3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету шеңберінде сатып алынатын тауарларға қойылатын талаптар
7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) Кодекстің ережелеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды тіркеудің болуы (дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың құрамына кіретін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықты қоспағанда);
2) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
3) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;
4) тапсырыс берушіге өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, профилактикалық препараттардың (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде елу пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он екі айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
5) бірыңғай дистрибьюторға өнім берушінің беру күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
сатып алу жүргізілетін алдағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде елу пайызды;
сатып алу жүргізілетін алдыңғы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде тауарды жеткізген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он төрт айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі беру кезінде кемінде он екі айды құрайды;
6) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде отыз пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде сегіз айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
7) тапсырыс берушіге бірыңғай дистрибьютордың беру күніне вакцинаның жарамдылық мерзімі:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде қырық пайызды жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;
8) олардың жарамдылық мерзімі өткенге дейін тағайындауы бойынша пайдалану үшін тараптардың келісімі бойынша есепке алу және өткізу қызметтері бірыңғай дистрибьютор тауарының ауыспалы қалдықтары үшін тапсырыс берушіге және (немесе) өнім берушіге ұсынылатын осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жарамдылықтың аз мерзімін құрайды;
9) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттардан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттардан, тіркелмеген дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік заттардың саудалық атауында тіркелген бағаның және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаның бар болуы.
8. Сатып алынатын медициналық техникаға мынадай талаптар қойылады:
1) медициналық техниканың Қазақстан Республикасында тіркелуінің немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат беру құжатының) бар болуы. Тіркеу тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынатын үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) медициналық техниканың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулық пен пайдалану құжаты Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;
3) медициналық техника денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) медициналық техника жаңа, бұрын пайдаланылмаған, беру сәтінде шыққанына жиырма төрт ай болмаған болып табылады;
5) өлшем құралдарына жататын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілгені техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, медициналық техникадан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген.
9. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші тауарларға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.
10. Тауарларға қойылатын талаптар осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
4. Жеткізуде талап етілетін мерзімдер мен шарттар, орны
11. 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу шартының жасасқан мерзімнен бастап, тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша тендерлік құжаттаманың 2-қосымшасындағы мерзіміне сәйкес жеткізілуі тиіс.
5. Төлем шарты және сатып алу туралы шарттың жобасы
12. Төлем шарты тендерлік құжаттамаға 2,7 қосымшаларына сәйкес бюджеттік қаражат лимитінің бөлінуіне байланысты.
Әлеуетті өнім беруші балама шарттарын немесе басқа шарттарды және олармен байланысты нақтылы жеңілдіктер ұсыну мүмкін. Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімінде, бұл жағдайда қандай жеңілдікті ұсыну мүмкін екендігін көрсетуге тиіс.
13. Шарт жобасы сатып алу туралы Типтік шартының негізінде 9-қосымшаға сәйкес жасалады.
6. Тендерлік өтінімнің валютасы
14. Тендерлік өтінімнің валютасы қазақстандық теңге болып табылады.
15. Тендерлік өтінімнің басқа валютада ұсынылған жағдайда тендерлік өтінімдердің бағалары тендерлік өтінімдердің ашу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағалары бойынша теңгеге аударылады.
7. Тендерлік өтінімді, сатып алу туралы шарттарды құру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар
16. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі, сатып алу туралы шарты «Қазақстан Республикасында тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалады.
8. Тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
17. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді желімделген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
18. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
19. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі неғұрлым қысқа тендерлік өтінім қабылданбауға тиіс.
20. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған, қызметтерді немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқықтарын растайтын (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін де, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын мәліметтерді, сондай-ақ осы тендерлік құжаттаманың 21-тармағының 19), 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
21. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі мыналарды қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінім. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);
4) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
7) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;
9) дәрілік заттарды сатып алу және сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (отандық тауар өндірушілер үшін);
сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;
сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі;
10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, осы әлеуетті өнім беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі;
11) әлеуметті өнім беруші қосымша көрсетілетін қызметтердің бағасын қоса алғанда мәлімделген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің, соңғы бағасы қалыптасатын әлеуетті өнім берушінің нақты шығындарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар кестесі;
12) қосымша қызметтер;
13) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
14) дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, өткізу үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатының көшірмелерін ұсыну жағдайларын қоспағанда, "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс) көшірмелері;
15) әлеуетті өнім берушінің осы тендерлік құжаттаманың 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
16) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағындабелгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
17) Қағидалардың 9-тармағына сәйкес үлестестіктің жоқ екендігі туралы хат;
18) Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда сатып алу шартын бұзуға келісу туралы хат;
19) бірлесіп орындаушылармен фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы ниет шарттары;
20) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) есепке алудың ақпараттық жүйесін жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды орнату туралы кепілдік хат;
21) тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге рұқсатта және (немесе) хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес фармацевтикалық қызмет объектісін меншік құқығында немесе иелену және пайдалану құқығында иеленуді растайтын құжаттың көшірмесі.
22. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:
1) мәлімделген тауардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелік (медициналық техниканы мәлімдеген кезде *doc форматында электрондық жеткізгіште де);
2) ұсынылатын тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың талаптарына және тендерлік құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттар.
23. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге тауарларды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
24. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:
1) Ақшаны кепілге салу түрінде тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуде әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің Астана қаласы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашысың Комитетіндегі тиісті шотына БИН 990440001521 Код ГУ 2533737, BIC KKMFKZ2А, IBAN KZ640705022533737001, төлемнің мақсаты - тендерлік өтінімді қамтамасыз ету.
2) тендерлік құжаттамаға 8 қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
25. Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
26. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша түрде қайтарады.
27. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
28. Тендерлік өтінім тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітіледі. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке желімденеді. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, оның соңғы парағы бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) бекітілуге жатады.
29. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті өнім беруші қол қояды. Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
30. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді конвертке желімдейді. Конверттер әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конверт, Шымкент қаласы, Тәукехан даңғылы, 6, 3 қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі 304 кабинет мекен-жайы бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі және мынадай жазулар болуы тиіс: «2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша облыстық медициналық ұйымдары үшін медициналық техниканы сатып алу» және «2018 жылғы 24 қыркүйек сағат 10.30-ге дейін ашылмасын». Конверттер 2018 жылғы 24 қыркүйек сағат 10-00-ге дейін қабылданады.
31. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей, сұрау салу келіп түскен күнге тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді.
32. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімге тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілік болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.
33. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтерді қамтитын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
9. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімнің бағасын есептеу тәсілдері
мен әдістемесі
34. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауардың жалпы бағасы әлеуетті өнім берушінің белгіленген пунктке дейін тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды және басқа да шығыстарды қамтуы керек.
10. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашуы
35. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдері салынған конверттерді 2018 жылғы 24 қыркүйек сағат 10.30-де мына мекен жайда ашады: Шымкент қаласы, Тәукехан даңғылы, 6, 3 қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі 304 кабинет.
36.Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
37. Конверттерді аша отырып, тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік өтінімдер түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімденген бағаларды, жеткізу шарттары мен ақы төлеуді, тендерлік өтінімдерді қайтару тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
11. Отандық тауар өндірушіні қолдау
38. Егер лот бойынша тендерге отандық тауар өндіруші болып табылатын және тендерлік өтінімі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысса, комиссия осындай әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсынысының бағасынан аспайды.
39. Егер лот бойынша тендерге олардың біреуі отандық тауар өндіруші болып табылатын, тендерлік өтінімі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіні тендердің жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды, онымен бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай шарт жасалады. Бұл ретте шарт жасасу кезінде тауардың бағасы осы әлеуетті өнім берушінің бастапқы жаңа ұсынысының бағасынан аспайды.
40. Егер лот бойынша тендерге отандық тауар өндіруші болып табылатын және тендерлік өтінімдері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін қарайды, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (болған кезде) қабылдамайды.
41. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар немесе медициналық техника өндірісі бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат (лицензия);
2) Кодекстің ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген, отандық тауар өндірушінің тауарына арналған тіркеу куәлігі.
Шарт немесе берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде әлеуетті өнім беруші – отандық өндіруші жеткізілетін тауарларға "СТ KZ" ішкі айналыс үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |