Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы № қаулысымен бекітілген



жүктеу 152,44 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі152,44 Kb.


Шымкент қаласы әкімдігінің 

2018 жылғы «                      »  

№ «     » қаулысымен бекітілген 

 

 



Шымкент қаласы әкімдігінің «ШымкентГенплан» мемлекеттік 

коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

  

ЖАРҒЫСЫ 

 

1. Жалпы ережелер 

 

       


1. «ШымкентГенплан» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – 

Кәсіпорын)  жедел  басқару  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  ұйымдық-

құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 

       

2. Кәсіпорын Шымкент қаласы әкімдігінің «         » _______ жылғы №_____ 



қаулысына сәйкес құрылды. 

       


3.  Кәсіпорынның  құрылтайшылары Шымкент  қаласының  әкімдігі  болып 

табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы)

       

4.  Кәсіпорынның  мүлкіне  қатысты  субъектінің  құқығын  мемлекеттік 



коммуналдық меншік құқығын Құрылтайшы жүзеге асырады. 

       


5. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы «Шымкент қаласының сәулет 

және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –уәкілетті орган) 

болып табылады. 

       


6. Кәсіпорынның атауы: Шымкент қаласы әкімдігінің «ШымкентГенплан» 

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. 

       

7.  Кәсіпорынның  орналасқан  жері:  Қазақстан  Республикасы,  Оңтүстік 



Қазақстан  облысы,  Шымкент  қаласы,  Әл-Фараби  ауданы,  Түркістан  көшесі  11 

үй. 


 

2. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі 

 

       



8.  Кәсіпорын  мемлекеттік  тіркелген  сәтінен  бастап  құрылған  болып 

есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады. 

       

9.  Кәсіпорынның  заңнамаға  сәйкес  дербес  теңгерімі,  банктерде  шоттары, 



Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы  бейнеленген  және 

Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады. 

       

10.  Кәсіпорын  басқа  заңды  тұлға  құра  алмайды,  сондай-ақ  оның 



құрылтайшысы бола алмайды. 

       


11.  Кәсіпорынмен  жасалатын  және  Қазақстан  Республикасының 

заңнамалық  актілеріне  сәйкес  міндетті  түрде  мемлекеттік  немесе  өзге  тіркеуге 

жататын  азаматтық-құқықтық  мәмілелер,  егер  Қазақстан  Республикасының 

заңнамалық  актілерімен  өзгеше  белгіленбесе,  тіркелген  сәттен  бастап 

жасалынған деп есептеледі. 

 

 




 

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары 

 

       



12.  Кәсіпорын  қызметінің  мәні Шымкент  қаласының  бас  жоспарының 

орындалуын бақылау болып табылады. 

       

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты сәулет және қала құрылысы саласында 



мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 

       


14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай 

түрлерін жүзеге асырады: 

       

1) ғылыми зерттеулер; 



       

2)  топографиялық-геодезиялық  және  картографиялық  жұмыстарды 

жүргізу. 

       


15.  Кәсіпорын  осы  Жарғыда  бекітілген  оның  қызметінің  мәні  мен 

мақсатына  сай  емес  қызметті  жүзеге  асыруға,  сондай-ақ  мәмілелерді  жасауға 

құқылы емес. 

       


16.  Кәсіпорынның  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  немесе 

құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы 

не  оның  басшысының  жарғылық  құзыретін  бұза  отырып,  жасаған  мәмілесі 

Құрылтайшының,  уәкілетті  органның  не  прокурордың  талап-арызы  бойынша 

жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

       


17.  Кәсіпорын  басшысының  заңды  тұлғаның  жарғыдан  тыс  қызметті 

жүзеге  асыруға  бағытталған  іс-қимылдары  еңбек  міндеттерін  бұзу  болып 

табылып,  тәртіптік  және  материалдық  жауаптылық  шараларын  қолдануға  әкеп 

соғады. 


 

4. Кәсіпорынды басқару 

 

       



18. Құрылтайшы: 

       


1)  Кәсіпорындарды  құру,  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  туралы  шешім 

қабылдайды; 

       

2)  Кәсіпорынның  Жарғысын  бекітеді,  оған  өзгерістер  мен  толықтырулар 



енгізеді  немесе  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын,  коммуналдық 

мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді; 

       

3)  Кәсіпорынның  бюджетінен  қаржыландырылатын  қызметінің  басым 



бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды; 

       


4)  Кәсіпорындардың  даму  жоспарларын  және  оларды  орындау  жөніндегі 

есептерін қарайды, келіседі және бекітеді; 

       

5)  Кәсіпорынның  даму  жоспарларының  орындалуын  бақылауды  және 



талдауды жүзеге асырады; 

       


6) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді; 

       


7)  Кәсіпорынның  мүлкін  пайдалану  туралы,  оның  ішінде  оны  кепілге, 

жалға  алуға,  өтеусіз  пайдалануға  және  сенімгерлікпен  басқаруға  беру  туралы 

шешімдер қабылдайды; 

       


9)  Кәсіпорынның  мүлкін  пайдалануға  және  сақтауға  бақылауды 

қамтамасыз етеді; 




      

10)  Кәсіпорын  мүлкінің  есепке  алуды  ұйымдастырады,  оны  тиімді 

пайдалануды қамтамасыз етеді; 

       


11)  осы  Жарғымен  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

       

21.  Басшыны  тағайындау,  оны  аттестаттаудан  өткізу,  Қазақстан 



Республикасының 

заңнамасында 

белгіленген 

жағдайды 

қоспағанда, 

«Мемлекеттік  кәсіпорынның  басшысын  тағайындау  және  аттестаттау  жүргізу, 

сондай-ақ  оның  кандидатурасын  келісу  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2015  жылғы  2  ақпандағы  №70 

бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 

наурызда № 10379 тіркелді) айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. 

      

22.  Уәкілетті  орган  Кәсіпорынның  басшысымен  еңбек  қатынастарын 



Қазақстан  Республикасының Еңбек  кодексіне сәйкес  еңбек  шартын  жасасу 

арқылы ресімдейді. 

       

Еңбек 


шартында 

Қазақстан 

Республикасының Еңбек 

кодексімен белгіленген  жағдайлардан  басқа,  бюджетке  таза  табыстың 

белгіленген  бөлігі  уақытылы  аударылмағаны  үшін  Кәсіпорын  басшысының 

жауапкершілігі айқындалады. 

       

23. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне 



және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады. 

       


24. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады. 

       

25.  Басшы  дара  басшылық  қағидаттарында  әрекет  етеді  және  Кәсіпорын 



қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және 

осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді. 

       

26. Басшы: 



       

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін 

барлық органдарда білдіреді; 

      


2)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  бекітілген  шектерде 

Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді; 

       

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды; 



       

4) сенімхаттар береді; 

       

5) банктік шоттар ашады; 



       

6)  Кәсіпорынның  барлық  қызметкерлері  үшін  міндетті  бұйрықтар 

шығарады және нұсқаулар береді; 

       


7)  Қазақстан  Республикасының  Еңбек кодексіне сәйкес  Кәсіпорынның 

қызметкерлерін  жұмысқа  қабылдайды  және  олармен  еңбек шарттарын  бұзады, 

көтермелеу  шараларын  қолданады  және  егер  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады; 

       

Уәкілетті  органның  басшының  ұсынымы  бойынша  қызметке 



тағайындайтын  және  қызметтен  босататын  Кәсіпорын  қызметкерлерінің 

номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді. 

       

8)  белгіленген  еңбекақы  төлеу  қоры  шегінде  еңбекақы  төлеу  нысанын, 



штаттық  кестені,  лауазымдық  айлықақылардың  мөлшерлерін,  Кәсіпорынның 


қызметкерлеріне  (өзінің  орынбасарлары  мен  бас  бухгалтерді  қоспағанда) 

сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді; 

       

9)  өзінің  орынбасарларын  қызметке  тағайындау  және  қызметтен  босату 



үшін уәкілетті органға кандидатуралар ұсынады; 

      


10)  өзінің  орынбасарлары  мен  Кәсіпорынның  басқа  да  басшы 

қызметкерлерінің құзыретін белгілейді; 

       

11)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 



функцияларды жүзеге асырады. 

 

5. Кәсіпорынның мүлкі 

 

      


27.  Кәсіпорынның  мүлкін,  құны  оның  теңгерімінде  көрсетілетін 

Кәсіпорынның активтері құрайды. 

       

28.  Кәсіпорынның  мүлкі  бөлінбейтін  болып  табылады  және  салымдар 



(жарғылық  капиталдағы  қатысу  үлестері,  пайлар)  бойынша,  оның  ішінде 

Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. 

       

29. Кәсіпорынның мүлкі: 



       

1) оған меншік иесі берген мүліктің; 

       

2)  өз  қызметiнiң  нәтижесінде  сатып  алынған  мүлiктiң  (ақшалай 



табыстарды қоса алғанда); 

       


3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  тыйым  салынбаған  өзге  де 

қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады. 

       

30.  Кәсіпорынның  жүргізуінде  тек  оның  жарғылық  мақсаттарымен 



көзделген  қызметін  қамтамасыз ету  үшін оған қажетті, не  осы  қызметтің  өнімі 

болып табылатын мүлкі болуы мүмкін. 

       

31.  Жедел  басқару  құқығын  алу  және  тоқтату,  егер  осы  бапта  өзгеше 



көзделмесе  немесе  аталған  заттық  құқықтың  табиғатына  қайшы  келмесе, 

Қазақстан  Республикасының Азаматтық  кодексінде меншік  құқығын  және  өзге 

де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен 

жүзеге асырылады. 

       

32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің 



шешімімен  өзгеше  белгіленбесе,  мүлікке  жедел  басқару  құқығы,  оған  қатысты 

меншік  иесі  оны  Кәсіпорынға  бекіту  туралы  шешім  қабылдаған,  Кәсіпорында 

мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды. 

       


33.  Кәсіпорынның  негізгі  құралдарға  жататын  мүлікті  сатып  алу-сату, 

айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ. 

       

34.  Кәсіпорынның  мүлкіне  жедел  басқару  құқығы,  Қазақстан 



Республикасы  Азаматтық  кодексінің 249-бабында көзделген  тәртіппен  және 

меншік  құқығын  тоқтату  негіздері  бойынша,  сондай-ақ  осы  Жарғының 36, 37 

тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады. 

       


35.  Егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  өзгеше  белгіленбесе, 

мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) тиісті 

саланың  уәкілетті  органының  келісімі  бойынша  Кәсіпорнынан  (жедел  басқару 

құқығында)  бекітілген  мүлікті  алып  қоюға  не  оны  өзi  құрған  басқа  заңды 

тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы. 



       

36.  Жедел  басқару  құқығындағы  мүлікті  алып  қою  туралы  шешімінде 

уәкілетті  орган  Кәсіпорынға  оны  өзге  тұлғаға  бергенге  дейін  ұстауын  және 

сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді. 

       

37.  Осы  Жарғының 34-тармағында көзделген  жағдайларды  қоспағанда, 



негізгі  құралдарға жататын,  өзiне  бекiтiлiп  берiлген  мүлiктi  иеліктен  шығаруға 

немесе  оған  өзгеше  тәсiлмен  билiк  етуге,  дебиторлық  берешекті  уәкілетті 

органның жазбаша келісімімен ғана, беруге және есептен шығаруға құқылы. 

       


38. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға 

жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді. 

      

6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру 

 

        39



.  Кәсіпорынның  қызметі  өз  табысы  және  Қазақстан  Республикасының 

бюджет  заңнамасында  айқындалған  тәртіппен  алынған  бюджет  қаражаты 

есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады. 

       


Кәсіпорынның  даму  жоспарларын  әзірлеу  және  бекіту  тәртібін 

Құрылтайшы айқындайды. 

        40

.  Кәсіпорынның  таза  табысының  бір  бөлігін  аудару  нормативін 

Құрылтайшы белгілейді. 

       


Кәсіпорынның  таза  табысының  бір  бөлігі  белгіленген  нормативтер 

бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен 

республикалық бюджетке аударылуы тиіс. 

       


Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды 

корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген 

мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. 

        41

. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады. 

        42

.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынған, 

Кәсіпорынның  Жарғысында  көзделмеген  қызметтi  жүзеге  асырудан  осы 

кәсіпорын  алған  табыстар,  сондай-ақ  бюджеттен  қаржыландыру  есебінен 

құралған,  сатылатын  тауарлардың  (жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің) 

белгіленген  бағаларын  көтеру  нәтижесiнде  алынған  табыстар  Қазақстан 

Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға 

жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей 

пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады. 

 

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 

 

        43



. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті 

жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады. 

 

 

8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі 



 

        44

. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін 

жасау  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлiк  есеп  пен  қаржылық  есептілік 




туралы  заңнамасына  және  қаржылық  есептіліктің  уәкілетті  органының  келісімі 

бойынша  қаржылық  есептіліктің  ұлттық  стандарттарына  сәйкес  Кәсіпорынның 

басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады. 

        45

. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, 

табыстар  мен  шығындар  туралы  есепті,  ақша  қозғалысы  туралы  есепті,  өз 

капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды. 

         



9. Кәсіпорынның жауапкершілігі 

 

        46



.  Кәсіпорын  өз  міндеттемелері  бойынша  өзінің  билігіндегі  ақшамен 

жауап  береді.  Ақша  жеткiлiксiз  болған  кезде,  оның  мiндеттемелерi  бойынша 

Құрылтайшы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады. 

 

10. Еңбек ұжымымен өзара қатынас 

 

        47



. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас 

Қазақстан  Республикасының Еңбек  кодексіне және  ұжымдық  шартқа  сәйкес 

айқындалады. 

        48

.  Кәсіпорынның  жұмыс  тәртібі  ішкі  еңбек  тәртібі  қағидасына  сәйкес 

белгіленеді  және  Қазақстан  Республикасы  еңбек заңнамасының нормаларына 

қайшы келмеуі тиіс. 

 

11. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу 

 

       


50. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын уәкілетті 

орган белгілейді. 

 

51.Кәсіпорын  қызметкерлерінің  еңбекақы  төлеу  жүйесін  Қазақстан 



Республикасының Үкіметі бекітеді. 

         



12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату 

 

        52



.  Кәсіпорынды  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Құрылтайшының 

шешімі бойынша жүргізіледі. 

       

Кәсіпорын  Қазақстан  Республикасының Азаматтық  кодексімен көзделген 



басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін. 

        53

.  Кәсіпорынды  қайта  ұйымдастыруды  және  таратуды  Құрылтайшы 

жүзеге асырады. 

        54

.  Кредит  берушілердің  талаптарын  қанағаттандырғаннан  кейін  қалған 

таратылған Кәсіпорынның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.       

 

Кредит  берушілердің  талаптары  қанағаттандырылғаннан  кейін  қалған 



таратылған  Кәсіпорынның  ақшасы,  Кәсіпорынның  мүлкін  сату  нәтижесінде 

алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі. 

 

 

 



13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 

 

        55



.  Кәсіпорынның  Жарғысына  өзгерістер  мен  толықтыруларды 

Құрылтайшы енгізеді. 

      

 

Басшы ________________________ ______________ 

       

Т.А.Ә.А. қолы 

 

 



Каталог: uploads -> content -> files
files -> Приглашение
files -> Кәсіби стандарт Техникалық және кәсіби білім
files -> Кәсіби стандарт «Еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру»
files -> «Ғылым» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
files -> Утверждено
files -> «Ќазаќстан Республикасы Еѕбек жјне халыќты јлеуметтік ќорєау министрлігініѕ Еѕбекті ќорєау жґніндегі республикалыќ єылыми-зерттеу институты»
files -> Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді
files -> Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының

жүктеу 152,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша