Сту 01-11 Қосымша Б



жүктеу 425 Kb.
бет1/6
Дата28.12.2019
өлшемі425 Kb.
  1   2   3   4   5   6


СТУ 7.01-11

Қосымша Б

(міндетті)








Келісілді:

Қызылорда облыстық сотының төрағасы

________________Н.М.Қайырбеков

«____» 2014 ж.


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Тарих, құқық және экономика институты

Құқықтану кафедрасы

5В030100 – Юриспруденция мамандығының

«Құқық қорғау қызметі» білім алу траекториясы бойынша

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ


«БЕКІТЕМІН»

Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламалары комитетінің төрайымы _____________________ Г.Б.Дүзелбаева

«______» _________________ 2014 ж.





Ғылыми-әдістемелік үйлестіру кеңесінің төрайымы

_______________М.К.Жусупбекова

«_____» _________2014 ж.









Пән атауы



Пән коды


Пән циклы


Кредит саны

ECTS бойынша кредит саны

Курс

Академиялық кезеңі

Бақылау түрі

Бақылаудың өту түрі (тест, жазбаша, ауызша)

Пәннің сипаттамасы: 1. Пререквизиті; 2. Постреквизиті; 3. Пәннің мақсаты; 4. Қысқаша мазмұны; 5. Құзіреттілігі; 6. Күтілетін нәтиже



Бағдарлама жетекшіснің аты- жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Мамандық үшін таңдау бойынша модулдар

Ю-13-1

Оқуға түскен жылы: 2013ж

  1. 1

а) Рим құқығы

RK 2201

БП

2

3

2

3

Емтихан

Жазбаша

Перереквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, Шетелдердің конституциялық құқығы, Шетелдердің мемлекеті мен құқығы тарихы.

Постреквизиттер: ҚР азаматтық құқығы, Салыстырмалы құқық.

Пәннің мақсаты: цивильдік құқықтың пәндерін оқыту үшін қажетті негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Рим құқығына тек мемлекет әcepi ғана емес, мәдениеттің де дамуы себепші болды. Мәдениет саласының калыптасуы арқасында сауда саттықта қарқын алды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт. міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады. Өзнің мәні мен маңызына байланысты Рим құқығы қaзipгi зангерге ете керек нәрсе болып тұр. Оны оқып түсіну заң тажірибесінде де, дел айтқанда заң шығару жұмысымен айналысушыларға да маңызды.

Құзыреттілігі. Рим мемлекеті өркениеттің бастау алған жері болғандықтан, оның қалыптасуы мен құқығының дамуы басқа да өркениеттің қалыптасуы мен дамуына үлкен әсер еткен. Сондықтан болашақ заңгерлер үшін Рим құқығы курсын оқып, үйрену құқықтық сауат ашудың әліппиі іспеттес.

Күтілетін нәтиже: болашақ заң мамандарының білім базасын қалыптастыру, басты дефинциларды, дәрежелерді, анықтамаларды, басты құқықтық жүйелердің теориясын: англо-саксондық және романо-германдық анықтау, азаматтық құқық, азаматтық процесс, отбасы құқығы және т.б. қиын пәндерді оқудағы көмегі зор.

Жарекеев Қ.Ж.

б) Логика

Lg 2201






















Перезеквизиттер: Өзін өзі тану.

Постреквизиттер: пәнді оқыту негізінде оқытуға берілетін басқа пәндер тізімі; философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихы.

Пәннің мақсаты: Білімгерлерге танымдық іс-әрекет барысында өз бетінше шығармашылық ойлаудың дәлелді ойдың әдіс-тәсілдерін меңгерту, жеке тұлғаның өз бетінше ойлауына, интелектуалдық дамуына ықпалын тигізіп, оның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Логиканың басқа пәндер арасындағы орнын анықтау және олармен байланысы, курстың теориялық материалын игеру, теориялық білімді тәжрибеде, талдау процесінде қолдана білу, ойлаудың нақтылығы және реттілігі, талқылаудағы қарама - қайшылықтардың болмауы, логикалық қателіктерді анықтай білу сияқты қасиеттерін қалыптастыру.

Құзыреттілігі: Формальдық – логикалық заңдарды, теориялық курстың негізгі қағидаларын талқылау барысында практикалық әрекетте студенттер логика заңдарын, әдістерін және операцияларын қолдана білу керек.

Күтілетін нәтиже: Логика жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастырып, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген білім жүйесін құрайды.

Әпенов Б.

в) Мұсылмандық құқық

MK 2201






















Перереквизиттер: ҚР мемлекет және құқық тарихы, Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы

Постреквезиттер: Отбасы құқығы, Салыстырмалы құқық

Пәннің мақсаты: Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды: мұсылман құқығының жалпы түсінігін беру; мұсылман құқығының бастауларын зерттеу; мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктерін зерделеу; мұсылман құқығы ғылымының тарауларын анықтау; отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктерін талдау.

Қысқаша мазмұны: Мұсылмандық құқық – ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Мұсылмандық құқық жүріс-тұрыстың жалпы ережелерін орнатады, сонымен қатар мұсылмандардың өздерінің арасында жүріс-тұрыс нысандарын орнатуға мүмкіндік беретінін көптеген зерттеушілер қолдайды.

Құзыреттілігі: Мұсылмандық құқық мұсылмандардың тек сыртқы жүріс-тұрысын ғана емес, оның негізіндегі ішкі себептерді де егжей-тегжейлі реттеуге бағытталған.

Күтілетін нәтиже: Ислам құқық жүйесінің  сипаттамасы мен жалпы ережелерін ашу; ислам мемлекеттеріндегі құқықтың мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерін қарастыру; ислам құқығының негізгі мектептері (мазхабтар) зерттеу; ислам мемлекеттеріндегі құқықтық  айырмашылықтарын  қарастыру; ислам конференциясы ұйымының ролін ашу; ислам мемлекеттерінің халықаралық қатынастарын қарастыру.

Айлауова Б.

  1. 2

а) ҚР Әкімшілік құқығы

HGK 2202

БП

3

5

2

3

Емтихан

Тест

Перереквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы.

Постреквизиттер: ҚР Қылмыстық құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: Студенттерге әкімшілік заң жағынан тиянақты білім беру, әкімшілік құқықтың жалпы ережелері принциптерін, оның негізгі ұғымдары мен институттарын, түсіндіру, сондай-ақ нақты әкімшілік құқық түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен танысу

Қысқаша мазмұны: Әкімшілік құқығы - ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз - бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Құзіреттілігі: Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады.

Күтілетін нәтиже: Әкімшілік құқық теориясын оқып-үйрену барысында студенттер құқықтың барлық саласының негiздерi бойынша бiлiм алады, құқық шығармашылық негiздерiмен танысады, заңдардың даму барысын ҚР-ғы қолданыстағы құқықтың тиiмдiлiгiн талдап, бағдарлай алу мүмкiндiгiн қалыптастырады. Әкімшілік құқығының түсiнiгiн, олардың өмiрге келуi мен дамуының және қоғамды реттеп басқаруының негiзгi заңдылықтарын; Әкімшілік құқықтың мазмұнын, түрлерiн, нысанын, функцияларын, құрылымын, механизмiн және құқықтық жүйесiн оқып үйренеді.

Исаева А.Ж.

б) Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылық қызметі

HK 2202






















Перереквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Шетелдердің конституциялық құқығы

Постреквизиттер: Халықаралық жария құқығы; Халықаралық жеке құқығы

Пәннің мақсаты: жаңа кезеңдегі мемдекеттік қызмет заңдылықтары білімдерін еркін меңгерген және оны тәжірбиеде қолданатын жоғарғы кәсіптік мамандарды дайындау.

Қысқаша мазмұны: Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.

Құзіреттілігі: Студенттердi құқықтық нормативтiк актiлерiн мәнiн түсiнiп, оларды нақты өмiрдегi жағдайларға қолдануға үйрету.

Күтілетін нәтиже: Мемлекеттік органдар жүйесін, құрылымын түсіне білу, мемлекеттік қызмет және басқарудың тиімді жұмысы үшін заңдық түсініктер мен санаттарға еркін сүйене білу; нормативтік – құқықтық база білімдері негізінде қызмет аясы бойынша әкімшілік – территориалдық бірлік үшін жлғары маңызы бар мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуды білу.

Исаева А.Ж.

в) Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қызметі

JOAOK 2202






















Перереквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы

Постреквизиттер: ҚР Салық құқығы, ҚР Қаржы құқығы, ҚР Еңбек құқығы

Пәннің мақсаты: Жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын қарастыру

Қысқаша мазмұны: Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар — мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Бұл пәнде 2001 жылы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын қарастырады.

Құзіреттілігі: Жергілікті мемлекеттік атқарушы және өкілді органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудегі рөлі маңызды, өйткені құқықтық мониторинг мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге жүргізеді.

Күтілетін нәтиже:. Жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігі көбінесе өзін-өзі басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті заңдардың бүкіл кешенінің болуына ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуіне, жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған құқықтарды іске асырудың шынайы қабілетіне де тәуелді болатынын атап өту қажет.

Исаева А.Ж.



а) Халықаралық жария құқық

HGK 2203

БП

3

5

2

3

Емтихан

Тест

Перереквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы

Постреквизиттер: Халықаралық жеке құқық

Пәннің мақсаты: Халықаралық жария құқығы курсын оқыту барысында суденттерге халықаралық құқықтың негiзгi түсiнiктемелерiн, институттары, салалары, категориялары бойынша бiлiм беру. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде құқықтық жағдайын бiлу.

Қысқаша мазмұны: Халықаралық қатынастар түсінігі. Сыртқы экономикалық мәмілелер. Сыртқы экономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлері. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және оларды жою шаралары. Халықаралық несие және есеп қатынастары. Шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімін орындау және мойындау.

Құзіреттілігі: Халықаралық жария құқықтың тарихы. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері. Халықаралық шарттары құқығы. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатнасы.

Күтілетін нәтиже: Оқытылатын курс бойынша студенттердiң негiзгi бiлiмдерге иемдену және халықаралық жария құқық саласында ғылыми-зерттеу жұмыстың дағдыларын иемдену қажет. Студенттердi халықаралық құқықтық нормативтiк актiлерiн мәнiн түсiнiп, оларды нақты өмiрдегi жағдайларға қолдануға үйрету.

Мырзагулова Б.

б) Халықаралық қатынастардың құқықтық реттелуі

HK 2203






















Перереквизиттер: Халықаралық жария құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы.

Постреквизиттер: Халықаралық жеке құқық, Халықаралық дауларды шешудің құқық жолдары, Босқындардың құқықтық жағдайы.

Пәннің мақсаты: Халықаралық қатынастардың құқықтық аспектілерін студенттердің ұғынуына ықпал жасау

Қысқаша мазмұны: Халықаралық қатынастар түсінігі. Сыртқы экономикалық мәмілелер. Сыртқы экономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлері. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және оларды жою шаралары. Халықаралық несие және есеп қатынастары. Шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімін орындау және мойындау.

Құзіреттілігі: Халықаралық қатынастар ұлттық қарым қатынастарды реттейтін нормативтік актілерден қарағанда басымдыққа ие. Сондықтан бұл пәннің құзыреттілігі оның құқықтық реттелуіндегі ерекшелік табылады.

Күтілетін нәтиже:. Студенттердi құқықтық нормативтiк актiлерiн мәнiн түсiнiп, оларды нақты өмiрдегi жағдайларға қолдануға үйрету

Абдуллаева Б.



в) Халықаралық инвестициялық құқық

HK 2203






















Пререквизиттер: ҚР Конституция құқығы, Шет елдердің конституциялық құқығы, Шет елдердің мемлекеті мен құқығы тарихы,

Постреквизиттер: Халықаралық жеке құқық

Пәннің мақсаты: халықаралық инвестициялық қатынасты реттейтін студенттер теориялық және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: халықаралық инвестициялық құқық түсінігі, халықаралық инвестициялық құқық қағидалары, халықаралық инвестициялық құқық субъектілері, шетел инвестицияларын құқықтық реттеу, шетел меншігін ұлттандыру мәселесі және оны реттейтін актілер.

Құзіреттілігі: Инвестициялық құқық әдісі мен пәні, инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны мен оның негізгі қағидалары, инвестициялық заңнамасы, инвестициялар классификациясы, инвестициялық құқықтық қатынастар, инвестициялық контракт, инвестициялық портфель, инвестициялық әрекет, инвестициялық әрекетті құқықтық реттеу, шетел нвестициясын екіжақты және регионалдық реттеу, шетел инвестицияларын құқықтық реттеу.

Күтілетін нәтиже: сыртқыэкономикалық әрекет институтының негізгі категориялары мен түсініктерін білу, сыртқыэкономикалық әрекетті құқықтық реттеу негіздерін белгілей білу, ағымдағы жағдайды талдай білу және оның шешілуі болжай білу, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты теориялық білімдерді пайдалана білу және пайда болған өзгерістерге адаптациялау.

Қаржаубаева Л.М.



а) ҚР Еңбек құқығы

KREK 2204

БП

3

5

2

4

Емтихан

Тест

Пререквизиттер: ҚР Азаматтық құқық (ж.б.), ҚР Конституциялық құқығы

Постреквезиттер: ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: Студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын зерттеу, заңдылықпен жұмыс істеу қабілетін иемдену, практикада туындайтын күрделі мәселелерде бейміделуге, алған білімдерін қолдану қабілетін пайымдау.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері және жағдайлары. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің құқықтық реттелуі. Еңбек қатынастарын реттеу субъектісі ретінде жергілікті атқарушы органдар. Еңбектің шарттық реттелуі. Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілік мәселелері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбегін құқықтық реттеу. Еңбек дауларының құқықтық реттелуі. Жеке еңбек даулары. ҚР қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің құқықтық реттелуі. ҚР қызметкерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының құқықтық реттелуі.

Құзыреттілігі. Еңбек құқығының Қазақстанның құқық жүйесіндегі орны мен атқаратын ролін, ерекшеліктерін талдау. ҚР Еңбек құқығының ұағидалары мен қайнар көздеріне шолу жасау. ҚР ЕК –не талдау жасап, оның басты ерекшеліктеріне тоқталу.

Күтілетін нәтиже: Оқу курсының міндеттері студенттерін алған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы білімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.

Қасымжан М.Қ.

б) Еңбек дауларының құқықтық реттелуі

EDKR 2204






















Перереквизиттер: ҚР Азаматтық құқық (ж.б.), ҚР Конституциялық құқығы

Постреквизиттер: ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы

Пәннің мақсаты: Еңбек қатынастарында туындайтын еңбек дауларының қарау мәселесі және олардың нормативтік құқықытық актілерде реттелу деңгейін студенттерге игерту.

Қысқаша мазмұны: Еңбек құқығындағы маңызды және күрделі мәселелердің бірі – ол еңбек даулары.

Құзыреттілігі. Оқу курсының міндеттері студенттерін алған курсқа қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер бұл курстың әрбір институттарының жалпы және арнайы білімдерін меңгеру керек, құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет.

Күтілетін нәтиже: Еңбек қатынастарында туындайтын еңбек дауларының қарау мәселесі және олардың нормативтік құқықытық актілерде реттелу деңгейін студенттер игеріп, өндірісте қолдану тәртібін үйренеді.

Саниязова Е.Қ.

Каталог: Docs
Docs -> Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
Docs -> Есболова асель айдархановна
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013
Docs -> Ќазаќстан Республикасыныѕ јуе кеѕістігінде
Docs -> Халықты жұмыспен қамту туралы
Docs -> Јдістемелік кеѕес жайлы ереже
Docs -> Бағдарлама-минимум

жүктеу 425 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша