Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік – Тәуелсіздік»



жүктеу 16,97 Kb.
Дата24.01.2023
өлшемі16,97 Kb.
#41002
«Тұғыры биік – Тәуелсіз елім»

Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік – Тәуелсіздік»

Биыл 2022 жыл16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл толады.


Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды оқушылардын бойына дарыту.
Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы білімде.
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, интер тақта.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
3. Ел тарихынан түсінік
4. Монтаж
5. Өткен жылдар жемісі
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.
Кіріспе сөзі: Отан дегеніміз – әр адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен бірге тұратын атамекені, қазақ елінде тұратын адамдардың Отан, Қазақстан, тәуелсіз, Республика болып 1991
жылы 16 Желтоқсанда жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құлақ салайық: «Біз Тәуелсіздікті ақсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің ерекше белгілерін де қадірлеп, қастерлеуіміз керек». Әрбір азамат Қазақстан жалауын, елтаңбасын әнұранын тұмардай тануы қажет. Еліміздің сыналатын бір тусы – осы, - дейді.
Өзіңдікі – елің де
Өзіңдікі – жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде – дегендей осы жылдар ішінде көптеген белестерден өтіп биіктерден көріндік.
Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тілегі » атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жағасына жауының жетіп қолы
Тартып алған тәуелсіз күшпен өктем
Тәуелсіз – елімнің ерлік жолы.
Олжа емес салбырап түскен көктен
Қуаныш аралас қасіретпен
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен
Еркіндігін елінің сақтау үшін.
Талай ердіңбұл жолда басы кеткен.
1992 жылы маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің сессиясы
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын, Әнұранын бекітті.
1993 жылы қарашаның 15-і күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңге айналымға енгізілді.
1994 жылы ақпан айында Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстанның жана ордендері мен медальдары дүниеге келді.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа конститутциясы Ата заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. 1996 жылы 30-қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламентінің 1-сессиясы болды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан стратегиясы 2030» бағдарламасы әзірленді. Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы
1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих: жылы деп жарияланды. 1998 жылы 10 маусым Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының халықаралық тұсау кесер болды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің тұңғыш рет альтернативті түрде сайлануы, 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы. Осы жыл жаңа халықаралық ұйым-Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Тәуелсіз Қазақстан халқы XXI ғасырды зор сенімен қарсы алды.
2001 жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы болды.
Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын далам
Аман ба? Жаңаша күн жарқыраған
Азат күн арман ғасыр мәңгі
Қазақстан егеменді ел екенін паш етті.
2002 жылы Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммит Алматы қаласында өтті.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстанда 2004 – 2010 жылдарында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
2005 жылы Дүниежүзі Қазақстанның үшінші құрылтайы болды.
2006 – 2009 жылдары Ел басының халыққа жолдауы шықты.
2007 жылы 29 қазанда Кувейтте болған Азия Олимпиядалық кеңесінде Ұлттық Азия ойындарын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды Алтыный
Қорытынды.
Осынау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан алып даланы атамыз қазақ жауларынан қасық қаны қалғанша сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Ал желтоқсанда елінің егемендігі үшін шарқ ұрып, азаттықтың
туын алып қалған қазақ жастарының есімдері мәңгілік есімізде сақталады. Алдымен осы елдің тарихын терең ұғынып, екіншіден сол елге қорған болар еліміздің батыр баласы болайық. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын.
жүктеу 16,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
мектепке дейінгі
білім министрлігі