Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



жүктеу 307,5 Kb.
бет1/6
Дата17.01.2020
өлшемі307,5 Kb.
#27027
  1   2   3   4   5   6


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының

тұжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасы (әрі қарай – заң жобасы).




2. Заң жобасының қажеттіліқ негіздемесі

Елбасы бес институционалдық реформалардың бiрi деп мемлекеттiк аппаратты қалыптастыруды белгiледi.

Тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, транспаренттік, меритократия қағидаттарына негiзделген мемлекеттiк қызмет жүйесі кәсібилендіру, мемлекеттiк басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуде және халыққа сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсетуде ең маңызды фактор болып саланады.

Қазақстандық мемлекеттік қызметтің моделі адами факторлардың және кадрлық жұмыстың маңыздылығын мойындатуға бағытталған, бұл өз кезегінде оны кәсібилендірудің негізгі факторы болып табылады және келесідей тиімді кадрлық үрдістерді құруға бағытталған: мемлекеттік қызметке түсу тәртібінің тиімділігі мен айқындылығы, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби дамуы, жұмыс нәтижелері мен көтермелеу жүйесінің өзара байланыстылығы, бірдей жұмысқа бірдей еңбекақы, кәсіби өсуге ынталандыру, әдеп нормаларын сақтау.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылы қабылданған Заңмен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестілігіне бағытталған негізгі шаралар іске асырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіру, мансаптық ілгерілеу жөніндегі қолданыстағы ережелер кеңейтіліп, жаңалары енгізілді.

Бұл ретте, құқық қолданушылық тәжірибе, жоғары тұрған органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмалары, мемлекеттік органдардың ұсыныстары және құқықтық мониторингтің нәтижелері мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру үшін жаңа тетіктерді енгізудің қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың жекелеген нормаларын жетілдіру мақсаттылығы туралы айтады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы жолдауында ЭЫДҰ-ның өзық тәжірибесі мен ұсынымдарын имплементациялау бойынша жұмысты қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен.

Жемқорлыққа қарсы заңнама мен шараларды жетілдіру мақсатында еліміз 2004 жылдан бері ЭЫДҰ-ның субөңірлік – Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстамбулдық жоспар (бұдан әрі – Ыстамбулдық жоспар) бағдарламасына қатысады.

Осы кезең аралығында Қазақстанға қатысты оның ұсынымдарын орындау бойынша 4 мониторингтік раунд өткізілді.

ЭЫДҰ хатшысымен мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берілді.

Төртінші мониторингтік раундтың әдістемесіне сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданған және оларды тәжірибеде тиімді қолдану нәтижелері болған жағдайда ұсынымдар толық орындалды деп танылады.

Осыған байланысты Ұлттық заңнаманың ЭЫДҰ стандарттарымен үйлесуі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы Заңымен ратификацияланған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының нормаларын имплементациялау мәселелері бойынша кешенді заңнамалық шаралар қабылдау қажет.

2017 жылғы 13 қыркүйекте Париж қаласында ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе отырысында бекітілген бойынша Ыстамбұл жоспарын мониторингтеудің төртінші раунд есебінің ұсынымдарына сәйкес Қазақстанға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ұсынымы берілді.

1) Мемлекет басшысы және Президент Әкімшілігі тапсырмалары іске асыруға бағытталған түзетулер

2016 жыл қорытындылары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы


іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада заңнамалық актілерге өзгерту енгізуді қажет ететін іс-шаралар көзделген.

Мемлекеттік басшысының 2017 жылғы 6 сәуірдегі №17-1311 бұрыштамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметіне мен Агенттікке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада көзделген


іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылды. Премьер-Министрімен Агенттікке және мемлекеттік олргандарға тиісті тапсырыс бірілді (2017 жылғы 15 сәіур № 23-12/802).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы іске асыру мақсатындағы түзетулер

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген қызметкерлерінің санаттарын қосу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бүгінгі күні сатып алулар саласы аса жемқорланғандардың бірі екендігін көрсетеді.

Квазимемлекеттік сектордың субъектілері негізгі мәнінде заңнамаға сәйкес оларға тапсырмаларды шешуде және мемлекетпен жүктелген функцияларды орындауға арналған мемлекеттік қаражатқа билік етеді.

Қазіргі күні осы ұйымдарда сыбайлас жемқорлық пайызы жоғары деңгейде.

Осылайша, 2016 жылы 198 квазимемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық тіркелсе, 2017 жылы – 239.

Бұл ретте, Қылмыстық кодекс және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы


іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тек қана басқарушылық функциялар берілген лауазымды адамдар ғана тартылады (Басқарма, директорлар Кеңесі мүшелелері және т.б.).

Заңнамалық кемістіктер қылмыстық қудалау органдарына сатып алулар жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған құрылымдық бөлімше басшыларын, бухгалтерлерді, заңгерлерді және басқа да адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді.


Бұдан басқа, мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаржыландыратын жобаларды іріктеу және іске асыру саласында да жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік бағдарламалардың және инвеститциялық жобалардың операторлары болып табылады. Оларға мердігерлерді, құрылысшыларды іріктеу тәртібін белгілеуге және оларға тиісті талаптарды анықтаға дербес құқық берілген.

Баяндалғанның негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілерінің құрамына сатып алуларды ұйымдастыру, өткізу және бақылау бойынша шешім қабылдауға уәкілетті адамдарды; сатып алуларды ұйымдастыруға, өткізуге және бақылауға қатысатын адамдарды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуде және оның асыру берілген ақшалай қаражат нысаналы пайдалануға бақылау жасайтын адамдарды енгізу ұсынылады.

Сол уақытта, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Еңбек кодексіне аталған лауазымдарға орналасуға бұрын құқық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарға шектеу белгілеу ұсынылады.

Өз кезегінде, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарға квазимемлекеттік сектор лауазымдарына орналасуға шектеу ӘҚБК-нің
681-бабына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды жұмысқа алу жағдайында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларының немесе ұлттық компаниялардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, улттық даму институттарының, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшыларының әкімшілік жауапкершілігі бөлігінде толықтырулар енгізуді қажет етеді.

2. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігі, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын жүзеге асыруға заңсыз көмектескені немесе нақты кедергі жасағаны үшін квазимемлекеттік сектордың лауазым­ды тұлғаларының жеке тәртіптік жауапкершілігін заңды түрде бекітуге қатысты

Қазіргі таңда құқықтық статистикаға сәйкес, жекелеген мемлекеттік органдар (ішкі істер, қаржы, қорғаныс, әділет министрліктері, ЖАО) жылдан жылға аса жемқорлықорландырылған құрылымдардың бірі болып қалуда.

Осы фактілер мемлекеттік органдардың басшылары өз қатарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданбайтындығын куәландырады.

Мысалы, жағымсыз статистиканы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс органдарының, ерекше атап өткенде Оңтүстік Қазақстан облысының қызметшілері құрайды.

Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облысының 12 сотталғанның 7-і «Сарыағаш станция» кеден бекетінде қызмет атқарған.


Каталог: uploads -> content -> files
files -> Приглашение
files -> Кәсіби стандарт Техникалық және кәсіби білім
files -> Кәсіби стандарт «Еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру»
files -> «Ғылым» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
files -> Утверждено
files -> «Ќазаќстан Республикасы Еѕбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігініѕ Еѕбекті ќорєау жґніндегі республикалыќ єылыми-зерттеу институты»
files -> Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді
files -> Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының

жүктеу 307,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная