Секция № география ахметова Э. Б. 1, Абдулкаримова А. А



жүктеу 57,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі57,06 Kb.


160 

 

СЕКЦИЯ № 3.  ГЕОГРАФИЯ 



 

Ахметова Э.Б.

1

, Абдулкаримова А.А.



1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

2.Студент 4 курста, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, мамандықтың 

«География» 

 

ГЕОГРАФИЯ ПƏНІН ОҚЫТУДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Өлкетану – мұғалім үшін ғылыми – зерттеу іс – əрекетінің сенімді 

жолы.Оның негізгі əдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді 

(геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мəдениет 

заттарын жəне т.б. деректерді жинау жəне жүйелеу. Өлкетану жеке пəн 

мазмұнын толықтырып қана қоймай, түрлі пəндердің көптеген сұрақтарын 

өзара байланыстыруымен қатар практикада қолдануға жол ашады деуге 

болады. Пəнаралық байланыста жергілікті жерді карта кескінінде көптеген 

сұрақтарын математика арқылы шешсе, топырақты зерттеу барысында химия 

жəне биологиядан алған білімдерін қолданады. География мен тарихтың 

өлкетану жұмыстарын жүргізуде орны ерекше. Географиялық өлкетанудың 

басты мақсаты: туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту жəне дамыту, 

оқушылардың бойында азаматтық ұстаным, қалыптастыру, отансүйгіштік 

сезімге, туған өлке тарихын  зерттей, зерделей білуге, жинақтылыққа 

тəрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын тереңдету, география сабағында 

Отанына деген патриоттық сезімдерге тəрбиелеуді жүзеге асыру жəне оқу 

сабақтары үдерісі кезінде туған өлкені оқып – білу мүмкіндігін кеңейту.[1, 31б] 

Өлкетану материалдарын сабақта қолдану, білім беру үрдісіне қойылатын 

жалпы дидактикалық қағидалармен негізделеді. Ол қағидалардың түрлері: 

™ пəнаралық байланыс қағидасы, бұл – мектеп бағдарламасындағы 

пəндердің мазмұнында өлкетану материалдарын қолдану арқылы басқа 

пəндермен байланысты жүзеге асыруды болжайды;   

™ жүйелілік-құрылымдылық қағидасы, өлкетану материалдарын білім 

берудің əртүрлі кезеңдерінде нақты мақсат қоя отырып, жоспарлы түрде 

қолдануды жəне аумақты географиялық негізді құрайтын нақты сипаты бар 

нысан ретінде зерттеуді көздейді;   

™ тақырыптық қағидасы, оқулықтың əр тақырыбына сəйкес келетін 

материалды əзірлеуді қарастырады;  

™ толеранттылық қағидасы, оқушылардың бойында өзге ұлт мəдениетін 

түсіну жəне қабылдау қабілетін дамытуды қарастырады;  

™ когнитивтік қағидасы, оқушылардың білім алу үрдісі барысында 

өлкетану материалдарының көмегімен жаңа ақпаратты, жаңа білімді түсінуін 

қарастырады;  




161 

 

™ кешенділік қағидасы, өлкенің қоршаған ортасында болатын барлық 



жағдайларды, өзгерістерді кіріктіріп оқытуды көздейді;  

™ ізгілендіру қағидасы, өлкені тұлғаның дамуындағы өмірлік-мəнді 

құндылықтар жүйесінде оқудың мағынасын түсінуді қамтамасыз етеді;  

™ табиғи жəне мəдени түсінік қағидасы, табиғатты қорғау жəне 

экологиялық білім мазмұнын кіргізуді қарастырады;  

™ іс-əрекеттік қағидасы, білім беруді практикалық, коммуникативтік, 

жобалық-шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырады;  

™ тарихилық қағидасы, əлеуметтік-табиғи ортадағы өзгерістерді, аумақтың 

даму болашағын қарастыру арқылы орындалады;  

™ проблемалық қағидасы, нақты проблемалық тапсырмаларды шешу 

көздейді. 

Аталған қағидаларды жүзеге асыру арқылы, оқушылардың өздіктерінен 

білім алу, сыни тұрғыдан ойлау, шешім қабылдау, практикалық іс-əрекеттерді 

орындау қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туындайды. Анықталған қағидаларды 

ой елегінен өткізіп түсіну жəне өмір сүру ортасындағы мінез-құлық ережелерін 

сақтау, өз іс-əрекетінің мəні мен жауапкершілігін түсіну, өзінің кіші отанына 

деген сүйіспеншілік əр адамның мəдениетінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.[2, 9] 

 Жалпы  білім беретін мектептердегі география курсының оқу 

бағдарламасына өлкетану мақсатында оқу экскурсиясы енгізілген. Оқу 

экскурсиялары кезінде оқушылар өз өлкесінің физикалық – географиясымен, 

экономикалық – географиялық жағдайымен жəне табиғат ресурстарымен, 

халық шаруашылығы туралы түсініктер қалыптасады жəне іздене білу, ойлау 

жəне шығармашылық қабілеттерін дамытады. 

  Мектептегі география пəні мұғалімі өлкенің табиғат жағдайларын танып 

– білуге арналған жұмыстардың жалпы бағдарламасын жасайды. Ол 

бағдарламада қандай сала бойынша жасалатын жұмыстардың жоспары 

беріледі.[3, 16б] 

 Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен 

заттары олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін 

қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. 

Сонымен қатар, қоғамдық пайдалы еңбектер жасауға, жергілікті жердің 

табиғатын сүюге, қорғауға, денсаулығын шынықтыруға тəрбиелейді. 

  Өлкетану жұмыстарын жүргізудегі басты қолданылатын əдістерге:өз 

өлкесінің тарихымен танысу, əдеби əдіс, далалық бақылау, картографиялық, 

статистикалық көрсеткіштер, экскурсия жəне жорық ұйымдастыру, 

танымдық ойындар ойнату, фото жəне видеокөрініс жатады. Өлкенің табиғат 

жағдайын білу өлкетану жұмысының ең басты бөлімі болып саналады. Оған 

өлкенің геологиялық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, 

өзендері, көлдері, батпақтары, топырақ жəне өсімдік жамылғысы жəне 

жануарлар дүниесі, экологиясы кіреді.[4, 3б] 

Өлкетану материалын оқып үйрену, жинақтау жəне пайдалану негізінде 

жүргізілетін экскурсиялары мен практикалық жұмыстар зерттеудің 



162 

 

географиялық əдістеріне сəйкес келетін білімді белсенді түрде меңгеруге жəне 



практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Қазіргі таңда оқушылар қауымының жаратылыстану пəндеріне деген 

қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Физикалық география пəні мектеп 

географиясындағы ең алғашқы бастама буын болып табылады. Егер оқу – 

тəрбие барысында оқушыны қызықтырып ынталандыра алатын болсақ, 

географияның келесі  бөлімдері оңай жалғасын табады. География пəнінің 

басты ерекшелігі табиғатты, экономиканың дамуын, қоршаған орта мен 

экологиялық мəселелерді, патриоттық кешенді түрде тəрбие берудегі бірден – 

бір өзекті технологияға ие пəн болып табылады. Физикалық география 

курсының жалпы шолуында өз өлкесінің табиғатының жекелеген бөліктерімен 

танысу оқушыларды өзінің тұрған жерінің табиғатын одан əрі жан – жақты 

оқып үйренуге жетелейді. Физикалық география мен өлкетануды тікелей 

байланыстыру арқылы оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру 

керек. Географиялық өлкетануды оқыту кезінде оқушылардың бойынан өмірде 

өз ұстанымын айқындаған, оны қорғай алатын, туған Отанына сүйіспеншілік 

сезімі мол, өлке туралы жан – жақты білетін, экологиялық мəдениетті, 

теориялық білімін іс – тəжірибе жүзінде пайдалана білетін жеке тұлғаны 

қалыптастырамыз. 

Сондықтан қазіргі кездегі география сабақтарында географиялық өлкетану 

жұмыстарын ұйымдастыру болашақ жас мамандарға қойылатын басты талап 

деп білеміз. География пəні мұғалімі өз пəніне үстіртін қарамай, оқушылармен 

географиялық үйірме ұйымдастырып, сабақтарын қызықты, əрі өлкетану 

жұмыстарымен байланыстыра өткізу керек. 

Өлкетану материалдарын география сабағында пайдаланудағы ең үлкен 

жетістік – айналаны, қоршаған сыртқы ортаны қорғаудың қажет екені бірден 

айқындала түседі. Əр мектеп өз атамекенінің жай – күйін, тыныс – тіршілігін 

зерттеуді назардан шығармаса дейміз. Келер ұрпаққа табиғатты өз қалпында 

жеткізудің жолдарын ертерек ойластырып, оқушыларын табиғат əсемдігін, 

ондағы бар дүниелерді аялап қорғай білуге баулу – əрбір ұстаздың абыройлы 

борышы. 


Мектепте  «Өлкетану» пəнін оқыту мұғалімнен шығармашылықты, көп 

ізденісті талап етеді. Бұл əдістемелік құрал мектеп оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын дамыту негізінде олардың танымдық 

қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тəрбиелеуге мүмкіндік беретін 

көмекші құрал болуы тиіс.[4, 3б] 

География пəнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімді əдісін алып 

жетілдіру барысында еске сақтауға негізделген ақыл – ойын дамытатын оқуға 

көшу, мұғалім мен оқушының тең субъектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын 

қажет етеді. Сондықтан практика кезінде география пəні сабақтарында жаңа 

технологиялық əдістермен бірлесе өлкетану материалдарын қолдана отырып, 

оқушының шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге, 

ойлауға, қосымша материалдарды іздестіріп, оларды орынды пайдалануға 




163 

 

баулумен қатар, биосфера компоненттеріне (жер, су, өсімдік əлемі, 



атмосфералық ауа) дұрыс қарауға, аялауға  тəрбиелеуді құптадым. 

Практика кезіндебағдарламалы оқыту сабақтарын 6 сыныпқа сабақ 

кезінде өлкетану материалдарын қолдандым. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:жасанды су қоймалары, 

құрлық суының маңызы жəне оны қорғау. 

Бағдарламалы оқыту 

сабақтары 

 (сабақ кезінде жəне 

сабақтан тыс). 

Сабақ барысында қолданылған 

əдістер: 

Бағдарламасыз 

 ( сыныптан тыс 

жұмыстар жүргізу).

 

2. «Карта бойыншасаяхат».  



3. Ассоциация құру 

Тобыл 


өзені 

Мақсаты:оқушыларға су қоймалары жəне құрлық 

сулары, олардың маңызы мен орналасу жағдайлары 

жайлы толық мəлімет беру жəне өз өлкесіндегі су 

нысандарын  қорғауға, оның қажеттілігін түсіне 

білуге үйрету. 

Міндеті: өз бетімен  туған өлкесіндегі су 

нысанына сипаттама беруге үйрету.

 

Өлкетануды ұйымдастыру формаларының  

категориялары

 

1.Мəтінмен жұмыс 



164 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысындағы тиімділігі: оқушылардың пəнге деген 

қызығушылығы артып, туған өлке туралы нақты білімге негізделіп, оқушылар 

өскен жерінің табиғат құбылыстарын бақылауға жəне еліне кішкене болса да 

пайда келтіруге деген ынталары оянды. Өлкетану жұмыстары оқушылардың 

дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, сондай – ақ отаншылдық, 

адамгершілік, экологиялық  тəрбиеге жетелейді. 



Ұсынылатын ұсыныстар:өлкетану материалдарын тек қана факультатив 

сабақтарында қана қолданбай, география сабағында кенінен қолданып

оқушыларға адамгершілік, патриоттық, экологиялық, эстетикалық тəрбие беру. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 

1)Айтжанова Г.Қ. өлкетану жұмысын ұйымдастыру жолдары. // География, 

биология, экология орта мектепте.Республикалық ғылыми – əдістемелік 

журнал. – 2013 жыл. - №6. 

2) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Орта мектепте 

«Өлкетану» курсын оқытудың əдістемелік негіздері. Əдістемелік құрал. – 

Астана: - 2013. 



Ұйымдастыру жолдары: 

 «Карта бойыншасаяхат».Оқушылар 

Тобылөзенінкартаданкөрсетіп, бастауын, сағасынанықтапатады. 

Ассоциация құру.Оқушылар Тобыл өзеніне ассоциация құрып, бір 

– бірлерінің жазғандарын толықтырып, оқып отырды. 

Мəтінмен жұмыс. Тобыл өзені жайлы мұғалім берген  мəтінмен 

оқушылар жұмыс жасап, оның экологиялық жағдайын анықтады. 

4.Постер жасау 

Қорытынды.Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар Тобыл  

өзенінің экологиялық жағдайына постер жасап, онықорғады. 

І-кезең 

ІІ-кезең 

ІІІ-кезең 

ІV-кезең 


165 

 

3) Бахтыбекова Ш., Байсеркеева Л. Жергілікті жерде өлкетану зерттеулерін 



ұйымдастыру жолдары. // География жəне табиғат. - 2014 жыл. - №2 

4)Жандосова Г.Ө., Исанов А. География сабағында өлкетану жұмыстарын 

ұйымдастырудағы жас маманға қойылатынбасты талап. // География, биология, 

экология орта мектепте. Республикалық ғылыми – əдістемелік журнал. - 2014 

жыл. - №2.

 

5)Сарқытқан Қ.,Умиркулова С.М. «Өлкетану» курсын оқытуда Тараз 



өнеркəсіптіккешені материалдарын пайдалану. // География, биология, 

экология орта мектепте. – 2015 жыл. - №3. 



 

 

Коваль В.В.

1

Албагачиева Р.Б.



2 

1.  Научный руководитель магистр географии, старший преподаватель 

2.  Студентка 4 курса, кафедра Естественных наук, специальность 

«География» 

 

АНАЛИЗ ДЕМОГРАФИЧЕСКИХ ПРОЦЕССОВ КАРАСУСКОГО 



РАЙОНА НА ПЕРИОД 2010 - 2015 ГГ. 

 

Демографические процессыявляются движущей силой воспроизводства 

населения, которая обуславливает экономическое и социальное развитие 

района.  

Карасуский район расположен в юго-восточной части Костанайской 

области, граничит с Северо-Казахстанской и Акмолинской областями на 

востоке, Сарыкольским районом на севере, Аулиекольским районом на западе, 

Алтысаринским районом на северо-западе, Наурзумским районом на юге и 

юго-западе. Площадь Карасуского района – 12,8 тыс.км

2

; 6,5 % от области[1].



 

На текущий год население района составляет 28307 человек. В 2015 году 

численность населения составляла 27 140 человек, таким образом, численность 

населения района увеличилась  на 1167 человек.На рисунке 1 отражены 

изменения численности населения Карасуского района на протяжении 5 лет с 

2010 по 2015 гг. 

 

 

 



Рисунок 1. Общая численность населения Карасуского района на период 2010 – 

2015 года[2] 

 

26000


27000

28000


29000

30000


2010 г.  2011 г. 2012 г. 2013 г. 2014 г. 2015 г.

Численность 



населения 

Каталог: files -> articles
articles -> Жаратылыстану пəндеріндегі зертханалық ЖҰмысты алгоритмдік деңгейде жасау ерекшеліктері
articles -> Қазақстандағы практикалық журналистика. «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, – Алматы, 2017
articles -> «проблемы формирования творческого потенциала учителя и учащихся»
articles -> №4 зертханалық жұмыс. Əр түрлі қағаздағы қуыстық (поры) өлшемін табу
articles -> 339 Назарларыңызға рахмет. Сабақ аяқталды. Қолданылған əдебиеттер тізімі: 1
articles -> Физикалық эксперимент оқытудың ең нəтижелі, əсерлі əдістерінің бірі
articles -> Баймаганбетова К. Т ¹, Джусупова А. Н.²

жүктеу 57,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша