70
тұрмау», «тағдыр осылай шешті» деген ұғым бар. Тағдырдың жаратылыстың күші екендігіне
сену. Тағдырдың Алладан берілетіндігіне сену. Тағдырға жаман-жақсының, әр нәрсенің
Алладан болатындығына сену, тағдырмен байланыстыру. Қазақ менталитетінде «Алланың
әмірінсіз ештеңе болмайды, бәрі Алланың әмірімен болады» деген түсінік ұғым бар.
Мәшһүр-Жүсіп тағдырды Алланың бұйрығы ретінде қабылдағаны анық байқалады. Бұл
ретте Алланың әміріне қарсы шықпай, барынша мойындап, шүкірлік ету Мұхамед (с.ғ.с.)
сүннеттерінде де айтылған. Бұл ақынның «Пайғамбардың өсиеті» өлеңінде де айтылған:
Асхапқа Расул айтты:
Сөзім тыңда,
Көп жылап, найарманлық (пәрмендік) Хаққа қылма!
Құранның ішіндегі бұйрығын қыл,
Әмірінен бір Алланың мойын бұрма! [8, 90 б.]
Ап кел мұнда, ұлыңды өлтірейін,
Кәлимаға тілін (мен) келтірейін.
Мұхаммед, жалғызыңды ап кел жылдам,
Жанын алып, бұйрығын бітірейін [8, 68 б.].
Мәшһүр –Жүсіп тағдыр пенденің құдіретінен тыс күш ретінде қарастыра отырып, оны
Алланың әмірі, Хақ бұйрығы ретінде береді:
Бұл дүние тынымы жоқ ескен желдей,
Қаңбақтай бір күн еріксіз домалатар [8, 121 б.].
Мұнда адамның Алла және тағдыр алдындағы дәрменсіздігін беру үшін Мәшһүр-
Жүсіп жел айдаған қаңбақ пен мойынға түскен арқанды ұтымды қолданған. Сөйтіп түйіндей
келе ақын былай дейді:
Әр істі қылам десе, қылады ол,
Талмайды ешбір шаршап, құдіреті мол.
Бір тікен бір жеріңе қадалғаны,
Құдайдан ретсіз (радасыз) болмайды сол [10, 179 б.].
Мұнда ақын Алланың бұйрығынсыз бір шөп басы да қимылдамайды дей келе, адам
өміріндегі жақсы-жаман Алладан деген танымды танытады:
Болуың жақсы,жаман бір Құдайдан,
Өлген соң тірілу бар, сен бұған бақ [10, 176 б.].
2. Тағдырға кез болу. «Тағдыры жетті». «Басқа бақыт құсы келіп қонады». «Тағдырын
шешті». «Істің тетігін тауып, шешімін анықтады».
Абай өз өмірінде ұлының өліміне дейінгі өлеңдерінде тағдырға кез болу қай күні екені
белгісіз, бірақ бұл өмірдің өтпелік заңы бар екендігін мына жыр жолдарында айтқан:
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма,
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма.
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?[8, 134 б.]
«Тағдыры жетті, тағдыры бітті» тұрақты тіркестері өлімге қатысты айтылып жатады.
Яғни тағдырың осы жерге келіп үзілсе, ажалыңның жеткені. Мұны Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
«Қыз жұмбағының шешуі» атты шығармасында: ««Үш үй көрдім» - дегені: бірі заманмазы-
адамның басынан өткен заманы. Бірі – заман мастақпыл – адамның алдында, қарсы келешек
заманы. Бұл екеуі тұттай жалаңаш. Енді біреуі – «заманхал», қазір адамның үстінде тұрған
заман.
«Оның да шиі жоқ»,- дегені: шиі болса, желге төтеп берер еді. Адамның басынан
дәуренін өшіретұғын жел – өлімі. Қазір тұрған заманның өлімнен алып қалуға шамасы
болмаған соң, желге шиі жоқ үй есебінде болғанлығын айтқаны» [8, 320 б.]. Мұнда ақын
тағдыр ретінде адамның қазіргі басындағы күйін, яғни заманхалды алып отырса, өлім оны
өшіретұғын жел деп баяндалған. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ажалы жетіп, дүние салған адам
туралы «тағдыры жетті» деген сөзді қолданады:
Жарандар: «Жарайды!»- деп, қабыл тұтты,
71
Дүниеден тағдыр жетіп, Ысқақ өтті [8, 93 б.].
Алладан тағдыр жетіп, олар да өтті,
Замандас, тұстасының бәрі кетті [8, 181 б.].
3. Тағдыр – жазмыш. Жазмыш- мұсылман әдебиетінде адамдардың іс-әрекетін, әлемде
болып жатқан құбылыстарды түсіндіретін сөз.
Адам туғанда өзінің тағдыры жазылады. Қазақта «жазмыштан озмыш жоқ» деген
танымы бар. «Тағдырдың жазғаны». «Алланың арнауы, маңдайға жазғаны». (Тостым тағдыр
жазғанын, Қосан үшін адал жарым үшін не салса да көндім. (Б.Тәжібаев. «Қара торғай»).
Адам өзіне тиесілі нәрсені маңдайына жазылған сордан, не бақтан көреді.Тағдыр мен
бақ, сор ұғымдары мағыналас келеді,дегенмен бақ тұрлаусыз, қонуы да, ұшып кетуі де
мүмкін.Ұлттық дүниетанымда бармақтай ғана «бақ» адамның өмір бойы бақытты болуына
жеткілікті: «бармақтай бақ берсін» деген бата тілек осыны көрсетеді. Мысалы:
Басылған Құдіреттен мөр таңдайымда,
Бармысың бармақтай бақ маңдайымда?! [8, 318 б.]
«Бақ» жаратушының адамның белгілі бір іс-әрекетінен қарай немесе жайдан-жай беріле
салынады деген түсінік бар. Адам жаратушыға жалынып сұрайтыны да содан: «Таудай талап
бергенше, бармақтай бақ бер», «бақ қонған жеріне қонады, мал біткен жеріне бітеді».
«Бақ» пен «бақыт» концептісіне қатысты жалпыхалықтық мақал-мәтелдер: «Басына бақ
қонатын жігіттің, ұлы епті, қызы көрікті болады»; «Дарияны теріс ағызған ақылдан,
бармақтай бақ ілгері»; «Жақсы әйел, жігітке біткен бақ, жақсы жер, жайлы қоныс – алтын
тақ»; «Батыр ортақ, бақ жалқы»; «Бақ келді деп таспа, жау келді деп саспа»; «Бассыз берген
мал мазаң, бақсыз берген тіл мазаң»; «Өзің жеңіп алмасаң, бақыт келмес әрқашан» т.б.» [2,
61 б.].
«Бақ» сондай-ақ қазақ танымында тұрақсыз, әркімнің де басына қонуы мүмкін «бақ
құсы» ретінде де беріледі.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінде «бақ» сөзі екі контексте
қарастырылған:
1) жақсы адамдарға Жаратқан нәсіп еткен дәулет, мерей, жақсылық:
2) дүниеқоңыз болған, өзге түгел өзінен қызғанар сараң байлардың бағының үстем
болуына налу түрінде берілген. Мысалы:
Басынан бақ дәулеті көшпей кеткен,
Шырағы жанып тұрған өшпей кеткен[8, 231 б.].
Бұл жолдарда ақын Исабек ишан мен Мұса Шорманов сияқты еліне елеулі, халқына
қадірлі жандардың елалдындағы мерейін, құт-берекесін беру үшін бақ сөзін қолданған.Ал
енді төмендегі жолдарда болса:
Кеп айтқан Асан қайғы ұзын-сонар,
Деп айтқан: «Қилы-қилы заман болар!»
Қарағайдың бастарын шортан шалып,
Бақ-құсы шыбын болып (боққа) қонар! [8, 180 б.]
Мұнда ақын «Асыл зат, текті жерді таңдап қонып, Жарасып тұғырында тұрушы еді»
деп жырлаған бақты «шыбынға» теңей отырып, «сасық, іріңді таңдап қонды» деп өкініш
айтады.
«Бақ-дәулет» сөз тіркесі бақты байлықта, дәулетте деген тұсініктің орын алатынын
көрсетеді. Әйтсе де, «бақ» концептісінің ішкі коннатациясында материалдық байлық, екінші
қосалқы мәнге ие.
Дүние өтер: біреу күліп, біреу жылап,
Бақ, дәурен қолға болмас, болып сынап[10, 65 б.].
Бұл жолдарда ақын «бақ», «дәулет» ұғымдарының тұрақсыздығын беруде сынап
ұғымын сәтті қолданған. Әсіресе «байы бір жұттық, батыры бір оқтық» болып саналатын
қазақ үшін «бақ» концептісі мәңгілік түсінігімен қатар келе бермейді.
«Бақ» ұғымымен қатар жүретін келесі концепт «сор» екені белгілі.Қарама-қарсы
мағынадағы сор (парсы: «шур») 1. тұзды; 2. бақытсыздық та маңдайда орналасады деп
түсінген. «Сор» ұғымы қазақта мынадай түсініктермен беріледі: «соры бес елі», «соры
Достарыңызбен бөлісу: |