В. С. Леднев жеке тұлға (1980)


Сабаққа қойылатын педагогикалық талаптар



жүктеу 169,5 Kb.
бет2/2
Дата14.11.2018
өлшемі169,5 Kb.
#19961
1   2

Сабаққа қойылатын педагогикалық талаптар:

  1. Мұғалімнің сабақтың мақсаты мен міндеттерін анық білуі, сондай – ақ оқушыларға іскерлік пен түсіндіре алуы.

  2. Білім беру мен тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен әрбір сабақтың жеке методикалық мақсаты арасындағы табиғи байланысты белгілеу.

  3. Белгілі оқу – тәрбиенің міндеттерін шешу үшін құралдарды дұрыс іріктеп алу – жаңа оқылатын материалдың мазмұнын дидактикалық қайта тәсілге салу, білімді тексеру және жетілдіру үшін есеп пен жаттығуларды іріктеу.

  4. сабақтың мақсаттары мен мазмұнына сай, әр түрлі варианттағы методтарды дұрыс таңдап алу.

  5. Коллективтік жұмыс үстінде әрбір оқушының жеке ерекшелігін көрсетуге кең мүмкіндіктер алу негізінде оқушылар коллективін ұйымдастыру.

  6. Әрбір сабақта негізгі шарт ретінде оқушылардың белгілі бір тәртіп сақтауы керек, оны сақтаудың қажеттігін олар түсінеді.


Сабақтың мақсаты және оның категориялары.
Сабақтың мақсаты пән - класс - курс - тарау - тақырыптан келіп шығады да, міндеттер болып: білімдарлық + тәрбиелік + дамытушылық саналады.

1.Сабақ мақсатының 6 категориясы болады:



  • білімдік категориясы

  • түсіну категориясы Ш Д

  • пайдалану категориясы Ы А

  • талдау жасау категориясы Ғ М

  • жаңа дүние жасау А У

  • бағалау Д

Ы

Дағдылар

Белгілері


Оқушы іс - әрекеті

Білім

Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске ұстау, бұрынғы білімді еске түсіреді.


Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

Түсіну

Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы.

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану

Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жағдайға пайдалану.

Бұрынғы білім негізінде соны пайдалана отырып жаңа проблема шешеді.

Талдау

Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді дәл бөліп ала алу. Яғни, бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау.

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.

Синтез

Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау.

(жалқыдан жалпыға)



Ойлап табады, құрастырады, шығарады байланыстырады.

Бағасын, пайымдау

Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау, пайымдау.

Бағалайды, талқылайды, , өз талабын айтады.

4 -сабақ. Қазақ тілі 6 - класс



Тақырыбы : Өзіндік жұмыс

Мақсаты : 1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

2. Білімді деңгейден деңгейге көтеру

3. Адамгершілікке баулу

Типі: ББД - ны қалыптастыру.

Түрі: Деңгейлік тапсырмалар .

Әдісі: Өздігінен жұмыс жасау зерттеу, салыстыру .

Көрнекілігі:Деңгейлік тапсырмалар , сызбалар.
Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру жұмысы. Бүгінгі сабақтың мақсатын, міндетін хабарлап

түсіндіремін. Сабаққа дайындықтарын қарап шығамын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Жаттығуды тексеру.5.

2. Кім жылдам? 5.


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. Үй тапсырмасының орындалуына қарай оқушыларды атап өтемін. Сонан соң сұрақтар арқылы жинақтаимын.
Жаңа сабақ

І. Кіріспе әңгіме жүргізу.

ІІ. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

1-деңгей. 5

1. Берілген сан есімдерді мағыналарына қарай топтап жаз.(11,50-60, алтау, жетпістей, жүздеген, мыңыншы, біреу, бес-бестен, 242, бірер, қырықтан, 40-50, отыз шақты, 552, 1924, жетпісінші, екеу, жиырмаға тарта, 0,25; сексен, тоқсандай, 10;он-оннан; алпыс-жетпістей, миллион.)

2-деңгей. 5.

.1. Берілген сан есімдерді нүктенің орнына қойып жаз.(екі, екеуі,беске, біреуі, үшке, екі.)

Өрмекші - …, өзі - ірі,

Түйенің бір түрі. (нар.)

… басы теңелер,

Алған затын бере бер. (

таразы)


…тұлпарым бірі жүйрік бірінен,

Тыным таппай шабады, күні-түнімен.

… дауласып,

Көсе-Алдарға келді.

Ол … дейін,

Мен … дейін санадым.

Ол кешке дейін,

Мен түске дейін салдым.


3-деңгей. 10

3 және 7 сандарына байланысты атадан қалған халықтық ұғымдарды жаз.

4-деңгей. 15.

<<Қонақта>> деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Сан есімді қатыстыр.

Қорытынды.



<<5>>-40-45, <<4>>--34-39, <<3>>-29-33. Осы норма бойынша әрбір оқушының бүгінгі сабақтағы бағасын анықтаймын.Сонан соң сұрақтар арқылы сабақты жинақтап қорытамын.

Үйге тапсырма.

2. Сан есімнің мағыналық түрлерін және құрамына қарай турлерін қайталау. 2. Әрбір түріне бір сөйлем құрап жазу. 3.Тұлғалық талдау жасау. Осы орайда өзіндік жұмыс және оның түрлері туралы айталық. Оқушы тақырып негізінде білім, білік, дағдыны өз ізденуімен немесе өздігінше тапсырмалар орындау арқылы меңгереді.

Оқушылардың өздік жұмыстарының классификациясы.

1. Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін, тексеретін, диагноздық, алынған білімді баянды ететін.

2. Даралау дәрежесі бойынша: мазмұны әр түрлі, бірақ бірдей тәсілдермен орындалатын; мазмұндары бірдей, бірақ әр түрлі тәсілдермен орындалатын; мазмұндары әр түрлі және әр түрлі тәсілдермен орындалатын.

3. Білім материалдары боиынша ; оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс , жаттығу жұмыстары және салыстыру,құрастыру, орнына қою, лабораториялық және өздік жұмыстар.



  1. Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар.

Өздік жұмыстардың түрлері.

1. Үлгі бойынша орындалатын

2. Реконструктивті - вариативтік

3. Эврикалық (ішінара ізденуді талап етеді).

4. Шығармашылық (ізденуді талап ететін).

Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы мұғалімнің көрсеткен үлгісін қолданып, белгілі бір іс - әрекеттің жолын ұғынуға ұмтылады. Осындай жұмыстар үшін арнайы тапсырмаалр (есеп шешімінің дайын үлгілері, алгоритмдік ұйғарым, теориялық мағлұматтар, инструкциялар, ілеспелі нұсқаулар т.с.с.) дайын . вариативтік өзіндік жұмыстарға таным есептері кіреді. Оны орындау процесі кезінде оқушылар: аз жағдайда талдау қажеттігін; ә) оқу проблемасының белгілерін анықтауды;

б) осы проблемалардың шешудің жолдарын іздеуі.

в) белгілі амалдардан тиімділерін таңдай білуді.

Вариативтік өзіндік жұмыстар процесінде оқушылар бірнеше алгоритмдерді, формулаларды, теоремаларды қолданады, есеп шығарудың, теореманы дәлелдеудің бірнеше жолдарын қарастырады; есеп шығару тәсілдерін, ережелерді талдап қорытады.

Эвристикалық өзіндік жұмыстар үшін мұғалімдер проблеманың жаңа шешімдерін іздестіріп, алынған білімді (бірнеше тақырыптар мен бөлімдерден( бір жүйеге келтіруді көздейтін тапсырмаларды іріктеп дайындайды.

Шығармашылық саты тақырыпаралық және пәнаралық зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады. Мұндай өзіндік жұмыстарды орындау үшін оқушылар өздерінің игерген білімдері негізінде жаттығу орындау тәсілдерін түрлендіріп, басқа жағдайға ауыстыруы, өз бетінше жаңаша орындау жолдарын көрсетуі, оның мазмұнын, мақсатын,орындау жоспарын дайындауы керек. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру үшін практикада арнайы дайындалған танымдық тапсырмалар ұсынылады. Олардың ішіндегі маңыздысы - оқушылардың анықтамаларды, ережелерді, заңдарды және оларды айту үшін шығармашылық әрекеттерді орындауға бағыттайтын тапсырмалар.

Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді. Осы орайда, 6-класта қазақ тілін оқыту бағдарламасының жайына тоқталайық. Өйткені әрбір сабақтың мақсатын анықтауда басшылыққа бағдарламаны аламыз.

Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммунаттивтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

Бұл мақсатты орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.

Танымдық бағыт бойынша:

- оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

- әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік - дағдыларын қалыптастыру;

-тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру , ана тілінің бүгінгі таңдағы әлеуметтік ролін, оның басқа тілдермен өзара байланысын, теңдігі мен бірлігін ұғындыру;

-оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау , түсіну әрекетін жетілдіру , щшығармашылық қабілеттерін арттыру;

-тілдік құбылыстарды абстрактулауды және жинақтауды білгізу , тайым белсенділігін күшейту;

- тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру , адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

- қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру;

Практикалық бағыт бойынша:

-оқушының сауаттылығын арттыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту;

- тіл мәдениетін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;

Қазақ тілі сабағы оқушы үшін тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан шығып, баланың ой-өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екендігін сезіндіруі қажет. Бұл оқу материалдарының , жалпы білім мазмұнының ішкі байланыстарынан туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным деңгейіне сүйеніп, оның өмірге, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыруға себін тигізеді. Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуелді. Сондықтан жаңа бағдарламада оқушының тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік - дағдыға айналдыру көзделеді.

Қазақ тілінің жаңа бағдарламасы мынадай басты -басты функцияларды атқару мүмкіндігіне жол ашады:

1. Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау функциясы. Оның мақсаты оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне , алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

2. Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

3. Үйлестіру функциясы. Оның мақсаты оқытудың өзге құралдарын тиімді пайдалануға үйрету, әр түрлі білім көздерінен алынған біліммен ұштастыра білу.

4. Жүйелеуші функциясы. Оның мақсаты оқушыларды әр салаға жататын білімнің құрылымдағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып, пайдалана білуге үйрету.

5. Дамыту функциясы. Оның мақасыты оқушылардың жеке басына тән интеллектуальды, жалпы және жеке оқу біліктерн қалыптастыру. Яғни, 6-класта қазақ тілін оқытуға барлығы -102 сағат берілген,ол аптасына - 3 сағаттан келеді. Қазақ тілі пәні бойынша берілетін теоралық малғұматтар көлемі 6- кластың оқулығында сабақтастық, жеңілден күрделіге қарай, білім мазмұнының толық болуы, жүйелілік, коммунакативтік принциптер негізінде беріліп отыр.Осы негіздемеге байланысты сөздердің топтастырылу реті төмендегідей болып келеді.

1.Зат есім.

2.Сын есім.

3.Сан есім.

4.Есімдік.

5.Етістік.

6 Үстеу.

7 Еліктеу.

8 Шылау.

9 Одағай.

Осылай дей келіп, бұл құрылымдық байланысты әр уақытта сақтау қажеттігі ескеріледі .Осы ақпарат - түсінік келесі тақырыптарыдың жеңіл меңгерілуінің, саналы ұғындырылуының тетігі болмақ.

Бұл жұмыстың келесі бөлігінде бақылау және тексеру жайын сөз етемін. Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Қысқаша психологиялық – педагогикалық сөздік «әдіс - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс - әрекет» - деген анықтама береді.

Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л.Н.Толстой былай дейді. «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінудегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті».

Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.

Мұғалімнің ендірушілік білімі мен біліктерінің менимумы.

Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен. Солардың бірнешеуіне тоқталсақтөмендегідей:

1.Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скоткин, И.Я.Лернер):



  • Түсіндірмелі хабарлау әдісі;

  • Репродуктивті әдіс;

  • Эвристикалық әдіс;

2. Оқытудың мақсаттары мен қралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):

  • Жаңа білім беру әдісі;

  • Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;

  • Техникалық құралдар мен жұмыс істеу әдісі;

  • Білімді тексеру әдісі;

  • Проблемалық, программаланған оқыту әдісі;

3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бобанский):

  • Оқу – танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;

  • Оқуға ынталандыру;

  • Оқытудағы бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері;

4. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):

  • жаңа білімді игеру әдісі;

  • өзіндік білім әдісі;

  • проблемалық әдіс

  • практикалық әдіс;

  • көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі, т.б.

Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны – бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.

Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:



  • байқаудың мақсатын анықату;

  • қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеуі салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;

  • оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:

  • демонстрациялық бақылау;

  • экскурциялық бақылау;

  • лабораториялық бақылау;

  • техникалық бақылау;

  • оқушылардың өздігіен дербес бақылауы.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы – бақылау. К.Д.Ушинский «Бақылау – логикалық ойлаудың негізі», - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан – жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.

Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:



  1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан – жақты бақылауға оның неғұрлым көп және әр түрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшеерін қалыптастыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана еемс, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

  2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негігі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.

  3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.

Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар

барысында, сонымен қатар арнаулы сабақатр түрінде де өткізіледі. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруіне мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың білімдік және тәрбиелік қызметі жағынан маңызы зор. Біріншіден, оқушының біліміне бақылау жүргізу, олардың білімін толықтыру болса, екіншіден, олардың жеке басын жан – жақты дамытып, тәрбиелеу жөнінен ойдағыдай рөл атқарады.

Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, дағдыларындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан мен өз сабақтарымда бағалау және тексеру парақтарының түрлерін қолданамын. Ол төмендегідей:

Мысалы: жоғарыдағы сабақта көрсетілген деңгейлік тапсырмалардың бірінің тексеру парақ үлгісі.

Тексеру парағы

3-деңгей


3 және 7 сандарына байланысты атадан қалған халықтық ұғымдарды жаз.

("Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар")


Тексеру парағы

1-деңгей


Берілген сан есімдерді мағынасына қарай топтап жаз.

(Есептік: 11, 242, сексен, 1924, он)

(Реттік: мыңыншы, жетінші)

(Жинақтық: біреу, төртеу, екеу)

(Болжалдық: жетпістей, жүздеген, отыз шақты, жиырмаға тарта, алпыстай)

(Топтау: бес-бестен, қырықтан,он-оннан)

(Бөлшектік: бір бүтін оннан бес, 0,5, жүзден жиырма бес)


  1. үлгі




1-жұмыс

2 -жұмыс

3- жұмыс

4- жұмыс

5-жұмыс

Топтың ұпайы

"А"



















"Б"



















"В"



















"Г"



















"Д"


















2-үлгі


Бағалау парағы


Р/с

Аты, жөні

Үй тапсырмасы

Лабораториялық жұмыс

Қорытынды

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

ІV

балл

бағасы




































































































































3-үлгі


Бағыттау парағы

А-1


Бөлім

Үстел

Ең жақсы жауап

1

А




2

А




3

Б




4

В




Нәтижесінде жеке тұлғаның білім сапасының мониторингі (6-класс оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша)

100
90
60
30

Дәстүрлі оқыту Дамыта оқыту



А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі-оның білімінің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыруы үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап , беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
жүктеу 169,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау