Вестник жгу им. И. Жансугурова №2-3 / 2011



жүктеу 79,19 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі79,19 Kb.
#15259
түріМонография


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



46 

 

(Аралбаева 



Р.Қ.), 

«Білім 


педагогикасының 

әдіснамасы» 

(Дүйсембінова 

Р.Қ.)   


монографиялары  жарық көрді.   

 Сайып  келгенде,  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінде  6N0103 

(6M010300  «Педагогика  и  психология»  мамандығы  бойынша  кадрлар  даярлау  ісі 

мамандандырылған  ғылыми-  тәжірибелік,  ғылыми-  әдістемелік базасы құрылған деуге толық 

негіз  бар.    Қосып  айтар  болсақ,  жалпы  ауданы        22  к/в  м.    Арнайы  психология  кабинеті, 

әрқайсысы  жалпы  көлемі  47,7  к/в  м.  32  орындық  оқу  аудиториялары  ашылып,  14  жаңа 

буындағы компьютерлермен, 2 интербелсенді тақталармен жабдықталған. 

          Университет    кітапханасының  қоры  магистарнттардың  білім  процесін  қамтамасыз 

етуге  арналған  оқу  пәндерінің,  оқу  жұмыс  бағдарламаларының,    элективтік  таңдау 

курстарының  электрондық  каталогтарының,  зерттеу,  педагогикалық  және  өндірістік 

практикаларын  ұйымдастыру,  өткізу  бойынша  әдістемелік  нұсқаулардың  электронды 

нұсқаларымен толықтырылған. 

           Білім  беру  бағдарламаларын  дәйектілікпен  жүзеге  асыруда  университтің материалдық-

техникалық және ақпараттық ресурстарының, атап айтқанда,       жылдамдығы 5 Мбит/секунт 

Интернет  жүйесінің,  серверлік  құрылғылар,WWW  серверлер,  Proxy  деректер  қоры 

серверлері,    Intranet  модульі  орналастырылған    Web  порталдың  (www.vuz-zhgu.rz), 

кітапханадағы  электронды  сандық  кітапхананы  қалыптастыруға  қызмет  ететін  «Элар»  

планетарлы сканерінің,  «Lotus  Notes»  құжат айналымының орналысуның көмегі ұлан асыр.  

           Магистранттармен  тәрбие  жұмысы  олардың  «Студенттер  альянсы»,  «Жасыл  ел» 

қоғамдық  ұйымдарға  белсенділікпен  қатысып,  ат  салысуын  көздейтін  кәсіби-бағдарланған 

сипатта  жүзеге  асырылады.  Магистранттардың  бастамашылдығымен  қайырымдылық 

акциялар,  салауатты  өмір  салтын  насихаттайтын  іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Сонымен 

қатар,  «Менің  мамандығым  –  өмірімнің  бастауы»,  «Магистранттардың  академиялық 

ұтқырлығы»  тақырыбындағы  кездесулер,  дөңгелек  үстелдер  магистранттардың  кәсіби-

тұлғалық  сапа-қасиеттерінің  көрінісін  және  кәсіби  бағдар  беру  бағытындағы  іскерліктерін 

танытты.  

   Қорыта  айтар  болсақ,  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу    мемлекеттік  университетінде 

6М010300  –  «Педагогика  және  психология»      мамандығы  бойынша  магистратураның  осы 

саладағы  білікті  маман  кадр  даярлау  сұранысын  қанағаттандыруға  құзыреттілігін  дәлеледеп 

отыр. 


 

 

ӘОҚ 372.851                                 Г.Н. Жолтаева,  К.Ж. Альменбетова  



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

karlygasch@mail.ru 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ   МЕКЕМЕ МЕН БАСТАУЫШ БУЫН  

АРАСЫНДАҒЫ  САБАҚТАСТЫҚ 

 

В  статье  расматриваются  вопросы  преемствености  обучения  и  воспитания  детей  в 

дошкольном учреждении и начальной школе. 

The  article  deals  with  the  question  of  niccession  studs  and  the    education  of  children  the 

kindergarden and junior  schools. 

 

Білім  беру  және ғылым  саласына  елеулі  өзгерістер  енгізіп  жатқан қазіргі 



кезеңде   мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  бастауыш   білім  беру  ісін  жаңа сапалық  деңгейге 

көтеру  міндеті  – бүгінгі  күннің  көкейкесті  мәселесі.  Осы  өзгерістер білім  саласының 

алғашқы сатысы  болып  саналатын  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  болашақ  ұрпақтың 

дүниетанымын  дамытуға, жеке  тұлға ретінде  қалыптастыруға, сәбилік  шақтан  бастап  толық 




ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



47 

 

жағдай  жасауды,  тәрбиелеумен білім  беруге  аса  жауапты  қарауды  басты  міндет  етіп  қойып 



отыр. 

Аталған міндетті  шешуде  кезек  күттірмейтін  мәселелердің бірі  ретінде  мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  бастауыш білім  берудің  сабақтастығын   қамтамасыз  етудің  жолдарын 

айқындаудың маңызы зор.  

Балабақша мен 

бастауыш 

буын 

сабақтастығын 



айқындауда,  

біріншіден, 

аталған сатыдағы білім 

берудің 


өзіндік 

мақсаттарының 

айқындалуы, білім 

мазмұнының бірыңғай, жүйелі  құрылуы,  баланың  белсенді  дамуы  арқылы білім  берудің 

келесі  сатысына  көшудің  тиімділігінің  қамтамасыз  етілуіне;  екіншіден,   білім  беру  жүйесінің 

әрбір  әдістемелік  компоненттерінің  байланысы  мен  үйлесімділігінің  болуына  назар  аудару 

керек  (мақсаты, міндеттері,  мазмұны, әдістемесі,  ұйымдастыру түрлері). 

Сонымен  қатар,  сабақтастық  сақталу  үшін  мектепке  дейінгі  кезеңде –жас  ерекшелігіне 

сәйкес  баланың  өзін-өзі  бағалауының  сақталуы,  танымдық  және  тұлғалық  дамуы,  қоршаған 

ортамен  байланыс  жасауға  дайындығы   қарастырылады.  Бастауыш  сатыда   —  мектепке 

дейінгі  шақтағы жетістіктерінің  барлық  деңгейіне  тірек  болуды,  қарқынды  даму  жағдайында 

жеке  жұмыстарды,  мектепке  дейінгі  қалыптасып  болмаған қасиеттерін  жетілдіруге  арнайы 

өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды  қамтамасыз етеді. 

Сабақтастық  даму  кезеңдері  мен  сатылардың  арасындағы ортақ  мақсат-міндеттер, 

ортақ  мазмұнды  байланыс, бұл байланыс  –  олардың  толық  және жеке  жақтарының  кейбір 

элементтерін  сақтайтын  тұтас  жүйе. Жеке  тұлғаның  даму  кезеңінің  үздіксіз білім  беру 

деңгейлері  мен  сатылары  нақты мақсаттарды  іске  асыру  жағдайлары  мен талаптарының іске 

асырылуымен  анықталады.  Осының  барлығы бір  ғана  түпкі  мақсатқа —  баланы  жүйелі 

сатылы дамыту, бір буыннан екінші  буынға неғұрлым сәтті  өтуге бағытталуы  тиіс. 

Сабақтастық  білім  беруде: 

 

балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік 



қызметтерін  қамтамасыз  етеді;   

 

білім  беру кезеңдерінде  үздіксіз  білім  беру (балабақша-мектеп,  мектеп жоғары  



оқу  орны);  

 

біртұтас  білім  беру жүйесінде осы кезеңдердің  және оқыту  түрлерінің  біртұтас- 



тығын ұйымдастыруға өз әсерін  тигізеді. 

Мектепке  дейінгі  мекеме мен бастауыш  сынып арасындағы сабақтастықтың 

негіздемесі: 

 

балалардың білуге  деген құмарлығын дамыту;   



 

балалардың өздігінен   шығармашылық  жұмыс тапсырмаларын шеше  білу 

қабілетін  дамыту;  

 

балалардың интеллектуалдық  және тұлғалық дамуына 



бағытталған шығармашылық  қиялын дамыту;  

 

тілдік  қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл 



табысып, сөйлесе білу). 

Сабақтастық  үрдісін  2 жақты қарауға  болады: 

1.  Мектепке  дейінгі  буын  сатысында  мектепке  дейінгі  балалық  шақтың  өзіндік 

құндылығы қысқартылады  және балалардың жеке тұлғалық  сапасының негізі  қалыптасады.  

2.  Мектеп  өз жұмысын  жоқтан  құрмайды.  Мектепке  дейінгі  балалардың  жетістігін 

қапсырып  алып,  балалардың  жинақтаған әлеуетін  педагогикалық  практиканы  ұйымдастыра 

отыра  дамытады.  Сабақтастықтың  осындай  түсінігі  балалардың  дамуы  мен  оқып үйренуін 

үздіксіз  іске  асырып отырады. 

Бұл: 

 

мектепке  дейінгі  мекеме  мен  мектептегі білім  үрдісінің  мақсатын,  міндетін, 



мазмұнын, бағыттап отырады;  

 

әр баланың  дамуына  жағдай  жасайды  (денсаулығын сақтау,  эмоционалдық 



саулығы). 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



48 

 

Балабақша мен  бастауыш білім  сатысының  сабақтастығын тек  баланы  мектепке 



дайындау  деп  түсінбеу  керек,  мұнда  педагогтар  мектепке  дейінгі  ұйымдарда білім  берудің 

формалары,  әдіс-тәсілдерімен  жете  танысып,  6 жас  пен 7 жас аралығындағы  психологиялық 

ерекшелікті  анықтай отырып мектепке біртіндеп  жеңіл бейімделуіне  жағдай жасау  шарт. 

Мектепке  дейінгі  мекеменің міндеттері: 

 

салауатты өмір  сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;  



 

эмоционалдық  аман-саулығын қамтамасыз  ету,  әртүрлі  көркемдік  іс-әрекет  түріне 

жағдай жасау;  

 

талабын, білуге  құмарлығын, еркіндігін  дамыту;  



 

айналадағы әлем жайында білімін  қалыптастыру; 

Бастауыш  мектептің міндеттері: 

 

салауатты  өмір  сүру салтының  құндылығын қалыптастыру  және өзінің  тәртібін 



осыған сай реттеу;   

 

қоршаған ортамен  белсенді  қарым-қатынас  дайындығын дамыту  (эмоционалды, 



интеллектуалды, коммуникативті  және іскери);   

 

мектепте, оқуға,  үйренуге деген тілегін  қалыптастыру;  



 

әртүрлі  әрекетте бірлесе  жұмыс істей білуі  мен өздігінен  жұмыс істеуін  дамыту;  

 

мектепке  дейінгі  мекемедегі  жетістігін  жетілдіру,  мектепке  дейінгі  мекемеде  даму 



барысында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету; 

Мектепке  дейінгі  мекеме  мен  бастауыш  сыныптың  сабақтастық  бойынша  жұмысын 

ұйымдастыру: 

 

мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;   



 

мектепте оқуға  психологиялық дайындығын қалыптастыру;  

 

бала дамытатын үдіксіз  білім  беру  жүйесін құру. 



Мектепке  дейінгі  мекеменің мақсаты: 

 

денсаулығын сақтау,  нығайту;  



 

психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау,  ойлау, қабылдау);   

 

мектепте оқуға  дайындау (мектеп, мектеп ережесі,  қоңырау, үзіліс). 



Бастауыш  мектептің мақсаты: 

 

денсаулығын сақтау,  нығайту;  



 

қабілеттерін,  ойлауын дамыту;  

 

ерік,  жігер  сезімін  дамыту. 



Екі  ұйым арасындағы әрекет: 

Мектепке  дейінгі  мекеме – танымдық әрекет – мағлұмат алады, талдайды, 

ойнайды, білім  алып, тәжірибе  жасайды. Бастауыш  сынып – оқу  әрекеті  – оқи алуға үйренеді, 

оқығысы келеді,  жаңа мазмұнды меңгереді,  жаңа түсініктер  қалыптасады. 

Мектеп  пен  мектепке  дейінгі  мекемедегі  сабақтарды  салыстыра  отыра,  келесі 

ұқсастықтарды  атап айтуға болады: 

1. Бірмаңыздылық:  балалардың  танымдық  әрекетін  басқару, білім  және білікпен 

қаруландыру бір  мезетте  жан-жақты тәрбиелеу.  Оқыту  мектепте  де, мектепке  дейінгі 

мекемеде  де бағдарлама бойынша өткізіледі.   

2. Айқын  және  қатаң  ұйымдастыру:  әрқашан,  әр уақытта  нақты сабақ  кестесі, 

әр баланы оқыту міндеті,  педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі. 

Балаларды  мектепке  даярлау  кезеңінде  назардан  тыс  қалатын  жағдайлар  да болып 

жатады: 

 

баланың дене бітімімен  бірге,  саусақ  сүйектерінің  дамуы мен көру қабілеті  т.б. ; 



 

іс-әрекетін  жүйелі ұйымдастыра білуі;   

 

құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;  



 

қоршаған  ортасын қабылдау  бейімі  т.б. 




ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



49 

 

Сондықтан  алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын-ала жан-



жақты талдап,  нақты шешімдер  қабылдауды  қажет  ететін  талаптар  бар.  Олардың  ең 

бастылары арнайы білім  беру кеңістігін  құратын орта: 

 

оқу,  ойын, жататын бөлмелері;  



 

жас ерекшеліктеріне  сай оқуға,  жазу-сызуға  арналған парталар;  

 

гигиеналық талапқа сай асхана;  



 

сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;  

 

баланың бойына ескеріліп  құрылған сынып тақтасы. 



Мектепке  дейінгі білім  беру  мекемесі  мен  бастауыш  мектеп  сатысында  мынадай 

жағдайлар  туындайды:  Бастауыш  мектеп  мектепалды  дайындық  тобында  берілетін 

тәрбиелену, білім  беру  және дамыту  моделінен  оқытудың  мектептік  моделіне  үздіксіз 

байланыста 

өтуін 

қамтамасыз 



ету 

керек. 


Бұл жерде білім, білік, 

дағдылардың 

сабақтастығынан  да балалармен  жұмыс  істеудегі  әдіс-тәсілдердің  сабақтастығы жоғары 

рөл атқарады.  Басты  мақсат  –  мектепалды  дайындық  тобынан  бастауыш  мектепке  көшудегі 

балалармен жұмыс түрлерінің  тығыз сабақтастығы. 

Көбіне  бастауыш  мектепте  мектепалды  дайындық  тобының  әдіс-тәсілдерін,  жұмыс 

түрлерін  қолданғысы  келмейді,  ал даярлық  тобы  тәрбиешілері  көбіне  бастауыш  мектеп 

моделін  пайдалануға   мәжбүр   болады.  Балаларды  оқытудағы  бастауыш  мектеп  моделі 

даярлық 

тобындағы балалардың 

мектеп 

талаптарына 



сай білім, білік, 

дағдылары 

қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны 

алғысы 


келеді. 

Мұндай 


сабақтастықтың 

нәтижесінде  мектепке  дейінгі  балалықты  бағалау  түсіністігі  жоғалады  және баланың даярлық 

тобына  баруы  мектепке  дайындық  ретінде  ғана  қарастырылады.  Мектепалды  дайындық 

тобының  мұғалімдері  мен  тәрбиешілері  баланы  мектепке  даярлау  мақсатында  балаларды 

партаға отырғызып, мектептік  типте сабақтар жүргізеді. 

Мұндай  жерде  көбіне  балалардың  негізгі  қызметі  ойын  екені  естен  шығарылады.  Тек 

танымдық,  дамытушылық  ойындардың  көмегімен білім  негізі  қалыптаса  бастайды. 

Осылайша,  қазіргі  заманда  сабақтастықтың  құрылымы  табиғи жолмен  емес,  жасанды  түрде 

жүзеге  асады,себебі  бастауыш  мектептегі  әдіс-тәсілдер,  балалармен  жұмыс  түрлері 

мектепалды  дайындық  топтарында  кең  қолданылады.  Сондықтан  да бұл мәселені бірден 

2 жақты қарастырған жөн.  Ал, ұйымдастыру  жоспарында  мәселені  шешудің  мынадай 

жолдарын  қарастыруға болады:  біріншіден,  балалардың  мектепалды  дайындық  тобында 

қалыптасқан  білім,  білік,  дағдыларын  бағалау  қажет  емес,  олардың  даму  деңгейін  бағалау 

қажет  деп  ойлаймыз.  Екіншіден,  бастауыш  мектеп  мұғалімдері білім  беру  мен  тәрбиелеу 

үрдісінде  мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді  қолдана білуі  қажет. 

Сонымен  қатар, бұл шақта баланың  көрнекі-әрекеттік  және   бейнелі-ойлау  түрлерін 

де жетілдіруді  қажет  етеді.  Өкінішке  орай,  көптеген  әріптестеріміз  ойлаудың бұл екі  түрін 

көп елемей,  тез  арада  сөздік-логикалық  ойлауды  дамытуға кіріседі.  Алайда,  бала  ойлауының 

жоғарғы формаларының  жетік  қалыптасуы  нақ  осы  көрнекі-әрекеттік,  көрнекі-бейнелілік 

түрлерін  берік  қалыптастырып,  сөздік  логикалық  ойлау  түрлерін біртіндеп  дамытуға 

байланысты жұмыстар жүргізілуі  қажет. 

Көрнекі-әрекеттік  ойлау  –  нақты заттарды  пайдаланып,  белгілі  мақсатты  көздейді. 

Ойлаудың бұл түрін  қалыптастыру  арқылы  баланың  бойында  өзінің  іс-әрекетін  саналы 

басқару  және бақылау,  бағыттап,  ойластырып  әрекет  ету  қабілеті  дамытылады.  Көрнекі-

бейнелілік  ойлау-заттардың  бейнелерімен  ойда  әрекет  ете  отырып,  белгілі бір  мақсатты 

шешуді 


көздейді. 

Ойлаудың бұл түрін 

қалыптастыру 

арқылы 


баланың  бойында 

мақсатқа  жетудің  әртүрлі  жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін  табу қабілеті  дамиды. 

Сөздік-логикалық  ойлау —  сөз немесе  белгі  арқылы  бейнеленген  ұғымдармен 

нақты ережелерге  бағына  әрекет  ете  отырып,  белгілі  мақсатты  шешуді  көздейді. 

Ойлаудың бұл түрін  қалыптастыру  арқылы  баланың  бойында  пайымдау  және сол пайымдау 

арқылы  берілген  шарттан  ауытқымай,  нақты қорытынды  шығара білу  қабілеті  дамиды. 




ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2011

 

 



50 

 

Осындай  жұмыстарды бірлесе  отыра  атқаратын  істер  сабақтастық  мәселесін  шешудің  тиімді 



бағыты деуге  болады. 

Сонымен  қатар,  сабақтастық  мәселесін  шешуде  ата-аналармен  жұмыс  жүргізу  бала 

дамуының бірыңғай кеңістігін  жасаудың  белсенді  бағыты  ретінде  де қаралуы  тиіс.  Өйткені, 

ата-аналардың  көпшілігі  бала  тәрбиесіндегі  педагогикалық  талаптардан  бейхабар  болуы 

мүмкін.  Сондай-ақ  баланың  физиологиялық-психологиялық  даму  ерекшелігінен  де назардан 

тыс  қалатын  жағдайлар  да болып  жатады.  Сондықтан  педагог  қауымның  алдына 

қойған қосымша  –  ата-аналармен  жұмысты  одан  әрі  жетілдірудің  тың  жолдарын  қарастыра 

отырып, ортақ мақсатқа  жетудің  ұтымды сәттерін  жіберіп  алмау. 

Мектепке  дейінгі  мекеме,  бастауыш  буын  мен  ата-ана  арасындағы сабақтастық 

сақталғанда  баланың  мектепке  жалпы,  арнайы  және психологиялық  жағынан  қамтамасыз 

етіледі.  Сондай-ақ,  бастауыш  сыныптағы оқыту  мен  тәрбие  беру  жұмыстарының  негізі 

қаланып,  мектепке  дейінгі  балалық  шақтан  жүйелі  оқытуға кедергісіз  көшу үшін  жағдай 

жасалады.  Қорыта  айтқанда,  тәрбие-білім  беру  әрбір  баланың  мектепке  келуге 

және жетістіктерге 

қол жеткізуге 

деген 


қызығушылығын  

арттыру 


үшін 

жағдай 


туғызуға,  білім  алуға  үнемі  алға басуына кепілдік  беріп  отыруы қажет. 

Әрине,  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  меңгеретін  білім  жүйесі  мен  бастауыш 

мектеп  жасындағы  балалардың  білімі  арасында  айырмашылық  бар.  Дегенмен,  мектепке 

баратын  балада    оқу  іс-әрекетіне  қажетті  болатын  нақты  бір  білім,  білік  және  дағдылар 

жүйесі  қалыптасуы  керек.  Түрлі  зерттеулердің  нәтижелері  негізінде  мектепке  дейінгі 

жастағы  бала  негізгі  білімді,  кейбір  құбылыстардың  байланысын  айырып  көрсете  алатыны 

анықталған.  

Мектепалды  даярлау  бағдарламасы  балалардың  білім  жүйесін  дамытуға  бағытталған. 

Балалар  меңгеретін  материал  мөлшері,  оны  түсінуі  мен  түйсінуі  және  жаңа  материалды 

меңгеру  сапасы  бағдарламада  көрсетілген  білім  мазмұнына  байланысты.  Ал  бағдарламада 

балаға  мектепте  табысты  оқу  үшін  қажетті  болатын  білім,  білік  және  дағды  жүйесін 

қалыптастыру ескерілген. 

Мектепке  дайындықты  қалыптастыру  тіл  дамытуға,  қарапайым  математикалық 

түсініктерді  дамытуға  қатысты  кейбір  арнайы  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгертусіз 

мүмкін  емес.  Бастауыш  сынып  мұғалімдері  де  осыларды  ерекше  атап  көрсетеді.  Балаларда 

санау  дағдыларының,  санды  қатынастар  туралы  білімдерінің,  қарапайым  есептер  шығару 

біліктерінің  қалыптасуы олардың мектепте математиканы табысты оқуының  кепілі  болады.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР   



1.  «Мектепке 

дейінгі 


тәрбие 

мен 


оқыту. 

Негізгі 


ережелер» 

Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім  беру стандарты. – Астана, 2009. 

2.  Власова  Н.В.  Мектептегі  психологиялық  диагностика:  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 

12 жылдық білім  беру республикалық  ғылыми–практикалық орталығы, 2005. 

3.  Чейпи  Дж.  Готовность  к школе: Как родители могут подготовить детей успешному 

обучению в школе  // Пер.с англ. – М.:  Педагогика  – Пресс, 1992. 

4.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  (5  жастан  6  жасқа  дейінгі)  балаларды  тәрбиелеу 

мен оқытуға  арналған «Біз  мектепке  барамыз» бағдарламасы. – Астана, 2009. 

5.  Леонтьев    А.Н.  Психологическое  развитие  ребенка  в  дошкольном  возрасте  // 

Вопросы психологии ребенка дошкольного  возраста. – М.-Л., 1948 

6. Запорожец А.В.  Развитие рассуждений у ребёнка младшего  школьного  возраста // 

Научные  записки  Харьковского  гос. пед. института. т. VI. – Харьков:  1941.  

 

 



 

УДК 533+53                 



M.R. Katenova, S. S. Mukasheva 

жүктеу 79,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау