3. КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
3.1. 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚЫТУ ФОРМАТТАРЫ
3.1.1 COVID – 19 пандемиясымен негізделген карантин жағдайында,
«Сырдария» университетінде білім беру қызметін ұйымдастыру санитариялық-
эпидемиологиялық режимнің (бұдан әрі - СЭР) алдын алу және қамтамасыз ету
шараларын, оқу процесін ұйымдастыруға жалпы талаптарды, қашықтықтан
оқытудың толық форматына өту кезінде, аралас оқыту форматына өту кезінде,
дәстүрлі күндізгі оқуды сақтау кезінде оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын
талаптарды, онлайн-курстарға, оқытушының дайындық деңгейіне, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар білім алушыларға қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып
оқуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтаумен жүзеге
асырылады.
3.1.2 СЭР алдын алу және қамтамасыз ету шараларын іске асыру мақсатында
университет өз бетімен СЭР қамтамасыз ету регламентін әзірлейді, барлық
қызметкерлері мен білім алушыларды ақпараттандырады (сайтта орналастыру,
түсіндіру және ұйымдастырушылық кездесулер, инфографика) және білім алушылар
мен қызметкерлердің оны сақтауын қамтамасыз етеді.
3.1.3 Университет оқу корпустарында, жатақханалар мен ЖОО аумақтарында
СЭР
қамтамасыз
ету
бойынша
шаралар
қабылдайды
(байланыссыз
термометрлермен, антисептиктері бар санитайзерлермен міндетті түрде жарақтау
және мүмкіндігінше техникалық қауіпсіздікті сақтап дезинфекциялаушы
тоннельдерді орнату).
3.1.4 СЭР сақтау мақсатында университеттің оқу процесінде ұсынылады:
1) қоғамдық іс-шараларды өткізбеу және адамдардың жиналу ықтималдығын
жою, сабақ аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақытылы босатылуын бақылауды
қамтамасыз ету;
2) сабақ кестесін жасау кезінде: аудитория толымдылығын (әлеуметтік
қашықтандыру – 1 ш.м.-ге 1 адамнан, зертханаларда 5 ш.м.) ескеру; онлайн сабақтар
кестесін жасау кезінде желінің өткізу қабілеттілігін, серверлік жабдықтар
сипаттамасын; видеосерверге бір уақытта максималды қосылу кезінде жүктемелерді
ескеру; сабақтар кестесі білім алушыларға онлайн форматында қолжетімді болуы;
3) аудиториялық сабақтар ұзақтығын ОСӨЖ сағаттарын бір уақытта ұлғайтып
40 минутқа дейін қысқарту; СЭР ескере отырып зертхана сабақтарының кестесін
жоспарлау (әлеуметтік қашықтандыруды қамтамасыз ету, сабақтар арасында
жабдықтарды дезинфекциялап өңдеу);
4) әртүрлі академиялық топтардың үзілісте араласпауын қамтамасыз ету үшін
жылжымалы өзгерістер кестесін көздесін. Кестеде ауаны залалсыздандыру мен
желдетуді қоса алғанда, аудиторияларды санитариялық өңдеу үшін оқу сабақтары
арасында кемінде 20-25 минут үзіліс көздесін. Студенттердің аудиториядан тыс
байланысын болдырылмау;
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 21-беті
5) оқу сабақтары уақытында дәліз бен демалыс орындарының желдетілуін
жүзеге асыру;
6) көпшілікпен қолданылатын жабдықтардың беттеріне үнемі дезинфекция
жасау;
7) тамақтану орындарында, кітапханалар мен білім алушылардың басқа да
келетін орындарында СЭР сақталуын қамтамасыз ету;
8) оқу процесінде қолданылатын жұмыс орындарында, зертханаларда мөлдір
қалқаншалар орнату қарастыру (қажеттілігінше);
9) білім алушылардың спортзалда 1 ш.м.-ге адамнан әлеуметтік
қашықтандырылу есебімен табылуын қамтамасыз ету, бұл ретте залдың
толымдылығы 40%-дан аспауы керек;
10) жатақханаларда орын бөлуді СЭР ескере отырып жүзеге асыру
(қашықтандыру, дезинфекциялаушы құралдармен үнемі өңдеу, және т.б.);
11) денсаулығы мен жасының жағдайы бойынша тәуекел тобына жататын
қызметкерлердің денсаулығына байланысты факторларды ескеру. 65 жастан асқан
адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар дәстүрлі
форматта сабақ өткізген жағдайда ЖЖОКБҰ кестесін жасау кезінде кампус
аумағында қызметкерлердің осы санатының шектеулі қозғалысын көздеу;
12) электронды құжат айналысы, электронды кесте, электронды кітапхана
жүйесін енгізуді және қолдануды қарастыру;
13) медициналық орталықтардың күшейтілген режимде жұмысын қамтамасыз
ету;
14)
COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері
болған жағдайда студенттердің өтініші негізінде оларды қашықтықтан оқу
форматында оқытуды жалғастырсын және осы өтініштер сапаны қамтамасыз ету
комиссияның отырысында қарау;
15)
оқу корпустарында және жатақханаларда СЭР сақтау қағидаларына
өзгерістер енгізу;
16)
білім алушылар үшін СЭР стандарттарының сақталуын қамтамасыз етсін
және оқу процесінде, сонымен қатар сабақ барысында студенттердің
аудиторияларда, бетперде кию туралы міндеттемесін қарастыру. Бетпердесіз келген
студенттер аудиторияларға жіберілмеу.
17)
СЭР нормаларын сақтай отырып, ЖОО оқу корпустары мен
жатақханаларын дайындау және күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарында
оқытуды өткізуге дайындық туралы аймақтардың СЭС қорытындысын алу;
18) көктемгі семестрге дейін білім алушыларды бөлмелердің 50%
толымдылығына сәйкес жатақханаға орналастыру қажеттілігін анықтау және
орналастыру бойынша жұмыс жүргізу.
3.1.5 Оқу процесін ұйымдастыру келесі жалпы талаптардың сақталуымен жүзеге
асырылады:
1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары;
2) Оқытудың кредиттік технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидалары;
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 22-беті
3) Сапаны қамтамасыз ету бойынша саясат;
4) Академиялық адалдық қағидалары;
5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;
6) білім беру ортасын басқарудың «Платонус» ААЖ бар болуы;
7) қашықтықтан оқыту платформасының бар болуы.
3.1.6 1-курс студенттері үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде
оқудың барлық бағыттары бойынша аралас оқыту форматында оқу процесін
ұйымдастырылады (лекция– қашықтықтан; санитарлық шараларды және 2 метр
әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, семинарлар, қолданбалы сипаттағы
зертханалық және практикалық сабақтарды – аралас формат). Медициналық
көрсетілімдер болған жағдайда 1-курс студенттері өтініш негізінде қашықтықтан
оқытуды жалғастыруға құқылы.
2 және 3-курстарда оқуды келесі білім салалары бойынша қашықтықтан оқыту
форматында жалғастырады:
- Педагогика ғылымдары (6В01101-Педагогика және психология, 6В01201-
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, 6В01301-Бастауышта оқыту
педагогикасы мен әдістемесі, 6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау, 6В01403-
Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01501-Математика мұғалімдерін
даярлау;
6В01502-Физика
мұғалімдерін
даярлау,
6В01503-Информатика
мұғалімдерін даярлау, 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау, 6В01505-Биология
мұғалімдерін даярлау, 6В01506-География мұғалімдерін даярлау, 6В01507-Химия-
Биология мұғалімдерін даярлау, 6В01509-География-Тарих мұғалімдерін даярлау,
6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау, 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін
даярлау, 6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, 6В01703-Шет тілі
мұғалімдерін даярлау);
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (6В03201-Кітапхана ісі);
- Бизнес, басқару және құқық (6В04101-Есеп және аудит, 6В04102-Қаржы,
6В04103-Экономика, 6В04201-Құқықтану);
- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (6В06101-Есептеу техникасы
және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В06102 -Информатика).
2 және 3-курс студенттеріне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген
санитарлық шараларды сақтай отырып, келесі білім салалары бойынша аралас
формата сабақтар өткізіледі:
- Педагогика ғылымдары (6В01401-«Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»);
- Өнер (6В02101-«Дизайн»);
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (6В05101-
«Биология»).
4-курста академиялық саясат пен күнтізбелік жоспарға (дипломалды және
кәсіптік практиканы ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу) сәйкес даярлау
бағыттарына байланысты қашықтықтан/аралас оқыту форматтарында оқытуды
жүзеге асырылады.
Аралас, қашықтықтан және дәстүрлі оқыту форматтарында (сабақ кестесі,
ағындарды анықтау, контентті қамтамасыз ету, кәсіби практикаларды ұйымдастыру
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 23-беті
және т.б.) оқу процесін іске асыру үшін көктемгі семестрдің басталуына дайындық
жүзеге асырылады.
Академиялық саясат пен күнтізбелік жоспар негізінде магистранттар мен
докторанттардың теориялық оқуын (қажет болған жағдайда) қашықтықтан және
аралас оқыту форматтарында жалғастыру және ҒЗЖ орындау, олардың жеке
жоспарларына сәйкес қорытынды аттестаттаудан өтуі үшін жағдай жасауды
қамтамасыз етіледі.
Шетелдік студенттерді, сондай-ақ дайындық курстарында оқитындарды
қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастырады.
Шетелдік академиялық оралымдылық пен тағылымдама шектеледі.
Виртуалды академиялық оралымдылықты ұйымдастырылады.
3.1.7 Қашықтықтан оқытудың толық форматына көшу кезінде университет оқу
процесін ұйымдастыру барысында мыналар үшін жағдай жасайды:
1) виртуалды (онлайн) Тіркеуші кеңсесінің, виртуалды Деканаттың, виртуалды
Ректораттың жұмыс істеуі;
2) Цифрлық еріктілерді тарту;
3) ҚББ режимінде оқу сабақтарын өткізуді толассыз ұйымдастыру үшін
университетте қажетті ІТ-инфрақұрылымын құру: тұрақты желілік қосылыстардың,
серверлік жабдықтардың, киберқауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуі;
4) өзара интеграцияланған бір немесе бірнеше платформаларды қолданып оқу
процесін басқару функционалын толық жабу арқылы университет «Платонус» ААЖ
және ҚББТ платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
5) сапалы контенттің (онлайн курстардың, кейстердің және т.б.) болуы және оқу
контентінің бақылауын талап ететін элекронды кітапхана ресурстарымен
қамтамасыз ету;
6) білім алушыларға қажетті оқу контентін толық көлемде ұсыну және бақылау
іс-шараларының салмақтық коэффициентін баптау мүмкіндігімен электронды
журналының жұмыс істеуі;
7) оқытушылардың АКТ-құзіреттілігін арттыру, жеке онлайн курстарды,
электронды кейстерді әзірлеу ептілігін, білім алушылардың оқу жетістіктерін
өлшемшарттық бағалауын қолдану дағдыларын дамыту;
8) оқытушымен силлабуста ұсынылған түрлі типтегі оқытушы сервистер мен
платформаларды қолданумен теоретикалық оқытуды ұйымдастыру (онлайн курстар,
асинхронды байланыстар, білім алушыларға қолайлы уақыт, не кесте бойынша
онлайн сабақтарды ұйымдастыру);
9) зертханалық, практикалық сабақтар кесте бойынша не кез келген уақытта
меңгеру
мүмкіндігімен
қашықтық
форматында
өткізіледі.
Зертханалық
жабдықтардың болуы қажет білім беру бағдарламалары үшін симуляторларды,
виртуалды
зертханаларды,
толықтырылған
және
виртуалды
шынайылық
бағдарламаларын, кейстерді қолдану ұсынылады;
10) даярлау бағытына және өту орнына байланысты дәстүрлі, қашықтықтан,
аралас және т.б. сияқты түрлі форматта кәсіби тәжірибені іске асыру.
3.1.8 Аралас оқыту форматын ұйымдастырған кезде күндізгі және
қашықтықтан оқыту форматтарындағы сабақтардың келесі арақатынасы сақталады:
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 24-беті
дәрістер – онлайн; семинарлар, қолданбалы сипаттағы зертханалық және
практикалық сабақтар, санитарлық режим мен 2 метр әлеуметтік қашықтықты
сақтай отырып өткізіледі.
«Ішкі академиялық ұтқырлық терезелерін» жоспарлауға рұқсат етіледі, яғни
білім алушылардың жекелеген оқу пәндерін онлайн-режимде немесе тұрғылықты
жері бойынша өңірдің басқа ЖЖОКБҰ-да зертханалық сабақтарды оқуын
ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
3.1.9 Қашықтықтан оқыту форматына толық немесе ішінара өту жағдайында
ОПҚ АКТ-құзыреттіліктерін, педагогикалық технологияларды және цифрлық білім
берудегі жұмыстардың әдістемелік құралдарын білуі тиіс.
3.1.10 «Сырдария» университеті біліктілік талаптарын белгілейді, ОПҚ
аталмыш талаптарға сәйкестігіне үнемі бақылау өткізеді және ОПҚ АКТ-
құзыреттіліктері саласында даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз
етеді:
1) педагогикалық даярлау: электронды білім беретін контентті/ресурстарды
әзірлеуге және жасауға қойылатын талаптарды білу;
2) әдістемелік даярлау; инновациялық әдістемелерді және білім беру
технологияларын (жобалық оқыту, оқытуды геймификациялау, төңкерілген оқыту,
аралас оқыту және басқалары) меңгеру; жеке онлайн курстарын әзірлеудің
әдістемелік амалдарын меңгеру; зерттеушілік құзыреттер (өз қызметін зерттеу, оны
талдау және жетілдіру қабілеті); ОСӨЖ тиімді ұйымдастыру, СӨЖ-на ынталандыру
дағдыларын меңгеру;
3) ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары: АКТ-құзыреттерінің
болуы; жеке онлайн курстарды әзірлей білу; симуляторларды, виртуалды
зертханаларды, оқытылатын пәндер бейіні бойынша VR-жүйелерін қолдана білу;
нақты уақытта бейнебайланысты қолдайтын платформаларды қолдана білу; білім
беру ортасын басқару жүйелерін (Learning Environment) білу.
3.1.11 «Сырдария» университеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім
алушылар үшін қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен оқыту
қолжетімділігін мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
1) оқытудың жеке білім беру траекториялары мен оқу жоспарларын қолдану;
2) бейнеоматериалдар контентіне субтитрларды, сурдоаудармаларды енгізу және
өзге де инклюзия құралдарын қолдану;
3) арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді құру немесе енгізу;
4) бейімделген цифрлық ресурстарды іріктеу немесе әзірлеу;
5) сараланған оқу тапсырмаларын қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |