе, помочь ему было нельзя 
(пауза). Кроме того, он мог бы и не прийти. Он не был на сегодня записан. Я тоже рисковал 
(пауза).  И  хоть  и  близорук,  но  еще  жив[5].    Бұл  жерде  автор  әр  образдың  өзіне  тән  сөз 
қолданысы мен    іс-әрекеттерін    өзара  байланыстырып,    пьесаның  «Король»  емес,  «Кароль» 
деп  аталуының  өзі  –  қате,  теріс  әрекеттің,  ащы  мысқылдың  негізінен  қойылғандығын 
танытады.  
С.Мрожектің «Каролімен» мазмұндас, үндес қазақ драматургі С.Адамбековтың «Алтын 
табақтағы  жылан»  сатиралық  комедиясы  да  бар  дедік.  Поляк  драматургі    қоғамдағы  дерт  – 
надандықты  таныту  үшін  үш  кейіпкердің    (атасы,немересі,  көз  дәрігері)      өзара  тартысын 
алса, С.Адамбеков Қойбағар әулеті арқылы  кеңестік кертартпа  саясаттың ықпалы  ауылдағы 
қарапайым  халыққа  әсер  етуін,  бүтін  ұйып  отырған  шаңырақтың  берекесін  кетіріп,  жаппай   
қазақ  әйелінің  мінезіне  жат  қылықтарды әкелуін,  ер мен әйел, әке мен бала, ана мен бала, 
ұрпақ  пен  қоғам  арасындағы  қамқорлықты,  қазақилық  қалыпты,  имандылықты  жатсынуға 
әкеп  соқытарғанын,  шала  сауаттылықтың    салдарынан  дүмше  молдасымақтардың  еркінси  
бастаған    амал-әрекеттерін    әжуалайды.    Оқиғаның  желісі    бойынша,  Қойбағар  мен 
Сәруардың  жиырма бес жасар жалғыз ұлы Ақтайлақ қаладан өзінен  бір мүшел жас үлкен, 
мосқал тартқан  келіншек  әкеледі.  Есімі – Қарақатын. Бірден автор тұрғысынан  кейіпкерге 
(Қарақатын) жағымсыз экспрессия баланғанын танимыз. Жаңа келінін қабылдау түгіл,  оған 
бірден  қарғыс  жаудырған  Қойбағар  мен  Сәруардың  әрекетінен-ақ,  келген  Қарақатынның 
атағы мен шатағы  көп әйел екендігін бажалап, пьесадағы ата-ана диалогынан бағамдаймыз: 
Сәруар (бетін басып, шыңғырып). И, құдайым, құдайым, мұндай бала тапқанша, ненге 
тасбақа тумадым? 


180 
 
Қойбағар.  (басын  шайқап,  жағасын    ұстаған  бойы).  О,  сорым,    сормаңдайым, 
жалғызым-ау, мына жеті лақ тастаған ешкіні қайдан таптың? [6,210].  Мұнан кейін болашақ 
келіннің  атасы  мен  енесіне  жағу  үшін    беттерінен  сүйіп,  ең  ақыры  қалаға  көшіріп 
әкететіндерін  тілге  тиек  етеді.  Алайда    Қарақатынның  оларға  келін  болып  жарытпайтынын  
түсінген Қойбағар мен Сәруар ұлы мен болашақ келініне көлге барып, серуендеп келулеріне 
кеңес  береді.  Бұл  олар  келгенше,  белгілі  бір  жоспар  құру  деген  сөз.    Оқиға  әрі  қарай 
Орманшы  есімді  кейіпкердің  Қойбағар  шаңырағына  келіп,  қазақ  арасына  деңдеп  келген 
дертті құбылыс – әйел мен ер адамның теңесуін,  солақай саясаттың Қарақатынның жағында  
екендігін  айтумен жалғасады.  Осының өзінде бір шындықтың шеті байқалады. Ол дегеніміз 
– жаппай әйел бостандығы деп, қаладағы қазақ әйелінің бірі  – Қарақатын  мінезінің өзгеруі  
арқылы  байқаймыз.      Ал  көлдің  өртенген  сәтінде  Қойбағар,  Сәруар,  Орманшының    кетіп, 
үйлеріне  Қызылмолданың  келуі  арқылы  автор  бір    тартыстың  болуын  анық  сездіреді.  Келе 
сала,  Қойбағардың  жас  қызы  Ақботаның  суретін  сүюін-ақ,      арамза  молданың    бейнесін 
байыптаймыз.  Сол  сияқты  жас  милиционер  мен  әлгі  молданың  өзара  диалогынан  да,  өз 
пайдасын ойлайтын, жатыпішер, арамза жандардың жинақтың портретін көреміз: 
Молда (жұмсарып). А. Солай де, балам. Бәсе, бұрынғы учасковый пенсияға шықты ғой. 
(Айбатты)  Облыстағы    бастықтарың  менің  жиенім  болады.  Көзіңді  ашып  қара,  бала! 
(Мақтанып) Мен облсоттың енесі өлгенде – жаназасын шығарған молдамын. Бәрі сыйлайды 
мені. 
Жас  милиционер  (ұялып,  жасқанып).  Ақсақал,  құлдығым  бар,  кешіріңіз.  Қайта,  біздің 
бастық  жиеніңіз  болса,  мені  таныстырып  қойыңыз  [6,218],  –  дейді.  Алғашында  молданың 
мақтаншақ  әрекетіне,  заң  қызметкерінің  мүләйімсіген  әрекеттеріне  зілсіз  езу  тартсақ,  кейін 
мұның  бәрі    қоғамдағы  сыбайластыққа,  халықтың      амандығы  мен  иманын  ойлайтын 
жандардың      осыншалық  құлдырайтынын      шығарманың  өн  бойында    көз  жеткізіп, 
жиренеміз. Молданың  өз адал жарымен әуейі болған жас милиционерге зеку түгілі,  некелі 
жарымен өткізген бір түнін бір атқа айырбастауы, ал кешірім жасауы үшін өз дұшпандарын 
ауылынан  жалған  айыппен  шығаруын  өтініп:  «Мен  кештім,  кештім,  сенің  күнәңді. 
Қарақатынды  да,  Қойбағардың    баласын  да,  Орманышының  өзін    де  –  түгел  аудан 
орталығына айдап кет» [6,220], – деуі  молданың тағы бір теріс мінезін байқатады. 
Одан  соң оқиға  молда    мен  Қойбағардың,  Сәруардің  полилогымен жалғасады.    Өзі  де 
шала  сауатты  молданың  жалған  «қасиетіне»  сенген  Сәруар  мен  Қойбағар  бар  жиған 
алтындары  мен  ақшаларын  жинап  беріп,  ұлынан  Қарақатынды  айыратын  дуа  жасауын 
өтінеді.  Қарап  тұрсақ,    «ішірткі  жазу»,  «дуа  жасау»  бұл  –  сонау  ескі  шамандық    дәуірдің 
қалдықтары.  Ал  мұндай  сөздерді    шығармада  пайдалану  арқылы  С.Адамбеков    пьесаның 
негізгі  бастауы  –  фольклорда  екендігін  жадында  сақтап,  түркілік  колоритті  ұтымды 
пайдаланады.  
Халықтың  сеніміне  кірген  шала  молданың  қайсыбір  дұғасын  шынайы  деп  қабылдаған 
қараңғы  жұртты  сынға  алынады.    Ал  қалада  білім  алып,  инженер  атанған  Қарақатынның  
молданың  сол өтірігін танып, онымен өзара келісім жасайды. Молданың  оны Ақтайлақпен 
некесін  қиып  берсе,  бар  құпияны    сақтайтынын  айтып,  келісіледі.  Бірақ  алтын  табаққа  
таласқан олар, ақыры бір-бірін орға жығып, баршаға сырлары мәлім  болады. Автор «алтын 
көрсе, періште жолдан таяды» деген халық нақылын еріксіз  еске түсіреді. 
Молда  (Сәруарға).  О,  бәйбіше,    алтын  табағың  да  ана  бетпақ  қатынның  білегіндегі 
дорбада.  Әне, әне, жүзігің  саусағында жалтылдап тұр. 
Қарақатын  (молдаға  атылып)  Қалай,  қалай  омырауыма  у  салдың,  жауыз!  (Сілкілеп). 
Қанға бояймын, бетіңді,  кеңірдегіңді қиямын (Сақалына  жармасқанда саусақтарына  сақал-
мұрт ілінеді) Жолдастар, жолдастар, мынадай  сұмдықты кім көрген? Жасанды сақал! [6], – 
деп,  молданың  бетпердесін  аша  түссе,  орманшы  да    оның  құдыретті  дуалары  бар  кітабын 
алып,  оқығанында,  арапша  басылған  Абайдың  кітабы  болып  шығуы  да  әрі  күлдіріп,  әрі 
қоғамға  мысқылдап  кірген  шала  сауатты  молдалардың  өтірігін  ашып,  әшкерелейді. 
Осындағы  қазақтың  бас  ақыны  Абай  кітабының  молда  қолында  табылуы  да  тегін  емес. 
Ондағы  саяси  лирикаға  арналған  өлең  жолдарын  Орманшының  оқу  да  қалың  қазақтың  бір 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау