Сабақ мақсатын қалай қою керек? Мақсаты: Мұғалімдердің сабақ мақсатын дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру



жүктеу 89,01 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі89,01 Kb.
#5501
түріСабақ

Қостанай облысы

Лисаков қаласы

«№3 орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулебаева Дарья Жуматовна

Коучинг: Сабақ мақсатын қалай қою керек?

Мақсаты: Мұғалімдердің сабақ мақсатын дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру



Міндеттері:

  1. SMART жайында мағлұмат беру.

  2. Мұғалімдерге сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын үйрету.

  3. Мұғалімдердің сабақтың әр кезеңі, әр минуты жоспарланған басты мақсатқа жету екендігін түсінулеріне ықпал ету.


Болжамдалған нәтиже:

Мұғалімдер сабақтарына SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі.



Коучинг барысы

Кезеңдері

Уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Сәлемдесу


1 мин

Сабаққа қатысушыларды қарсы алу.




Зейінді шоғырландыру

2 мин

5 мин


Сіздің бүгінгі коучингке келгендегі мақсатыңыз қандай?
Бала кездегі арманыңызды еске түсіріңіздер. Кімнің арманы орындалды, не себепті? Кімнің арманы орындалған жоқ? Себебі не?

АРМАН мен МАҚСАТ-тың айырмашылығы неде?



Стикерге жазады

Ойланып, ой бөліседі.



Топқа бөліну

1 мин

Пән ұқсастықтары бойынша топқа бөлу

Топқа бөлініп отырады

Тапсырма

3 мин

1.Бейнесюжет арқылы қытай даналығын тыңдату

2. Сұрақ қою

1.Бұл даналықтың мәні не?   

2.Қалай ойлайсыздар, бүгінгі коучингте не туралы сөйлесеміз?

3. Сабақ барысында нені үйренміз?


Бейнекөріністі тамашалайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Презентациямен жұмыс

3 мин

Коуч SMART мақсат туралы түсінік береді.

Қатысушылар SMART мақсат пен дәстүрлі мақсаттың айырмашылығын түсінеді.

Жеке жұмысқа негізделген тәсіл

Топта талдау жасайды

Постер жасау

5 мин

2 мин


3 мин

SMART бойынша талдау жұмысы.

*SMART деген не?

*Дәстүрлі сабақтың SMART бойынша құрылған сабақтан айырмашылықтары қандай?
Тапсырма.

САБАҚ МАҚСАТЫН ҚАЛАЙ ҚОЮ КЕРЕК



Мәтінмен танысады.

Өзара топ ішінде талдау жасап, түйіндейді.

Постер қорғайды. Әр постерден маңызды, нақты деген шешімдерді жинақтап, түйінді шешім қабылдайды.


Мұғалімдерге арналған топтық тапсырмалар


10 мин

Коуч бір ортақ тақырып алып, сабаққа мақсат қойып, тапсырмалар құрастыруды ұсынады.

Алдыңғы постер негізінде табыс критерийі құрылады.

Мұғалімдер топтық жұмысты орындайды.

Постер қорғайды

Түйінді ой

5 мин

*Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істедіңіз? Неліктен?

*Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйендіңіз бе? Неліктен?

*Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн? Неліктен?

*Берілген мақсат дұрыс қойылған ба? Неліктен?

*Мақсатқа жеткенімізді қайдан білеміз?


Топ мүшелері ақылдасып, өз ойларын айтып, дәлелдейді.

Сергіту сәті










«Бағдаршам» әдісі

2 мин

Сіздің бүгінгі коучингке келгендегі мақсатыңыз қандай еді? Сіз дұрыс мақсат қойдыңыз ба? Сабақтан соң осы мақсатыңыздыі қойылуына өзгеріс енгізер ме едіңіз?

Смайлик арқылы көрсетуін ұсынады.




Мақсатын өзгерткендер,

сәл өзгеріс енгізгендер, өзгертпегендер.



Рефлексия

3 мин

Кесте толтыруды ұсынады.

Кестені толтыру арқылы кері байланыс алынады.


Кері байланыс
Торкөзге «+» белгісін қою арқылы сұраққа жауап беріңіз.

 1. Маған барлығы түсінікті болды.



0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2. Өзіме қажет материалдарды алдым.




0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

3. Оқу үдерісінде қолданамын.




0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4. Білімімді толықтыруға маған әлі де осындай коучингтер қажет.




0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


« Сабақ мақсатын қалай қою керек?» коучингісіне рефлексиялық есеп



Мұғалімдерге арналған коучинг сессиясына рефлексиялық есеп


Сабақтың тақырыбы

Сабақ мақсатын қалай қою керек?

Жалпы мақсаты:


Мұғалімдердің сабақ мақсатын дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру

SMART бойынша сабақ мақсатын қоюдың тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.



Міндеттері:

  1. SMART жайында мағлұмат беру.

  2. Мұғалімдерге сабаққа мақсат қоюдың тиімді жолдарын үйрету.

  3. Мұғалімдердің сабақтың әр кезеңі, әр минуты жоспарланған басты мақсатқа жету екендігін түсінулеріне ықпал ету.




Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер сабақтарына SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі.

Түйінді идеялар:

SMART- оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. SMART- нақты, өлшенетін, қолдан келетін, шынайы, мерзімі анық мақсат. SMART мақсат пен дәстүрлі мақсаттың айырмашылықтары бар. Сабақ мақсаты SMART мақсаттың сипаттарына жауап берсе, жұмыс соғұрлым нәтижелі болады.

Орындалған жұмыстар

Коучингке 7 мұғалім қатысты. Алдымен коучингке келудегі мақсаттарын стикерлерге жазды және р пән жақындықтары бойынша топқа бөлінді, топ ережесін еске түсірді.Тақырыпты ашу мақсатында әр топ мүшелері өткенге көз жүгіртіп, балалық шақтағы армандарын еске түсірді және армандарының орындалу-орындалмауының себептерін айтып ой бөлісті. Бейнематериал тамашалап, коучинг тақырыбын ашты, сабақ жоспарлауда маңызды деп есептелетін негізгі ұғымдар мен ережелерді еске түсірді. Зерттеу материалдары презентация арқылы түсіндірілген соң, қатысушылар SMART ұғымы туралы мәтінмен танысып топ ішінде талқылады. Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл бойынша топтағы мұғалімдер сабақ мақсатына қойылатын критерийлер құрып, өз жұмыстарын қорғады, ортақ шешім қабылдады. Содан кейін қатысушылар бір пән бойынша сабақ тақырыбын таңдап, өздері қабылдаған табыс критерийі бойынша сабақ мақсаты мен міндеттерін қойып, тапсырмалар мысалға келтірді және өз жұмыстарын таныстырып қорғады. Коучинг соңында мақсаттарына жеткен – жетпегендеріне тоқталды және кері байланыс жасады.


Коучинг барысында кездескен кемшіліктер

  1. Топ ережесі үнемі сақтала бермеді.

  2. Сергіту кезеңі өткізілген жоқ.

  3. Сабаққа мақсатын қою критерийлерін тереңірек қарастыруға болатын еді.




Кері байланыс

Кері байланыс барысында қатысушылар SMART арқылы сабаққа мақсат қоюдың тиімділігі жайында ақпарат алғанын және бұл жөнінде алған білімдерін одан әрі тереңдеткісі келетіндіктерін білдірді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мектептің әдістемелік қызметі
2017 -> Жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасы
2017 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы
2017 -> Пән мұғалімдерінің әдістемелік күні туралы ереже Жалпы ережелер
2017 -> Сабақ: «Сөз тұлғасы мен сөз құрамы» Мектеп: «Т. Бокин атындағы №41 орта мектебі»
2017 -> Регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
2017 -> «КӘсіпқОР» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша модульдік

жүктеу 89,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
мектепке дейінгі
білім министрлігі