Жарық күші I сан жағынан жарық ағынының бірлік денелік бұрышқа сәйкес келетін шамасына тең болады;
Жарықталыну Е бірлік аудан арқылы өтетін жарық ағынының шамасымен сипатталады:
Жарық күшіндей нүктелік жарық көзі, өзінен r қашықтықта түрған ауданның бетінде мынадай жарықталыну жасайды:
мұндағы α — сәуленің түсу бұрышы.
Жарқырау R сан жағынан жарық шығарып түрған дененің бірлік ауданы шығаратын жарық ағынына тең болады,
Егер дененің жарқырауына оның жарықтылығы себепші болатын болса, онда R = ρE болады, мұндағы ρ— шашырау (шағылу) коэффициенті.
Жарық шығарып тұрған беттің В жарықтығы деп, сан жағынан жарық шығарып тұрған беттің элементінен шыққан жарық күшінің бақылау бағытына перпендикуляр тұрған жазықтық осы элементтің проекциясының ауданына (яғни элементтің көрінетін бетіне) қатынасына тең шаманы айтады:
мұндағы θ — беттің элементіне түсірілген нормаль мен бақылау бағытының арасындағы бұрыш.
Егер дене Ламберт заңы бойынша жарық шығаратын болса, яғни егер жарықтық бағытқа тәуелді болмаса, онда жаркырау R мен жарықтық В мынадай қатынас арқылы байланысады:
Достарыңызбен бөлісу: |