[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет59/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164

117 
 
 
Бүлдіршіндей  қыз  –  «кіп-кішкене»,  «сүйкімді»,  «уыздай  жас»,  «әп-әдемі»  деген 
мағынадағы  бұл  теңеу  қазақ  тіліндегі  «бүлдіршін»  деген  2  жасқа  толар-толмас  түйенің 
ұрғашысына  ұқсастырылудан  туған. Бүлдіршіндей  әдемі  қызбен Асқардың  таныс  болғысы 
кеп  кетті (С.Мұқанов).  Тіліміздебүлдіршін  көзін  сүзбесе,  буыршын  бұйдасын  үзбес деген 
мәтел бар. 
 
Өрімдей  қыз   –   «түp-түс,   бет-әлпетiне  адам  қызығаpлық,  әп-әдемi,  үpiп,  ауызға 
салғандай  жас  қыз».  Мысалы, Бір  өңкей  қоңырқай  өңді,  қара  шаш,  қара  көзді өрімдей  қыз
жігіттер қаптап кеткен (Қ.Жұмаділов). 
 
Алпамсадай  жігіт –  «ірі»,  «алып  денелі»,  «бойындағы  күш-қуатына  сенуге  болатын 
жігіт». Омар  қолын  таяна  еңкеңдеп, алпамсадай шомбал  денесін  әрең  игергендей  орнынан 
тұрды (О.Бөкей). 
 
Қыздай  (сызылған)  жігіт –  «мінезі  жайлы,  жұмсақ,  сызылып  тұратын,  биязы,  артық 
сөзі жоқ, ешқашан дауыс көтермейтін, әдепті әрі сыпайы жігіт». 
 
Айғай  шоқыдай  азамат деп «Қытай  қазақтарының  тілінде  беделді,  абыройлы 
азаматты» айтады.  Мысалы, Өз  маңынан  мойны  озған айғай  шоқыдай  азамат қана 
елестейді көз алдыма (Ғ.Қанапияұлы). 
 
Арыстай азамат // арыстай үлкен  «абырой-атағы, ой-толғам, көзқарас-пікірлерімен 
кең  танылған,  ерен  еңбегі  елге  сіңген  ерлерді»,  арба-шананың  көлік  жегетін  қос  жетегі, 
тәртесі – арыс тәрізді елін алға сүйрейтін, ия үйдің төбесін жапқан өрімдерді ұстап тұратын 
белағашы  –  арысы  тәрізді  елдің  ауыртпашылығын  көтеретін  білікті  де  қадірменді  адамды 
қазақ  «арысқа»  теңеген.  Мысалы, Қауменнің  екі  ұлы  да арыстай  үлкен,  қабыландай 
қайратты болатын (М.Әуезов). 
Ер мен әйел бейнесін көркемдеген теңеулерді  іріктеп, жүйелеп, гендерлік мәнін ашып 
көрсетуге  болады,  ол  үшін  «қазақ  тілінің  тұрақты  теңеулер  сөздігін»  пайдалану  қажет 
[5,319]. 
 
Абайдың  немере  інісі  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  туындыларына  келетін  болсақ,  ер 
мен  әйел  бейнесін  ашуға  қызмет  атқарған  теңеулер  де  жетерлік.  Мысалы  мына  өлең 
жолдарына көз жүгіртейік: 
 
Гауһардай көзі, 
 
Бұлбұлдай сөзі, 
 
Жаннан асқан бір пері. 
 
Жұзі бар айдай, 
 
Мінезі майдай, 
 
Өзгеден артық сол жері. 
 
Дариядай ақыл мол еді, 
 
Жан ғашығым сол еді 
Осы  өлең  жолдарында  ақын  ғашығын  періге  теңейді.  Бұл  теңеу  ежелгі  лиро-эпостық 
жырларда  да  кездесетінін  еске  түсіріңіз.  Пері  қызына,  хор  қызына  аруды  теңеу  оның  асқан 
сұлулығын суреттеу үшін қолданылатын ұтымды көркемдік айшық. 
 Теңеу  категориясы  –бүкіл  бейнелеу  көркемдеу  тәсілдерінің  ішіндегі  ең  бастысы,  ең 
пәрмендісі.  Бейнелеу  тәсілдерінің  барлығы  да  өз  бастауын  осы  теңеуден  алады.  Сондықтан 
болса  керек  белгілі  бір  ұлттың  әдебиеттің  бейнелеу,  көркемдеу  жүйесі,  оның  көркем 
ойлауының ұлттың ерекшелігі бүкіл  бедерімен күлкі баяуымен теңеу категориясынан анық 
айқын көрініп тұрады [6,3]. 
Белгісіз нәрсені, жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру арқылы көзге елестету осы 
жұрнақтар  арқылы  орындалады  (тай-тей,  дай-дей,  дайын-дейін,  ша-ше  және  «дай» 
жұрнағымен  байланысты  келетін  «мын»).  Қазақ  тіліндегі  теңеулердің  көпшілігі-ақ  осы 
жұрнақтар арқылы жасалады. Соның ішінде ерекше елеулісі – ер мен әйел образына қатысты 
гендерлік  теңеулер.  Тіліміздегі  гендерлік  теңеулердің  басым  көпшілігі  әйел  бейнесін 
сұлулық  ұғымымен  байланыстыра  сипаттап  дараландырған.  Теңеулерге  образ  болып 
қолданылып,  әйел,  ер  бейнелерімен  ассоцияланатын  халық  ұғымындағы  бейнелілік  негізі  – 
табиғат  құбылыстар,  төрт-түлік  аңдар  мен  құстар,  өсімдіктер,  аспан  шырақтары, 


118 
 
шаруашылық тұрмыс, кәсіпке байланысты атаулар т.б. болса, осылардың әрқайсысы жыныс 
өкілдерінің  гендерлік  болмысын  ажыратып  суреттеуде  өз  ішінен  іріктеліп  келіп,  сан  түрлі 
стильдік реңк алған. 
Теңеу  ауыз  әдебиетінде  болсын,  кез  келген  ақын-жазушыда  болсын  барынша  мол 
қолданылған  көркемдік  айшық  түрі.  Халқымыздың  ерте  кездерден  бастап-ақ  ерекше 
қастерлеп,  қамқорлық  жасап  келген  табиғи  байлықтарының  бір  тобы  –  өсімдіктер  әлемі. 
Өсімдік  атауларымен  келген  теңеулер  адам  табиғаты  мен  өсімдіктер  табиғаты  арасындағы 
тығыз  байланыстылықты  көрсетіп,  адам  мінезіндегі  күрделі  құбылыстарды  өсімдік 
дүниесімен  салыстыра  бейнеленеді.  Мәселен,  сұлулық  феномені  аршыған  жауқазындай 
аппақ, гүл шыбықтай бұралу, жауқазындай жайқалу, қызғалдақтай құлпыру, қырдың қызыл 
гүліндей жайнау, аршылған жуадай ақ мойын, жас қоғадай майысу, жүзі жанған анардай, 
қарақаттай  жайнау сияқты  теңеулерде  айқын  көрінеді.  Өсімдік  әлемі  біздің  зерттеуімізше 
көп жағдайда әйел адамның бейнесін сомдауда көп қолданылады. Әйел затына қатысты жан 
сұлулығы,  тән  сұлулығы,  ішкі  сезімі,  сыртқы  келбеті  т.б.  көбіне-көп  өсімдік  әлеміне 
теңеледі.  Әйел  сұлулығы  өсімдік  әлемінің  сан  алуан  құбылыстармен  ассоциацияланып, 
нәтижесінде сұлулық, әдемілік ұғымы нақтыланып, бейнелі теңеу жасалады. 
Мыcалы,  әйел  затына  қатысты гүл,  қызғалдақ,  жауқазын,  тал,  шыбық,  жапырақ т.б. 
өсімдіктер қайғыға, күйзеліске жас кезінен қиыншылыққа тап болған адамды бейнелеуде де 
теңеулер  көп  қолданылады: гүлдей  солу,қызғалдақтай  қуару,  күзгі  гүлдей  қуару, 
сарғалдақтай  үзілу,  үзілген  қызғалдақтай  солу,  талдай  сыну,  сабағынан  үзілген 
алмадай т.б. Ер адамға қатысты бәйтерек, терек, томар, емен, қарағай, ағаш т.б. өсімдіктер 
мықтылықты,  қайраттылықты,  тұлғалы  биік  азаматты  сипаттауда  қолданылады: айқасып 
өскен  шор  ағаштай,  бала  қайыңдай  сом,  бәйтеректей  мықты,  бәйтеректей  тұлғасы,  биік 
біткен теректей, емендей мықты, жас емендей ұл т.б.  
Сонымен,  адамның  жыныстық   ерекшелігін   бейнелейтін  сөздеp  мен  сөз  тipкестеpi 
тiлiмiзде  өте  көп  және  олаp  мазмұн-мағына,   тақыpып  жағынан  да  сан  алуан.  Гендерлік 
ерекшелік  адамға  тән  түрлі  сын-сипаттың  негізінде  тілде  жеке  сөздеp  мен  сөз  тipкестеpi 
аpқылы  сипатталады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер
 
 
1. 
Шоқым Г. Гендірлік лингвистика негіздері. – Алматы, 2012 жыл. 
 
2.  Гордон  Д.,  Лакофф  Дж.  Постулаты  речевого  общения  //  Новое  в  зарубежной 
лингвистике. Вып. 16. – М., 1985. – С.276-302 
 
3. Қабдолов З. Сөз өнерi / Монография. – Алматы : Санат, 2002. – 360 с. 
 
4. Кеңесбаев І. Фразеологияның экспрессивті-стилистикалық функциялары жайында. // 
Тезисы  докладов  конференции  "Развитие  стилистических  систем  литературных  языков 
народов СССР". – Ашхабад, 1966. 
 
5. Хасанулы Б. Проблемы развития гендерных исследовании в казахском языкознании 
и  вопросы  женского  языка  //  Язык  и  культура:  функционирование  и  взаимодействие.  – 
Шымкент, 2003. – С. 47-58. 
6.  А.Бекбосынова.  С.  Мәуленов  өлеңдеріндегі  теңеулердің  функционалдық  топтары  // 
Тілтаным. – Алматы,  2008. – № 1 (29). – 108-113 бб. 
 
 
В статье  рассматриваются проблемы современной гендерной линвгистики. 
В статье 
проводится сравнительный анализ  метафорических сравнении образного описания мужчин 
и женшин. 
Обосновываются методика выделения гендерных средств выражения сравнении, 
их классификация; выявляются   модели сравнения «мужчин», «женщин».  
 
 
The  article  deals  with  the  problems  of  modern  gender    linguistics.  The  article  presents  a 
comparative  analysis  of  the  metaphorical  comparison  to  describe  the  male  and  females  .  Settle 
technique  highlight  gender  comparison  ,  classification  ;  Model  comparison  revealed  "  men  ",  " 
women" .
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау