125
болып, тығырықтан шығатын жол таппай күйініп, айдалада адасып қалуынан, іштегі үрей-
қорқыныштан пайда болған ызалы күлкісін «Күлген адамның бәрі бақытты емес» деген
сөйлемнен аңғаруға болады. Сонда тілімізде рақаттана күлу мен ызаланып күлу бір-біріне
қарама-қарсы қолданыстар болып саналады. Бірі жағымды жағдайдан орын алса, екіншісі
жағымсыз сәттен туындайды. Абай: «...әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған
рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де – қайғы. Ондай күлкіге өзің де
салынбассың...» немесе «Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-
ау – Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-
аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі» – дейді.
Сондықтан ақын айтпақшы, күлкі сөзін, күлу әрекетін біржақты қарауға болмайды. Ол
адамның көңіл-күйіне қатысты іс-әрекетін білдіретін бірнеше мағынаға ие.
Күлу – көтеріңкі көңіл-күйдің белгісі;
Күлу – жымию, біреуді я болмаса бір нәрсені ұнату;
Күлу – мысқылдау, біреуді я болмаса бір нәрсені ұнатпау;
Күлу – мазақ қылу, біреуді кемсіту, келеке қылу;
Өмірде күлу саналы, санасыз әрекеттен де орын ала береді. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі бойынша: 1. Күлкі – шаттық, қуаныш күйіне байланысты шығатын дыбыс; эмоциялық
сезім. 2. Күлкі – әжуа, мазақ, келеке. Күлкі/күлу сөзінің негізінде синтетикалық,
аналитикалық тәсілмен жасалған күлкілі, күлкі-думан, күлкі-мазақ, күлкі-ойын, күлкі-сықақ,
күлкісіз, күлкішек, күлкіші, күлдіргіш, күлкішіл, күлкішілдік, күлкіқұмарлық, күлегеш,
күлімпаз, күлімдеу, күлімсіреу, күліп-ойнау, күлісіп-сыңқылдасу т.б. сөздер пайда болған.
Күлкі/күлу сөзінің негізінде қалыптасқан тұрақты тіркестер: күлкі бақты, күлкі күйледі,
күлкіге салынды, күлкі болды, күлкіге қалды, күлкі етті (қылды), күлкіге айналдырды,
күлкінің ерні кезерді, күлім көз, күлім (күлмең) қақты, күлкі қысты, күлкісі көмір болды,
қыран-топан күлкі, күлкіден қырылды т.б. Тілімізде күлудің сан алуан түрлері бар. Мәселен,
миығынан күлу, айқайлап күлу, жымиып күлу, үнсіз күлу, тарқылдап күлу, қарқылдап күлу,
рақаттана күлу, мысқылдап күлу, сықылықтай күлу, ыржиып күлу, кеңкілдеп күлу, жамырап
күлу, шаттана күлу, масаттана күлу, сылаңдап күлу т.с.с. Мысалы: Ыбырсыған ыдыс-аяқты
жуып, бәкін-шүкін үй ішінің шаруасымен жүрген толық әйел жымиып күлді де:
- Уыздай жас кезіңде, иә, сау кезіңде сенен қатал, сенен тәкаппар ешкім жоқ
болатын. Патшаға сәлем бермеуші едің. Мені де менсінбегенсің. Соғысқа дейін соңыңнан
ермеген қыз қалып па еді. Сені қармағыма түсірген соғысқа рақмет, - деді жарасымды, әрі
жайдары мінезбен. Бәрі жамырап күлді (О.Бөкей «Қар қызы») немесе:
- Сенің де сескенетін адамың бар екен-ау, ұзынтұра, - деп, иығынан салып қалды да,
рақаттана күлді (О.Бөкей «Қар қызы»).
Аманжан бұл сөзді естігенде жынданған адамдай қарқ етіп күлді. Күлді де: - Мә, мә,
мынаны аласың, - деп екі бармағын бірдей шығарды (О.Бөкей «Қар қызы»).
Жағдайға байланысты жазушылар тарапынан көркем шығармаларда күлуді көбіне
әртүрлі еліктеу мәнді ха-ха-ха, хе-хе-хе, хи-хи, м-м-м, а-аа-а, қарқ-қарқ, тырқ-тырқ, жыртың-
жыртың, сақ-сақ сөздермен де береді. Мысалы: Аманжан қарқ-қарқ күлді. – Нешауа,
өкпелемей-ақ қой. Кешке киноға кіргіземін (О.Бөкей «Қар қызы») немесе:
Аманжан қарқ етіп күліп жіберді.
- Ляуқи, неме, төрт жыл бойы шешеңнің ішінде жатқан екенсің ғой ха... ха... (О.Бөкей
«Қар қызы»).
Күлкі сөзінің этимологиясына келер болсақ, А.Ысқақов «күлк» еліктеуіш сөзден
шыққан дейді. «Қалқ» деген күрделі еліктеменің ортаңғы дыбысы ауысып, қалқ, қолқ, құлқ,
қылқ (жуан түрлері), кәлк, келк, көлк, күлк, кілк (жіңішке түрлері) тәрізді шағын ұялас
формалар туғып, түбір саны көбейе түскен [1, 21]. Қалқ – күлк(і), келек(е), кекес(ін)
формалары күрделі «қалқ» және «келк» еліктемелерінен жалаң қал және кел, кек т.б. өрбіген
[1, 21]. Еліктеме тіл дәуірінің өзінде де, мысалы, аңқ, еңк, алқ, елк, алт, елт, салп, желп, қалт,
күлт, сұлқ, күлк, арт, ерт... сияқты күрделі мимемаларды күнделікті лебізде артикуляцияның
еркіне орай сөз жүзінде кейбіреулері: аңқы, еңкң, алқа, елке, алты, елті, салпы, желпі, қалта,
126
күлте, сұлқы, күлкі, арты, ерте... сияқты айтыла берген тәрізді. Бірақ ол кезде осы
мимемаларға қосылып тұрған: а, е, ы, і дыбыстары саналы түрде тіркестірілмей
артикуляцияның оңтайына қарай елеусіз жалғанып жүрген ілеспе деуге болады. Кейін уақыт
оза келе осы аталмыш дыбыстар сол мимемалардың бөлінбейтін бөлшегі ретінде қолданыла
жүріп, олардан да көптеген екі буынды түбір сөздер пайда болған [1, 101]. Қалай болғанда
да сөздер әуелде бір түбірден өрбіген. Күлкі сөзі кү (қа) – күл (қал) – күлк (қалқ) тұлғасында
дамыған. Осыдан күлу, күлімдеу, күлімсіреу, күлім қағу сияқты парадигмалық қатарды
көруімізге болады.
Күлуді лингвистикалық тұрғыдан зерттегенде, келесі жағдайларды ескеру қажет:
1. Күлу – адамның эмоционалдық жай-күйінен туындайтын психофизиологиялық
реакциясы, яғни өзіне әсер еткен нәрсеге деген жауабы.
2. Күлу – адамның саналы іс-әрекетінің нәтижесі, ой мен сана нәтижесінің жемісі.
3. Күлу – коммуникацияның тілдік емес амалы, яғни бейвербалды сипатқа ие;
4. Қарым-қатынаста (тілдік емес) күлу тілдік көрініске ие болады, яғни тілдік емес
физиологиялық ерекшеліктен туындайтын күлу әрекеті тілімізде вербалдық сипатқа ие.
5. Түрлі грамматикалық топтарда күлу атаулары семантикалық және грамматикалық
мүмкіншіліктерге ие бола алады.
Әдетте көбіне күлу қуанышты, жағымды жай-күйді білдірудің амалы ретінде
қолданылады. Ол – адамдар арқылы пайда болатын «әлеуметтік рефлекс» (себебі жан-
жануарларда болмайды), күліп немесе жымиып тұрған адамдарға қарап, басқалары да
көтеріңкі көңіл-күйге келеді. Тіпті біздің көңіл-күйіміз болмай, жымиған болып тұрсақ та,
соның өзі бойды серігітеді. Қатты қарқылдап күлу басқа адамдарға өте қатты әсер етіп,
оларды өзіне қаратпай қоймайды. Адамдарға қарап жымию, не болмаса жүзіңізге күлкі
үйірілетін болса, тілдік қарым-қатынасқа түсу соншалықты қиынға соқпайды.
Ғаламтор мәліметтерінде келтірілген А.Д.Редозубовтың «Логика эмоций» атты
еңбегінде күлу эмоциясы тұқым қуаламайды және жаңа туған нәрестеде болатын күлу
ересек адамдардікіндей болмайтындығы айтылған [2]. Ол бет-әлпет арқылы көрінетін
рефлексті жағдайдан туындайды. Сонда қазақ тілінде күлу екі жағдайдан көрінеді. Біріншісі,
күлу – рефлексті жағдайдан туындайды, екіншісі – әлеуметтік әсерден болады. Бұл орыс
тіліндегі улыбаться/смеяться етістікті сөздеріне келеді. Бірінші шартты күлуді жас туған
сәбилерден байқауға болады. Екінші күлу жағымды жай-күйден туындайтын рақаттануды,
масаттануды, шаттануды көздейді, жағымсыз жай-күйден туындайтын ашуды, ызаны да
білдіреді.
Шынайы күлкі жүйке жүйені, бұлшықеттерді қалыпқа келтіреді, шаршағанды басады,
адам бойында биохимиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Күлудің салдарынан
адам ағзасы оттегімен қоректеніп, «шаттық гармоны» – эндорфиндер бөлінетіні, стресс
гормондарының азайып, иммунитеттің күшейетіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осы
кезеңде адамдардың тынысалу қызметі жақсы жұмыс істеп, ағзадағы қанайналым мен жүрек
қызметі қалыпты жұмыс жасайды. Тіліміздегі «көп күлген адам ұзақ өмір сүреді» деген
тіркес осыдан айтылса керек. Мұндай күлкіге тіліміздегі рақаттана күлу, масаттана күлу,
шаттана күлу жатады. Мұны кейде біз «тоқ күлкі» деп те айтамыз.
Белгілі австралиялық онколог Зигмунд Фойерабенд «Смех лечит рак» атты еңбек
жазып, өз емделушілерімен «юморобика» арнайы пәнін де өткізеді екен. Ғалымдардың
зерттеуіне жүгінетін болсақ, адам жымиғанда бет бұлшықеті 17 рет, ал күлгенде 80 рет
қозғалады екен, сөйтіп ол адам миының жақсы жұмыс істеуіне әкеледі [2]. Күлкі – өмірдің
кілті. Гелатология (көне грекше γέλως – күлкі) – күлкіні зерттейтін ғылым бойынша күлкі
адам өміріне айтарлықтай ықпал етеді дейді. Ал Ч.Дарвин күлкі жүйке жүйесін емдей алады
деген пікір айтқан. Күлкісіне қарап, адамның мінезін, ішкі жан-дүниесін шамалауға болады
екен [3]. Адам өмірінде күлудің алатын орны ерекше. Ол әлеуметтік құбылысқа жатады,
себебі біз бір адамның кемшілігіне қарап күлуге әрекет қыламыз, сол қателіктерге өзіміз бой
алдырмауға тырысамыз. Сол себепті күлкі адамдарды жағымсыз, теріс қылықтардан
сақтаудың да көзі болып саналады. Күлкіге қалу, мазақ болу – жағымсыз әсер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |