Студенттердің СӨздік қорын байытуда мәтінмен жұмыстың маңызы ж. Д.Қадырғалиев



жүктеу 28,44 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.02.2018
өлшемі28,44 Kb.
#10023


СТУДЕНТТЕРДІҢ СӨЗДІК ҚОРЫН БАЙЫТУДА МӘТІНМЕН ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Ж.Д.Қадырғалиев  

Орал қ. 

 

Өзге  ұлт  өкілдеріне  лексиканы  оқыту  барысында  ескерілетін  мәселелердің  бірі  -  қазақ  тілі 



сабағында оқытылатын материалдарға (сөз, сөйлем, мәтін) қойылатын талаптарға назар аудару қажет. 

Олар төмендегідей: 

1.  Сөздердің актив түрлерінің алынуы; 

2.  Мәтіннің көлемінің шағындығы

3.  Жұмыс түрлері арасындағы жүйелілік, байланыстық; 

4.  Жұмыстардың қызықты түрленуі 

Сөз,  сөйлемнен  басқа  мәтін  тілдік  тұлға  болып  есептеледі.  Себебі,  адам  өз  ойын  сөйлемдер 

арқылы жинақтап, оларды мәтіннің көмегімен жеткізеді. Демек, адамдар арасындағы тілдік қатынасты 

жүзеге асруда мәтіннің алар орны аса маңызды. 

ЖОО-да  оқитын  студенттерге  материалды  кейбір  оқулықтардан  кездестіруге  болады. 

(Б.Құлмағамбетова, Ш.Бектұров және көптеген т.б). Көп жағдайда оқытушы сабаққа қажетті мамандық 

төңірегіндегі  мәтіндерді  өзі  іздестіріп,  таңдап  алуына,  болмаса  ғылыми  материалдарға  сүйеніп,  өзі 

құрастыруына тура келеді. Материалды сұрыптағанда олардың мазмұны студенттердің өміріне жақын, 

тәрбиелік маңызы зор, күнделікті өмірінде паАдалануға ыңғайлы тақырыптарда қолданған дұрыс және 

көлемі  шағын,  ал  мазмұнының  күрделі  болмағаны  жөн.  Бұл  ретте  С.Әбдіғлиев  былай  дейді: 

«Мәтіндердің мазмұны тәрбиелік тұрғыдан құнды болуға оқушыларды адамгершілік рухта тәрбиелеуге 

тиіс».  

К.Сариева,  Ф.Оразбаева,  Г.Ауқашева,  Г.Алдамбергенова  қазақ  тілі  оқулығына  кіріспе  сөзінде: 

«Лексикалық  тақырыптар  кәсіптік  білім  алушының  өмірімен  байланысты  танымдық,  тәрбиелік 

адамгершілік мазмұнда болу керек».  

Қазақ  тілі  сабағында  оқытылатын  материалдарға  қойылатын  талаптардың  ішінде  ұсынылатын 

мәтін  көлемінің  шағын  болуын  ескерудің  мәні  зор.  Мәтіннің  ішіндегі  таныс  емес  сөздер  2%  аспауы 

керек деген әдістемеде ұсынылған пікірді де назардан тыс қалдырмау қажет. Егер мәтіндегі сөздердің 

басым көпшілігі жаңа сөздер болса, оны тіл үйренушілер мүлдем түсінбейді, сол себепті сабаққа деген 

қызығушылықтары төмендеп кетеді. 

Мәтінді  пайдаланып,  сөздік  қорды  байыту  барысында  жұмыс  түрлерінің  арасындағы жүйелілік 

пен  байланыстылықты  ескерудің  маңызы  зор  екендігін  атап  өту  қажет.  Егер  жүргізілетін  жұмыс 

түрлерінің  арасында  ешбір  байланыс  болмаса,  меңгертілетін  лексика  жадыда  берік  сақталмайды, 

сондай-ақ жүйесіз ақпаратты да есте сақтау қиын екендігі белгілі. 

Мәтіннен  жұмысты  түрлендіру  студенттердің  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады. 

Әсіресе,  қазіргі  уақытта  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  мүмкіндігі 

мол.  Бұл  ретте  слайд,  кестелер  көмекші  құрал  ғана  емес,  ол  ой  қорытудың  амалы,  жол  сілтеушісі 

екендігін айту қажет. 

Сонымен  қатар,  сабақта  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру-лексиканы  оқыту  барысында  аса 

бір маңызды міндеттің бірі болып табылады. 

Лексикамен  жұмыс  қазақ  тілін  оқытуда  тіл  үйренушілердің  сөздік  қорын  байытумен  бірге 

игерілетін тілдің грамматикалық және стилистикалық аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді.  

Қазақ  тілінде  сөздер мен тіркестерінің  сөйлемдердің  құралу  ережелері,  тұрақты  және  еркін  сөз 

тіркестерін  қалай  пайдалану  қажеттілігінің  барлығын  да  мәтін  төңірегіндегі  жұмыстар  арқылы 

көрсетуге  болады.  Осы  орайда  практикалық  қазақ  тілі  сабағын  өткізуде  «Қазақ  халқының  ұлттық 

аспаптары»  атты  тақырыпты  алдым.  Біз  бүгінгі  сабағымызда  қазақ  халқының  ұлттық  аспаптарымен, 

олардың  тарихымен  танымып,  мәтінмен  жұмыс  жасаймыз.  Жаңа  сөздермен  танысамыз.  Тақырып 

бойынша  жаңа  лексикамен  жұмыс  істейміз  Енді  біз  кейбір  аспатардың  тарихымен 

танысамыз.Студенттерге  алдын-ала  үйге  тапсырмалар  берілді.  Әр  студент  аспаптардың  тарихын 

қысқаша айтады. 

Тақтамен жұмыс. 

Тақтаға жаңа сөздер жазылады. (Сөздерді оқу-жеке-жеке, хормен аудару, дәптерлеріне жазғызу). 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. 

Жаңа сөздер. 

Шертелі-шелканье пальцем, игра на домбре 

Үрмелі-духовой 

Ішекті-струнный 

Соқпалы-сілкемелі-ударные инструменты 

Бақсы-шаман, знахарь (лечащий болезни «изгнание злых духов») 




Сүйемелдейді-аккомпанировать на музыкальном инструменте 

Мәңгілік өмір-вечная жизнь 

Ысылдау-шипение 

Терме музыкально-поэтический жанр народного творчества. 



 

Мәтінмен жұмыс. 

Қазақ  халқы  ұлттық  аспаптарға  бай  халқтардың  бірі.  Ұлттық  аспаптарда  күй,  термелерді 

орындайды,  халық  әндерін  айтады.  Оларды  орындайтын  адамдарды  күйші,  термеші  деп  атайды. 

Ұлттық  аспаптарда  жырлайтын  әуендер  халықтың  өмірі,  табиғат,  махаббат,  батырлар  ерлігі  көрініс 

алады. 

Домбыра-екі ішекті, шертпелі аспап.Бұл-көне аспаптың бірі. Онымен күй тартады, халық әндерін 



сүйемелдейді. 

Қобыз-  киелі  аспап.  Ертеде  осы аспапта  бақсылар  ғана  ойнаған. Қобызды  жасаған-Қорқыт  ата. 

Ол мәңгілік өмірді іздеп, оны өз күйлерінен тапқан. 

Жетіген-қазақ  халқының  ерте  заманнан  келе  жатқан  жеті  ішекті  шертпелі  музыка  аспабы.  Үні 

өте нәзік. Бұл аспаты бір қарияның жеті баласынан айырылған қайғасынан туған дейді. 

Ұлттық аспаптар халықтың мұрасы. 

 

Мәтін бойыншалар тапсырмалар: 

1. 


Оқу, аудару. 

2. 


Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. 

3. 


Мәтіндегі  етістіктерден  болымсыз  етістік  жасау.  (Болымсыз  етістік  қандай  жұрнақтар 

арқылы жасалатынын сұрау). 

 

Сүйемелдейді-сүйемелдемейді, 



Орындайды-орындамайды, 

Атайды-атамайды, 

Алады-алмайды, 

Тартады-тартпайды, 

Ойнаған-ойнамаған, 

Тапқан-таппаған, 

Жасайды-жасамайды. 

 

 



Сөзжұмбақ шешу. 

Сөзжұмбақ 

1.  Дина Нұрпейсованың ұстазы кім? 

2.  Мал терісінен жасалған аспап? 

3.  Құстың атына ұқсайтын аспап? 

4.  Жеті ішекті шертпелі аспап? 

5.  Домбырада ойнайтын адамды қалай айтамыз? 

6.  Қорқыт атаның аспабы? 

7.  Шертпелі аспап? 

8.  Жамбылдың ұстазы кім? 

9.  Соқпалы-сілкімелі аспап? 

10.  Қазақ халқының жаңа жыл айының атауы? 

11.  Домбыра, қобыз, жетіген бұл не? 

Студентердің  сөздік  қорын  байытуда  жұмыстардың  сапалы  болуы  таңдаған  мәтінге  көп 

байланысты.  Мәтіндегі  мәліметтің  жаңа  қайталанбаған  болуы  студенттің  қызығушылығы  мен  ойлау 



қабілетін  арттырып,  сөздік  қорының  баюына  жол  ашады.  Сондықтан  мәтін  таңдауға  мазмұнның 

қызғылықты,  студенттің  түсінігіне  сай  болуын  ойластырумен  қатар,  танымдық,  тәрбиелік  мәніне 

тереңірек көңіл бөлген жөн. 

 

Әдебиеттер 



1. Ақбасова Қ. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері-

Алматы: Рауан, 1997. 

2. Оразбаева Ф.Ш., Сағидола Г., Қасым Б. т/б. Қазіргі қазақ тілі. Оқу құралы-Алматы, 2005 ж. 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 28,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная